ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Қостанай мемлекеттік педагогикалық Институты
Тарих факультеті Әлем тарихы кафедрасы
Қорғауға жіберілген
кафедра меңгерушісі, проф. Рубенштейн Е. Б.
Нығмет Жанбота Әбдіхалелқызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ — ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘРТЕБЕСІ
Диплом жұмысы
Ғылыми жетекшісі
Аға оқытушы Нурбаев Ж. Е.
Қостанай 2006
Кіріспе
Қолданыстағы Конституция — біздің негізгі заңымыз. Сондықтан да ол
Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарының жоғары құқықтық көрінісі болып
табылады. Басқаша айтқанда, бұл біздің басқа да заңдарымыздың көшбасында
тұрған Ата заңымыз.
Ел тәуелсіздігінің бастапқы қиын-қыстау кездерінде, тарихилық жағынан
және практикалық тұрғыда, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарды,
қылмыстың өршуін, қаржылық және басқа да шиеленісті жағдайларды жоюға
Конституция іс жүзінде көмектесіп, одан кейінгі жылдарда да мемлекетімізде
өз қызметін атқарып келеді. Ата — заңды арқау еткен Қазақстан қоғамы
дамуының соңғы он жылында ол қол жеткізген жетістіктердің бәрі Конституция
рухына сәйкес жүзеге асырылғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл жылдары осы
заманғы мемлекеттік механизм және құқықтық жүйе құрылды, тиімді
экономиканың негізі қаланды. Адамның құқықтары мен бостандықтары,
бәсекелестік пен саяси көптүрлілік, көппартиялық жүйе қамтамасыз етілді.
[1.11-бет]
Немістің белгілі ғалымы Р. Дарендорф: постсоциалистік кеңістіктегі
жүріп жатқан өзгерістердің мәні социализмнен капитализмге өтуде емес,
керісінше, үнемі дүниеге келіп отыратын баламалар механизмін зерттеу сынды
ашық коғам құрумен байланысты деген болатын.
Өтпелі қоғамдағы саяси құбылыстар ағыны легитимділіктің үздіксіз
дағдарысымен айқындалады. Өкіметтің қарапайым азаматтардың мүдделеріне
нұқсан келтіріп, бұрмалауы халықтың мемлекеттен іргесін аулақ салуын
күшейте түседі. Осының нәтижесінде реформалардың әлеуметтік негіздері
тарылып, саяси биліктің тұрақтылығы әлсірейді. Халықты еңбекке жұтылдырудың
тиімді механизмнің болмауы, саяси билік дағдарысын сапалық тұрғыда бұдан да
жоғары деңгейге көтерді. Сонымен алды-арты жоқ тұйыққа тірелгендей әсер
қалыптасты: бір жағынан өзін-өзі реттейтін қоғам құруға бағыт алған мақсат
жария етіледі де әлеуметтік-саяси процесстерді реттеуші әкімшілік-басқару
механизмдерін қарату тетік алады. Ал, бір жағынан социумның өзін-өзі
реттейтін механизмдері әлі қалыптасып үлгірген жоқ, олардың дүниеге келіп
көптеген қиыншылықтарға тап болды. Оң тұрғыдағы құбылыстарға қарағанда сол
тұрғыдағы (деструктивтік) процесстер белең ала бастайды. Терең дағдарыспен
бетпе-бет келген саяси жүйенің дағдарысқа қарсы тиімді механизмдерінің
жоқтығы сайып келгенде, реформалардың әлеуметтік тарауларынан жиілінше
күшейте түседі.
Осындай себептерге байланысты халықты жұмылдыру механизмдерінің маңызы
арта түседі, олардың мүдделерін артикуляциялау (жіктеп, айқындау) және
агрегирландыру (маңызын арттыра түсу) мен оны шешіп қабылдайтын
орталықтарға жеткізудің қажеттілігінен туындайды. Бұл істі неғұрлым тиімді
түрде атқарушылар, сөз жоқ — саяси партиялар.
Конституция деген сөз (consolidatio — латын сөзі) мықтау, бекіту,
біріктіру деген мағынаны білдіреді. Әлдебір бірлестіктерді, жеке
адамдардың, топтардың одағын немесе ұйымдарды нығайтуға болады. Мәселен,
халықты, ұлтты, адамдардың күш-жігерін, сондай-ақ демократияны, қоғамның
саяси жүйесін, т.б. топтастыруға, біріктіруге болады.
Топтау руханилық, идеялық, ұлттық болуы мүмкін. Қазақстанның прогресс
жолымен алға жылжуында ұлттық топтасудың зор маңызы бар. Р.Қадыржановтың
пікірі бойынша, Қазақстан үшін ұлттық бірігу Қазақстанның қазіргі
тұрғындарының қазақ этносы айналасында интеграциялық негізінде тұтас
этносаяси қауымдастыққа айналатынын білдіреді. Мұндай қауымдастық қазіргі
заманғы әдебиетте ұлттық мемлекет деп аталады. [2.70-бет].
Егер Қазақстан Республика аумағында қазақтармен бірге жүзден астам
ұлттардың өкілдері өмір сүріп жатқан көп ұлтты мемлекет болып
табылатындығын ескерсек, бұл оңай міндет емес.
1999 жылы халық санағының қорытындылары бойынша, Қазақстан
Республикасында 14953126 адам тұрады. Олардың ішінде қазақтар — 79885039
адам, орыстар — 4479618, украиндар жарты миллионнан астам, өзбектер —
370663, немістер — 353441, татарлар -248952, ұйғырлар — 210339 адам болды.
Сонымен бірге Қазақстан республикасында белорустар, корейлер,
әзірбайжандар, поляктар, дүнгендер, курдтар, шешендер, тәжіктер,
молдавандар, ингуштар, мордвалар, армяндар, гректер, қырғыздар, болгарлар,
лезгиндер, еврейлер, түрікмендер және басқа ұлт өкілдері тұрып жатыр.
Соңғыларының саны да барынша жоғары. Мысалы, 1999 жылы халық санағының
қорытындылары бойынша, Қазақстан Республикасында 111926 белорус, 99567
корей, 76295 әзірбайжан, 47297 поляк, 31799 шешен, 36945 дүнген, 16893
ингуш, 23224 башқұрт, 12703 грек, 32764 курд, 19456 молдаван, 14758 армян,
6915 болгар өмір сүрді. Осы көрсетілген ұлттардың өзге 200000 астам басқа
ұлт өкілдері бар.
Өзінің Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде деген
еңбегінде Н.Ә.Назарбаев: Біздің міндетіміз — қоғамның көп этникалық
тұрақты — топтастыратын факторға айналдыру деп атап көрсетті. [3.71-бет].
Бұл міндетті жүзеге асыруда ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және
ішкі ұлттық бірлікті нығайту маңызды роль атқарды. Ұлттық топтастыру
диаспорларды біріктіруге қазақ ұлтының рөлінің үнемі өсуімен қатар жүреді.
Бұл ролдың мәнін Президент Н.Ә.Назарбаев ашып көрсетті: Бүгіндері қазақ
халқына жауапкершілікті миссия — біздің елде тұратын басқа ұлт өкілдерімен
бірге қоғамдық тұрақсыздықтың кез келген мүмкіндігіне жол бермейтін бірігу
мен топтасуға жол ашатын ахуал орнату жүктелген. [4.114-бет].
Қазақстан қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты аймақ деп аталады. Қазақстан
республикасында тұрып жатқан ұлттар арасындағы достық пен өзара түсіністік
тек Президенттен, Парламенттен, Үкіметтен бастап, барлық мемлекеттік
органдардың қызметімен ғана қамтамасыз етілмейді. Республикадағы
тұрақтылықты қамтамасыз етуде азаматтар, олардың қоғамдық бірлестіктері де
маңызды орын алады. Бұл жағдайда мақсаттары қоғамның барлық қабаттарына
катысты өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету болып табылатын саяси
партияларға ерекше орын беріледі.
Қоғамдық саяси институттар құрылымының белгілі бір әлеуметтік топтар
мен таптар мүдделерін қамтамасыз етуге жетекші роль атқаратын саяси
күштерінің бірі — саяси партиялар. Алмондтың дәлелдеуінше, қазіргі дамыған
саяси жүйедегі саяси партиялардың бастапқы және ерекше қызметі — нақтылы
бөлінген саяси мүдделерді біріктіру қызметі, ал өз кезеңде бірігу бұл
мүдделерді түйсінуден шағын салыстырмалы саяси балама жасау нәтижесінде
болатын процестің (саяси) аралық кезеңі болып табылады. [5.224-бет].
Олай болса, Қазақстандағы көппартиялық жүйе өзінің халықпен байланыс
коммуникациясын қалай қалыптастырып, жүзеге асырып отырғандығы жөнінде
талдау жасай кетсек:
Қазақстан республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері қатынастарында
ықпалды бәсекелестерді дамыту жолында саяси ұйым құру мен оның
бәсекелестігін күшейтуде көптеген шараларды жүзеге асырып келді:
көппартиялық жүйені қалыптастыру, демократиялық принциптер негізінде
Парламентте жетекші коғамдық — саяси ұйымдардың фракциясын калыптастыру
және т.б. алайда олардың халық арасындағы беделге ие болуы шағын мүдделі
топтың аясынан аспай отырғаны белгілі. Оған басты себеп саяси —
коммуникациялық байланыс жүйесінің нашар дамуы, партиялар кұрамының өзара
тұтастығының, идеялық бірауздылығының, саяси компоненттілігінің төмендігі,
сондай-ақ партиялық имидждің қалыптасуы болса керек.
Қазақстандағы саяси партияларды құрылған күннен бастап бірден ықпалды
саяси күшке айналтады деп кінә тағуға да болмас. Біз білетіндей саяси
партиялар мен мүдделі топтар пайда болған күннен бастап-ақ, ұзақ уақыт
өзінің даму эволюциясынан өтіп келді. Олардың саяси процестегі қызметі мен
ролінің сипаты да өзгерді. Яғни басты мәселе институттардың саяси қызметі
мен ролінің функциональды жүйе талайының ықпалымен қалыптасатындығында
болып отыр. Бұл деген сөз — саяси партиялар мен мүдделі топтардың, сондай-
ақ басқа да саяси институттардың пайда болуы тек қана функциональды
қажеттіліктің нәтижесінде өмірге келеді дегенді дәлелдей түспек. Олай
болса, саяси партиялардың пайда болуы, жаңа әлеуметтік топтың, біздің қоғам
жағдайындағы өкілдік басқару институттардың пайда болуы мен жалпыға бірдей
сайлау құқығының қалыптасуымен байланысты.
Қазіргі таңда қоғамдағы ақпараттық — психологиялық жетістіктердің
дамуы белгілі бір саяси принципті жүзеге асыру құралына айналып отыр.
Бұрынғы уақыттарда саяси жағдайларды анықтау үшін азаматтарға алдымен
қандай да бір ақпарат алуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді: партиялық
жиналыстарға неше митингтерге катысу, партиялық баспаларды сатып алу сияқты
процестерді жүзеге асыру қажет болды. Қазіргі таңда теледидар жағдайы
тұтаспай өзгертті — ол барлық саяси ақпараттарды қамти отырып, әрбір үйде
пайда болды. Ендігі кезекте пікірлестерін табу үшін партиялық жиналыстарға
қатысудың қажеті де шамалы, одан да қажетті теледидар арасын таңдау
жеткілікті. Бұл мәнде саяси партиялардың алдында ақпарат жүйесінде, баспа
және теледидар кеңістігінде еркін бәсекелестікті күшейту проблемасы түр.
Бұл жағдай саяси коммуникация мүмкіндігінің таралуы мен даму факторын
анықтайтын объектісі деп тауып алу функциясын жүзеге асыруды талап етеді.
[6.55-бет].
Қазақстан республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміздің саяси
даму құрылымында айтарлықтай өзгерістердің орын алғандығы белгілі.
Атап айтқанда, бір ғана коммунистік партия үстемдік жүргізген
тоталитарлық жүйеден, қоғамыздағы әр алуан көзқарастар мен пікірлердің
бағыты мен бағдарын айқындайтын және оны жүзеге асыруды мақсат тұтқан
бірнеше саяси партиялар мен қоғамдық құрылымдар дүниеге келіп, жұмыс істей
бастады. Бір партиялар кәсіптік бағдарды өз қызметінің негізіне алса,
екіншілері ұлттық мүддені, қайсыбірі жеке тұлғалардың шашбауын көтеруді
көздеді. Мұны біз қоғамымыз жылдар бойы арттан өткен демократияның
алғышарттарының бірі деп қабылдады. Ертеңнен кейінгі көктей қаулаған
ондаған партияның ішінен өз сұранысына, өмірлік қажеттілігіне, кәсіптік
талабына толыққанды жауап беретін саяси ұйымды таңдап алудың өзі
тоталитарлық жүйенің тоз-тоз болып шыққан азаматтарымыздың саяси
сауаттылығының деңгейін тексеруге арналған емтихан іспеттес еді.
Дегенмен де, билік құрылымы мен қатынастары жүйесінде саяси партиялар
институтының өзіндік орны бар екендігін көпшілігіміз мойындағандай болдық.
Содан болса керек, қоғамыздағы көзқарастары мен мүдделері сәйкес келетін
азаматтар ортақ саяси ұйым құрып, мақсаттарын жүзеге асыруға белсене
кірісіп жатты. Осындай мақсатта, ортақ мүддені арқау еткен біраз азаматтар
бас қосып еліміздің өндірісшілерін, қарапайым жұмысшылары мен мамандарын
бір тудың астына біріктірген Қазақстанда саяси партиялардың тұсаулары
кесілгені баршамызға белгілі. [7.13-бет].
Сондықтан Қазақстан тұрғындарының арасында саяси партияға деген
сенімділікті арттыру, олардың қызметін тиімді, ал оларды ықпалды саяси
күшке айналдыру үшін конституциялық — құқықтық негіздердегі кемшіліктерді
жою керек.
Тек, конституциялық — құқықтық негіздерді реттеу ғана Қазақстанда
көппартиялық жүйенің қалыптасуына, билік органдарындағы саяси партиялар
қызметінің табысты болуына, тұрғындардың әртүрлі топтарының мүддесін
қорғауға жағдай жасайды. Сонда ғана партиялар еліміздің саяси үрдістің
демократиялануы үшін қажетті саяси бәсекелестік пен тұрғындардың саяси
катысуын қамтамасыз ететін құрылымға айналады.
Енді аталмыш тақырыпты бастамас бұрын оның тарихнамасына тоқталатын
болсақ:
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар жөнінде және олардың
конституциялық — құқықтық мәселелері жөнінде ғылыми әдебиеттерде, баспа
беттеріндегі мақалаларда, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық пікірде
үнемі назарда болып, көтеріліп, талқыланып қазақстандықтар тарапынан
ықыласпен, аса бір мүдделілікпен көрінетіні белгілі. Қазақстанда бұл
жөнінде бірнеше еңбектер жарыққа шықты, әсіресе 1994 жылдан бастап, 2005
жылдар аралығында жазылған еңбектер турасында айтар болсақ, мысалы:
Қазақстандағы стратегиялық Даму институтының мамандары Сатпаев Д., Махмутов
А., Карин Е. т.б. жазған еңбектері (көбінесе, мақалалар. Оның ішінде
аналитикалық — сұрыптаулар, болжамдар, талқылаулар т.б.), сондай-ақ
Қазақстандағы саяси партиялардың көшбасшылары -А.Байменов, А.Жағанова,
Ж.Тұяқбай, А.Перуашев, Ғ.Қасымов, С.Әбдилдин т.б. көзқарастары, пікірлері
т.б. айтылған еңбектер, Х.Абжановтың, Қ.Нүрпейісовтың, С.Зимановтың,
Ч.Мусиннің, М.Машанның т.б. Қазақстандағы Алаш, Үш жүз т.б. сияқты
партиялардың пайда болуы, және де олардың қалыптасу тарихы т.б. еңбектері.
Жалпы, Қазақстан жеке өз алдына тәуелсіздікке ие болған алғашқы
жылдары (90-шы жылдардың басында) саяси партиялар дүниеге келіп, қоғамда
бірталай резонанстар туғызғаны белгілі, соған байланысты оқиғалар қағаз
бетіне түскені белгілі. Яғни, ол жөнінде құжаттар мен деректер (Қазақстан
Республикасының Саяси партиялар туралы Заңы. 17.07.2002ж.) өмірнамалық —
мемуарлық еңбектер (Абилов Б., Байменов А., Жандосов О. Вместе во имя
настоящего и будущего Казахстана. А. 2003г.), Қазақстандағы саяси
партиялардың бағдарламалары т.б.
Сондай-ақ, ең әрі маңызды деген Заң шығаруды актілер жинақталған,
соның ішінде — Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық
Заңы (Жеті Жарғы, А. 2004ж.), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
(27.12.1994ж, өзгертулерімен 13.10.2003ж.), Қазақстан Республикасының
Коммерциялық емес ұжымдар туралы Заңы (16.01.2001ж., өзгертулерімен,
толықтыруларымен 16.05.2003ж.), т.б. еңбектерін пайдаландық.
Бұл жердегі Нүрпейісов К., Озғанбаев Ө., Қойгелдиев М. т.б.
Қазақстандағы XX ғасыр басында дүниеге келген Алаш сияқты партиялардың
көтерген мәселелері, бағдарламалары т.б. осы күндері де өз мән-мағынасын
жоғалтқан жоқ. Тіпті, елдің — ел болып, ұлттың — ұлт ретінде қалыптасуына
көмегі де болды.
Қуандық Е.С., Жамбылов Д. т.б. Саясаттану негіздері оқулықтарындағы
(Ел орда, Астана 2000ж). Қазақстандағы саяси партиялардың конституциялық
— құқықтық мағына — мән беріліп айтылған, жазылған тұстарына үңіліп,
өзімнің тақырыбына байланысты деген тұстарына тоқталып, қажетті деген
тұстарыма тоқталып, жазып шықтым. Әрине, ол еңбектердің (соның ішіндегі
деректер, зерттемелер, оқулықтар және мақалалар) саяси астарына жете
үңіліп, оның ұстанған бағыттарына, олардың (көшбасшыларының) іс-
әрекеттеріне мән беруге тырыстым. Сонымен, біздің диплом жұмысымыздың
мақсаты:
Біріншіден, жалпы саяси партиялардың коғам өмірінде алар орны. Оның ел
экономикасы мен саясатының ілгеріленуіне байланысты түпкілікті мәселелеріне
тоқталу болса,
Екіншіден, Қазақстандағы саяси партиялардың мысалынан келтіре отырып,
оның конституциялық — құқықтық жақтарына терең үңілу;
Осыған байланысты мынандай міндеттердің өз-өзінен туындайтыны белгілі;
Біріншіден, Қазақстандағы саяси партиялардың шығуы мен қалыптасуына
жете мән беру, яғни оның құқықтық негіздеріне үңілу,
Екіншіден, саяси партияларды конституциялық — құқықтық шеңберде ретке
келтіру, оның ішінде елдегі көппартиялық жүйенің қалыптасуына, саяси
партиялардың ұлт мүддесін білдіруі және олардың сайлауға түсуі жағына
тоқталу;
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан (бірнеше
пунктерімен) және қорытындыдан тұрады (сілтемелер мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімін қоспағанда).
1. Қазақстан республикасындағы саяси партиялардың шығуы және
қалыптасуы
90-шы жылдардың басында қоғамды демократияландыруда халық депуттары
Кеңесінің Заң шығару қызметі маңызды роль атқарды. Бұл салада шақырылған
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі (1990 жылдың он екінші сәуірінде) жетекші орын
алды. 1990-1991 қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият
зерттеліп жасалған, құқықтық және әділетті процедуралар арқылы заң жүзінде
бекітілген бостандықтары мен адамгершілік қызметтерін көрсетуіне қажетті
жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық
жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту, құқықтық мемлекет
құру жолындағы елеулі қажет болды. Заңдар Қазақстанның саяси және
экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл
саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын
едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің
тілегіне жауап беретін еді.
Елде іске асып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында
әр түрлі көзқарастың, түрлі коғамдық пікірлердің ашық айтылуына және
бірқатар саяси партиялар құрылып, олар кеңінен дамып өрістенуіне жағдай
жасалды.
Алғашқылардың бірі болып құрылған — Қазақстан Социал — демократиялық
партиясы алдына мынадай мақсат қойды: республикалық парламент сайлауына
қатысып, оның өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Бұл партия
қоғамдық өмірге белсене араласып, оның материалдық және рухани дамуына
өздерінің лайықты үлесін қоспақшы болды. Сондай-ақ партия коғамдағы жеке
меншікті мойындады және өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап отыруды
көздеді. [1.305-бет]
Кейін, Азат, Алаш, Желтоқсан т.б. саяси қозғалыстар пайда болды.
Бұның өзі Қазақстанда көп партиялық жүйесінің және тоталитаризмнен
демократияға көшу кезеңінің бастамасы болды.
Жаңадан құрылған саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында
демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды.
Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу
үшін күрес жүргізді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тең
құқықтық жағдайда өзара түсінбеу келісу арқылы байланыс жасап отыруға
тырысты.
90-шы жылдардың басында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық
жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылдың қазан айында Қазақстан комсомолының
кезектен тыс XVIII съезі өтті. Онда Шығыс Қазақстан және Павлодар
облыстарының делегаттары алдағы бірнеше айды өтпелі кезең деп жариялап, осы
уақыт ішінде жастардың жаңа қоғамдық ұйымын құру ісін бастауды ұсынды.
Бірақ съезд делегаттарды бұл ұсынысты қабылдамай, республика комсомолын
Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның алдында
республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды. Одан
басқа республикада Қазақстанның мемлекеттік жастар Комитеті құрылып іске
кірісті.
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының ролін
көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің мүшелерінен жиналған қаржыларды
ұжым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ
комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері
болып қайтадан құрылды. Кәсіподақ ұйымдарының басты қолы жеткен табысы — әр
түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алу еді. Бұқара халық
мүддесін қорғауда олар көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
мемлекеттік және шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше
алатын жағдайға қолдарын жеткізді. Сондай-ақ бұл жолдары әйелдер кеңесіне
балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының
комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, Көп балалы аналар,
жануарлар одағы, Айша, Ақ отау, іскер әйелдер қауымдастығы т.б. басқа
220-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер коғам үшін, мемлекет
үшін айтарлықтай қызмет етті. [2.307-бет].
Әлем өркениетінде қалыптасқан партиялар әр түрлі негіздері бойынша —
таптық белгілері, өкіметке, қоғамдық прогресске, басқару формаларына, наным-
сенімдеріне және т.б. қатынасы бойынша сараланды. Партияларды әр түрлі
негіздері бойынша былай бөлу көбіне-көп шартты, ол өзгеріп отыруы да
мүмкін.
1. Әлеуметтік белгілері бойынша: буржуазиялық, шаруа, жұмысшы
(коммунистік), социал-демократиялық.
2. Қоғамдық прогресс бойынша: радикалдық (революциялық), яғни коғам
өмірінің кұрылымын сапасы жағынан кайта өзгертуге ұмтылатын партиялар:
а) реформистік — қоғамының негізгі құрылымдарын сақтай отырып,
әлеуметтік-экономикалық реформалар жасау арқылы едәуір өзгертуге
бағытталған партиялар;
ә) консервативтік — өз кезіндегі әлеуметтік өмір шындығының негізгі
сипаттамаларын сақтауға ұмтылатын партиялар;
б) реакциялық партиялар — олардың мақсаты қоғам дамуының алдыңғы
кезеңдерінің құрылымына ішінара не толық қайтып оралу болып табылады.
3. Басқару формалары мен тәсілдері бойынша: либералдық, демократиялы,
диктатуралық.
4. Үкіметке қатысы бойынша: билеуші, оппозициялық, бейтарап
(центристік).
5. Наным — сенім бойынша: христиандық, исламистік т.б. Қызмет
ортасының өлшемі тұрғысынан алғанда партиялар мынадай топтарға бөлінеді:
а) бір ортадағы өз қызметін бір ғана әлеуметтік ортамен шектейтін
партиялар, бұлар саясат саласында оның мүддесін білдіреді.
э) жалпыға бірдей жалпы әлеуметтік не жалпы халықтық ортаға
бағдарланған және қандай да болса бір әлеуметтік топта, тапта, жікте және
т.б. ықпалға ие болуға ұмтылумен шектелмейтін партиялар.
Саяси партиялар қазіргі кезеңде мынандай міндеттерді атқарады:
а) ірі-ірі әлеуметтік топтардың іс-әрекетінің бағытын айқындайды,
бағалы тұжырымдар жасайды;
ә) әлеуметтік топтардың белсенділігің арттыруға көмектеседі;
б) саяси идеология мен саяси доктриналар жасауға қатынасады;
в) саяси жүйелерді олардың ортақ принциптерін, элементтерін,
құрылымдарын қалыптастыруға ат салысады;
г) мемлекеттегі билік үшін күреске және мемлекет қызметінің
бағдарламасын жасауға қатынасады;
ғ) мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатынасады;
д) қоғамдық пікірді қалыптастыруға қатынасады;
е) жалпы коғамды, коғам мүшелерін (тапты, топты, жікті) саяси
тәрбиелеу жұмысымен айналысады;
ж) мемлекеттің, кәсіподақтардың, қоғамдық ұйымдардың аппараттары үшін
кадрлар даярлау мен ұсыну істеріне араласады.
Саяси партиялардың бұқараға ықпал етуі, демек, олардың қоғамдық
билікті жеңіп алуы мынадай факторларға байланысты:
1. қозғалыстың мақсатын, дамуын анықтайтын және бұқара мүдделерін
білдіретін тартымды идеологияның болуы қажет;
2. ұйымдық жағынан қалыптасуы көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға
қабілетті ұйымдық құрылымдардың оралымдығы болуы шарт;
3. біліктілік дәрежесі, партия басшыларының (партиялық
функционерлердің көсемдердің) беделдігі қажет;
4. жеткілікті бұқаралығы және партияның қатардағы мүшелерінің
белсенділігі өте жоғарғы дәрежеде болуы;
5. нақты тарихи жағдайда партияның қызметін іс жүзінде ұйымдастыра
білу міндет.
Енді Қазақстан республикасындағы саяси партияларға жеке-жеке тоқталып
кетсек.
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар: Еңбекшілер мүддесін
көздеуді мақсат тұтқан Қазақстанның Социалистік партиясы (7 қыркүйек,
1991жыл) республикасының саяси өміріне араласа бастады. Қазақ айында бұл
партия әділет министрлігіне тіркеуден өтті. Кезінде ҚСП-ның 1586 бастауыш
ұйымы, 47 мың жүйесі болған. Сондай-ақ партия Евразия кеңістігіндегі Одақты
конфедеративтік негізде қайта құруға мүдделілік танытты. ҚСП мүшелері
дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптерін әлемдегі социалистік
теориялардың түрлі бағыттағы тұнықаталарының негізі болды деп есептеді. Он?
ц тең төрағалары болып Петр Своик иен Ғазиз Алдамжаров сайланды.
Қазақстанның Халық Конгресстік партиясы (ҚХКП) 1991 жылдың қазақ
айының 5-нде дүниеге келді. Оның құрылтайшылары Семей — Невада, Арал — Азия
— Қазақстан, Әйелдер Одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы
мен республика Жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар
болды. Тең төрағалары болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов сайланады.
(кейін екеуінің де елшілік қызметіне кетулеріне байланысты, партияның
төрағалық қызметін В.Рогалев,
Г.Ерғалиевалар атқарды). Бүгінде жоғарыда аталған 2 партия да өз
жұмыстарын токтатқан.
Қазақстанның коммунистік партиясы (ҚКП) 1991 жылдың күзінде, кезектен
тыс XIX съезде дүниеге келді. ҚКП мүшелері өздерін 1903 жылы құрылған.
РСДРП-ның құқықтық, заңды мұрагеріміз деп жариялап, осы XIX съезде
партиялық атын социалистік партия деп өзгертулерге қарсы шыққан топтан
құралғандар болды. Екі жылғы сәтсіз талпыныстан соң, 1994 жылдың ақпан
айының 26-нда әділет министрлігіне тіркеуден өтті. Алғашында бұрынғы ҚКП
Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтының директоры академик
Б.А.Төлепбаев, кейін 1996 жылы сәуір айында ҚКП он біріншісі хатшысы болып
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы С.Әбдилдин сайланды. Қазірде
ҚКП қатары біраз өзгерген. Екінші хатшы Сорокиннің орнына мәжіліс депутаты
В.Косарев сайланды да, 2004 жылы ол және партияның өзге де 11 мүшесі партия
қатарынан шықты. Жақында көппартияның хатшылығына жаңадан тағы бір мәжіліс
депутаты — Т.Тохтасынов сайланды.
Қазақстанның республикалық партиясы 1992 жылы 26 ақпанда құрылды. 1999
жылы қыркүйекте, яғни сайлау алдында бұл партия Алаш ұлттық партиясы
болып өзгерді. Ұлттық бағыттағы бұл партияға қазақ зиялыларының біраз
өкілдері енді. Мақсаты — қазақ ұлттың мүдделерін қорғау деп ашық айтылды.
(алайда бұл партиясында бар, салада жоқ күй кешті). Партия лидері Сәбитқызы
Ақатай 2003 жылы өмірден өтті. Ол 60-шы жылдары Мәскеуде қазақ жастары
құрған атақты Жас тұлпар студенттік ұйымының белсенді мүшелерінің бірі
болған.
Қазақстанның республикалық Еңбек Саяси партиясы — Қазақстан
инженерлер одағы қоғамдық саяси қозғалыс негізінде 1996 жылы 20 қаңтарда
құрылған. Алғашында филиалы 11 облыста жұмыс істейді. Олар өздері
центристік бағыт ұстайтындарын мәлімдеді. Мақсаты — демократиялық мемлекет
құру. Әлеуметтік базасын инженер — техникалық интелигенция құрады.
Партиялық тізім бойынша, Парламент сайлауына қатысып, 1,38 % дауыс жинады.
Алғаш төрағасы мәжіліс депутаты Ө.Жолдасбеков, кейіннен Б.Т.Жұмағұлов
болды.
Қазақстанның Халық бірлігі партиясы (ҚХБП) парламенттік партия
есебінде халық бірлігі одағының негізінде 1993 жылдың ақпан айының 6-нда
құрылды. Оның алғашқы төрағасы Жоғарғы Кеңес депутаты Серік Абдрахманов
болды. 1993 жылғы қазан айынан бастап партияның төрағалығы премьер-
министрдің орынбасары Қуаныш Сұлтановқа тапсырылды. Одан кейінгі төраға
Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Ақан Божанов болды. 1999 жылы
наурыз айында бұл партия Отан партиясының құрамына кірді.
Халықтық — кооперативтік партия (ХКП) өздерін аса ірі, таптық және
әлеуметтік жіктеулерден одан, негізінен кооперация тек ауылшаруашылығы
саласындағы қызметкерлерге арқа сүйеп отырған бірден — бір партиямыз деп
жариялады. 1994 жылы 20 ақпанда құрылды.
Қазақстанның Дәуірлеу партиясы (ҚДП) өздерін парламенттік типтегі
партия деп атады. Партия төрайымы болып 1995 жылдың қаңтар айының 27-де
өткен құрылтай съезінде Алтыншаш Жағанова сайланды. ҚДП-ның басты ұстанар
жолы руханикалық пен ізгіліктің кайта жанданып, дәуірлеуіне күш салу болды.
Қазақстанның демократиялық партиясы 1995 жылдың 1-ші шілде айында
құрылды. Партияның бастапқы кезеңіндегі төрағалары президенттің кеңесшісі
Төлеген Жүкеев және Алтынбек Сәрсенбаев болды. Бұлар да 1999 жылы наурыз
айында Отан партиясының құрамына кірді.
Республикалық социал-демократиялық Отан партиясы 1999 жылы ақпан
айында Алматыда өткен құрылтай съезінде Қазақстанның Демократиялық
партиясы, Қазақстанның халық Бірлігі партиясы, Қазақстанның Либералдық және
Қазақстан 2030 қоғамдық қозғалыстарының бірігуі барысында құрылды.
Партияның әлеуметтік базасы бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер,
студенттер, ғылыми және творчестволық интеллигенция орта және кіші бизнес
өкілдерінен тұрды.
Құрылтайға 400-ге жуық делегат қатысты. Бұрынғы экс-премьер
С.Терещенко партияның төрағасы болып сайланды. (Қазірде республикалық
Отан саяси партиясын партия төрағасының міндетін атқарушы Амангелді
Дінұлы Ермегияев басқарады). 2004 жылы 12 наурызда өткен кезектен тыс VI
съезде партия төрағасының орынбасарлары болып Қазақстан Парламенті
мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай мен бұрынғы вице-премьер Александр
Павлов сайланды.
Соңғы жылдары, әсіресе Президент сайлауы қарсаңында сан түрлі бағыт
ұстанған партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, делегаттық қозғалыстар мен
ұйымдар, кәсіби және өзге де одақтар, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары
өмірге келді. Мысалы оның бірі:
Қазақстанның республикалық Халықтық партиясы (ҚРХП) төрағасы — бұрынғы
премьер Ә.Қажыгелдг-1. 1996 жылы 17 желтоқсанда құрылды. Оның шет елге
кетуге мәжбүр болуына байланысты партияны Саяси кеңесінің төрағасы
Ә.Қосанов басқарады. Бір кездері партия жетекшілігінде болған Ғ.Алдамжаров
2001 жылы қаңтар айында кенеттен бұл партиядан шығып, Президент
әкімшілігіне қызметке ауысты, кейін Қазақстанның Белорусь мемлекетіндегі
елшісі қызметіне ауыстырылды. Партияның алға қойған мақсаттарының бірі —
адамның құқығы мен бостандығы сақталатын құқықтық мемлекет құру деп
жарияланды. Партия мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына қарсы шықты.
Бұл бағытта бірнеше шаралар жасауға талпыныс да білдірді. Партия
мүшелерінің қайта тіркелуі үшін 50 000 мүшесі болуы керек деген заң
талабына байкот жариялап, өз жұмысын тіркеуден өтпей-ақ астыртын
жалғастыруда.
Азамат Қазақстанның демократиялық партиясы 1996 жылы 20 сәуірде
өмірге келген Азамат қоғамдық қозғалысының негізінде құрылған. Тең
төрағалары — М.М.Әуезов, Ғ.Әбілсейтов, П. Своик жетекшілерінің әр түрлі
қызметтерге ауысуына байланысты партия өз жұмысын тоқтатқан.
Азаматтық партия төрағасы — Перуашев Азат Тұрлыбекұлы. Ол 1996-1998
жылдары Президент әкімшілігінде стратегиялық зерттеулер орталығының сектор
меңгерушісі қызметінде болған. Партияның он екіншісі хатшысы Дүйсенов
Дүйсенбай 1996-1997 жылдары үкіметке вице-премьердің орынбасары болған.
Партия 1996 жылы 17 қарашада Ақтөбеде өзінің құрылтай съезін өткізді. Бұл
партияны құрған бастамашылар Алюминий Қазақстан (АҚ Павлодар), Жезқазған
мыс қорыту заводы, Ақтөбе ферросплав зауыт, Балқаш тау кен байыту
комбинаты, Восточный Екібастұз көмір разрезі, Рудный ССГПО АҚ, Ақсу
Евразиялық энергетикалық корпорация кәсіпорындарының ұжымдары. Партия әуел
бастан Президенттің саяси курсын қолдайтынын ашық жариялады. Ал президент
өзі бұл партияның құрылтай съезіне катысып, ол партияның саяси лидері
болуға келісімін де берді. Қазір Әділет министрлігі партияны кайта
тіркеуден өткізген кездегі мүшелерінің санын 63458 адам деп отыр. Ал партия
жетекшілері өз мүшелерін 105303 адам деп жариялауда. Бүгінде ҚАП-ның
Парламентте 24 депутаттан тұратын фракциясы бар.
21 ақпан, 2004 жылы Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық
партиясының құрылтай съезі Алматы қаласындағы Анкара қонақ үйінде өтті.
Оған ҚТД-ның 1200 мүшесі атынан сайланған 167 делегат қатысты. Құрылтайда
ұйымдастыру комитетінің төрағасы Асылбек Қожахметов баяндама жасады.
Халықтық партия Қазақстанның саяси билік жүйесіне түбегейлі өзгерістер
енгізу арқылы оның демократия жолына біржолата түсуін қамтамасыз етуді
басты мақсат етіп қойып отыр. Ғалымжан Жақиянов бірауыздан партияның лидері
болып танылды.
Құрамы 33 адамнан тұратын саяси кеңес пен құрамы 7 адамнан тұратын
саяси Кеңес Төралқасы сайланды. Осы құрылтай съезінде партия саяси
кеңесінің төрағасы болып Асылбек Қожахметов сайланды.
Қазақстан әйелдері ұйымдарының саяси бірлестігі партиясы 1999 жылы
маусым айында құрылтай съезін өткізді. Осы жылы 11-ші тамызда әділет
министрлігінен тіркеуден өткен. Негізгі мақсаты — Қазақстан әйелдерінің
саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын
қорғау және жүзеге асыру деп жариялады. Бұлар Аграрлық партиямен бірігіп,
партиялық тізіммен Парламент мәжілісіне сайлауға қатысты. Партия жетекшісі
— Сәрсембаева Раушан Бергібайқызы.
Қазақстанның Патриоттар партиясын (ҚПП ) басқаратын Ғани
Есенгелдіұлы Қасымов. Мәжіліс депутаты, бұрынғы кеден комитетінің төрағасы,
генерал Партия 2000 жылы 1 шілдеде өзінің құрылтай съезін шақырып, өмірге
келгенін жариялады. 2003 жылы 21 наурызда Әділет министрлігінен қайта
тіркеуден өтті. Құрамында 51188 мүше бар. Ал өздерінің есебі бойынша,
партия қатарында 10 000 мүше бар. Оған сәуір айының 24-нде отставкадағы 23
мың офицерлер мүше болып кіретіндерін хабарлады. Алайда партиялық бірыңғай
нақты әлеуметтік негізі жоқ, оның мүшелері жеке лидердің беделінің
төңірегінде ғана топтасқан. Олар казак ұлтының топтасып, бірігуіне, олардың
Отанды сүюшілік сезімдерін қалыптастыруға ат салысатындықтарын, оны рухани
тәрбие арқылы іске асыратындықтарын жариялады. Партия жетекшілері казіргі
саяси билікті сынаудан бас тартатындықтарын білдіргенімен, Қасымовтың өзі
депутат ретінде халық мүддесін қорғау барысында үнемі белсенділік танытып
келеді.
Қазақстанның Аграрлық партиясының (ҚАП) төрағасы — Ромин Ризұлы
Мадинов, мәжіліс депутаты. 1997-1999 жылдары бұрынғы премьер-министр
Н.Балғымбаевтың кеңесшісі болған және партия жетекшілігін қатар атқарған.
Қазақстанның Аграрлық партиясы өз құрылтайын 1999 жылы 6 қаңтарда өткізді.
Ал Әділет министрлігінен тіркеуден өткен куәлігін осы жолы 16 наурызда
алды. Қазір партия қатарында 98 000 мүшесі бар. Қайта тіркеуден 2003 жылы 6
наурызда өтті. Идеологиялық жұмысының басты міндеті ретінде ол ауылдың
дағдарысқа ұшырауын одан әрі болдырмау деп білді. Сондай-ақ халықтың әл-
ауқатын көтеруді де өзіне міндет етіп алған. Парламентте 6 депутат бар.
Руханият қоғамдық бірлестік партиясының құрылтай съезі 2003 жылы 5
сәуірде өтті. Ол сол жылы 6 қазанда әділет министрлігінен өткен. Партия
қатарында 53 000 мүше бар деп жарияланды. Оның 65 пайызы әйелдер болды. Өз
қызметінде бұл партия бюджеттен қаржыланатын сала қызметкерлері мен ғылыми,
мәдени, техника саласының өкілдеріне және студенттер мен әйелдерге
сүйенетіндігін мәлімдеді. Ал шындығына келер болсақ, бұл партия 1995 жылы
17 қаңтарда құрылған Дәуірле партиясының мұрагері болды. Өйткені бұл
аталған екі партияның басшылығында да екі жолында Алтыншаш Қайыржанқызы
Жағанова – Көші-қон және демография агенттігінің төрайымы болды. Руханият
партиясы үшін басымдылық болып табылатын мәселелер: қоғамның аз қорғалған
бөлігі — негізі рухани байлықты жасаушылар мәдениет, білім, ғылым,
денсаулық саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғау.
Қазақстанның социал-демократиялық Ауыл партиясы 2000 жылы 30
қаңтарда өткен құрылтай съезінде құрылды. Осы жылғы 30 наурызда Әділет
министрлігінен тіркеуден өткен. 2000 жылдың 1-ші тамызында ҚСД Ауыл
партиясының қатарында 10 000 мүше болған. Олардың көпшілігі фермерлік
шаруашылықтарының басшылары мен шаруалар болды. Ауыл партиясының негізгі
мақсаты — ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғау, аграрлық секторға
мемлекеттік қолдауды күшейтуге атсалысу, қоғамды одан әрі
демократияландырудағы саяси және экономикалық реформаларды жүргізуді
тездету, елдегі тұрақтылықты баянды ету. Партияның төрағасы — Қазақстан
Парламенті мәжілісінің депутаты Ғани Әлімұлы Қалиев. Парламентте 10
депутатты біріккен фракциясы жұмыс істейді. Оның екеуі сенатор да, 8-і
мәжіліс депутаттары.
2002 жылы 29 қаңтарда Қазақстанның демократиялық Ақ жол партиясын
құру туралы ол кезде әлі ҚРТҚ-ның қоғамдық саяси кеңесінің мүшелері
мәлімдеген болатын. Қазақстанның демократиялық Ақ жол партиясының
құрылтай съезі 2002 жылы 16 наурызда болды. 3 сәуірде Әділет министрлігінен
тіркеуден өткені туралы куәлік алды. Сөйтіп ҚДТҚ-ы екіге бөлінді. Бұл
қозғалысты құрушыларының екінші бөлігі радикалды оппозициялық бағытқа
түсті. Ал Ақ жолды құрушылар ұстамды саясат ұстанды. Ақ жол өзінің
басты мақсаты етіп Конституциядағы адам құқығы мен бостандығының толық
сақталуын және билікті орталықсыздандыруды қойды. Оның ішінде барлық
деңгейдегі әкімдерді сайлап қоюды іс жүзіне асыруды көздеуде. Партия
қатарында бүгінде 115 мың мүше бар. Негізінен олар мемлекет қызметкерлері,
кәсіпкерлер, бюджет саласында істейтіндер мен интеллигенция өкілдері. Ақ
жол партиясының құрылтайшыларының ішінде Қазақстан қаржыгерлер
ассоциациясының төрағасы Дәулет Сетбаев, директорлар кеңесінің төрағасы
Нұржан Суханбердин және т.б. өкілдері бар.
Тең төрағалары бұрынғы Парламент мәжілісінің депутаты Болат Мұқышұлы
Әбілев, бұрынғы Еңбек министрі Әлихан Бәйменов, бұрынғы вице-премьер Ораз
Әлиұлы Жандосов. Кейін тағы екі тең төраға қосылды: Қазақстаның Ресейдегі
бұрынғы елшісі, бұрынғы министр Алтынбек Сәрсенбаев (марқұм) және зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бас директорының бірінші орынбасары
Людмила Жуланова.
Асар қозғалысы 2003 жылы 25 қазанда саяси партияға айналды. Асар
партиясының құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты. Партия жетекшісі Дариға
Назарбаеваның айтуынша, Асар партиясы центристтік бағыт ұстанады.
2004 жылдың басында пайда болған Құқықтық Қазақстан азаматтық
қозғалысын ұйымдастырушы Заң академиясының ректоры, республиканың Бас
Прокуроры, жоғары Соттың төрағасы және басқа да лауазымда қызметтерде
болған Мақсұт Нарықбаев 2004 жылы 29 сәуірде өзінің 300 мың мүшесі бар бұл
ұйымын Қазақстанның демократиялық партиясы деп жариялады. Ол партия
қатарында 50 мыңнан астам адам бар екендігін хабарлады. Алғашқы құрылтайына
398 делегат қатысты. Партияның басты мақсаты — азаматтардың елдің
тәуелсіздігін баянды ету жолында деп санап отыр; ҚДП төрағасының орынбасары
белгілі дисседент бұрынғы Азат қозғалысы басшыларының бірі — Хасен
Қожахмет болды.
Бүгінде Қазақстанда аттары аталғанымен, әлі тіркеуден өте алмай жүрген
Отандастар, Қазақстан, Абырой т.б. саяси партиялар бар.
1.1. Саяси партиялардың құрылуының құқықтық негіздер.
2002 жылдың 15 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев қол қойған Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы
Заңы қолданысқа енгені белгілі. [1.22-бет]
Осы аталмыш Заң саяси партияларды құрудың құқықтық негіздерін, олардың
құқықтары мен міндеттерін, қызметінің кепілдіктерін белгілейді. Саяси
партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын
реттейді.
Қазіргі заман ұйымдарының жүйесі саяси қатысу мәдениетіне анықтаушы
тұрғыдан ықпал етеді десек, онда азаматтардың саясатқа катысуының
ұйымдасқан формасы саяси партияларға, қоғамдық ұйымдарға мүше болу болып
табылады.
Аталмыш Заңның 8-ші бабында:
1. Қазақстан Республикасының жасы он сегізге толған азаматы саяси
партияның мүшесі бола алады.
2. Саяси партияға шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың мүше
болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелікке жол берілмейді.
3. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері және судьялар саяси партияда болмауға, қандай да
болсын саяси партияға қолдау көрсетілуге тиіс.
4. Саяси партияға мүшелік ерікті, жеке және тіркелетін тәртіпте
болады.
5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.
6. Саяси партияға мүше болу кәсіби, әлеуметтік, нәсілдік, рулық,
ұлттық немесе діни белгілер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүліктік
жағдайына байланысты шектелмеуге тиіс.
7. Саяси партияның мүшелері саяси партияның басшы органдарына сайлауға
және сайламауға, саяси партиямен оның басшы органдарының қызметі туралы
ақпарат алуға құқылы.
8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығарылу, басқа партияға
кіру, саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негіз болып табылады — делінген.
[2.23-бет]
Сондықтан саяси өмірге қатысу механизмдерінің бірі — саяси партиялар.
Демократиялық режим жағдайында партиялар азаматтардың, әлеуметтік топтар
мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.
Саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі — қоғамдық мүдделерді
жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан
және бағытталған түрде ендіру. Ол жөнінде Заңның 15-бабында былай деп
жазылған:
1. Саяси партия жарғысы мен бағдарламасында анықталған мақсаттар мен
міндеттерді жүзеге асыру үшін, Қазақстан республикасының Заңдарында
белгіленген тәртіппен
1) өзінің қызметі туралы ақпарат таратуға және өз мақсаттары мен
міндеттерін насихаттауға;
2) ерікті негізде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарын
беруге;
3) Қазақстан республикасының Президенттігіне, Қазақстан республикасы
Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар
ұсынуға; мәслихаттардағы өз өкілдері арқылы Қазақстан республикасы
Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар жөнінде ұсыныс жасауға;
4) өздерінің бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
5) жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер
өткізуге;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де Заң актілерінде
көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
2. Саяси партия:
1) Қазақстан республикасының Конституциясы мен Заңдарының талаптарын
сақтауға;
2) Әрбір азаматтың өз құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен,
шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
3) Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне енгізілетін
мәліметтер көлемінде тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жердің
өзгергені туралы және өз басшылары туралы деректерді тіркеуші органға
хабарлауға;
4) салық органдарына Қазақстан республикасының Заңдарында белгіленген
мерзімдер мен көлемде өзінің қаржылық қызметі туралы есеп табыс етуге
міндетті. [3.24-бет].
Сонымен қатар, саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте
қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Париялық
жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді
мүшесіне айналды, яғни тіркеу қызметін де атқарады.
Партиялық қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарды.
Мысалы: Қазақстан республикасының саяси партиялары халықаралық байланыстар
орнатып, жасай алады, тиісті келісімдер жасасып, діни бірлестіктерді
қоспағанда, халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктерге
ұжымдық мүшелер ретінде кіре алады. (19 бап). [4.27-бет].
Әсіресе, авторитарлық және дәстүрлі қоғамдарға екі кызметтің (яғни,
бәсекелестік күресте қоғамдық қолдаушы және іріктеу қызметі) бірігіп кетуі
мән. Ал, демократиялық жүйелерде бұл қызметтер дербес әлеуметтік іс-әрекет
құрылымына ие және бір-бірінен бөлінген. Мұндай жүйе шеңберінде мүдделерді
қалыптастыру қандай да бір белсенді орталықтар көмегімен емес, топ
мүшелерінің өзара қарым-қатынасының нәтижесінде жүзеге асырылады. Партияның
міндеті — осындай толып жатқан ұсыныстар мен талаптарды шынайы саяси
баламаға айналдыру.
Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі құрылымы,
саяси әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Бұл партиялардың белгілі бір
саяси мәдениет түрін жеткізушісі, саяси байланыс орнату үрдісіне белсене
араласуы, сонымен бірге саяси қатысудың әртүрлі жолын қамтамасыз ететін
ұйымдық құрылымының болуына байланысты.
Аталмыш Заңның 16-бабында Саяси партияның және оның құрылымдық
бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) органдары:
1. Саяси партияның төрт жыл ішінде кемінде бір рет шақырылатын съезі
(конференциясы) саяси партияның жоғары басшы органы болып табылады.
2. Саяси партияның съезінде (конференциясында):
1) саяси партияның жарғысы мен бағдарламасына өзгерістер мен
толықтырулар енгізіледі.
2) саяси партияның мүшелері Қазақстан республикасының Президенттігіне,
Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ретінде ұсынылады,
депутаттыққа кандидаттардың Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау
комиссиясына тіркеу үшін ұсынылатын партиялық тізімі бекітілді.
3) саяси партияның басшы органдары сайланды.
4) партияның мүшелік жарияларының мөлшері бекітілді.
3. Саяси партияның филиалы мен өкілдігінің конференциясы (жалпы
жиналысы) саяси партия филиалы мен өкілдігінің жоғары басшы органы болып
табылады.
4. Саяси партияның филиалы мен өкілдігінің конференциясы (жалпы
жиналысында):
1. олардың басшы органдары сайланады.
2. тиісті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсынылады.
3. саяси партия съезінің (конференциясының) шешімі саяси
партияның съезіне (конференциясына) саяси партияның барлық облыстық,
республикалық маңызы бар қалалық, астаналық филиалдары мен өкілдіктерінің
өкілдері қатысқан кезде көпшілік қауыспен қабылданады. [5.25-бет].
Енді саяси партиялардың мемлекеттік тіркеуден қалай өткізеді, сын
жөнінде айтып кетсек:
10-бап. Саяси партияны мемлекеттік тіркеу.
1. Саяси партияны мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі жүзеге асырады.
2. Саяси партияны мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттар саяси
партияның құрылтай съезі (конференциясы) өткізілген күннен бастап екі айдан
кешіктірілмей тіркеуші органға табыс етілді.
3. Саяси партия мемлекеттік тіркелген күннен бастап, алты айдың ішінде
өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) аумақтық
әділет органдарында есептік тіркеуден өткізуге міндетті.
4. Осы баптың 3 тармағын орындау Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен саяси партияның мемлекеттік тіркелуінің күшін жоюға
әкеп соғады.
5. Саяси партияны тіркеу мен қайта тіркеу, сондай-ақ оның құрылымдық
бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) есептік тіркеу Қазақстан
Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңдарында
көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
6. Саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін, оның құрамында партияның
барлық облыстарға, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы
әрқайсысында кемінде жеті жүз партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің
(филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан өкілдік ететін кем дегенде, елу мың
партия мүшесі болуға тиіс.
1. Саяси партияны мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға мынандай
құжаттарды тапсырған жағдайда жүзеге асырылады:
1) тіркеуші орган белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның екі дана етіп
жасалған жарғысы мен бағдарламасы;
3) саяси партияның құрылтай съезінің (конференциясының) хаттамасы;
4) саяси партия мүшелерінің тіркеуші орган белгілеген нысандағы және
осы баптың 6-шы тармағының талабына сай келетін тізімдері;
5) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымның төленгені
туралы құжат.
2. Мемлекеттік тіркеу мерзімі Қазақстан Республикасының Заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңдарында көзделген негіздер бойынша
тоқтатыла тұрады. [6.23-бет].
Қазақстан республикасындағы Саяси партиялар туралы Заңында кейбір
саяси партияларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуы әбден мүмкін. Мысалы:
11-бап. Саяси партияны мемлекеттік тіркеуден бас тарту.
1, Саяси партияны оның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен
өкілдіктерін) тіркеуден Қазақстан республикасының заңдарында көзделген
негіздер бойынша бас тартылуы мүмкін.
2. Тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағын жасалуы мүмкін. [7.24-
бет].
Аптаның бүгінгі күндері республикаға танымал Дос Көшімнің жетекшілік
ететін Ұлт тағдыры және Нағыз Ақ жол саяси партиясы тіркеуден өтпей
қалғаны белгілі.
Енді саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негіздеріне тоқталсақ:
1. Саяси партиялардың қызметі еріктілік, тең құқықтылық, өзін-өзі
басқару, заңдылық және жариялылық принциптеріне негізделді. Осы Заңмен
белгіленген шектеулерді қоспағанда, саяси партиялар ішкі құрылымын,
мақсаттарын, кызмет нысандары мен әдістерін еркін анықтайды.
2. Саяси партиялардың қызметі адам мен … жалғасы