Қазақша сценарий: 25 Мамыр — Соңғы қоңырау

0

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата — аналар, ұстаздар, оқушылар қош келдіңіздер!
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!
Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалсын! 5 — 8 сыныптарға арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынын бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Мектеп! Мектеп деген — мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе
нәр беретін алтын ұя!

Жүргізуші: Дұрыс айтасың, өйткені жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден — бір киелі мекен — мектептегі соңғы қоңырау салтанаты басталғалы тұр.

Жүргізуші: Ендеше бүгінгі салтанатты жиынымызды ашу үшін сөз мектеп басшысы: Әбдірахман Мұхаметжанұлына беріледі.
Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр,
Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр.
Бірінші түлектер қанат қомдап,
Қанаттарын қияға қағып жатыр,
Ажырамай ұжымнан бір елісіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз!
Сөз берелік мектептің басшысына
Салтанатты жиынға арналсын тілегіңіз!

Тақпақтар: Оқушылар тобы.

1 оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.

2 оқушы: Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып,
Өмірге азық мол сыйың,
Құшағы құтты нұрлы ұям.
Мектебім менің — өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.

3оқушы: Мектебім — алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдан.
Мектебім — жұмбақ бағым, құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.
Анамның құшағындай елжіретер,
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?

4 оқушы: Келеді ұстаздықты таңдап алғым
Ұстазым көңілің ақ, пейілің кең,
Дарқандығың шегі жоқ даламен тең
Әр сөзіңмен зердеме өзің құйдың
Қазақтың қасиетті даналығын.
Дамылсыз шарлап, білім ой — арманын
Өзіңнен жақын адам таба алмадым.

5 оқушы: Ақ жұлдыздай жарық шашқан түндегі.
Нұр сәулесін төгер ұстаз жүрегі.
Болашаққа сол жүректен өт алып
Самғай берсін шәкірттердің тізбегі.

Өлкеміздің айналсын өркеніне,
Сенімдерің айналсын серперіне
Ұстаз біткен тілейді ақтарылып
Тек сәттілік елімнің ертеңіне.

Жүргізуші: Биылғы оқу жылы —— пайыз сапа танытып отырмыз. Бұл көрсеткіш бірден — бір оқу озаттарының табысы.
————— мектебімізде оқу озаты бар. Мектеп атын оқушы саны емес, дарынды оқушының даңқы шығарады, ендеше сол мақтаныштарымызбен таныс болыңыздар!.
Сөз оқу ісінің меңгерушісі: Сәуле Әбдуәлиқызына беріледі.

Жүргізуші: Барша оқу озаттарына музыкалық сәлем жолдаймыз.

Ән: «Ақ бұлақ» орындайтын: 6б сынып оқушысы Үндіріс Қанағат «Әнші балапан»қалалық
сайысының жүлдегері.

Жүргізуші: «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші,
Ата — аналар атынан ————————— сөз береміз.
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге
Салтанатты жиынға арналсын тілегіңіз.

Жүргізуші: Би: « Ана жүрегі» орындайтын «Інжу» тобы.

Жүргізуші: Мектептің атын республикаға, облысқа, қалаға танытқан оқушыларды атап өтуге рұқсат етіңіздер! Олар түрлі білім, спорт сайыстарының жеңімпаздары.
1. Нұралина Жаннұр — Республикалық таэквандо жарысынан 2 орынға ие болды.
2. Марлен Әсем – қалалық «Абай оқулары» сайысына қатысып, жүлдегер атанды. т. б.

Жүргізуші: Осы оқушылардың құрметіне музыкалық сәлем жолдаймыз. Өлең « Қазағым менің» Күләш Ахметова
Орындайтын: 5г сынып оқушысы
Әсем Марлен

Жүргізуші: Келесі кезекті мектеп өміріне белсене атсалысқан, ата-аналарды марапаттау рәсіміне береміз.

Жүргізуші: Барша ата — аналардың құрметіне музыкалық сәлем жолдаймыз. Қабыл алыңыздар!

Үнді биі: орындайтын « Інжу» тобы, қалалық «Күміс қоңырау» сайысында 2 орынды иеленген.

Жүргізуші: Әр мектеп әдемі кең ашқан есігін,
Жүректі тербеген сенің де есімің
Қияға ұшса да кешегі сан түлек
Ұмытпас бұл үйді — қастерлі бесігін.

Өнерпаздар жарысып сан — салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Салтанатты жиынның жабылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.

Жүргізуші: Ән «Бейбітшілік» орындайтындар қалалық сайыстың бірнеше дүркін жеңімпаздары, 6ә сынып оқушылары Абылай Еркінтегі, Мәди Рүстем.

Жүргізуші: Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата — аналар, ұстаздар мен оқушылар! Осымен 5 — 8 сыныптарға арналған салтанатты жиынымыздың рәсімі аяқталды. Жазғы демалысты жақсы өткізіп,
келесі оқу жылын жақсы қарсы алыңыздар!