Түсіңізде от көру нені білдіреді? — новости Казахстана

0

Түс тылсым құбылыс. Оның құпияларын адамзат зерттеп, әлі күнге дейін толық сырын аша алмады. Алайда оның адам өміріне әсер ететіні сөзсіз. Sonnik.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ түсіңізде от көргенде қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.

allwomens.ru

Көрнекі фото: allwomens.ru

Түсіңізде от көру жақсы нәрсе, егер от сізге зақым келтірмесе.

Әсіресе саяхаттаушы мен теңізші үшін жақсылықтың нышаны.

Үйіңіздің отқа оранғанын көрсеңіз, достарыңыз адал, балаларының айтқаныңыздан шықпайтын болады деген сөз.

Егер дүкеніңіз немесе қоймаңызды от жалмағанын көрсеңіз, табысты боласыз деген сөз. Алайда отты өшіруге тырыссаңыз, кикілжіңдерге дайын болыңыз.

Бірақ дүкеніңіз толығымен жанып кеткен болса, бұл алдағы қиындықтар жайлы ескертеді.

Түсіңізде от жаққалы жатсаңыз, өңіңізде көптеген жақсы жаңалықтар болады.

Қаламгерлер отты көрсе, шығармашылық табысқа жетіп, атақ-даңққа кенеледі. Ал кәсіпкерлер үшін бұл шексіз табыс белгісі.

Дереккөз: kaz.nur.kz