Қазақша реферат Географиялық  ашылулардың  міндеті  мен  мақсаты

0
142

Тақырыбы Географиялық  ашылулардың  міндеті  мен  мақсаты

Жоспар

 

1.Географиялық  ғылымының  тарихы.

  1. Географиялық ашылулар.
  2. Географиялық деректер.

Осы заманғы дүние жүзілік ғылымның асыл мұрасы, алтын қоры, географиялық материалдар бірте-бірте жиналды. Оларды адам баласы зор қиыншылықтарды жеңе отырып жинап-терді: талай-талай саяхатшылар, ғалымдар бұл жолға бүкіл өмірін сарып етті, құрбан болды. Бірақ жеңімпаз адам алған бетінен қайтпады. Көздеген мақсатына жетті. Ақыры Жерді, оның формасын дұрыс түсінді. Адам жер шарын өзімен салыстырғанда орасан үлкен екенін, ал бүкіл әлеммен салыстырғанда соншалық кіші екендігіне көзі жетті. География — ғылымдардың ішіндегі ең көнелерінің бірі. Сондықтан да бұл ғылымды терең зерттеп, дұрыс түсінуді мектеп балалары, бүкіл жас-тар өзіне зор міндет деп санауға тиіс. Мұны білмей табиғатты, оның ұшан-теңіз құпия сырларын танып-біліп, оны қоғам пайдасына жарату мүмкін емес. География ғылымының тарихы бізді адам баласының жер шарын бірте-бірте қалай ашып білуімен таныстырады, Бұл ұзақ әрі тамаша тарихи оқиға. Біздің жыл санауымызға дейінгі ерте заманда алғашқы географиялық түсікік Нил өзені бойында — Египетте, жалпы Жерорта теңізі жағалауын мекендеген елдерде пайда болды. Бірақ олар сол өздері тұрган жерлері мен әрі кеткенде көршілес елдердің жерлерімен ғана танысты. Платон мен Аристотель әлем, адам баласы дегенде, олар тек қана Жерорта теңізі жаға-лауын мекендеген эллиндер мен кейбір жауынгер тайпаларды айтады. Біздің заманымызға дейінгі жыл санаудың V -— IV ғасырында Геродот, Пифагор, Аристотельдер ғана жерді шар тәрізді деп дұрыс тү-сінді. Бұған орта ғасырлардағы араб. Орта Азия та-ғы басқа елдер ғалымдары да өз үлесін қосты.

XV —XVI ғасырларда жер шарының ұлы географиялық ашулары басталды. Бұған дейін белгісіз болып келген жаңа жерлер ашылды. Кемелер алысңа сапар шекті. Испания, Португалия елдерінің Колумб, Магеллан сияқты саяхатшылары ұлы географиялың ашуларға аттанды. Кейінірек Англия, Франция, Голландия, Россия тағы басқа елдер саяхатшылары да жер шарын зерттеуге жұмыла кірісті. Енді белгісіз болып келген мұхиттар, теңіздер, құрлықтар, түбектер   мен аралдар адамға аялы   есігін   аша   бастады.

XVIII          ғасырда Батыс Европа елдерінде капитализм-
нің дамып, өріс алуына байланысты оған жаңа ры-
нок, отар қажет болғаны белгілі. Осыған орай енді
сол бұрын ашылған жаңа мекендерді түбегейлі мұ-
қият зерттеу ісі нақтылы жүзеге   асырыла   бастады.

XIX   гасырда дүние жүзілік географиялық зерттеу-
лердің құлаш жайғаны сонша, жер шарында елеулі
белгісіз мекенжай қалмады. Арктика, Антарктида
ашылды. Солтүстік Мұзды мұхиттың, Арктика мен
Антарктиданың жаратылыс байлығын дүние жүзі ел-
дерінің географтары өз ара және ресми келісім жа-
сау жолымен бірлесе отырып зерттеп, адам баласы-
ның игілігіне жаратуды көздеді.

Үстіміздегі ғасырда дүние жүзі географтары, әсіресе,

советтің ғалым-географтары   осы   күнгі   ғылыммен  техника табыстарына    сүйене   отырып,    Арктиканы, Антарктиданы   жан-жақты   зерттеп,   күрделі  ғылыми  табыстарға ие  болып  отыр.Сөйтіп  география  ғылымының  әріден  келе  жатқан  көне  тарихына   қарағанда,  ол  өзі  басталуынан-ақ  бүкіл  адам  баласының  игілігін  мақсат  еткен,  барша  жұртқа  ортақ  ғылым  болды. География  ғылымының табысы,  дінмен  уланған

кейбір капиталистік ғалымсымақтардың ойлайтынындай, ешқашан да адам баласын апатка ұшыратпақ емес, тіпті олай деудің өзі де барып түрған надандың. Ңайта бұл ғылым адамзатты баңыт бас-палдағына ңарай өрлете бермек,

Мектеп окушылары, жастар география ғылымын не-ғұрлым жаксы біліп, окың тамаша тарихымен жете танысса, соғұртым олардың бұл пәнге деген ңұштар-лығы, сүйіспеншілігі арта бермек. Отанын, елін, же-рін жанындай жаксы керетін болады. Ңоғамда адам-дардың бәріне бірдей ортаң сөздер бар. Солардың ішіндегі ең бір асылы — Отан деген сөз. Отан ұғымы жастар журегіне мектеп ңабырғасында жүргенде-аң көкейіне ңона бастайды, олардың арман-ңиялымен біте ңайнап, бірге өседі. Олардың бойына абзал қа-сиет, ізгі ниет дарытады, Отанын, жерін, елін шын суйген адам өмірінде кездесетін ңиындыңтың ңан-дайын болса да жеңетіні даусыз. Сол жағдайларды ескере отырып, «Географиялыц ашулар» деп атала-тын осы кітапта отаншылдар туралы сөз болады. Кітап ерте заманнан бастап осы күнге дейінгі жер шарының зерттелу тарихын баяндайды. Бұл — өрісі кең, алуан түрлі окиғалы, үлкен маңызы бар тарих. Жер шарының жалпы зерттелу тарихынан көптеген кітап жазуға болар еді.

Автор публикации



3
Комментарии: 0Публикации: 694Регистрация: 14-11-2017