ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

0

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..3
І. Негізгі бөлім
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН
ПРИНЦИПТЕРІ … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … .7
1.1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық, лингвистикалық және
психологиялық
негіздері … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … ..7
1.2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу
әдістері … … … … … … … .12
1.3 Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық
принциптері … … … … … … … ..16
ІІ.
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … …20
ІІІ. Қолданылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … …22

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ғылым адам баласы ой-санасының, дүниетанымының
өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар.
Соның бірі-қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Қазақ тілінің әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика
ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған,
жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген
ғылым.
Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері
қалыптасқан жүйесі бар. Бұл әдістеме ең алдымен, оқушыға қандай тілдік
категорияларды үйрету керек, қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады
деген мәселелерді қарастырады. Сондай-ақ қазақ тілін оқыту әдістемесі –
қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана
тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім
ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға
көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп
тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту
арқылы іске аспақ. Сонымен бірге, әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-
сырымен жете таныстырып қоймай, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің
мектеп тәжірибесінен сыналған тиімді оқыту әдістері мен тәсілдерін қазақ
тілін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Сайып келгенде,
әдістеме мұғалімнің шығармашылық жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ
берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика және
психология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Әдістеменің лингвистикаға байланыстылығы, біріншіден ол оқылатын
пәннен жеке-дара қаралмайды. Атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі
материалдың мазмұнына орай әдіс-тәсілдерді таңдау, қолдану, олардың
жолдарын көрсету, жаттығу мен дидактикалық материалдарды таңдап, іріктеуге
тікелей байланысты. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты түрлі фонетикалық
талдау, әріптерді, дыбыстарды дұрыс айта білу, ал сөз таптарын оқыту
барысында морфологиялық талдау, түрлі салыстырулар, жалғу мен жұрнақтың ара-
жігін ажыраттыру сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.
Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме де жетіліп, байып
отырады. Мектепте оқылатын қазақ тілі курсы лингвистика ғылымына жаңадан
енген теориялар мен тілдік фактілер арқылы дамуда. Мысалы, соңғы кезде
қазақ тілі бағдарламасында да, соған лайық оқулықтарға да елеулі жаңалықтар
енді. Атап айтқанда, синтаксис бөліміне сөз тіркесі туралы мәліметті енгізу
қарастырылды. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алдына үлкен міндеттер
қойылды. Осы тақырыптарды ғылыми тұрғыда оқушыларға түсіндңрудің әдіс-
тәсілдерін іздестіру қажеттігі қойылып отыр.
Қазіргі педагогика, психология, логика ғылымдарының соңғы
жаңалықтарына шолу жасай келіп, қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым
ретінде дамуының басты ерекшеліктерін мына мәселелердің төңірегінде
қарастыруға болады: әдістемелік зерттеу жұмыстары жетілдіріліп, олар кең
өріс алды,1эксперименттік бақылау жұмыстары жүргізілуде, мектеп тәжірибесі
жан-жақты зерттеліп, жаң афакт, дәлелдермен байытылуда,2 сондай-ақ жалпы
әдістеме ғылымындағы жетістіктерді, әсірісе, орыс тілі әдістемесіндегі
қажетті тиімді, пайдалы деген іс-тіжірибелерді пайдаланып келеміз,3 атап
айтқанда, оқушылар үлгеріміндегі басты кемшіліктер, оны жоюдың нақты
жолдары қарастырылуда. Мысалы, тіліміздің фонетикалық, морфологиялық
негіздерін жетік білмеуден емлелік қате жіберу, пунктуациялық және стильдік
қателердің кездесуі қазақ тілін оқыту әдістемесіне басты назар аударуды
талап етеді. Сондай-ақ, мектептегі оқыту жүйесінің деңгейін мұқият бақылай,
зерттей отырып, әдістеме ғылымының жаңалықтарынан әсіресе, қазіргі сабаққа
қойылатын талаптардан мұғалімнің үнемі хабардар болып өсіп отыруын негізгі
мәселелердің бірі деп санау керек, яғни қазақ тіл білімі мен оның
әдістемесін тығыз байланыста қарау мұғалімдердің жан-жақты шығармашылық
ізденістерін дамыту, ой туғызу, көмектесіп, бағыт беру қазіргі мектеп
реформасы талаптарына сай негізгі мәселелердің бірі болып есептеледі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру процесі әлі аяқталған жоқ.
Өйткені әдістеме озат мұғалімдердің тәжірибелерімен толығып, мазмұны мен
жүйесі, құрылысы кеңейіп, байып отырады.
1Лернер И.Я. Проблема познавательных задач в обучении основам гуманитарных
наук и пути ее исследования (постановка проблемы). В. Сб. Познавательные
задачи в обучении гуманитарным наукам под ред. И.Я. Лернера, Москва, 1972.
2Әлімжанов Д, Маманов Ы. Қазақ тілін оқытудың методикасы, Алматы, 1965.
Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы, Алматы, 1967.
3Құлмағанбетова Б. Құрмалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері. Алматы,
1963.
Әдістемеде қолданылып келген кейбір ереже, анықтама, түсініктер,
терминдер нақтыланып, жетілдіріліп, дамытылып отырады. Мысалы, қазақ тілі
әдістемесінің біраз проблемаларын зерттеген әдіскерлердің бірі И. Ұйықбаев
кезінде диктанттың мына түрлерін ұсынған болатын: түсіндірмелі, терме,
өздік, шығармашылық, еркін, сөздік және бақылау диктанттарын,1 ал әдіскер
Е. Көшербаев шығармашылық диктант, ерікті диктант, өздік ескерту, және
бақылау диктанттарын ұсынса,2 әдіскер Қ Жолымбетов көру диктантының
психологиялық жағынан тиімділігін дәлелдейді3.
Бірсыпыра оқулық авторлары мен лингвист ғалымдар Ә. Хасенов, А.
Әбілқаев Түсіндірмелі салалас, Бұйрықты сөйлем деген тілдік терминдерді
қазақ тілін оқыту әдістемесіне ұсынды.
Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуы, ең алдымен,
тәжірибеде жинақталған фактілер мен эксперимент, бақылау жұмыстарының
деректеріне аса көңіл бөлініп, қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің кемшілік
жақтары анықталып, онан ғылыми қорытынды жасауға талаптар қойылуында.
Әсіресе, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, жетілуіне, сондай-ақ
олардың сөйлеу және есту қабілеттеріне, зейініне көңіл бөле отырып, тілдік
материалдарды орынды қолдана білу сияқты іс-әрекеттерді арттыру негізгі
мәселелердің бірі болып отыр. Мысалы, қазақ тілінің фонетика, лексика,
морфаология, синтаксис, тіл дамыту бөлімдері ғылым әдіскерлердің ұзақ
жылдар зерттеу жүргізу нәтижесінде мектеп тәжірибесінде сыналып байқалды.
1 Ұйықбаев И. Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері. Алматы, 1957, 56-бет.
2Қаржаспаев Ж. Көшербаев Е. Диктанттар жинағы. Алматы,1963, 4-бет.
3Жолымбетов К. Ү-ҮІ сынып оқушыларында кездесетін орфографиялық қателерді
түзету және болдырмау жолдары. 1958, 46-бет.
Олардың кемшілік, жетістік жақтары нақтыланды.
Тіл ұстарту жұмыстарына байланысты тіл дамыту жұмысының жүйесін
анықтау, жазба тіл мен ауызекі сөйлеу, байланыстырып сөйлеу әдістемесі,
лексикалық материалдарды сұрыптау, тілдік материалдарды стилистика жағынан
дұрыс пайдалану жолдары осы әдістемеде көрсетіліп отырады. Қорыта келгенде,
қазақ тілін оқыту әдістемесі мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын
практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы демекпіз.

І.Негізгі бөлім
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН
ПРИНЦИПТЕРІ
1.1.Қазақ тілі әдістемесінің методологиялық, лингвистикалық және
психологиялық негіздері
Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі
әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты.
Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны
жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін
себептілікті, байланыстылықты, бір-біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты
ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Мысалы,
әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымына, ал
қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тіл біліміне тығыз байланысты
қарастырылады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын
мәңгілік ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді, дамиды. Сондай өзгеру мен дамуды
тілдің синтаксистік жүйесінен көруге болады.
Тілдің синтаксистік жүйесіндегі өзгеріс, даму, ең алдымен, сөздердің,
яғни сөз таптарының бір-бірінен тіркесімпаздық қасиетіндегі құбылыстардан,
синтаксистік элементтерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіретін амал-
тәсілдердегі, формалардағы құбылыстардан, грамматикалық формалардың
мағыналары мен функцияларындағы құбылыстардан байқалады. Мұндай
құбылыстардың нәтижесінде сөздердің бір кездегі грамматикалық топтарының
басқа бір топтағы сөздермен немесе өзді-өзімен синтаксистік байланысында
кездеспейтін жаңа тіркестер туып, қалыптасады. Мысалы, мейраммен құттықтау,
еңбек озаты, Жер серігі т.б. сөздер.
Тіл біліміндегі осындай өзгерістер қазақ тілін оқыту әдістемесінің
дамуына әсер тигізді. Осының нәтижесінде қазақ тілі бағдарламасы мен
оқулығына Сөз тіркесі, Лексика бөлімдері енгізілді. Мысалы, қазақ тілі
бағдарламасы мен оқулығындағы фонетика, грамматика жөніндегі материалдар,
қазір лексика, стилистика, орфография мәселелерімен тығыз байланыста
қарастырылады. Қазақ тілі курсындағы сөз таптары жөніндегі ережелер де
нақтыланып, сөз тудыру мәселесіне арнайы бағдарлама мен оқулықтан орын
беріліп отыр.
Мектепте қазақ тілін оқыту барысында оқушының ауызша және жазбаша
тіліне көп көңіл бөлінеді. Мұның өзі тілдің фонетика, орфография және
орфоэпия бөлімдерін саналы меңгеруге байланысты. Бұл тақырыптарды дұрыс
меңгерген оқушы жазба жұмыстарында қате жібермей, сауатты жазатын болады.
Бұлардың бәрі де оқыту процесінде байланыстырып сөйлеуге дағды бере отырып,
ойын жүйелі, дұрыс айта білуге жаттықтырады.
Қазақ тіл біліміндегі сөз тудыру мәселесі біршама зерттеледі. Мұның
мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінде үлкен әсері болды. Әсіресе, қазақ
тілі бағдарламасы мен оқулығына бұл тақырып енгізіліп, сөздің құрамына, сөз
тудыру жұмыстарына баса көңіл бөлінді. Ол оқушылардың сөздік қорының
баюына, орфографиялық дағдыларды меңгеруге жағдай дасады.
Қорыта келгенде қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл ғылымының осындай
дамуына, оның қойып отырған талаптарына сай жетіліп келеді. Мектепте
оқытылатын қазақ тілі материалдарының қандай саласы болмасын, атап
айтқанда, қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен фразеологиясы,
орфографиясы мен орфоэпиясы, грамматикасы, сөздердің өзгеруі мен сөздердің
сөйлемдегі тіркесі, сөйлем түрлері мен оның белгілері және қазақ тілінің
жалпы заңдылықтарымен таныстыру – қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі
объектісі болып табылады және оның ешқайсысы әдістемелік амал-тәсілдерсіз
оқытылмайды. Сондықтан қазақ тілі мектепке арналған бағдарлама бойынша
белгілі бір пән ретінде танылса, қазақ тілін оқыту әдістемесі оның оқыту
әдістері мен тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.
Педагогика ғылымы соңғы жылдары бірсыпыра табыстарға жетті. Әсіресе
адамның психикасының қоғамдық-тарихи даму табиғатын танып білуде, ой-
санасының жетілуін зерттеу проблемасының айналасында үлкен
ғылыми зерттеулер жүргізілуде1.
Психологияның жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын орны
ерекше. Мысалы, психология грамматикалық ережелерді оқушылардың қалай
меңгеретінін осы күнделікті практикада қалай жүзеге асыратынын зерттеп,
қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына ықпалын тигізіп отырады.
Оқу жоспарын жасағанда да , қазақ тілінің бағдарламасы мен
1Блонский П.П. Избрнные психологические произведения. М., 1964; Гальперин
П.Я. Основные результаты исследований по проблеме Формирование умственных
действий и понятий. Москва., 1965; Кудрявцев Т.В. Вопросы психологии и
дидактики обучения. М., 1967;
Оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеуде оқушылардың жас ерекшелігі мен
психологиялық ерекшеліетері ескеріліп отырады.
Әрбір сабақтың мазмұнына қарай әдістерді қолдануда оқушылардың
психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Әсіресе, оқушының
логикалық ойлау әрекеттерін дұрыс тәрбиелеудің маңызы зор. Демек, оқушы оқу
материалдарын терең түсініп, саналы меңгеру үшін, оның ішкі заңдылығы мен
өзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет.
Оқушы бірінші сынаптан бастап қазақ тілін оқу барысында тілдегі түрлі
қолданылатын атауларды, мысалы: әріп, сөз, сөз тіркестері, сөз бен сөзді
байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілерінің алуан түрлері – сызықша,
нүкте, үтір, леп белгісі, қос нүкте, жақша, түрлі грамматикалық ереже,
анықтамаларды оқып үйренеді. Қабілеті әртүрлі оқушы тілдің мұндай белгілері
мен атауларын түбірінен меңгеріп кетуі мүмкін емес, оның негізгілерін ғана,
басты анықтама, ережені сақтауы мүмкін.
Қазақ тілінде айтылу мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы,
бұйрық мәнін білдіреді, оларды айту арқылы бір сезім, тілек, өтініш,
қуаныш, бұйыру сияқты адамның әр түрлі психикалық көңіл-күйін сеземіз.
Ал оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде
өзінің ойын, көңіл-күйін, пікірін білдіріп қана қоймай, сонымен бірге
өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп
қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады.
Оқушы бір-бірімен сөйлесу барысында тілдің эмоциялық жағын, яғни
интонация ырғағын, ымдау, қол шараларын пайдаланады. Сондықтан психикалық
құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы, оқушы еліктеуіш,
одағай сөздерді айтуда, қолданудың тілдік эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-
ақ қазір тілге қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды
пайдалану, кестелер, диаграммалар мен диапозитивтер, магнитофон жазбаларын,
кинофильмнің фрагменттерін пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру
сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілеттерін арттыру дағдыға
айналып отыр. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі
ойлау әрекеттеріне бейімдейді, түсіндірілген материалдарды саналы меңгеруге
ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы
осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдеуден деп айтуға болады.
Оқу-тәрбие ісіндегі ең қажетті мәселе—мұғалімнің психологиялық
жағынан дайындығы. Әсіресе, қазақ тілін оқытуда, мынадай психологиялық
ерекшеліктерді меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі
ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгеру қабілеті ескерілуге
тиіс. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өз пәнінің ерекшелігіне қарай
психологияны жақсы білуі қажет.
Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың
әрі әсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан
неғұрлым әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым терең түсінеді. Бұл –
мұғалімнің шеберлігіне де қатысты мәселе. Сабақты психологиялық жағынан өте
тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарт: бірінші
жағдай—сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Оған қатысты
мәселелер шартты түрде: мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі қарым-
қатысы, мұғалімнің өзін-өзі ұстау мәнері, оның өнегелі өнегесі, сыртқы
келбет-пішіні, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатаң талап қоюмен бірге,
оларды сыйлай да білу, саналы адамгершілік пен парасаттылыққа баулу т.б.
Мұғалімнің сабақта жеке оқушыны өзіне қарата, зейінін аудара білуі сынып
ұжымын тегіс меңгере алуын қамтамасыз етеді. Сабақтың теориялық жағы
негізгі фактілермен дәлелденіп, оның ғылыми мәні көңілге қонымды болса, ол
оқушылардың логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқушыларға әсерлі
болады. Үшінші жағдай – сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы. Бұл
мұғалімнің материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуында,
дидактикалық заңды принциптерді орынды қолдануына, қажетті көрнекі құралдар
мен тәжірибе жұмыстарын тиісті кезінде көрсете білуіне байланысты.1

1.2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
Мектепте оқытылатын барлық пәндер сияқты, қазақ тілін оқыту
әдістемесінің де ғылыми-зерттеу әдістері бар. Қазақ тілін оқыту
әдістемесінің алға қойған мақсаты—өзінің зерттейтін объектісін жан-жақты
танып білу, заңдылықтарын айқындау. Демек, ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз
белгісізді тану, айқандау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болсын, зерттелетін объектіні
танып білу мынадай үш түрлі әрекет бойынша іске асырылады, бірінші—қажетті
материалдар, фактілер жинау, екінші—жиналған факті немесе материалдарды
талдау, салыстыру, үшінші—сол фактілер негізінде теориялық тұжырымдар,
қорытындылар жасау. Құбылысты, объектіні ғылыми танып білу процесінде іске
асырылатын бұл әрекеттер қазақ тілін оқыту әдістемесіне де негізгі кезеңдер
болып саналады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістерінің де белгілі
жүйесі бар, яғни, ол қазіргі тіл ғылымы жаңалықтарын педагогика, психология
пәндерінің өзара байланысын ескеріп отырады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде дамуының басты шарты
әдістемелік зерттеулерді әрі қарай дамыту, жетілдіру, эксперименттік
тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілер қосу,
әдістеме ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, орыс тілін оқыту
әдістемесінің тәжірибелерін пайдалану, психологиялық әдістерге де көңіл
бөлу, сондай-ақ мектептердегі оқыту жүйесі деңгейін зерттей отырып, бақылау
жасаумен бірге, әдістеме ғылымының жаңалықтарын үнемі ескеріп, мұғалімнің
жан-жақты әдістемелік ізденістерін дамыта отырып, шығармашылықпен сабақ
беруіне көмектесу жолдарын қарастыру негізгі мәселелердің бірі болып
саналады.
Сонымен, қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
мыналар: әдістемелік әдебиеттерді талдау, зерттеу, сабақ … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz