«Қазақ» атауы қайдан шықты?

0

«Қазақ» атауы қайдан шықты?

Мектепте оқығанымнан бері «қазақ» атауы қайдан шықты деген сұраққа нақты жауап жоқ. Өзім, қазақтың ежелден келе жатқан халық екеніне сенімдімін! Сондай-ақ, көптеген қазақша сөздер басқа елдер тілінде де қолданып жүр, демек, тіл болса — ел де болғаны!

Франция журналына 1828 жылы А.Левшиннің мақаласы шығады: «…Біз айтып жүрген қырғыз-қайсақ (киргиз-кайсак) атауы жаңылыс, Еуропа да оларды басқа атпен атап жүр… Олар өздерін қазақ деп атайды, біздерде қайсақ/қырғыз (касак) деп бұрмаланып жүр. Бізден басқа көршілері де оларды қазақ деп атайды… шығыс тарихшыларының (парсы, араб, қытай …) айтуы бойынша қазақ халқы Иса Пайғамбардан бұрынғы ежелгі дәуірден бері келе жатыр… бұл атпен оларды барлық Азия елдері таниды, ал, қытайлар тілі келмей хасак дейді…».

Қазақтың ежелден келе жатқанын білдік, жалғастырайық…

Т.Қазиевтің «Сердце Мира» (Жер Жүрегі?) атты кітабында қазақ тас дәуірінен бастап қарастырылған: «…Тас – адамның негізгі құралы болған. Ежелгі адамдар сөйлеген тіл қысқа сөздерден құралған, мысалы, тасты — «қа», «ға» деп атаған…»,

М.Қашғари 1074 жылы жазған «Ежелгі түрік сөздері» сөздігінде «қаш» сөзінің мағынасын «асыл тас» (нефрит) деп көрсеткен,

Ю.Зуевтің «Ежелгі түріктер» атты кітабында: «…біздің заманымызға дейінгі қытай жазбаларынан, олар, түріктерді (түркі халқын) – нефрит халқы деп атағанын көреміз…»,

Қашаған ақынның өлеңі:

Дүниенің басы әуелі
Меруерт тастан жаралған
Меруерт тас еріп су болған
Судан түтін бу болған
Аспан, жер содан жаралған
Адам, Лайхы, Ғалам, Абзал – баршасы
Сол заттан дейді жаралған.

Аңыз бойынша, Каспий теңізі аспаннан аққан тастан кейін пайда болған, сол себептен, ол теңізді тас атымен «қаш биік» (аспаннан түскен асыл тас) деп атаған дейді. Түркі тілдерінде «ш», «с» әріптері аралас айтыла берген, мысалы, «таскент — ташкент», «шекер — секер» деген сияқты. Сондай-ақ, «қаш» — өмір басы деген түсінікпен өңделмеген тас болса, «қас» — өмірге бейімделген өңделген тас. Теңіз аты «Қаспій» аталып, жағалауында тұрған халық «Қас» аталған – дейді, Т.Қазиев кітабында.

Ағылшын тарихшысы, Петір Һейлин өз жазбаларында Каспий теңізі туралы былай дейді: «Қаспиан (Caspian) теңізінің атауы сол жағалауда тұратын Қаспій (Caspiy) халқының атымен аталған. Ол елдің оңтүстігі осы теңізбен шекаралас…». Яғни, тарихта «Қас[пій]» деген халық болғанын көреміз.

Ал, баршамыз білетін Сақ елі осы теңіздің оңтүстік шығыс жағында орналасқан. Т.Қазиевтің кітабында «Сақ» сөзін — «аңшы, әрдайым қорғауға-шабуға дайын» деген мағына береді дейді, және олар «Қас» халқымен бірігіп, екі ел «ҚасСақ» атанды дейді.

Шынымен де, тарихта Скиф, Сақ, Массагет т.б. атауларынан кейін, олардың орнына «Қассақия» Cassackia атауы пайда болған…  

p.s. Байқасаңыз, жоғарыдағы картада қазіргі Арал теңізін латын тілінде «Қас көлі» (Lakus Casius) деп жазған. «Қас» — деп отырғанымыз, ол Скифия (Scythia) халқының атауы.