Абай шығармаларының зерттелуі | Скачать Материал

0

КІРІСПЕ

Этносты ұлттық тіл арқылы таныту – тіл білімінің бір саласы
этнолингвистиканың үлесіне тиеді. Тіл мен этносқа қатысты мәселелер
В.Гумбольдт, А.Ф.Лосев, Ә.Т.Қайдаров, Е.Н.Жанпейісов зертеулерінде
қарастырылған. Әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде,
әлемдік мәдениет ауқымында сөз ету мәселесі тіл ғылымында соңғы жылдары
сәтті іске асуда. Ұ.Р.Ержанова тіліміздегі ұлттық ерекшелік жайлы былай деп
ой қорытады: Қазақ халқының ұлттық өмірі, оның бүгінгі мен өикені, танымы
мен діні, флора-фаунасы, мінезі мен психологиясы оның тілінде, әсіресе
тұрақты сөз тіркестерінде, ауыз әдебиеті мұраларында, ән-күй өнерінде және
т.б. халықтың білім жүйесінен, әдеби-жазба, этика-эстетика және халықтық
педагогика дәстүрлерінде халыптасқан тілдік құралдар арқылы тануға болады.
Жалпы лингвистика ғылымында ұлттық мәдениет пен ұлттық тілді байланыста
қарастыру туралы пікірлер кездеседі. Тілдегі біріліктер халықтың тұрмыс-
тіршілігінен, дүниетанымынан, әдет-ғұрпы мен мәдениетінен, психологиясынан
мол ақпарат береді. Әр қалық тілінде сол халықтың тұрмыс-тіршілігінде
ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет ізі көрніс табады. Бүгінде
лингвомәдениеттану ұлттық тілді танып білудің негізі болып отыр.
Лингвомәдениеттану ғылымы ұлттық тілді танудың негізі екені Г.Смағұлова,
А.Алдашева, Р.Авакова, А.Сейсенова еңбектерінде қарастырылған. Тіліміздегі
өлеңдер халықтың тұрмыс-тіршілігі, оның ойлау және танымдық қабілеті
жөнінде бай мәлімет береді
Тақырыптың өзектілігі. Абайдың шығармашылық мұрасы мен оның ақындық мектебі
әлденеше ғылыми – зерттеулердің нысанасына алынып, жан – жақты зерттелгені
белгілі. Тереңдеп таныған сайын жаңа қырларымен, өзгеше сипатымен ашыла
түсетін ақын мұраларының қуаты тіл мен құдіреті әр дәуірдің бағыт –
бағдарына қарай сараланады. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан бері кезеңде
әдебиеттанушы ғалымдардың Абай шығармашылығын ұлттық және жалпы адамзаттық
деңгейдегі биіктіктеріне ден қоюы, оның төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді
дамытудағы еңбектерін шынайы бағалап,жоғары деңгейге көтеріп отыр.
Абайды тану , Абай шығармаларының ішіне үңілу ,қаншама жыл өтсе де
ешбір үздіксіз дамып келе жатқан процесс. Бүкіл әлемді қаратқан Абай
шығармаларын қай қырынан қарасақ та мол материал табылары сөзсіз. Кешегі
күнгі зерттеулерді бүгінгі тұрғыдан қарасақ көп тәлім аламыз. Абай
шығармалары осындай өміршеңдігімен өзекті.

Нысана (объект ) – Абай шығармаларындағы лингово – мәдени бірліктері.
Мақстаы – Абай шығармаларындағы лингво – мәдени бірліктердің мағыныларына
тоқталу, этнолингвистикалық тұрғыдан сипаттама беру.
Міндеттері – Абай шығармаларының ерекшелігін, өміршеңдігін, келешегінің зор
екенін таныту.
-Абай шығармаларында кездесетін лингво-мәдени
бірліктерге талдаулар жасау.
-Абай шығармаларының ғылыми бағытт ретінде қалыптасып,
дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу.
Жаңалығы: Көп зертеушілер абай шығармаларына лексика-семантикалық
тұрғыдан, стильдік тұрғыдан Абайтану тарихына, Абайдың
табиғат лирикасына тоқталған. Алып отырған тақырыбым Абайдың
шығармаларындағы этно-лингвистикалық бірліктердің жан-жақты қарастаруы
шартты түрде жаңалық деп айтуға болады.Абайдың шығармалары түпсіз терең
тұңғиық сияқты,зерттеулер жүргізіп ,тамырына терең бойлап кетуге болады.
Ұлы Абай тілі арқылы қазақ тілінің бай мұрасы шығу, қалыптасу, даму
жолына қарай толық сипатталып, этнолингвистикалык деректі қабаттары
сараланды.

1.АБАЙ ЖӘНЕ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ЕРЕКШЕЛІГІ

1. Абай шығармаларының зерттелуі

Абайдың тілі зерттеліп келді дегенде екі түрлі ұғымды сыйғызуға
болады: бірі – ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, екіншісі –
Абай шығармалары тілінің өзін талдап-таныту. Әдетте жеке жазушының
(ақынның) тілі жайындағы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен
өзге де
индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. әсіресе поэзия иесінің
тілін тану дегенді оның поэтикалық тәсілдерін, ол тәсілдердің тілдегі
көрінісін зерттеу деп білу керек. Сонымен қатар Абай сияқты қаламгер тілін
структуралық жағынан талдау арқылы қазақ әдеби тілінің белгілі бір
кезеңдегі сипатын тануға болады, өйткені Абай – дайын тұрған қалып-
нормаларды пайдаланған қатардағы жазушылардың бірі емес, сол тілдің даму
барысындағы жаңа кезеңін бастаушы, сапалық жаңа түрінің іргетасын қалаушы
адам.
Қай тұрғыда болса да, Абай тілін әңгіме ету оның творчествосын
талдаумен қатар жүріп келді. Әрине, бір дәрежеде, бірдей қарқында емес. Сөз
жоқ, ең алдымен, жазушы творчествосының идеясын, тақырыбын, мазмұның танып-
білу қажет болды. Мазмұнның формасына, яғни қаламгер тіліне үңілу содан
кейін басталады.
Абайдың творчествосы туралы пікір айту өткен ғасырдың соңғы жылдары
мен үстіміздегі ғасырдың басында басталған болса, тілі жөніндегі тиіпқашты
сөзді де осы тұстардан бастап оқимыз. Бідіңше, Абайдың тілі туралы ең
тұңғыш айтылған пікір – орыстың көрнекті ғалымы П.М.Мелиоранскийдікі. ол
1901 жылы айтылған. Академик Ә.Марғұланның мағлұматы бойынша, князь
В.А.Кудашев жинаған Абай өлеңдерінің (Ленинградта, География қоғамының
архивінде сақтаулы) қолжазбасын П.М.Мелиоранский редакциялайды. Мұнда Абай
өлеңдерінен басқа да үлгілер болады. Қолжазбамен танысқаннан кейін редактор
былай деп жазыпты: Бұл жинақта мазмұны жөнінен, әсіресе мына дүниелер
қызықты: Жыл мезгілдері, Бүркітші, Өсекші, Әйелдің сипаты. Бұл
шығармалардың тілі – азды-көпті кітаби.
П.М.Мелиоранский бұл өлеңдердің авторының кім екенін білмейді
(өйткені А.К. деп инициалы ғана қойылған), сондықтан олардың циклын
көрсетіп атайды. Абайдың мұндағы өлеңдері осындай тақырыптармен берілген
екен. Өткен ғасырларда қазақ тілін мұқият зерттеген бұл ғалымның осы бір
ауыз сөзінен екі нәрсені түйеміз. Бірі – ғалымның көзі көп дүниенің ішінен
асыл бұйымды бірден айырып танығаны, екіншісі – Абай өлеңдерінің тек
мазмұны ғана емес, тілі туралы да тұңғыш пікір айтқаны. Бұл жердегі азды-
көпті кітаби дегенді екі түрлі жорамалдауға болады. Мұнда ақын өлеңдері
сол кезеңге тән шағатайша-татарша орфографиямен жазылғанына қарап кітаби
тілге жуық деп тануы мүмкін. Бірақ бұл – неғайбіл, өйткені Кудашев
қолжазбасына кірген Абай шығармалары – жыл мезгілдері туралы өлеңдері,
Қансонарда, … , Өлең – сөздің патшасы…, Қартайдық, қайғы ойладық,
Жігіттер, ойын арзан… тәрізді азаматтық тақырыптағы нағыз қазақы
туындылары. Бұлар – емле жағынан қанша шағатайшыланғанмен, тілінің шынайы
қазақтығы әудем жерден көрінетін дүниелер. Ондайды П.М.Мелиоранский сияқты
мұқият, жетік ғалым сезбей, білмей тұрмаса керек. Сондықтан оның кітаби
деп отырғаны, біздіңше, басқаға меңзейді: Абай өлеңдері сол жинаққа енген
ауыз әдебиеті нұсқалары мен өзге ақындар өлеңдерінен өзінің жазба әдебиетке
тән белгілерімен ерекшеленіп, көзге түскен. Абай өлеңдерінде негізгі
поэтикалық идеяны нақ бермейтін буырыл танлар мен терең сайлардың
жоқтығы, образдардың тыңдығы, өлеңнің ретмикалық-интонациялық жағынан да
бұрынғы дәстүрден шығып, құбылып келуі – осылардың барлығы сөз қадірін
танытатын ғалымның көзінен таса қылмай, ақын өлеңдерін жазба әдеби тілде
туған деген пікір айтқызған тәрізді. Олай болған күнде бұл – Абайдың тілі
жөнінде тап басып, дұрыс айтылған тұжырымдардың бастамасы болмақ. Қазақ
топырағында ақынды танып-білу әрекеті үстіміздегі ғасырдың 10-жылдарынан
басталса, тілі жөніндегі ой-пікірлер де осы тұста айтыла бастайды. Рас,
бұлар әлі тым келте, дәлелі мен дерегі әлсіз. Бұл кезеңдегі назар аударатын
пікір – Сұлтанмахмұт Торыайғыровтікі. Ол Айқап журналының 1913 жылғы төрт
нөмірінде Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан деген мақала жариялап,
онда сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар тілін де азын-аулақ
сөз етеді: Нағыз шын айтқан уақытта қазақ тілінде деп бастырып жүрген
кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десеңіз, тілдері – бытпырақ.
Бытпырақ болмағандарының ағыны теріс…, – дейді. Мұнда бытпырақ, шата
тіл деп отырғаны – сол кезде қазақ поэзиясының, жалпы қазақ жазба
дүниелерінің тіліне шағатайша, татарша элементтердің араласып бара жатқанын
айтып, қазақ әдебиетінің қазақтың халықтық өз тілі негізінде дамуына
бүйрегі бұрғаны.
Жоғарғы сөздерді айтып келіп, мақала авторы: Жақсы өлеңдер
басқаларға қарағанда пайғамбардың жүрегінен құйылған Құрандай, соқыр кісі
сыбдырынан танырлық ақ құла ашық тұрады. Марқұм Абай өлеңдері секілді, –
деп түйеді. Бұл – жалпы тұжырым болғанмен, Абайдың тілі туралы дұрыс танып
берілген және қазақтың демократтық бағыттағы әдебиеті уәкілінің аузынан
шыққан баға.
1922-1925 жылдардағы ақын тіліне қатысты азын-аулақ пікірлерді оның
1922 жылы Ташкентте шыққан өлеңдер жинағының редколлегия атынан берілген
ескерту сөздерін және Ақ жол газетінің 1923 жылғы бірнеше санында
басылған татар ғалымы Абдурахман Сағдидың мақаласынан табамыз. Ұлы ақын
шығармаларының 3-басылымы деп ұсынылған 1922 жылғы жинақта (Ташкентте
басылған) Абай текстерінде бірсыпыра түсініксіз сөздер бар екендігі,
олардың бірқатары ақын туып-өскен өлкеде қолданылғанмен, Түркістан
қазақтарына бейтаныстау екендігі, халық тіліне енбнген араб, парсы, орыс
сөздері де Абай мұрасын түсініп оқуға сәл кедергі жасауы мүмкін екендігі
айтылады да, кітап соңында оларға түсініктер беріледі.
Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағыт-бағдары
жайында 20-жылдардың ішінде, тіпті 30-жылдардың екінші жартысына дейін
баспасөз бетінде болып келген әр сипаттағы диспут – таластар үстінде де ұлы
ақынға әділ немесе бұрыс баға беріп, пікір таластырған адамдар оның тілі
туралы да бір-екі ауыс сөзден айтып өткен. Бұлардың ішінде әсіресе, Ыдырыс
Мұстамбаевтың батыл және ашық айтқан пікірлері Абай тілі жөніндегі қазіргі
көзқарастарымызбен ұштасып жатыр. Ол Абайдың тілі өте шебер екендігін,
жабайы тілмен отырып орайтын мағынасы тым үлкен, қозғайтын сезімдері аса
нәзік болып келетіндігін айтады да: Ел мейлі не десе о десін, біз өзіміз
тіл жағына келгенде, Абай Пушкиндей демесек те, істеген еңбегінің қадірі
одан бір де кем емес деп ойлаймыз, – деп қорытады.
1930 жылдардың орта шенінен бастап Абайдың тілі жөніндегі пікірлер
молырақ және айқынырақ айтыла бастайды. Әсіресе бұған 1934 жылы ақынның
қайтыс болғанына 30 жыл толуын атап өту шаралары үлкен себепкер болғанын
көреміз. Осы жылы Абай жөнінде баспасөз бетінде жарияланған мақала-
еңбектердің көпшілігінде дерлік ақынның тілі туралы пікір айтылып өтеді.
Суреткер тіліне арнайы жазылған мақалалар да осы кезден басталады. Мысалы,
Құдайберген Жұбанов, Ілияс Жансүгіров және Есмағамбет Ысмайылов пен Зейн
Шашкендер ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану
шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді.
Мұхтар Әуезов Абайдың ақындығы, оны қазақ әдебиетінде алатын орны мен
жаңа дәуір үшін маңызы жөнінде ертеректен бастап ізденген, ара-тұра айтып
келген пікірлерінің үлкен бір түйінін 1934 жылғы Абай ақындығының
айналасы атты еңбегніде бір тастап өтеді. Сол тұста Абайдың тілі туралы да
дәлелді сөз айтады. Мұнда Абайдың шағатайша өлеңдерін, олардың тілін өзге
мұраларынан бөліп қарайды. Шағатай әдебиеті үлгісіне, соның әсері мен
тіліне Абай таза еліктеу нәтижесіне келгенін, ақынның поэзия есігін қағар
шақта ізденген, бірақ үйрену орнына еліктеген әрекеті екенін айтады. Бұл үш
өлеңде әлі қазақ ақыны Абай жоқ, бұларда тақырып, тіл, ырғақ, кейде ұйқас
және теңеу, салыстыру суреттері (көзі – гәуһар сияқты) – бәрі де өз
төркінін кім екенін танытып тұр дейді.
Бұл пікірді М.Әуезовпен қатар І.Жансүгіров те айтады. Ер жетпей
тұрған кезіндегі Абайдың шағатай үлгісіне еліктеуінің себебін де ашып
кетеді. Құнанбай ауылы сияқты молда, қожалы ауылда өскен, Семейдегі дін
мектептерінде оқыған Абайдың кітаби өлеңдер тілінен, шағатай тілінен әсер
алуы заңды екенін көрсетеді.
Абайдың бұл еліктеу көпірінен тез өткенін, бетін қазақтың халықтық өз
тіліне бұрғанын, әрі қарай қазақтың таз тілін, күшті сөздерін жаңа
мазмұндарға қалап, жаңа мәдениетке, жаңа әдебиетке жөн тартқанын айтады.
Бұл екі зерттеушінің осы пікірі Абайдың тілі жөнінде кейінгі ой
айтушыларға бас ноқта болғанын көреміз.
Абайтанушылардың ең мықтысы – М.Әуезов өзінің ұзақ жылдар бойы ұлы
ақынның өмір кешкен жолы мен қалдырған мұрасына үңілген ұлан-асыр еңбегінде
Абайдың тілі жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі програмдық сөздер айтып
отырды. Жоғпрыда көрсетілген ойын 1951 жылы жазған Абай мұрасы жайында
деген еңбегінде де, сол тұстарда дайындаған Абай (Ибраһим) Құнанбаев
деген монографиясында да және бір қайталап анықтай айтады. Сонымен қатар
Абайдың таза қазақша тіл жайында М.Әуезов мынандай пікірлер білдіріп,
тұжырымдар ұсынады: Ең алдымен, Абай – көркем әдебиеттің, поэзияның тілі
ретінде өз тұсында көріне бастаған кітаби тілді емес, қазақтың халықтық
тілін қалайды. Горькийдің Пушкин турасында айтқанындай, қазақтың халық
тілін, әдебиет тілін қалай жасау керек екендігін, халықтық қорды қалай
пайдалану дұрыс болатынын көрсетеді. Ол үшін Абай қазақтың халықтық тілін
жақсы білген, ескі ақындарын, кемел шешендерін, жорықшыл батырлары
жайындағы жырларды танып-біліп өскен.
Абайдың қазақ әдеби тілінің даму тарихындағы орны жайындағы
М.Әуезовтің бір пікіріне көңіл аудартуға тура келеді. Кейбір лингвист
ғалымдардың Абай тілі туралы 50-жылдарда айтқан сөздерінде қазақтың әдеби
тілі Абайдан басталады деген тұжырым болды. Шындығында, қазақтың жалпы
әдеби тілі, жазба әдеби тілі, қазіргі әдеби тілі дегендер – барлығы бір
категория емес. Егер Абай қазіргі жазба әдеби тіліміздің негізін қалаушы
десек, ол түсінік қазақтың жалпы әдеби тілі Абайдан ғана басталады дегенмен
барабар ұғым болып шықпайды. Білімдар М.Әуезов бірден осыны қатты
аңғартады. Қазақта Абайға дейін де ғасырлар бойы әдеби тілі бар болып
келгенін жоққа шығаруға болмайтындығын баса айтады. Ол тіл – ауызша
шешендік пен ақын-жыраулар туғызған поэзия тілі екенін де зерттеуші ашып
айтады. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол
эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы шебер, көркем
өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде әдеби
тілдің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма? – дейді. Бұл жерде М.Әуезов
Бұхар, Махамбеттерді атау арқылы қыруар өзге ақын-жыраулардың туындылары да
әдеби тілді танытатын үлгілер екенін білдіреді.
М,Әуезов Абайдың қазақ әдеби тілінің даму жолындағы орнын көрсете
келіп, екі ерекшелігін айтады, бірі – қазақтың халықтық, салттық және
өзінен бұрынғы ауыз әдебиетіне көрік берген мол, шебер сөздік қорынан
пайдаланып, халықтың әдебиетік тілін қалай жасаудың жолын көрсетуі,
екіншісі – қазақ қоғамы ортасында Абай заманында кіре бастаған жаргондық
сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін ашып алуы, одан бас тартуы, –
дейді. Сонымен, М.Әуезов Абайдың тілі туралы барлық айтқан ой-пікірін:
Абай – әдеби тілді бастаушы ғана емес, өзінен бұрынғы әдебиет тілін
халықтық әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен классик деп
білеміз, – деп түйеді.
Ұлы ақынның тілге көзқарасы, тіл жөніндегі ұстаған бағыты жайында
едәуір пікір білдірген адам – Сәбит Мұқанов. Қазақтың әлеуметтік
тұрмысында Абайдың үлкен еңбек сіңірген мәселесінің біреуі – қазақтың
әдебиет тілін жасау, қазақ поэзиясын бұрынғысынан да жоғары сатыға көтеру
деп бастап, Абайдың өз тұсындағы кітаби тіл дегеннен іргесін аулақ
салған, өзіне дейінгі қазақ ауыз әдебиеті мен ақындар үлгілерінің тіліне
иек артқанын айтады. Жазушы-ғалым С.Мұқанов Абай тілі туралы осы көзқарасын
кейінгі жарияланған Абай туралы монографиясында қайталап, толықтыра түседі,
реті келген жерде мысалдармен дәлелдейді. Абайдың тілі жөнінде елеулі пікір
айтқан ғалым – Қажым Жұмалиев. Өзінің мектепке арналған оқулықтарынан
бастап, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихы туралы жазылған ғылыми
еңбектерінде, әдебиет теориясына арналған жұмыстарында Қ.Жұмалиев ақынның
творчествосымен қатар, оның тілі жөнінде де сөз қозғамай кете алмады. Ол
пікір айтумен бірге тілдік материалды нақтылы талдайды, көптеген
жаңалықтарды ашып береді. Ғалымның Абай тіліне қатысты түйіндері мынадай:
1)Абайға дейін де қазақтың поэтикалық тілі дамып келеді. Ертеден келе
жатқан қазақ ауыз әдебиетінің, XVIII-XIX ғ. тарихи әдебиеттің өзеріне тән
ерекшелігі және жалпы құрылысы жағынан болсын, тілі жағынан болсын өзінше
даралық, байырғылық сипаты болады. Абай осындай әдебиеттің о заманнан
қалыптасып қалған поэтикалық тілін жоғары мәдениеттік сатыға көтереді.
2)Абай заманында едәуір етек жайған тілдегі шағатайшылау, татаршылауға
қарсы күрес ашты, қазақ тілін аса қадірлеп, таза сақтауға күш салды, оның
өзіндік қорының бір бұтағы орыс тілі болды.
3)Абай қазақтың мол сөз байлығын қолданумен қатар, көптеген көне
сөздерді, жергілікті сөздерді шебер пайдаланып, өзі де жаңа сөз, жаңаша
сөйлем құрылыстарын енгізді.
4)Өлең құрылысына қыруар жаңалық қосып, көркемдеу тәсілдерін ұсынған.
Жаңа образдар жасаған. Мұнда орыс әдеби тілінің әсері мол болған.
Осы тұжырымдарының барлығын Қ.Жұмалиев нақтылы мысалдармен дәлелдейді.
Ұлы ақынның тілі жайында жеке монография арнамаса да, Абай туралы
пікірді Ғ.Мүсірепов, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Т.Нұртазин,
Т.Әлімқұлов, Х.Сүйіншіәлиевтер де айтады.
Абайдың тіліндегі, өлең құрылысындағы жаңалықтарды туғызған оның
творчествосының мазмұны екендігін танудың Абай тілін түсінуде үлкен мәні
бар. Осы пікірді өзінің жинақы тілі мен Ғ.Мүсірепов бір-ақ түйіп айтады:
Абай түрді түр үшін емес, айтайын деген ойын дәлірек, өтімді де ұтымды
етіп айту үшін іздеген… Ол мазмұнға сай түр керектігін терең сезінген.
Абайдың тілі жайында да әркез пікір білдіріп келген Б.Кенжебаев та ақынның
өлең құрылысын да сөз етеді. Абай поэтикасының ерекшеліктерін арнайы сөз
еткен Е.Ысмайылов ақын тіліндегі жаңа, көне сөздерді, кейбір сөздердің тура
және ауыспалы мағынада қолданылуын, поэтикалық синтаксис мәселелерін
қозғап, бірқатар мысалдар келтіреді.
Абайдың тілі туралы жалпы тұжырымнан гөрі нақтылы талдау айту әрекеті
Т.Нұртазиннің мақалаларында көрінеді. Ақынның шеберлігіне арналған
еңбектерінде зерттеуші: әдебиет – көрікті мазмұн, мазмұн болғанмен, оның
көркі болмаса, ол шығарма көкейге қонбайды деп бастап, Абай бұрын қазақ
поэзиясының уысына сыйып көрмеген өтірікті жүндей сабау, киер киімін ып-
ықшам қылу, иығы тиісу тәрізді жаңа образдарды, соны сөздерді, тіпті
синтаксистік жаңа тәсілдерді (бір сөздің бірыңғаймен келіп қайталануы,
жалпылауыш сөз бен біркелкі сөздерді жинақтау) жасады деген түйіндерін
мысал келтіріп дәлелдеуге ұмтылады.
Сөйтіп, әдебиеттанушылар тарапынан Абай тілінің зеттелуі негізінен
екі тұрғыда болып келгенін көреміз: бірі және бастысы – Абайдың қазақ әдеби
тілі дамуындағы алатын орны мен атқарған қызметі жайында жалпы байлам айту,
екіншісі – суреткердің сөзқолданысындағы өз қаламына тән жеке сәттерін
көрсету мен өлең құрылысына қатысты кейбір тілдік элементтерді ішінара
әңгімелеу.
Абай тілі жайында арнайы сөз қозғау – тіл мамандарының міндеті екені
аян. Лингвистердің айтары – жалпы тұжырымнан гөрі, нақтылы талдау болмағы
және хақ.
Қазақ тілі білімпаздарының ішінде Абайдың тілі жайында бірінші болып
терең әлі дәлелді пікір айтып, талдау жасаған – Құдайберген Жұбанов. 1934
жылы жазылған Абай – қазақ әдебиетінің классигі деген кітабында айтылған
пікірлер мен талданған материалдар тек Абайдың тілін емес, жалпы
әдебиеттегі орнын дұрыс бағалап, тану үшін зор үлес қосқанын, күні бүгінге
дейін құнын жоймаған еңбек екенін атап өтуге тиіспіз.
Сөйтіп, Абай тілін танып-білу шын мәнінде 30-жылдардың ортасынан –
Қ.Жұбановтың зерттеуінен басталады да, 50-жылдардың ішінде бұл мәселеге
С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақаов тәрізді тіл
мамандарының қатысуына байланысты едәуір жанданады.
С.Аманжолов көпшілікке арнап 1949 жылы жариялаған Қазақтың әдеби
тілі лекциясынан бастап, 50-жылдар ішінде жарық көрген мақалалары мен
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері атты монографиясында
Абайдың қазақ әдеби тіліндегі алатын орны мен істеген қызметін кең түрде
сөз етеді. Зерттеуші: Абайдан бұрынғы және тұңғыш баспа сөзге дейінгі
(1880 жылдарға дейінгі) баспа бетін көрген бұйымдар, олардың ішінде алуан
қиссалар да, Шортанбай, Дулат тәрізді ақындардың шығармалары да жалпы
әдеби тіліміздің нағыз үлгісі бола алады, жазба әдебиетіміз Ақмола хабары
(1880), Дала уалаяты атты (1894) газеттерден басталады, – деген пікір
айтады.
С.Аманжолов Абай тілін сөз еткенде, оны диалектология мәселесімен
байланысты қарастырады. Зертеуші XIX ғасырдың II жартысында, яғни қазақтың
ұлттық тілі қалыптаса бастаған дәуірінде оның тірек (опорный) диалектісі –
солтүстік-шығыс облыстардың тілі болды, Абай, Ыбырай шығармалары осы
өлкелердің диалектісіне жазылған дегенді принципті түрде айтады. Ғалым бұл
пікірін барлық еңбектерінде қайталайды және өзінің ғылыми кредосы етіп
ұстайды.
1950 жылдарда І.Кеңесбаев арнайы мақала жазып, Абай – қазақтың жаны
әдеби тілінің негізін қалаушы деген байлам ұсынды. Мұндағы жаңа деген
анықтауышты телу мәнін зерттеуші былайша дәлелдейді: Абайға дейін де әдеби
тіл болды, оның өзі екі түрлі сипатта болды: бірі – Орта Азияның түркі
тілдес халықтарына ортақ әдеби тіл, екәншісі – қазақтың ауыз әдебиеті мен
жеке қаламгерлерінің (Махамбет, Ыбырай т.б.) тілі болды. Абай ие болған
тілдік мұра – қазақтың ауыз әдебиеті мен ауыз екі сөйлеу тілі болды.
Ғ.Мұсабаев та дәл осы пікірді қолдайды. 1960 жылдардың аяқ шенінде
Абай тілінің сөзігін жасауға басшылық еткен А.Ысқақов та Абай – қазақтың
жазба әдеби тілінің ірге тасын қалаушы деген қағиданы қостай отырып: Абай
қазақ даласында осындай әр алуан тілдер, әртүрлі өрнектер мен стильдер,
әрқилы бағыттар мен көзқарастар бір-біріне қара көрсетіп, аралас-құралас
жарысы, жанаса өмір сүрісіп, ел ішіндегі рухани тұрмыс пен тіршілкке
олардың ірқайсысы өзінше әр қатарлы дақ түсіріп жатқан шақта тарих
сахнасына шықты да өзінің бағыты да жаңа, мақмұны да жаңа, тілі де жаңа
шығармаларын жазды, – деп, Абай тұсындағы қазақ тілінің жай-күйін білдіріп
өтеді.
Тіл мамандарының әдебиетші ғалымдардан бір айырмашылығы – бұлар тек
Абайдың қазақ әдеби тіліне қатысты (орны мен рөлі) туралы жалпы пікір айтып
қана қоймайды, сонымен қатар ішінара тілдік материалдарға талдау жасайды.
С.Аманжолов Абайдың сөзқолданысындағы кейбір тәсілдерін көрсетеді: талаптың
аты, жүрегіңмен тыңдамай, құлағыңмен қармарсын тәрізді жаңа сөз тіркестерін
жасағанын, бір сөзге бірнеше эпитет қосақтайтынын, өткен шақ көсемшені
көмекші етістіксіз тиянақты тұлға ретінде қолданатынын, жатыс септіктегі
есімшелерді баяндауыш қызметінде жұмсайтынын талдап көрсетеді. І.Кеңесбаев
та Абайдың сөз жұмасаудағы жаңа тәсілдерін айтады. Олар: сөздің мағынасын
өзгеріп қолдану, соның нәтижесінде, бір жағынан, тентек өмір, көңіл құсы,
өмір тоны, өкпе сызы тәрізді жаңа тіркестер жасау, екінші жағынан, желбуаз,
қара қылды қырыққа бөлу, терін сату, қулық сауу сияқты тіркестерге жаңа жүк
арту тәсілдері дейді. Сондай-ақ Абайдың архаизмдерді қолдану шеберлігі,
сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыруы тәсілін жаңаша пайдаланғанын,
аудармадағы шеберлігін сөз етуге болатындығын, бірақ бұған осы мақаласында
мүмкіндік болмағандығын айтады.
Тілдік материалдардың талдауын Н.Сауранбаевтан да табамыз. Ол Абайдың
ситльдік тәсілдерін сөз етеді. Ұлы ақынның кейбір тұлғаларды экспресивтік
мәнде қолданғандығына қыртың, жыртың, бұртың тәрізді еліктеуіш сөздерді
мысалға келтіреді. Халық тіліндегі мақал-мәтел, фразаларды Абайдың
сұрыптай, кейбіреулерін өзі жасап қолданғанын атайды, оған мысалдар
келтіреді. Зерттеуші Абай тексттеріндегі араб, парсы, орыс сөздеріне едәуір
талдау жасап, қолданылу себепттерін көрсетеді. Абайдың бір алуан
неологизмдер жасағанын айтып, оған бұлбұл қағу, көсем жүру, малға бөгу,
аларман болу, төменшіктеу, өршілдену, мақтан сөйлеу, сымпыс сөздері мен
фразаларын мысалға келтіреді.
50-60-жылдардың ішінде өзге тіл мамндары да тілінің кейбір фактілерін
– сөзқолданысын, сөзік қазынасын, грамматикалық тұлғаларын талдап өтеді.
Шора Сарыбаев совет тұсындағы қазақ лексикасының даму жайындағы мақаласында
Абай тіліндегі орыс сөздерін әңгіме етеді. Е.Жанпейісов Абай мен Мұхтаров
тіліндегі ортақ тұлға тәсілдерді салыстыру үстінде Абвай тіліне тән біраз
стильдік ерекшеліктерді атап өтеді. Зерттеуші кейінгі еңбектерінде де жеке
сөзінің мағыналық реңктерін Абайдың шебер пайдаланғанына фактілер келтіріп,
дәлелдеп пікірлер айтады. Осы кезеңдерде Абай шығармаларының лексикалық
сипатына арналған жеке мақалар да жарық көре бастайды. Қазақ әдеби тілінің
даму тарихына қатты зер салып зерттен ғалым Қ.Өмірәлиев әр сәт Абай
тіліндегі ерекшеліктерді арнайы сөз етіп келді. Ол ерекшеліктің зертеуші
екі топқа бөледі: бірі – шағатай әдеби тіліне тән формалар, екіншісі –
қазақтың ауыз әдебиеті сөйлеу тіліне тән тұлғалар. Алғашқыларға – мақ,
-мақтық, -дүр жұрнақты сөздерді, соңғыларына –па + с + (айтпасқа), -па + c
+ тық (ұмытпастық), -ар +лық, -тұғын т.б. жұрнақты тұлғаларды жатқызады.
Қ.Өмірәлиев Абай тілі грамматикасының жеке мәселелерін өзге де еңбектерінде
сөз етеді. Т.Қордабаев XIX ғ. қазақ жазбалары тілінің синтаксисі деген
еңбегінде сол жазбалардың бірі ретінде Абайдың прозалық шығармаларын да
синтаксисін талдайды. Мұндай жай, құрмалас сөйлемдер синтаксисіне қатсыты
категориялармен шылаулардың қызметі сөз болады. Зерттеуші кейбір
грамматикалық категориялардың Абай тіліндегі актив-пассивтігін көрсетеді.
Абай тілінің грамматикалық ерекшелігін танып-білуге 50-жылдардың
соңғы кезінен бастап біз де кіріскен болатынбыз. Абайдың прозалық
шығармаларындағы негізгі морфологиялық ерекшеліктер деген тақырыпқа
кандадаттық диссертация қорғап, грамматикалық жеке тұлғалары мен олардың
қолданылу реті жайында бірнеше мақала жарияладық. Бұларда, негізінен, Абай
прозасында өнімді қолданылған – мақ, -ар жұрнақты сөздердің беретін
мағыналары мен қазіргі нормадан өзгеше келетін ерекшеліктерін көрсетуге
және қолданылу себептерін ашуға талпындық. Сондай-ақ кейбір морфологиялық
тұлғалардың Абай тілінде екі вариантта – ықшам және толық түрінде –
кездесетіндігін танытып, оның да себептерін ашуды көздедік. Материалдың
өзі нақтылы талдау негізінде бізден бұрынғы зерттеушілер тарапынан айтылған
біраз тұжырымдарға корректив те енгіздік. Мысалы, – мақ, -ар жұрнақты
тұлғалар шағатай не татар тілдерінң элементі емес қазақтың Абайға дейінгі
ауызша тарап келген әдеби тіліне тән, тіпті ауы әдебиеті тіліне хас норма
екенін дәлелдедік. Сондай-ақ тың – тұғын (баратын-баратұғын), мен-менен (та
мен тас, тау менен тас), да-дағы (барды да-барда дағы) сияқты қатарлардың
кездесуі біреуінің норма екіншісінің нормадан тыс болғандығынан емес, өлең
шарттарына (өлшем, ырғақ, ұйқасқа) қатысты деп, өзгеше пікір айттық.
Біз Абай тілін танып-білудегі ізденістерімізді әрі қарай жалғастырып,
арнайы жазылған екі монография жарияладық. Бұларда енді ұлы қаламгердің
мұрасы қазақ әдеби тілі тарихының материалы ретінде зерттеді. Абай тілі –
өз тұсындағы қазақ жазба әдеби тілі бегілі бір дәрежеде толығырақ
көрсететін сипаттағы дүние. Сондықтан Абайдай сөз иесінің шеберлік
лабораториясына үңілмес бұрын, оның сөздңк құрамы мен грамматиксын
лингвистикалық тұрғыдан тіркеп, жүйелеп алдап шығу қажеттігі тұрды. Бұл
талдауларымыздың материалдар мен нәтижелері, бір жағынан, қазір жазба әдеби
тіліміздің XIX ғасырдың II жартысындағы – өзінің басталар тұсындағы –
лексика-грамматикалық сипатын танып-білуге септігін тигізер болса, екінші
жағынан, ұлы ақынның суреткерлік шеберлігі мен өз қаламына тән қолтаңбасын
көрсететін және қазақ көркем сөзі дамуындағы шоқтығы биік орнын танытуға
арналатын әдеби-лингвистикалық (лингвистикалық)
зерттеу жұмысына дайындық болмақшы.
Ұлы Абайдың тұтас шығармашылық келбеті, қалдырған мұрасының бүгінгі
қазақ қоғамының қажет етіп отырған қырлары, оның этетикалық, философиялық,
тәрбиелік, жалпы, мәденитанымдық (рөлі) халқына едәуір зерттеліп, білім
түсініктер, түйін-тұжырымдар қалыптасып қалғанын батыл айта аламыз. Көркем
сөз иесін тану екі тарамда жүретінін де жақсы білеміз. Яғни Абайтанудың
алдыңғы айтылған қырларымен қатар, тілін, идиостилін зерделеу жапсарласа
жүретін қарекет екендігін бүгінгі зерделі халайық жақсы аңғартатынын да
айтамыз.
Абай мұрасының тілі мен көркемдік кестесі жалпы тұрғыда, кәнігі тәсіл-
өлшемдермен біршама танылып-танылып қалғаны да белгілі. Абай тілін сөз
етуде біздің 30-35 жыл бойы жариялап келе жатқан үш монографиямыз бен 30-
дан астам мақаламызда ұлы суреткердің қазақ әдеби тілінің даму барысындағы
орны, қызметі, өлеңдері мен прозасының лексика-грамматикалық сипаты және
көркемдік өрнегі талданып баяндалған болатын. Бірақ бұнымен Абай тілі
атты таным саласы аяқталмайды, әрі қарай бұл таным тармағының да өрісі
кеңдікпен тереңдік параметрлерімен ұлғая беруге тиіс. Мұны Абайтанушы тіл
мамандары үздіксіз айтып келеміз. Бұл саладағы ғылыми ізденістердің едәуір
қиындығы мен жауапкершілігі ме, әлде дұрыс ұйымдастыра алмай келеміз бе –
абайтанудың лингвистикалық қырларына көптеп бара алмай жатырмыз.
Әрине, көркем әдебиет үлгілерінің, оның ішінде орны мен суреткерлік
келбеті ерекше тұрған ұлы Абай поэзиясы мен Қара сөздерінің тілдік-
көркемдік сипатын әр қырынан таныту үшін, сол қырлардың өзін, олардың ескі-
жаңа түрлерін біліп алуымыз керек. Бұрыннан қалыптасқан зерттеу жолдары
(аспектілері) мен теориялық негіз бағыттарын қайталап, тек мысалдармен
көбейтіп, әркім өз тілімен жаза беру абайтанудағы лингвистикалық
әзденістердің кеңеюі, түрленуі, жаңа табыстары болып саналмайтындығын да
баса айтамыз.
Ғылымның барлық салаларындағыдай, оның тілтаным атты тармағында да
әр кезеңде жаңа бағыттар, жаңа жүйелер пайда болып жатады. Солардың бірі –
ХХ ғасырдың орта тұсында сұлбасы көрініп, соңғы ширегінде едәуір айқындалып
келген соны бағыт – мәтін лингвистикасы немесе мәтін теориясы.
Бұл жаңалықтың аталуы бірнеше түрлі: ғылыми әдебиетте жоғарғы екеуінен
басқа мәтін құрылымы, мәтін грамматикасы, мәтін стилистикасы, мәтін
герменевтикасы (көне мәтіндерді түсіндіріп талдау) деген атауларды да
кездестіреміз. Бірақ, сайып келгенде, мәтін лингвистикасы деген жалпы атауы
жиірек ауызға түседі (қаламға ілінеді).
Бұл бағыттың негізгі зерттеу нысаны – мәтін (текст). Мәтін деген
терминнің жалпы мағынасы түсінікті: мәтін – шығарманың хатқа түскен түрі.
Ол шығарма – әрине, тек көркем әдебиет үлгісі болуы шарт емес, кез келген
үлгі: ғылыми еңбектер, публицистикалық шығармалар, газет-журнал
беттеріндегі жазбалар, ресми құжаттар т.т. – барлығы да хатқа түсіп,
оқырмандарға ұсынылады. Бұл – мәтін. Ал көркем әдебиет үлгілерін сөз еткен
кезде мәтін деген сөз ғылыми терминдік дефинициясы (анықтамасы) бар нысан
(объект) болып саналады.
Көркем әдебиет үлгілерін талдап, зерттеуде әдебиеттанушылар мен
тілтанушылардың қолға алатын нысандары мен көздейтін мақсаттары екі бөлек
болады. әдебиетшілер көркем шығарманың өзін, яғни мазмұнын, идеясын,
жанрлық ерекшеліктерін, авторлығын, заманын, әдеби ағыстарға қатысын т.т.
осы сияқты қырларын зерттейді, ал тіл маманы сол шығарманың мәтінімен жұмыс
істейді. Ашып айтсақ, шығарманың мәтін арқылы қолданысқа түскен сырын, яғни
оқырманға қалайша жеткенін немесе жеткізу көзделгенін зерделейді. Ежелгі
философия дүниесінен келе жатқан автор (жазушы) ↔мәтін↔оқырман деген
үшемдік таным немесе дискурс – тіл мамандарының еншісі. Міне осы жерде
лингвистика әлемінде жаңа ізденістер, жаңа объектілер дүниеге келеді. Бұл
орайда мәтінді (яғни шығарманы) оқырманның қабылдауы, бұған қажет білім
(біліп-тану қоры – негізгі, шамасы) деген категорияны сөз етуге тура
келеді. Жалпақ тілмен айтқанда жазушының (ақынның) шығармасын (не оның жеке
бір бөліктерін) оқырман түсінуі (қабылдауы) үшін сонда сөз болған шындықты
(реалийлерді), мәдени дүниені жақсы білуі керек. Сол сияқты белгілі бір
сөздер адам баласы тіршілігінің белгілі бір саласының мәдени коды болып
келеді, яғни сол саладағы таным мен тәжірибенің белгісі (көбі ұлттық
белгісі) болады. Демек, белгілі бір дәуірдегі жазушының (ақынның)
шығармасын, айтпақ идеясын оқырмандары түгел немесе саралай түсіне ала ма,
түсіне алды ма – осыны зерделеу де – мәтін лингвистикасының шаруасы.
Сөйтіп, дискурс дегеннің мәні зор екен.
Осы тұрғыдан келгенде, Абай мұрасын мәтін теориясымен зерттеу, таныту
– алдағы ізденіс бағытымыз болуы керек. Әрине, мәтін теориясы тек дискурс
мәселелерімен шектелмейді. Мұның ішінде мәтіннің өзінің белгілері айқындап
алу, мәтіннің ұлттық және жеке авторлық сипатын дұрыс тану, мәтіннің
тұтастық, жанрлық белгісін түзетін тілдік бірліктерді айқындау сияқты толып
жатқан жеке тақырыптар туындайды.
Бұл айтқандарымызды бір-екі мысалмен түсіндіріп көрелік. Алдымен,
дискурс, яғни автор (Абай) – мәтін (өлеңдері) – оқырман (өз тұсындағы және
қазіргі) дегенге назар аударсақ, Абайдың көп өлеңдерін өз тұсындағы оқырман
– тыңдармандардың қабылдау-түсіну қабілеттері, яғни аялық біліктері
қандай болды? Мысалы, Қансонарда деп басталатын өлеңін алайық, мұндағы
тұрмыс-салттық реалийлер Абай кезеңінде ауыл адамдарына жақсы таныс еді,
әрине, бұл өлең мәтіні тек тақырыбының таныстығымен ғана құнды емес,
көркемдігімен, мәтіндегі суреттің жұмырлығымен, осы жұмырлықты, айтпақ идея
тұтастығын көрсетіп тұрған тілдік құралдармен құнды. Мәтіннің семантикалық
немесе тақырыптық өрісіндегі сөздер топтасқан: бүркітші, аңшы, қағушы,
тастан табылатын түлкі, бүркіт, жақсы ат, тату жолдас, бұлардың бәр-бәрін
мүмкін қазіргі қалалық жастар көз алдына келтіре алмас, ал ақынның осы
өлеңді ұсынған кездегі оқырмандарының (тыңдармандарының, жаттаушыларының)
білетіндері (аялық білімдері) тамаша болатын.
Бұл жерде мәтіннің көркемдігі, тұтастығы – өз алдына әңгіме: біршама
үлкендеу өлең мәтіні бастан аяқ бір ұйқаспен: барыс жалғауы сөздермен
шегенделген (аңдығанға – адамға, аспанға – қашқанға…).
Ал Абайдың Сегіз аяғын өз замандастарының бәрі түгел түсініп,
қабылдап оқыды (тыңдады) деу қиындау. Қазақ поэзиясының қазақ құлағы
үйренген өлеңдік құрылымның мүлде бұрынғыдан басқаша екендігін, өлең
тармақтарының өлшемі мен ырғағы және ұйқасуы жағынан ерекше түзілуін,
интонациялық бітімі мен синтаксистік құрылым тәртібі де соны болғанын
есептемегенде, ақынның айтпақ идеясы, мақсаты қандай дегенді бірден аңғару
да қарапайым (көбі тіпті сауатсыз болғаны – өз алдына) тыңдарманға,
оқырманға оңай еместігін түсіну қиын емес. Бұл өлең – сырт қарағанда, бірде
ақынның толғауы тоқсан қызыл тіл, яғни өлең, поэзия туралы, енді бір
қарағанда, санасыз, ойсыз жарымес айналасындағылардың жағымсыз портретін
беретін сияқты көрінеді, ал, түптеп келгенде, менің танымымша, Сегіз аяқ
– суреткер тұлғасының трагедиясы атап айтқанда, қоршаған қауымның баяғы
жартас – бір жартас болып, қанқ еткенімен түкті байқамайтындығы яғни
поэзиясымен, ақылымен, білімімен заманынан, замандастарынан түсіністік көре
ақын жанының бақсының моласындай жалғыз екенін білдірген – имандай сыры.
Ақын поэзиясының осындай үнін дәл таныған Шәкәрім:
Ақын поэзиясының осындай үнін дәл таныған Шәкәрім:
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан, –
деп бір түйіп алып, әрі қарай бұл танымын дәлелдеп тарқатады емес пе:
Кім жалғыз бұл жалғанда есті жалғыз,
Мұндасар болмаған соң бір сыңары.
Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па,
Қазақтан табылды ма соның пары?!
Өлеңмен жұбатты өзін өзі,
Еңбегі – еш, іші – беріш, жүзі – сары,
Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң,
Патша қойса, не кетер қазақ шары?
Демек, кейбір өлеңдерінің мәтінің ұғуға айналасының басым тобының әлі
аялық білімдері (білім-таным қоры) жоқ екенін Шәкәрім ғалым, Шәкәрім
философ жақсы айтқан.
Мұны Абайдың өзі де жақсы білген:
Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ, –
деп күңіренсе де, айтпақ сөзін айта берді (өлеңін жаза берді).
Шәкәрімше түйсек:
Не қылса да шыдады, білдірмеді,
Сол десеңші сабырлы қазақ нары!
Бұл талдаған мысалдарымыз бен түйіндеріміз – бірден көзге түскен
фактілер ғана. Десек те Абай шығармалары мәтін теориясы қырынан мүлде сөз
болған жоқ деп айтуға және болмайды. Мәтін грамматикасына қатысты қазіргі
терминдерді жиі қолданбасақ та, әңгіменің мазмұны, өзегі мәтін, оны түзу,
мәтін түзетін элементтер мен тәсілдер сияқты тақырыптарға біз Абай
өлеңдерінің синтаксистік құрылысы (1970) және Абайдың сөз өрнегі (1995)
атты монографияларымызда біраз барған болатынбыз. Дегенмен енді жеке курс
ретінде Абай мұрасын, оның ішінде тек поэзиясын ғана емес, прозалық
шығармаларын да мәтін стилистикасы тұрғысынан, мәтін прагматикасы деген
салалар бойынша зерттеуге кірісу – кезектегі ғылыми жұмыстарымыз деп
санаймыз. Ол үшін, сөз жоқ, дүниежүзілік тілтанымның жаңалықтарымен, бұлар
жөнінде жарияланған ғылыми әдебиетпен жақсы танысып, жаңа бағыттардың
теориялық негіздерін әбден игеріп алу қажеттілігі де даусыз. Бұл қызғылықты
да қажет ізденістерге университеттердің қазақ филологиясы кафедралары,
әсіресе жас мамандар кіріссе – құба-құп болар еді. Және мұндай зерттеулер
жеке адамдардың ғана таңдауымен жүргізілуден гөрі, белгілі бір
бағдарламамен кафедра мүшелері немесе Тіл білімі институты сияқты ғылыми
орталықтарда ұжымдық зерттеу түрінде жүргізілсе әлдеқайда нәтижелі болары
даусыз.
Абай мұрасына жаңаша көзқарас дегеніміз – ойшылдың рухани көзқарасы
бүкіл әлемнің бір жаратушы себебі мен жаратылу мақсаты барына, сонымен
бірге әлем тіршілігінің ортақ бір заңдылыққа бағынатынына негізделетінің
мойындау. Абай мұрасын осы тұрғыдан қрастыратын болсақ, онда данышпан ілімі
бүкіл болмысты қамтитын жүйе екені анықталады. Бұл жүйеден болмыстың
іргетасы болып табылатын үш ұғым келіп шығады. Біріншісі, әлем өзінен өзі
немесе кездейсоқ пайда болған емес, оның пайда болу себебі, яғни
Жаратушысы бар. Осыдан екінші және үшінші тұжырымдар шығады. Екіншісі,
Жаратушысы болса, әрбір жаратудың мақсаты да болмақ, ендеше әлем де
мақсатсыз жаратылмаған. Яғни бүкіл әлем тіршілігінің белгілі бір мақсаты
бар. Үшінші, Жаратушы бір болатын болса, онда бүкіл әлем сол Жаратушының
ырқымен және берген заңдылықтарымен өмір сүруі керек. Әлем тіршілігінің
тәртібі бір көзде, бір Жаратушыдан шығатын болғандықтан, бүкіл әлем
өмірінің заңдылықтары баршаға ортақ.
Абайдың ойшылдығын зерттеушілер ғана емес, оның ақындығын зерттеп
жүрген филолог-әдебиетшілердің көзқарасы да осы пікірден алыс кеткен жоқ.
Оған белгілі журналист, білгір әдебиетші, белсенді сыншы атанған Ғаббас
Тоғжановтың 1935 жылы Алматы мен Қазанды латын әріпімен басылып шыққан
Abaj атты әдеби-сын кітабы дәлел бола алады. Содан бірнеше үзінді
келтірейік. Рухани жетілуге ұмтылу үшін әуелі материалдық база керек
деген болмыс заңдылығын ашып көрсететін Абай қағидасын автор …қазақтың
капиталдана бастаған ескі байының шалалығы, надандығы, шабандығы деп теріс
баға беріп, сынға алады. Абайдың тілейтін арманы – жақсы бай, өнерлі, епті
бай. Көптеп егін салатын, үлкен сауда жүргізетін, орысша оқыған, дінді
жақсы түсінген – міне осындай бай. Бай осындай болса, Абай ойынша, заман
түзелер еді, қазақ елі жетілер еді. Абай қазақ байын сынағанда, осы оймен
ғана сынайды. Абайда басқа ой жоқ. Басқа арман да жоқ… Сондықтан Абайдың
шындығы – көзі ашық, епті байдың шындығынан аспайды… Сондықтан Абайдың
шындығы (реализмі) бай шындығы ғана болды, толық шындық – терең шындық
болмады. Абсолюттік шындықтың (ақиқаттың) негізін ашып көрсеткен
данышпанның шындығы сол кездегі жалаң таптық саясаттың бағалауы осы
деңгейде болды.
Бірақ қазақ мәдениетінде Абайдың орнын ештеңемен толтыруға болмайтын
еді. Бұны сол кездегі идеологияны басқарушылар жақсы түсінді. Сондықтан
Абай мұрасының тағдыры жөнінде ғылым, мәдениет, өнер саласында жүрген
қайраткерлер арасында айтыс басталды. Мұның бәрі, белгілі дәрежеде,
орталықтан шыққан, коммунистік партияның полетарлық емес мұраға шабуыл
бастаған саясатының ықпалымен болды. Әрбір қоғамдық формацияда өмір сүрген
ақындар сол дәуірдің идеологтары (феодалдық дәуір ақыны, буржуазия ақыны,
пролетариат ақыны, т.с.с.) саналды. Жергілікті қоғамның даму барысы
ескерілмей, оған қатысты құбылыстарға орталықтағы бағалар көшіріліп
жапсырылды.
Ақырында, идеологиялық саясаттың әсерімен Абай мұрасына темір ноқта
салған саяси ағым қалыптасты. Енді Абайдың хакімдігі ұмытылып, оның
даналығына терең енуге мүмкіндік болмады. Себебі данышпанның Алланың Өзі
де рас, сөзі де рас дейтін ойлары, бүкіл болмыс заңдылығына сәуле
түсіретін хакімдік тұжырымдары коммунистік идеологияға кереғар еді.
Сондықтан ойшылдың ақындығына ғана көңіл аударылып, оның ағартушылығы,
гуманистігі зерттеле бастады. Сөйтіп, келешекте ұлы Абай тек осы деңгейде
ғана көрінетін болды. Әрине, бұл жағдай ұзақ уақыт оның рухани биік
тұлғасын, шынайы ұлылығын көлегейлеген қара бұлт іспетті еді.
Абай шығармаларында өмірдің әр алуан жақтары қамтылады.
Ақынның көтерген негізгі мәселесінің бірі, өз тұсындағы жұртшылық
кемшілігін сынға алу болды. Бұл жөнінде өз көзімен көрген, өз басынан
кешірген жағдайларды да сөз етті ол. Ел ісіне, қоғамдық мәселелерге тікелей
араласа келіп, Абай әділетсіздікті көрді. Бай-феодалдардың қулық-сұмдығын,
зұлымдығын әшкереледі, би-болыстардың бүлдіргіштік әрекетін ашты.
Ояз шықты, сыяз бар…
Ылау деп, үй деп дікілдеп.
Сасып қалдым, күн тығыз…
Қарбаңдадым өкімдеп,
Старшын, биді жыйғыздым:
Береке қыл деп, бекін деп,
Ат жарамды, үй жақсы.
Болсын, бәрің күтін деп.
Қайраттанып халқыма,
Сөз айтып жүрмін күпілдеп:
Құдай қосса жұртымның
Ақтарамын осы жол сүтін деп.
Қайраттысып, қамқорсып,
Сайманымды бүтіндеп,
Оңашада оязға
Мақтамаймын елімді,
Өз еліме айтамын:
Бергемін жоқ, – деп, – белімді.
Бұл өлеңде би-болыстардың зымыяндық әрекеттерін ақын ашып көрсетеді.
Пара мен байлық ақылы ел билеуді қолына алған би, болыстардың ар-ұяттан
айырылып, халық мүддесін, ел мұңын, шен-шекпенге сатушы жебірлер екендігін
шенейді. Болыс болдым мінекей деген өлеңінде Абай шен-шекпенге
сатылғандарды ғана емес, көз бояушы екі жүзді ел әкімдерінің ішкі сырын
ақтарып, сол кездегі әлеуметтік өмір жайын елестетеді. Ояз алдында құрдай
жорғалаған болыс, өз елін жамандап оязға жағымпазданса, жұрт көзінше елдің
қамын, халықтың мұңын жоқтап жүрген тәрізді болып көрінеді де, өтірік уәде,
жалған сөздермен ел ішін бүлдірген парақар болыстың бейнесін береді:
Күн батқанша шабамын
Әрлі-берлі далпылдап…
Ояз жетсін деген боп,
Боқтап жүрмін барқылдап…
Пысықтың көбі бұғып жүр,
Беттесе алмай шаңқылдап,
Ашылып омырау, күн ыстық,
Қойын кетті аңқылдап…
Кәкір-шүкір, көр-жерді
Пайда көріп етпеймін…
Бұзақының бүлігін
Жақсы ақыл деп құп деймін, –
деп, олардың күні бітіп бара жатқан үрейлі түрін сықақ етеді де, халыққа
жексұрын етіп көрсетіп, мысқылдап күледі. Халық басындағы ауыртпалықтарды
көріп Абай қатты күйзелді. Ізгілікті аңсаған Абай, құлаш ұрып, қарманып,
шығар жолды іздеді. Өнер де, ізгілік те, болашақ та орыс халқында деп
түсінді. Сондықтан Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақ тіліне аударып,
қазақ даласына кең таратып, халықты рухани жағынан азықтандырып күш салды.
Крыловтың мысалдарын (басняларын) аударып қазақтың бай-феодалдарын мазақ
етіп, күлкіге айналдыруға құрал етіп пайдаланды.
Сонымен бірге, Абай сол қоғамдағы адамдардың өзара қатынасын, типтік
жақтарын өз шығармаларында ашып көрсетіп, оларға тән мінез құлықтарды
жинақтап шебер суреттеп отырады.
Арын сатқан мал үшін ант ұрғанның
Айтқан сөзі құрысын шыққан үні … ..
Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып,
Аямай бірін-бірі жүр гой аңдып … … .
Абай заманына наразы бола тұрса да, өмірден … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз