қашықтан білім беру, әл — Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

0

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн — шара өтті.
Қазіргі форс — мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан іс — шараның бірі – қашықтан білім беру.
Қашықтан білім беруге әл — Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті еш қиындықсыз көшті. Себебі университетімізде қашықтан білім беру департаменті жұмысының нәтижесінде шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқитындарға және сырттай екінші мамандық алушыларға арналған Dl. kaznu. kz пен жалпыға арналған Open. kaznu. kz ашық онлайн платформасында, сонымен қатар Univer. kaznu. kz жүйесінде де қашықтан оқытуға мүмкіндіктер қарастырылған.
Қашықтан білім берумен қатар, студенттермен онлайн түрде түрлі рухани — танымдық іс — шаралар жүргізілуде.
Арнайы мамандандырылған интернет — платформалары арқылы әл — Фараби атындағы ҚазҰУ — ң шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Наурыз – жыл басы!» атты қазақ, орыс тілдерінде онлайн — іс — шара өткізілді.
Аталған мазмұнды шараға Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Филиппин, Германия, Испания, Швейцария, Жапония және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқып жатқан шетелдік студенттер онлайн түрде қатысты.
Бұл онлайн — шара барысында сөз алған шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушысы М. А. Азнабакиева баяндамасымен таныстырды. Ол Наурыз – еліміз үшін жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, сонымен қатар, атап өтетін жағдай, бұл мерекенің негізгі мағынасы мен маңызы көптеген халықтар үшін ортақ болып табылатынын, бұл жаңалықтың, жаңа бастау мен жаңарудың күні екенін айтып өтті.
Осы кафедраның аға оқытушысы Т. В. Курманова өз сөзінде «Ұлыстың ұлы күні» аталатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатқанын, Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс — салтында бағзы замандардан бері орын алғанын, Наурыз (парсыша «нау» — жаңа, және «руз» — күн ) – жаңа жылдың бірінші күні, көктемнің басы, жаңару күні екенін, қазақтар бұл мейрамды Әз — Наурыз мейрамы деп те атайтынын атап айтты. Одан кейін шетелдік студенттер Әз — Наурыз мейрамы жайлы өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады. Бұл іс — шарада шетелдік студенттер қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін көрсете білді.
Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы Қазақстан Республикасындағы «Ұлыстың ұлы күні» наурыз мерекесінің тойлануымен таныса отырып, елімізде бұл мереке кезінде салт — дәстүрмен толық танысып, ұлттық тағамдардан дәм татуға болатынын тамашалай алды. «Наурыз – жыл басы!» атты онлайн — шара рухани — мәдени тұрғыда диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Бұл шетелдік студенттердің рухани — мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой — танымын қалыптастырудың негізі болар бірден — бір жақсы әрі маңызды іс — шара болды.

Ж. Е. Жаппасов., А. Е. Саденова.
Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті