Қарапайым ақыл-кеңестер

0
Баспа болсаң
Баспа (ангина) қысып ауыра бастағанда лимон шырынының бір бөлігіне екі бөлік қайнаған жылы су құйып, сағат сайын тамақты шайып отыру қажет. Сонсоң қабы-ғынан аршылған лимонды жұқалап кесіп, бір тілімін ауызға салып жүру керек. Оны 15-20 минуттан соң жей салыңыз. Осы емдік шараларды жиі-жиі жасап отырсаңыз, бадамша безі (миндалина) асқынбай, тез жазылады.

Көзің шаршаса
Бүгінгі таңда компью-терсіз жұмыс істеу мүмкін емес. Бірақ оның зиянды жақтары да жетіп артылады. Ең біріншіден, компьютер адамның кө-зін қызартып, шаршатып жібереді. Сондықтан кешкісін жұмыстан кел- ген соң өзіңізге 10-15 минут уақыт бөліп, көзге компресс жасаңыз. Ол үшін шикі картопты тілімдеп кесіп, екі қабағыңызға қойыңыз. Осылайша көзді жұмып, 5-6 минуттай жата тұрыңыз. Көзге арналған осы компресті күнделікті жасап отырсаңыз, көз жанарыңыз шаршамайтын болады.

Күнделікті көзге қара немесе көк шай тұнба-сынан жылы компресс жасап отыру да өте пайдалы. Көзге кішігірім 2 дорбаша тігіп алып, оның ішіне шайды салып, қолданар алдында ыстық суға батырып алыңыз. Компресті жылы күйінде пайдалану керек. Сондай-ақ дәріханалық түймедақ гүлінен де компресс қоюға болады. Бұл компрестер көздің шаршауын басумен қатар, көз айналасына түсетін әжімдердің алдын алады.

Буының ауырса
Буын ауруына сірке суының әлсіз ертіндісі шипа болады. Ол үшін 0,5 литр суға 1 ас қасық сірке суын қосып араластырасыз. Осы ерітіндімен зығырдан жасалған орамалды сулап, ауырған буынға орау керек. Компрестің сыртын жүннен тоқылған киіммен байлап 1,5 сағаттан 8 сағатқа дейін қалдырыңыз. Байламаны алған соң оның орнын жуу керек.

Егер қатты қорылдай-тын адам сірке суының әлсіз ерітіндісін күнделік-ті маңдайына қойып отырса, қорылы баяулайды.
Қабағың іссе
Кейде таңертең ұй-қыдан тұрып айнаға қарасаңыз, қабағыңы-здың қатты ісіп тұрғанын көресіз. Қабақтың ісігін тез арада қайтару үшін мұздатқыштан мұз алып басу керек. Егер мұз тез еріп кететін болса, оны сулыққа орап алып, екі көзіңізге кезек басыңыз. Қабақтың ісігі шамалы уақыттан соң бірден басылады.
Көк тамырың
кеңейсе
Аяқтың кеңейген көк тамырларына кәдімгі бал — ем. Ол үшін кенепке (холст) бір қабат бал жағып, аяққа орайсыз да сыртына целлофан салып, дәкемен байлайсыз. Бірінші күні компресті 2 сағат ұстаған соң шешу керек. Ал екінші күні 4 сағаттан соң, одан кейінгі күндері компресті түнде орап, таңертең шешуге болады. Осылайша 45-50 компреске дейін жасасаңыз, жағдайыңыз едәуір жақсарады.

Тершеңдікте
Тер бөліну процесі ағзаның тіршілігі үшін аса маңызды. Термен бірге денедегі зиянды заттар бөлініп шығады. Бірақ қатты тершеңдік – адамның эндокриндік және жүйке жүйесіндегі өзгерістерге байланысты болмақ. Қолтықтың тершең-дігін басу үшін 1 шай қасық емен қабығына (дубовой коры) бір стақан қайнаған су құйып, оған лимон шырынын қосу керек. Осы тұнбаны мақтаға сіңіріп, қолтықты сүр-тіп жүрсеңіз, лимон шырыны мен емен қабығының қоспасы тер безінің жұмысын бәсеңдетеді. Осыдан кейін сізден қолаңса иісі емес, лимонның хош иісі аңқып тұратын болады. Онымен қоса, жиі терлейтін қолтықты ас содасы ертітіндісімен сүртсе, тердің бөлінуін едәуір азаяды.

Сондай-ақ тершең адам өзінің жеке дәрі-герімен ақылдаса оты- рып, жалпы ағза имму-нитетін күшейтетін дәрі-дәрмектермен (темір, кальций, фосфор) қатар микроэлеметтерге бай дәрумендер алып ішуі қажет. Сондай-ақ жаужапырақ (мелисса) пен шатыраш (шалфей) шөптерінің тұнбасын күніне 2 рет жарты стақаннан ішіп отырса, денсаулыққа пайдасы зор.

Терің қышыса
Пияз ауру тудыратын микробтарды жақсы жояды. Ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қар-сылығын күшейтетін фитонцидтер пиязға ең алдымен емдік күш береді.

Пияз фитонцидтерін баспа, тұмау, маңқа, ауруларымен ауырғанда иіскейді.
Ол сондай-ақ зиянды микроорга-низмдердің көбеюіне кедергі болады. Езілген пияздың шырынын жараны жазатын дәру, сонымен қатар терінің қышып, қабынуына қарсы ем ретінде пайдаланады.

Бетіңе секпіл түссе Беттегі секпіл, әсіресе, күн көзінде көп жүретін көктем, жаз айларында пайда болады. Ол көбінесе ақсары адамдарда жиі кездеседі.
Қазір секпілдерді кетіретін, бетті ағарта-тын, түрлі дақтарды жоятын, күн сәулесінен қорғайтын маскалар мен лосьондар бар. Мәселен: «Ахромин», «Огуречный», «Ланолиновый» және т.б. Ең қарапайым крем – айран. Күнде кешкісін жатар алдында бетке айран жағып, 15-20 минуттан кейін жылы сумен жуып таста да, соңынан түнде жатарда жағатын кремді пайдалан. Есіңде болсын, таңертең далаға шығар алдында айран жағуға болмайды. Себебі күн сәулесі бетті одан сайын қарайтып жіберуі мүмкін.

Арықтаудың амалы Бірінші тәсіл

1. Арықтау үшін, тамақ жемей, күні бойы аш жүру – ақымақтық. Тамақтанудан бас тарту арқылы асқазаныңның қызметін бұзып алатыны- ңды ұмытпа.

2. Спортпен айналысып, дұрыс тамақ-тануға дағдылан. Қимыл -әрекетсіз диета ұстау-дың нәтижесі шамалы болмақ.
3. Артық салмағыңнан арылғың келсе, спортпен айналыс.
4. Егерде диетаның екінші, үшінші аптасында өзің ойлағандай көрсеткішке қол жеткіз-бесең, онда қам жеме. Өйткені диетаның бірінші аптасында адам ағзасы май мен сұйық-ты мөлшерден көп жоғалтады. Сол себепті алғақшы аптада едәуір салмақ тастайсың.

5. Қол жеткізген көрсеткішті сақта, одан артық салмақ қосудан абай бол.
6. Аптасына екі рет таразыға өлшенгенің абзал. 1-2 кг салмақ қоссаң да, одан арылуға тырыс.
7. Аздан, жиі тамақтан. Күнделікті тамақтану мәзірін қадағала.
8. Қонаққа бара қалсаң, диеталық дас- тарқандағы аспен ғана тамақтанғаның жөн. Мәселен, жеміс-жидек, майсыз ет, салат жапы-рақтары.
9. Айналаңдағыларға диетада екеніңді айту-дың қажеті жоқ.
10. Қонақта мерекелік торттан бас тарта алмауың мүмкін. Ондайда көз алдыңа әдемі көйлектеріңнің тар болып қалғанын елестет.
11. Суды, жалпы сұйықты көбірек іш.
12. Тамақты шағын тарелкаға салып же.
Екінші тәсіл 1. Қанттың, ұннан даярланған тағамдардың және майдың мөлшерін барынша азайтыңыз.
2. Негізгі тағамыңыз ет, жеміс-жидек, көкөніс болуы тиіс.
3. Күніне бес рет тамақтаныңыз: таңер-теңгі, одан соң екінші таңертеңгі ас, түскі, түстен кейінгі және кешкі ас.
4. Тамақты асықпай ішіңіз. Алдыңыздағы асты баяу және сүйсініп жеңіз, сонда тез тойып қаласыз.
5. Күнделікті тағамы-ңыздың негізгі бөлігін таңертеңгі және түскі ас кезінде қабылдаңыз. Кешкі асқа жеңіл тағам жеген жөн.
6. Қозғалуды да естен шығармаңыз. Егер жұмысыңызда негізінен отыратын болсаңыз, жұмысқа келерде немесе қайтарда шамалы болса да жаяу жүріңіз.
7. Егер жоғарыда аталған кеңестердің бәрін орындағанмен салмағыңыз түспесе, салмақты біртін-деп түсіретін қандай да бір емдәм ұстаныңыз.
8. Егер салмақты тез түсіргіңіз келсе, қандай емдәмнің қолайлы екен-дігін дәрігерден сұрап, біліңіз. 9. Егер қол жеткен салмағыңызды тұрақты сақтағыңыз келсе, дұ-рыс күн тәртібін үнемі сақтаңыз. Олай болмаған жағдайда, қайта толып кетуіңіз әбден мүмкін.