Барлық өңірде жастар сессиясы өтеді

0
28 Қараша 2018, 18:48 241 0

Астана, BAQ.KZ. Ертең 29 қараша күні еліміздің барлық аймақтарыңда ҚР тұңғыш Президент күніне орай Жастар сессиясы ұйымдастырылады.

Кездесулердің басты мақсаты жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыра отырып, Елбасы, ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың егемен Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қосқан жеке үлесін талқылау.

Кездесу барысында Елбасы ұсынған саяси жетістіктер және жаһандық, стратегиялық маңызы бар бастамалар, сондай-ақ «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы қоғам алдыңдағы міндеттер айқындалып, жуырда жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланады.

Кездесуге аймақтың белгілі тұлғалары, қоғам қайраткерлер, жазушылар, жастар ұйымдарының белсенділері, жоғары орындарының басшылығы, партия өкілдері, студенттер қатысады. (Өз аймағыныздың қатысушыларын қосып жазыңыз)

Аталған сессиялар жастар үшін, жастар бірлестіктерінің өкілдері үшін ақпараттық, коммуникациялық алаң. Дәл осы алаңда жастар тәжірибе алмасып, жастар қозғалысының даму перспективалары жайлы ой қозғап, пікір алмасады.

Жастар сессиясының қорытындысы бойынша 2019 жылға арналған (Жастар жылы) «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ қолдауымен өтетін іс-шаралар мен бастамаларының күн тәртібі қалыптасады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз