Қарағандыда қар қалың | | Ortalyq.kz

0


Оқылды:
5

Жылдағыдай биыл да Қарағандыда қар қалың. Коммуналдық қызмет тазарту жұмыстарын дереу қолға алса да, кейбір көшелерге әлі де техника күрегі тимей тұр. Желтоқсан басталғалы облыс орталығынан 30 мың текше метрден астам қар шығарылыпты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметте көрсетілгендей, бүгінге дейін Қарағанды көшелерінен шығарылған қар көлемі 30684 текше метрді құрап отыр. Және көшелерге 11378 тонна құм мен тұз қоспасы төгіліпті. Айта кетейік, биыл көшелердегі тазалық жұмыстары «Тазалық» ЖШС-не жүктелген.

Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі қарқынды жұмыс жүргізуде. Тиесілі аумақты тазалау бойынша 117 кәсіпкермен келісімшарт жасалған. Бүгінде 350 ауланың кіреберісі қардан аршылды.

Октябрь ауданындағы 340 ауланың күтіміне 72,9 млн. теңге бөлінген. Қарашаның басынан бері 2100 текше метр қар шығарылыпты.

Десек те, аудандағы кәсіпкерлер белсенділігі төмен. 1223 кәсіпкерлік нысанының, тек, 410-ы ғана өздеріне қарасты аумақты қардан тазартты. Аудан әкімдігі, әзірге, 48 кәсіпкерге ескерту жасады.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы