​Қалыңдық көзіне шөп салған жігітін той үстінде масқаралаған

0

​Қалыңдық көзіне шөп салған жігітін той үстінде масқаралаған

Австралияда ел естімеген оқиға орын алды. Үйлену тойларына бірнеше күн қалғанда қалыңдыққа белгісіз нөмірден хаттар келе бастаған. Онда бейтаныс бойжеткен оның жігітімен бірге түскен суреттерін, жігіттің хаттарын жолдаған. Тұрмысқа шыққалы отырған жігітінің көзіне шөп салып жүргенін білген қалыңдық оған кек қайтаруға бел буған.


 
Қалыңдық тура үйлену тойларының үстінде жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтып, бүкіл жұрттың көзінше бейтаныс бойжеткен жіберген хаттарды оқып берген. Бұл масқараға шыдамаған жігіт куәгермен бірге сол жерде қашып кеткен.

Дереккөз: Сегодня