«Тіс қаққан ең тәжірибелі қарсыласы». Қазақстандық жастар арасындағы әлем чемпионы келесі қарсыласын білді

0
Жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) келесі жекпе-жегінде мексикалық Жозе Франсиско Зунигамен (14-11-2, 5 КО) жұдырықтасады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы мексикалық әдеттегі «джорнимэн» — кез келген жекпе-жекке дайын, карьерасындағы жеңіс тізіміне алаңдамайтын тіс қаққан боксшы. Зунига қазақстандықтың ең тәжірибелі қарсыласы. Кәсіпқой рингтегі карьерасында ол 27 жекпе-жек өткізген. Мексикалық 14 рет жеңіске жетіп, 11 рет жеңілген және екі жекпе-жегінде тең түскен. 

Ахмедовтың қарсыласы жұдырықтасқан боксшылардың тізімінде белгілі есімдер жоқ. Ол чемпиондық үшін жұдырықтаспаған, карьерасында алғашқы жартылай және жартылай салмақта ауысып жүрген. Қазақстандықпен жұдырықтасу үшін ол өзін жаңа дивизионда сынап көреді — боксшылар алғашқы орта салмақта қолғап түйістіреді. 

Сонымен бірге, Зунига үшін Канаданың Квебек қаласындағы жекпе-жектің тағы бір ерекшелігі болады. Бұған дейін мексикалық тек отанында ғана жұдырықтасқан. 

Ахмедов кәсіпқой рингке биыл ауысты. Төрт жекпе-жегін де Канадад өткізген. Әуесқойда ол 2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы болды. Канадада оның ісін Eye of the Tiger Management компаниясы жүргізеді.