Путин — Ресей «жеке өркениет»

0
138

Путин — Ресей «жеке өркениет»

«Ресей өркениетін» сақтау үшін жоғары технологияны дамыту керек, деді Ресей президенті Владимир Путин. Ресей жай ел емес, «бөлек өркениет». Бұл туралы Ресей — 1 телеарнасына Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.
«Ресей — бұл жай ел емес, сөз мағынасында нақты өркениет… Мен бұл көп салт — дәстүрі, мәдениеті, діні бар көпұлтты ел екенін айтып отырмын. Егер біз осы өркениетті сақтап қалғымыз келсе, біз, әрине, жоғары технологиялар мен олардың болашақ дамуына көңіл бөлуіміз керек», — деді Путин.
Путин «жасанды интеллект, пилотсыз көліктер, генетика, медицина, білім — мұның бәрі Ресейдің дамуына негіз болады» деп мәлімдейді.
Арна сұхбат сегіз ай бұрын, 2019 жылдың 18 қыркүйегінде жазылған, бірақ бірінші рет эфирге 17 мамырда 2020 жылы шыққан екен.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты