ПП-0611 типті лифттің электр жетегін жетілдіру мәселесі

0

Аңдатпа

Дипломдық жұмыста ПП-0611 типті лифттің электр жетегін жетілдіру
мәселесі қарастырылды. Лифт электр жетектеріне талдау жасалып, оған
қойылатын техникалық талаптар анықталды. ПП-0611 лифт сипаттамасы,
құрамы талданып, оның электр жетегі ретінде бір жылдамдықты, жиілік
түрлендіргіштерден қорек алатын асинхронды электр жетегі қабылданды.
Лифт пен шахта есіктерінің электр жетектерінің жұмыс істеу ерекшеліктері,
есіктерді ашып-жабу басқару бөлігінің сұлбалары көрсетілген. Электр
қозғалтқыш қуаты есептеліп, электр жетегі ретінде жиілік түрлендіргіш
қабылданды.
Басқару шкафы құрылды. Лифт электр жетегінің модель блок сұлбасы
құрылып, электр жетегі үрдісі моделденді.
Арнайы бөлімде электр жетегі құрылғыларымен электр энергиясын

үнемдеу
мәселері, электр жетектің энергиялық күштік кандалдары

қарастырылған.
Өмір тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде техникалық қондырғыларды
пайдаланудағы еңбек жағдайы, қауіпсіздік шаралары қарастырылып, лифт
жүйесін басқару мекемесіндегі жұмыс бөлмесінде ауа алмасу жүйесіне, электр
жетегінің шу деңгейіне есептеу жүргізілді.
Лифтті жетілдірудің техника экономикалық негіздері, лифтті
жобалағандағы капиталды шығындарды есептеу экономикалық бөлімде
көрсетілген. Сонымен қатар жаңа техниканы енгізуден келетін экономикалық
тиімділікті, оның өтелу жылын есептедім.

Аннотация

В дипломной работе рассмотрена модернизация электропривода лифта
серии ПП-0611. Анализирован электропривод лифта. Определены
технические требования к разрабатываемому электроприводу. Расчитана
мощность электродвигателя и принят частотно-регулируемый электропривод.
Анализированы электроприводы дверей лифта и шахты, разработана блок
управления открытием-закрытием дверей.
Разработан шкаф управления и составлена модель блок схемы
электропривода и смоделированы переходные процессы режимов работы
электропривода.
В специальном часте рассмотривается проблемы экономии
электроэнергии при использовании электропривода и структуры силовых
каналов.
В разделе безопасности жизнедеятельности описаны безопасность
использования электрооборудовании, расчитаны вентилияционная система
помещении и уровень шума электропривода.
Представлены виды улучшения вентиляции в помещениях и расчитаны
все капитальные расходы при проектировании лифта. Кроме этого расчитаны
экономические эффективности при внедрении новых технологии и срок
окупаемости.

Annotation

In diploma work modernisation of electromechanic of elevator of series of
PP-0611. is considered. Analysis electromechanic of elevator. Technical
requirements are certain to the develop electromechanic. Calculated power of
electric motor and the frequency-managed electromechanic is accepted. Analysis
electromechanics of doors of elevator and mine, worked out CU opening-pushing a
door to.
A management closet is worked out and a model is made block of chart of
electromechanic and the transients of the modes of operations of electromechanic
are modelled.
It considered carefully in a special part of the problem of energy savings by
using the electric power and the structure of the channels.
Under health and safety are described safety of electrical equipment designed
ventilation systems indoor and noise electric.
Are views to improve ventilation in the rooms and all capital costs are
calculated in the desing of the elevator. Besides calculated economic efficiency in
the implementation of new technologies and the payback period.

Мазмұны

Кіріспе

9

1
1.1

1.2
1.3
1.4
1.5
1.6
1.7
1.8
1.9
1.10
1.11
1.12
1.13
1.14
1.15
1.16
1.17
1.18
1.19
2
2.1
2.2
2.3
2.4

3
3.1

3.2

3.3
4
4.1
4.2
4.3
Негізгі бөлім
Дипломдық жұмыстың тақырыбын техника-экономикалық
негіздеу
Біржылдамдықты электр жетек
Екі жылдамдықты жетек
Кернеу мен жиілікті реттеу
Лифт басқару жүйесіне қойылатын техникалық талаптар
Лифт сипаттамасы және оның қызметі
Лифттің құрамы мен құрылымы
Лифттің жұмыс істеу принципі
Лифттің негізгі бөліктері, жұмысы
Электр қозғалтқыштың параметрлерін есептеу
Электр қозғалтқышты таңдау
Жиілік түрлендіргіштерге қойылатын талаптар, шолу және таңдау
VFX 2.0 сериялы EMOTRON жиілік түрлендіргіштері
SJ100 сериялы HITACHI жиілік түрлендіргіштері
Atv71 сериялы Altivar жиілік түрлендіргіштері
Электр жетегін басқару шкафы
Функционалды және құрылымдық сұлбаны құру
Модельдеу
Лифт басқару блок-сұлбасы
Арнайы бөлім
Электр жетегі құрылғыларымен электр энергиясын үнемдеу
Электр жетектің энергиялық күштік каналы
Электр жетегі құралдары арқылы энергияны үнемдеу
Жиілікті түрлендіргіш — асинхронды қозғалтқыш энергияны
үнемдеуші электр жетек
Өмір тіршілік қауіпсіздік бөлімі
Техникалық қондырғыларды пайдаланудағы еңбек жағдайын
талдау
Лифт жүйесін басқару мекемесіндегі жұмыс бөлмесінде ауа
алмасу жүйесіне есеп жүргізу
Электр жетегінің шу деңгейін бағалау және есептеу
Экономикалық бөлім
Лифт жетілдірудің техника-экономикалық негізделуі
Капиталды шығындарды есептеу
Жаңа техниканы енгізуден келетін экономикалық тиімділікті
есептеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
10

10
10
11
11
12
12
12
13
15
17
19
20
20
22
23
25
27
30
33
35
35
35
41

44
51

51

53
59
64
64
64

65
70
71

Кіріспе

Қалалардың тез өсуі, жердің құндылығының үлкеюі ғимарат қабаттары-
ның қалыпты өсуіне әкеледі.
Ғимарат қабаттарының өсуіне қарай лифтке деген талапта артады. Лифт
қондырғысының сапасына үш фактор әсер етеді, олар: лифттердің жасалуы,
монтаж және олардың пайдалануы. Өнеркәсіптік, сауда, курорттық және тағы
басқада ғимараттардың өсуіне байланысты лифттерді адамның белселігіндегі
мағынасы өседі. Ондаған миллион адам лифтті күнделікті пайдаланады.
Сонымен лифт дегеніміз адамдардың түсіп және көтерілуіне арналған
транспорттық құрылғы, және жүктің бір жерден екінші жерге жетуі кабинада
жүргізіледі, қозғалыстағы жылжымайтын тік қатты бағыттайтын, барлық
жерінен қорғалып орнатылған шахтада, электр қозғалтқыш немесе редуктор
арқылы қозғалысқа келетін, көтергіш механизм. Электр жетекпен және
арқанға ілінген кабина лифттері кең қолданылыды.
Соңғы жылдары лифттер автоматтандырудың ең жоғарғы дәрежесімен
орындалады. Олар өзінің қолдану қолайлылығымен, жайлылығымен және

қауіпсідігімен
ерекшеленеді.
Тек
электр
жетегі
ғана
қазіргі

лифттердің жоғарғы талаптарына сәйкес келеді.
Алғашқы лифт туралы римдік архитектор Вструвий жазған. Ресейде
лифттерді XVII ғасырда қолданып бастаған. 1795 жылы И.П. Кулибин
винттік жолаушы лифттің құрылысын ойлап тапты.
XX ғасырдың басында электрлік лифттер қарқынды дами бастады. XIX
ғасырда жүк шығырдың пайда болуы лифттердің құрылысының қарқынды
дамуына маңызды әсерін тигізді.
Осы құрылғыда көтеру күші үйкеліс арқылы жүргізіледі. Бұл
лифттердің қауіпсіздігін ұлғайтты. Жүк шығыр өнертабысы лифттердің
шексіз биіктікке көтерілуіне мүмкіндік берді. Біздің елімізде лифт құрылысы
1917 жылдан бастап дами бастады.
Үлкен қалалардың өсуі, көп қабатты ғимараттардың салынуы еліміздегі

лифт парктерінің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Шығарылған лифт

сандарының көбеюіне байланысты олардың құрылысы да дами түседі.

1 Негізгі бөлім

1.1 Дипломдық жұмыстың тақырыбын техника-экономикалық
негіздеу

Дипломдық жұмысқа лифт қондырғыларын ПБ 10-558-03 қауіпсіздігі
бойынша европалық стандартқа келтіру үшін жолаушылардың қауіпсіздігін,
лифттің аялдамада тоқтау дәлдігін жоғарылату мәселелері негіз болады.
Лифттер паркінде лифт механизмдерін модернизациялауда, олардың
металл құрылыстарын, лифт кабинасын және қарсы жүкті өзгертпестен электр
жетегін жетілдіру ғана қарастырылады.
Қазақстанда қолданылатын лифттердің көпшілігі тұрақты токты немесе
көп жылдамдықты асинхронды электр қозғалтқыштармен қозғалысқа келеді,
ал басқару жүйелері релелі-контакторлы, ал қозғалтқышты электр жүйесіне
қосу кедергілер арқылы немесе тікелей қосу. Сол себепті лифт электр жетегін
баяу қосу қажет.
Қазіргі кезде шет елдерде, біздің елімізде де лифттерге реттелетін
электр жетектері қолданылып, лифттердің сипаттамасын жоғары көтеретін
микропроцессорлы басқару жүйелері енгізілуде.
Осы дипломдық жұмыста Щербі лифт шығаратын зауытта жүк
көтергіштігі 630 кг, номиналды жылдамдығы 1,6 мс екі жылдамдықты
асинхронды электр жетегімен қамтылған ПП-0611 лифт электр жетегін
жетілдіру қарастырылған.
Жұмыстың негізгі мақсаты осы ELDIN маркалы екі жылдамдықты
асинхронды электр жетекті, бір жылдамдықты 5AM132M443 маркалы

асинхронды электр қозғалтқышын
Emotron VFX 2.0

жиілік

түрлендіргішімен басқарылатын электр жетекке ауыстыру қарастырылған.

1.2 Біржылдамдықты электр жетек

Бұл лифт жетектерінің ең қарапайымы және жылдамдығы 0,6 мс
лифттерде ғана қолданылады. Мұнда сырғуы үлкен, іске қосу моменті
жоғары, іске қосу тоғы төмен электр қозғалтқыш қолданылады. Электр
қозғалтқыш электр желісіне тікелей қосылады. Үдеу мен жұлқу электр
қозғалтқыш инерциясынан маховикті массалар қосады. Бұл кезде лифт электр
жетегінде шығындар көбейіп, п.ә.к. азаяды.
Мұндай жүйелердің кемшіліктері:
— іске қосуы мен тежеуі баяу емес;
— іске қосу тоғы жоғары;
— аялдамаларда тоқтау дәлдігі төмен;
— энергия жоғалтуы жоғары.

1.3 Екі жылдамдықты жетек

Екі жылдамдықты асинхронды электр жетекті лифтке жатықталған.
Оның статорында екі жинақты орамдар шығады және жұмысы полюстер
санын өзгертуге негізделген. Біздің ПП-0611, жүк көтергіштігі 630 кг,
қозғалыс жылдамдығы 1,6 мс лифтте қуаты 8,5 кВт жылдамдықтары 1500375
айнмин асинхронды екі жылдамдықты электр қозғалтқыш қолданылады.
Екі жылдамдықты лифт жүйесі реттеледі деп есептеледі, өйткені лифт
қозғалысы қозғалтқыштың екі жылдамдығымен іске асады және кернеу көзіне
тікелей қосылады.
Бұл жүйенің кемшілігі:
— іске қосылуы мен тежелуі баяу;
— іске қосу тоғы жоғары;
— аялдамаларда тоқтау дәлдігі төмен;
— энергия жоғалтуы жоғары.
Кернеу реттеу жүйесі.
1980 жылдың ортасынан басталды. Ол статорға қарама-қарсы параллель
қосылған тиристорлар арқылы жүзеге асады.
Бірақ асинхронды электр қозғалтқыштың қорек кернеуінің шамасы
азайғанда, оның айналдыру моменті төмендейді және төменгі кернеуде
гармоникалық құрамы нашарлайды.
Бұл жүйенің кемшілігі:
— іске қосуы мен тежеуі баяу;
— электр қозғалтқыштың қатты қызуы, оған арнайы салқындатқыш
қажет;
— электр энергия шығыны көп.
Мұндай жүйені лифт электр жетегінде қолданса, оның динамикалық
сипаттамасы нашарлайды, соның әсеріне аялдамаларда тоқтау дәлдігі төмен.
Кері байланысты басқару жүйесін құруды талап етеді.

1.4 Кернеу мен жиілікті реттеу

Мұндай жүйелерде асинхронды электр жетегін кернеу мен жиілікті
реттейтін инверторлары бар жүйелер қолданылады.
Мұндай жүйелері бар электр жетегі кез келген жылдамдықта керек
моментті тудыра алады және шетелдік лифт механизмдерінде кеңінен
қолданылады. Олар Коnе, Otis, Schindler, Thyssen маркалы лифттер. Мұнда
жоғары жылдамдық, баяу іске қосу және тежеу, жоғары тоқтау дәлдігі іске
асады. Іске қосу тоғыда төмен.
Лифт электр жетегі ретінде жиілік түрлендіргішті қолданғанда мынадай
артықшылқтар болады:
— тоқтау дәлдігі +-5 мм;
— лифт кабинасы ешқандай жұлқусыз қозғалыста болады;
— сапалы, әрі жайлы жүріс;

— лифт шусыз жұмыс істейді;
— лифттің жұмыс істеу бағдарламасы өзгертіліп тұрады;
— сенімділігі жоғары;
— лифт механизмдерінің тозуы азаяды.
Қондырылған микропроцессорлық технология лифттің жұмыс тоқтауын
азайтады, оның сипаттамаларын жақсартады, бұзылу себептеріне диагностика
қойып, орынсыз істен шығуын азайтады.

1.5 Лифт басқару жүйесіне қойылатын техникалық талаптар

Лифтті басқару жүйесіндегі негізгі шарттар төмендегідей:
— электр жетегін ток жүретін бөліктерінің қосылуы тежеуді албаты
қосуды немесе лифт тоқтаған кезде албаты ажыратылуын шектеу қажет;
— жылдамдығы 0,63 мс лифттің қозғалысын 0,4 мс дейін төмендету
мүмкіндігі;
— кабинаның электр жетегі токтан ажыратыдған кезде механикалық
тежеу қосылуы қажет;
— лифтті электрмен қамту ажыраған кезде электр жетегі автоматты
басқару жүйесінде кернеуден ажырау қажет;
— электрмен қамту кезінде лифт кабинасы тек автоматты басқару жүйесі
қосылғаннан кейін қозғалысқа келу керек;
— лифт кабинасының есігі жүріс кезінде әр уақытта жабық, оның ішінде
кабина жүнінен сигнал беретін қондырғы болуға тиіс;
— электр қозғалтқышты, механикалық тормозды, қауіпсіз электрлік
қондырғылары тек электр тізбегін ажыратуға жұмыс істеу керек;
— электр қозғалтқыштар аса жүктемеден, қызудан сақтандырылған болу
керек;
— лифттің жылдамдығы қалыпты жылдамдықтан 15% аспауы қажет;
— лифт кабинасының автоматты тоқтау дәлдігі +-35 мм аспауы керек.

1.6 Лифт сипаттамасы және оның қызметі

ПП-0611 жолаушылар лифтінің жүк көтергіштігі 630 кг, шахта өлшемі
1850×2550 мм, кабина есігі — 800 мм, өтке тұрақтылығы ЕI-30, 16 аялдама.
Жарықтандыру люминиценттік шамнан құралған.
Лифт адамдарды көтеріп түсіру үшін жасалған. Жеке жағдайларда
адамның қатысуымен жүк тасылуы мүмкін, бірақ оның габариті мен салмағы
шектен аспау керек, ішкі электр құрылғыларға зияны тимеу қажет.

1.7 Лифттің құрамы мен құрылымы

Лифт шахтада және машина бөлімінде орналасқан негізгі
қондырғылардан тұрады. Машина бөлімі мен шахта құрылыстық құрылысы
жасалған (қаланған кірпіштер, құйылған бетондар және т.б.).

Лифттің негізгі бөліктері: лебедина, кабина, қарсы жүк, кабина мен
қарсы жүкті бағыттайтын қондырғы, шахта есіктері, жылдамдық шектеуші,
электрқондырғылар және кабельдер. Лифттің жалпы көрінісі 1.1 суретте
көрсетілген.

Сурет 1.1 — Лифттің жалпы көрінісі

Жолаушыларды және жүктерді тасу тікелей қозғалатын кабинада іске
асады. Кабина мен қарсы жүк қозғалысы машина бөлімінде орналасқан
лебедка арқылы темір арқанмен жүргізіледі. Сол бөлмеде жылдамдық
шектегіш, басқару қондырғысы, лифтті кернеуге қосатын жабдықтарда
орналасқан. Шахтаның төменгі жағында темір арқан тартқыш жылдамдық
шектегіштің қондырғысы, кабина мен қарсы жүкке арналған буфер
орналасқан. Лифт кабинасына кіріп-шығу үшін шахта жарында есікпен
жабылған тесіктер жасалған. Шахта есігі тек жанына лифт келгенде ғана
ашылатындай етіп есік жетектері құрылған.

1.8 Лифттің жұмыс істеу принципі

Лифттің жұмыс істеу принципі келесідей шартпен орындалады: басқару
қондырғысына шақыру сигналынан импульс түседі де есік ашылады, егер
кабина сигнал жіберілген аялдамада тұрса, онда есік сол аялдамаға келгенде
ашылады, ал кабина басқа жақта болса, электр қозғалтқышқа кернеу беріліп,
тормоз ашылады да кабина шақыртқан аялдамаға кетеді.
Негізгі жетектің қалыпты режимде жұмыс істеуі: басқару
қондырғысынан жиілік түрлендіргішке қозғалыс бағыты бойынша сигнал
түседі де, қосқыш арқылы электр қозғалтқыш жиілік түрлендіргішке

қосылады. ЖТ ішкі контактілер арқылы жиілік түрлендіргіш жұмысқа дайын
болады. Электр қозғалтқышқа момент туғызатын сигнал барады, ол белгілі
мәніне туғызатын сигнал барады, ал белгілі мәніне жеткенде, механикалық
ашылып, ЖТ жылдамдық деңгейі туралы сигнал келеді, осы сигналдан кейін
ЖТ электр қозғалтқыш орамында керекті кернеуді жеткізіп, лифт кабинасы
жұлқусыз баяу іске қосылып, негізгі жұмыс жылдамдығына дейін қозғалысқа
келеді. Лифт кабинасы жүрген кезде баяулату датчигін басқанда, ЖТ
жылдамдықты төмендетуге сигнал келеді, лифттің жүрісі ақырындайды, ал
лифт тура тоқтау датчигін басқан кезде, басқару қондырғысынан ЖТ электр
қозғалтқышты тоқтатуға, тежегішті қосуға сигнал келіп, лифт кабинасы
керекті аялдамада дәл тоқтайды. Үдеу және баяулату датчиктері әр қабаттың
арасында орналасқан, лифт жоғары көтерілгенде, жылдамдықты жоғары
баяулатуға, лифт төмен түскенде төменге баяулатуға қосылатындай
орналасқан (1.2 сурет).
1.2 суретінде жылдамдықты баяулату шунттары 1,6 мс 0,5 с
ауысатындай орналасады. Екінші импульсте лифт дәл тоқтайды.

Сурет 1.2 — Шунттардың қабат аралықтарында орналасуы

Лифт тоқтаған кезде ЖТ басқару қондырғысынан сигнал барады да
механикалық тормоз іске қосылады, электр қозғалтқыш жиілік
түрлендіргіштен ажыратылатын сигнал келеді. Барлық басқару сигналдары
ЖТ алынады. Осымен негізгі электр жетектің жұмыс циклі бітеді. Кабина
тоқтайды, есік жетектері іске қосылып, лифт кабинасы мен шахта есіктері
ашылады.
Батырма орнынан шақыру сигналы келгенде есіктер жабылып, кабина
шақыру сигналы келген аялдамаға жетеді. Адамдар шыққасын есіктер
жабылып, лифт кабинасы келесі шақыру сигналы келгенше сол жерде тұра
береді.

1.9 Лифттің негізгі бөліктері, жұмысы

Лебедка. Лебедка машина бөлмесінде орналасқан және ол лифт
кабинасы мен қарсы жүкті жүргізуге арналған.
Лебедканың негізгі құрамы: электр қозғалтқыш, тежегіш, рама, рама
тұратын құрылысы, амортизатор. Бұл элементтердің барлығы рамаға
орнатылып, рама тұратын құрылысқа амортизатор арқылы бекітілген. Лебедка
редукторлы. 1.3 суретте OTIS лебедкасының жалпы суреті көрсетілген.

1 — электр қозғалтқыш, 2 — тормоз, 3 — рама, 4 — КВШ, 5- шығару блогы,
6 — раманың астыңғы бөлігі, 7 — амортизатор, 8 — раманың астыңғы бөлігі,
9 — редуктор.
Сурет 1.3 — OTIS лебедкасы

Кабина. Лифт кабинасы шахтада темір арқанға ілінген және жүк,
жолаушылар тасуға арналған. Кабинаның іші жарықтандырылған. Ішіндегі
ауа желдеткіш арқылы тазартылып тұрады.
Тосқыштар (уловители) кабинаны тура, дәл тоқтату үшін және кабина
төмен қозғалғанда жылдамдығын тежеу үшін қажет. Тосқыштар
жылдамдықты шектегішпен бірге жұмыс істейді және лифттің негізгі
бөліктерінің бірі болып табылады.

Кабина есіктері:

Есік жетектері есіктерді аялдамаға жеткенде

автоматты түрде ашып-жауып отырады және оның басқару жүйесінде реверс
бар.
Есіктерді автоматты басқару блогінің төмен жағында жалғағыштар
орналасқан, оған лифтті басқару станциясы, электр қозғалтқыш,
таходатчиктер қосылады. Жалғағышқа 5 бума қосылады.
Біріншісі — күштік, басқару станциясын 220 В айнымалы электр
тоғымен қамтиды, екіншісі — электр қозғалтқышты 220*3 айнымалы үш
фазалы кернеуге қосады, үшінші және төртінші бумалар — басқару станциясын
+ 24В-пен қамтиды, бесінші бума — ЕАББ мен таходатчикті қосу үшін
тағайындалған. 1.4 суретте ЕАББ сұлбасы көрсетілген.

Сурет 1.4 — Есіктерді автоматты басқару блогінің сұлбасы

Есіктердің ашылуы келесідей алгоритмдермен іске асады. ЕАББ басқару
станциясынан есіктерді ашуға сигнал түседі, ол сигнал белгілі бір
бағдарламамен есік электр жетектеріне кернеу беріп, есіктер толығымен
ашылады, ал ЕАББ өзіне түскен сигналды тексеріп, салыстырып, егер ол
сигнал толық болса, онда есікті жабуға сигнал беріледі де, есіктер жабылады.
Есік электр жетектері аз жылдамдық пен айналады, 220 В кернеуден
қорек алады, басқарылуы бағдарламаланған. Жұмыс істеу принциптерінің
барлығы ойластырылып, ЕАББ енгізілген.
Шахта есіктері. Шахта есіктері лифтті қауіпсіз пайдалану үшін, әрі
лифт шахтасына кіргізбеу үшін қажет. Шахта есігі екі бөлікті, автоматты
ашылып, жабылады. Жүрісі ыңғайлы болу үшін рамаларға дөңгелектер
арқылы бекітілген.

Қарсы жүк. Жылдамдық шектегіштер. Қарсы жүк лифт кабинасының
салмағын теңгеріп тұру үшін қажет. Қарсы жүк шахтада орналасқан және
арқан темір арқылы ілінген және тоспа арқылы қарсы жүк кабинаны және
қарсы жүкті тұрақтандырады.

1.10 Электр қозғалтқыштың параметрлерін есептеу

ПП-0611 маркалы лифтте екі жылдамдықты 9676АХ37-Т типті ELDIN
маркалы электр қозғалтқыш қондырылған.
Қозғалтқыш берілгендері:
Қуаты: 8,52,1 кВт;
Кернеуі:L 220380;
Айналу жылдамдығы: 1500375 айнмин;
cosφ=0,79;
Оқшаулау классы: F-1550C;
Қорғау: IP11;
Желі жиілігі: 50Гц.
Бір жылдамдықты электр қозғалтқышты таңдап, қуатын есептейміз.
Электр қозғалтқыш қуатын есептеу.
Есептеуге төмендегі берілгендер қолданылды:
m = 300 кг — теңгерілмеген қарсы жүк салмағы;
V = 1,6 мс — кабина қозғалысының номиналды жылдамдығы;
η1 = 0,86 — қозғалтқыштың п.ә.к.;
η2 = 0,7 — редуктордың п.ә.к.;
Электр қозғалтқыштың қуатын есептейміз:

P

m g V
1 2

.

(1.1)

P

300 9,811,6
0,86 0,7

7820Вт 7,82

Электр қозғалтқыш жылдамдығын есептеу
d = 0,77 м, — темір арқан тартатын шкифтің диаметрі;
i = 50 — редуктордың береліс қатынасы;
V = 1,6 мс — кабина қозғалысының номиналды жылдамдығы.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден электр қозғлтқыштың айналым
санын есептеу:

n

i 60
D

(1.2)

n

50 60
3,14 0,77

1241

Электр қозғалтқштың моментін есептеу
0 = 850кг- бос кабина салмағы;
Gн = 630кг- лифттің жүк көтергіштігі;
Mкш = 71кг- темір арқан тартатын шкифтің массасы.
Электр қозғалтқыштың максималды моменті төмендегі формауламен
есептеледі:

M max M cн M дин,

(1.3)

мұнда Мсн — статикалық максималды момент;
Мдин — динамикалық момент.

Mmax 16,6 20,1 36,7 .

Номиналды статикалық моментті төмендегі формуламен есептейміз:

M c (G G ) ,

(1.4)

(

Қарсы жүк салмағын есептейміз:

)

Gпр G0 Gн ,

Gпр 850 0,5 630 1165

Лифттің жұмыс істеу циклін λ = 0,5 деп қабылдаймыз.

(1.5)

н

,

(1.6)

Динамикалық моментті төмендегі формуламен есептейміз:

M дин J

d
d t

J қос ,

Mдин 0,134 150 20,1
(1.7)

(1.8)

0,01

Жылдам лифттерге a = 1,5 мс2 деп қабылдаймыз.
Инерцияның суммарлық моментін есептейміз:

J J J (m0 m ) 2 m 2.

(1.9)

мұндағы

Jдв 0,04 кг м2

— электр қозғалтқыштың инерция моменті.

J 0,04 0,004 0,05 0,04 0,134 кг м2

Темір арқан тартатын

шкифтің

инерция

моментін

төмендегі

формуламен есептейміз:

J кш

mкш R 2
i 2

,

(1.10)

Jкш

71 0,15
2

0,004 кг м2.

1.11 Электр қозғалтқышты таңдау

Төменгі шарттарға сай элекр қозғалтқыш таңдаймыз:

1.
Мн.қ = Мсн∙К, К=1,7 — эксплуатация шартының нашар жағдайына

есептелген коэффициент;
2. Мmax.дв Мmax;
3. Рқ = Р;
4. nқ=n.
Каталогтан 5АМ132М4У3 маркалы электр қозғалтқышты төменгі
параметрлермен таңдаймыз:

50

Номиналды қуаты, кВт- 11;
Номиналды айналу жылдамдығы, айнмин — 1460;
Пайдалы әсер коэффициенті, % — 87,5;
Қуат коэффициенті — 0,87;
380 В кернеуде номиналды ток, А — 22;
Номиналды моменті, Нм — 72;
Механикалық сипаттама индексі — 1,7;
Іске қосу моментінің номиналды моментке қатынасы — 2,2;
Іске қосу тоғынің номиналды токқа қатынасы — 7,5;
Максималды моменттің номиналды моментке қатынасы — 3;
Ротордың динамикалық инерция моменті, кг⋅м2 — 0,04.

1.12 Жиілік түрлендіргіштерге қойылатын талаптар, шолу және
таңдау

Түрлендіргіштерге қойылатын талаптар:
а) Жиілік түрлендіргіштің номиналды қуаты электр қозғалтқыштың
номиналды қуатынан жоғары болу керек.

Pн.пр Рн.қ.

(1.11)

б) Жиілік түрлендіргіштің максималды тоғы электр қозғалтқыштың
максималды тоғынан үлкен немесе тең болу керек.

Imax.пр. Imax.қ.

(1.12)

в) Жиілік түрлендіргіштің номиналды кернеуі желі кернеуіне тең болуы
қажет:

U н.пр. U c

г) Түрлендіргіштің жылдамдық ауқымы:

(1.13)

D

max
min

(1.14)

Жиілік түрлендіргіштер энергияны желіге қайтару үшін екі құрамдас
болу керек.

1.13 VFX 2.0 сериялы EMOTRON жиілік түрлендіргіштері

VFX 2.0 — сериялы жиілік түрлендіргіштер асинхронды электр
қозғалтқыштардың жылдамдықтарын оқиғалы (жоғары дәлдікпен) реттеуге

арналған жиілік түрлендіргіштердің әмбебап сериясы. Мұнда электр жетектің
жылдамдығын реттеу технологиясы қозғалтқыштың моменті мен магнит
өрісін тура басқаруға негізделген. Бұл технология VFX 2.0 жиілік
түрлендіргіштері жоғары динамикалы механизмдерді басқаруға арналған.
Моментті жылдамдықты тура, дәл және жұмсақ реттеуді біріктіру VFX

2.0 сериялы жиілік түрлендіргіштер қымбат
құрылым
мен
электр

қозғалтқышты жетектерге баламалы болып келеді.
VFX 2.0 жиілік түрлендіргіштері IP54 стандартта жасалған және қуаты
0,75 132 кВт дейін. Қуаты 132 кВт жоғары жиілік түрлендіргіштерге IP54
арнайы сұраныспен жасалады.
Онда:
— тежеу бөлігі;

— электр қозғалтқышты
жақсы ойластырылған температуралық

қорғаныстан (1 дана РТС немесе 3 датчик РТ100) тұрады;
— кран әшекейлері;
— энкодер жылдамдық өлшегішті қосу мүмкіндігі;
— RS232, RS485, Profibus, DeviceNet, Ethernet, Modbus протоколдары;
— қосымша қоректендіру платасы;
— басқару панелін шкаф есігіне жинақтау;
— сумен салқындату.
Осы сериялы жиілік түрлендіргіштердің негізгі артықшылықтары:
— векторлы басқару;
— моментті тікелей басқару (DTC — технологиясы);
— ішінде қойылған ПИД реттегіші;
— электр қозғалтқышты датчик ретінде қолдану;
— іске қосылған электр қозғалтқышты іліп кету.
Максималды моментті үлкейтуі номиналды моменттен 400% дейін.
Айналу жылдамдығын өлшеу дәлдігі жылдамдығы 1480 айнмин болғанда +-2
айнмин болып келеді, яғни жылдамдыққа кері байланыс керек емес.
Ішінде сүзгіш орнатылған;
Қуаты үлкен ЖТ көлемі жағынан 30-50% кішірейтілген;
Жылдамдық датчигін қою мүмкіндігі бар;
Күйге келтіру функциясы жиілік түрлендіргішті іске қосу уақытын
азайтады.
Векторлық тежеу тежеуге қосымша электрониканы талап етпейді;
Жергілікті және сырттан басқару электр энергиясын тұтыну
оңтайландыру;
Қосымша жалған алдын ала сақтандыруды ескеретін жылдам функция
бар;
Жаңа ақпаратты қамту;
RS232, RS485 итерфейстері, Profibus, Devicenet, Ethernet, Modbus
протоколдарын қолдануға болады;
Конвейер, грейферлер, крандар жетектерін басқаруды контроллерге
жүктеу;

Дифференциялды аналогты кірістер;
Қосымша виртуалды кірістер мен шығыстар және қосымша таймерлерге
негізделген функциялардың көбеюі.
Негізгі сипаттамалар 1.1 кестесінде көрсетілген.

Кесте 1.1 —

ЖТ Emotron VFX негізгі сипаттамалары

1.14 SJ100 сериялы HITACHI жиілік түрлендіргіштері

Ерекшеліктері:
— ықшамды;
— қуаттар ауқымы — 0,2-7,5 кВт;
— кең қолданудың бір текті модулі;
— CE,UL, c-UL, cTick и CSA дүниежүзілік стандарттарына сәйкес келуі;
— RS422 интерфейсі Profibus, Modbus және т.б. стандартты желілеріне
қосылуға мүмкіндік береді;
— қондырылған PID-реттегіші;
— сенсорсыз векторлы басқару;
— электр қозғалтқышқа автоматты сәйкестендіру;
— іске қосу моменті 200%;
— электронды потенциометрі бар режимі;
— қондырылған потенциометрі бар сандық дисплей.
Негізгі сипаттамалары 1.2 кестесінде келтірілген.

Кесте 1.2 — SJ100 сериялы HITACHI жиілік түрлендіргіштерінің негізгі
сипаттамаларыҚорғаныс
функциялары
Асқын жүктеме тоғынан қорғану, жоғары және төмен
кернеулерден, қызудан, қысқа тұйықталудан.
Қоршаған орта
температурасы
-10 — +40 °С дейін жұмыс істейді, бірақ бұл кезде ШИМ
жиілігі 2кГц дейін, ал электр қозғалтқыштың тоғы
инвертор тоғынан 80% аз болу керек.
Ауа
ылғалдылығы
20-90%, конденсатсыз
Дірілдеу деңгейі
5,9 дБ көп емес, 10-55 Гц кезінде
Пайдалану
жерлері
1000 м-ден жоғары емес биіктікте, шаң мен газ тоттанудан
бөлек бөлмеде
Қосымша
қамтулар
Қашықтықтан басқару пульті, көшіру қондырғысы, ДБ
пультіне кабель, жиілік дроссель, кедергі болатын сүзгі,
шығыс дроссель
Қорек көзі
-1 фаза 200В — 10% ~ 240B + 5%, 50, 60 Гц +- 5% — 3
фаза 380В — 10% ~ 460B + 10%, · 50, 60 Гц +- 5%
Шығыс кернеуі
3 фаза 0В қорек кернеуіне дейін
Шығыс жиілігі
0,5 — 360 Гц

1.15 Atv71 сериялы Altivar жиілік түрлендіргіштері

Altivar 71 сериялы жиілік түрлендіргіштер әртүрлі электр қозғалтқышты

басқарудың әртүрлі
заңдылықтарына, көптеген функционалды

мүмкіндіктеріне негізделген. Бұл жиілік түрлендіргіштер электр жетектердің
төмендегідей күрделі есептерін шешуге арналған:
— өте төменгі айналыста жоғары дәлдік пен үлкен момент және магнит
ағынын әртүрлі алгоритмді векторлы басқарумен жетектің динамикалық
сипаттамаларын жақсарту үшін;

— жоғары жылдамдықты
электр қозғалтқыштар
үшін жиіліктің

кеңейтілген ауқымы;
— электр қозғалтқыштарды параллель қосу және скалярлы заңдылықты
пайдаланатын арнайы жетектер үшін;
— жылдамдықты дәлдікпен ұстау және ашық тізбекті синхронды
қозғалтқыштарға энергия үнемдеу;
— баяу, соққысыз әртүрлі механизмдерді адаптациялау жүйесі арқылы
басқару (Energy Adaptation System — ENA);
Altivar 71 жиілік түрлендіргіші электр қозғалтқыштардың үздік
басқаруға және әртүрлі машиналардың өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік
береді, ерекшеліктері:
— ыңғайлы қозғалу үшін тежеуді басқару;Жиілік дәлділігі
Сандық қондырғыда: +- 0,01%, -аналогті қондырғыда:
+- 0,1%
Жиілікті өзгерту
ауқымдары
Сандық қондырғыда: 0,1 Гц — аналогті қондырғыда:
максималды жиілік1000
Кернеужиілік
сипаттамлары
— тұрақты момент, — сенсорсыз векторлы бақылау, —
төмендеген момент, жоғары қосу моменті
Ток бойынша аса
жүктеме
60 сек бойынша номиналды токтан 150% пайыз ток
Үдеу және баяулау
уақыты
0,1 — 3000 сек дейін әртүрлі процесстерге
сәйкестендіріледі
Іске қосу моменті
Номиналды моменттен 150% және көп
Тежеу
Генераторлы, динамикалық, программаланатын
параметрлермен
Қорғау функциялары
Асқын жүктеме тоғынан қорғану, жоғары және төмен
кернеулерден, қызудан, қысқа тұйықталудан.
Қоршаған орта
температурасы
-10 тан +40 °С-қа дейін жұмыс істейді, бірақ бұл кезде
ШИМ жиілігі 2кГц дейін, ал электр қозғалтқыштың
тоғы инвертор тоғынан 80% аз болу керек.
Ауа ылғалдылығы
Конденсатсыз 20-90%
Дірілдеу деңгейі
5,9 мс2-тен көп емес, 10-55 Гц

— салмақтық датчиктің сигналын талдау;

— EN 81-13-2-2-3 лифттерге арналған нормаға
сай
релелерді

тағайындау;
— CANopen шинасына қосылу;
— шығыс контактордың жұмысын бақылауды басқару;
— жолаушыларды кабинадан шығару функциясы.

Кесте 1.3 — Altivar 71 жиілік түрлендіргіштердің негізгі параметрлері

Жиілік түрлендіргіштердің параметрлеріне, негізгі және қосымша
функционалды мүмкіндіктеріне байланысты VFX 2.0 сериялы Emotron жиілік
түрлендіргішін таңдаймыз.Шығыс жиілік ауқымы
Гц
0 — 1000 дейін
Конфигурирациялау
коммутация жиілігі
кГц
4 кГц — тұрақтанған режимде қуаты
азаймайды. 1-8 дейін, 2,5- 8 дейін немесе
1- 16 дейін күйге келеді
Жылдамдық ауқымы

D = 1000 импульсті датчигі бар тұйық жүйе
үшін, D = 100 — ашық жүйе үшін
Моменттің 0,2 Мn-ден Мn-
ге дейін өзгергенде
статикалық дәлдігі

+- 0,01 % — тұйық тізбек үшін, номиналды
жылдамдық үшін, +- 10 % ашық жүйе үшін
Моментті тұрақтандыру
дәлдігі

+- 5 % тұйық жүйеде, +- 15 % ашық жүйеде
Максималды момент

номиналды моменттен — 170 %, 60 с ішінде,
220 % — 2 с
Тежеу моменті

Тежеу кедергісіз номиналды моменттен
30%, тежеу кедергісімен — 150%
Өтпелі максималды ток

Номиналды токтан 60 с ішінде 150 %,
165 % — 2 с
0 Гц-те тұрақты момент

Altivar 71 ұзақ уақытта номиналды тоқты
ұстап тұра алады
Асинхронды электр
қозғалтқышты басқару
заңдылықтары

Магнит ағынын кері байланыспен векторлы
басқару, кері байланыссыз, векторлы
басқару, кернеужиілік заңдылығы, ENA
жүйесі
Жиілікті реттеу контуры

Механизмдерге арналған құрылысы
басқарылатын ПИ-реттегіш
Желі кернеуі
Кернеу
В
380 дейін 15 %, 480 дейін + 10 %,

Жиілігі
Гц
50 — 5 %, 60 дейін + 5 %
Шығыс кернеуі

Максималды керенуі кіріс кернеуге тең
Жиілік түрлендіргіш шуы

86-188EEС нұсқауына сәйкес — 55,6

1.16 Электр жетегін басқару шкафы

Бұл басқару шкафы жылдамдығы 1,6 мс дейінгі тұрғын үй және
көпшілік мекемелеріне, 16 рет аялдайтын арналған лифт электр жетегінің
шкафы. Шкафтың функциясын өзгерту ішіндегі және сыртындағы
элементтерді ауытру мен және басқа программамен қамтамасыз етуді өзгерту
қажет.
Лифттің есігін автоматты басқару үшін реттелмейтін электр жетегін
немесе БУАД типті реттелетін электр жетегін пайдалану қажет. Осы жиілік
түрлендіргішпен 6 лифтке дейін, артық басқару элементтерін пайдаланбастан
басқаруға болады.
Шкафтың күштік бөлігі, жүк көтергіштігі 630кг дейін лифттерді басқару
үшін пайдалануға болады.
Лифтті басқаратын шкафтың қалыпты жұмыс істеуі төмендегідей
қоршаған орта шартында іске асады:
— теңіз деңгейіне биіктігі 2000 м дейін;
— ауа қысымы 78,3 — 106,7 кПа дейін;
— қоршаған орта температурасы 5 — 35°С дейін;
— қоршаған орта ылғалдылығы 20°С 60%.
Шкафтың техникалық сипаттамасы
Қорек желісі — бос өткізгішті үш фазалы айнымалы желі, TN-S — жүйесі,
қорек кернеуі 380 +-3857 В, жиілігі 50 Гц.
Қауіпсіздік аппараттарының, шахта есіктерінің электр жетегінің тоғы
40А;
Апаттық жарықтандыру — 12В, 1А;
Лифттің қалыпты жылдамдығы — 1,6 мс;
Аялдама саны — 16.
Шкаф лифттің төмендегідей жұмыс режимдерін қамтамасыз етеді:
— қалыпты жұмыс режимі;
— тексеру режимі;
— машина бөлмесінен басқару режимі;
— жүктеу режимі;
— апаттық режимі;
— тексеру және апаттық режимі;
— бақылау режимі;
— жолаушыларды көшіру режимі.
Сонымен қатар шкаф лифттің сол кездегі жұмыс режимін, лифт
кабинасының машина бөліміндегі орналасуын, лифттің ішіндегі және
отыратын қабатын, қосылатын релелердің және бақылау қондырғыларын
индикациялап көрсетеді.
Шкаф лифт шахтасымен кабинаны автоматты басқару режимдерін
қамтамасыз етеді.
Шкафтағы монтаждау, іске қосу, тексеру жұмыстары ЕИЛА.
656126.465-02(БН) дәлдеу блогымен іске асырылады.

БН жұмыс істеу тәртібі, құрылысы ЕИЛА. 656126.465-02 ПС
жоспарында көрсетілген.
Шкаф құрамы:
Шкаф төмендегідей негізгі бөліктерден тұрады:
— А1 басқару пільті;
— А2 апаттық жарықтандыру қондырғысы;
— А3 лифт контроллерінің платасы;
— А4 матрица, қорек көзі және қорғау платасы;
— А5 — тежеу платасы;
— А6 — реле пратасы;
— күштік қосқыштар;
— жұмыс режимін реттеу түйіні;
— шкафтың жұмыс істеуі және құрылысы;
— құрылым жасалуы.
Бір жақты қызмет атқаратын шкаф ілінетін немесе жерге қойылатын
болып жасалады:
х 750 х 200 мм (ілінетін түрі)
х 750 х 200 мм (жерге орнатылатын түрі).
ПКЛ32 контроллері шкаф ішінде орнатылады және оған XS1, XS2
жалғағыш қосылады. XS3, XS4, XS6 жалғағыштары автоматтандырылған
диспетчерді, мәнерлеу және лифтті топқа қосу үшін қолданылады.
Лифт кабинасының орналасуы контроллердегі жеті сегментті
элементтен тұратын индикаторда көрсетіледі.
Шкафты лифттің сыртқы электр қондырғыларына қосу шкафтағы
клеммниктер арқылы жүзеге асады.
Шкафтың негізгі функциялары:
— берілген бағдарламалық қамтамасыздау алгоритмі бойынша жұмыс
режимін таңдау;
— лифттің жұмысын және лифтті қабылданған жұмыс режимдерімен
жұмыс істеуін бақылау мен индикациялау;
— лифт жұмысын қауіпсіздендіретін аппараттарды бақылау;
— шахтаға рұқсатсыз кіруді бақылау және лифттің тұрған жерін
анықтау;
— лифт механизмдерін жұмыс істететін жетектерді басқару;
— лифт кабинасын жарықтандыруды қамтамасыз ету;
— диспетчер сигналдармен алмасуды және телефон байланысын
қамтамасыз ету.
Жұмыс режимдері:
Шкаф лифттің негізгі және қоысмша жұмыс режимдерін қамтамасыз
етеді. Лифттің негізгі жұмыстары SA1 бір қосқышы мен матрицаға қосу
арқылы іске асады.
Негізгі жұмыстары:
Қалыпты жұмыс — лифтті аялдамадан және кабина ішіндегі пернелер
арқылы басқару;

Жүктеу — лифт кабинасының ішінен басқару;
Машина бөлмесінен басқару — ЖОҒАРЫ, ТӨМЕН, ДӘЛ ТОҚТАУ,
ТОҚТАУ — батырмамен басқару;
Ревизия лифтті кабина төбесіндегі ЖОҒАРЫ, ТӨМЕН және КБР
кнопкаларымен басқару;
Авария — ЖОҒАРЫ, ТӨМЕН, ДЕБЛОКТАУ — шкаф ішіндегі
кнопкалармен басқару;
Бақылау — лифтті диагностикалап, параметрлерін қоюға арналған.
Қосымша жұмыс режимдері:
Қасында адам бар ауруды тасу — ол әдейілеп жасалған, қалыпты
жұмыс режиінен шақыру кнопкасы арқылы кез-келген этажға тоқтау.
Өрт қауіпі — бұл режимде Қалыпты жұмыс және Жүктеу
режимдерінен ауыстырылып, лифт негізгі отырық орнына келеді, есігі
ашылып, басқа басқару бөліктерінен шектеледі.
Өрт сөндірушілерді тасу режимі тек Өрт қауіпі режиінен
шақырылады және басқару тек әдейі кнопкаларымен жүзеге асады.
Жүктеу имитациясы режимі (қалыпты жұмыс режимінен ауысады
және ол кезде кнопка басқанда есік 3 секундтан көп ашық тұрады.
Ревизия жәене авария монтаждау режимі Ревизия және Авария
режимдерінен ауысады және SA2 — қосқышымен іске асады.

1.17 Функционалды және құрылымдық сұлбаны құру

Функционалды сұлба 1.5 суретте көрсетілген.

ЖТ — жиілік түрлендіргіш; АЭҚ — асинхронды электр қозғалтқыш;
ЖТС — жиілік түрлендіргіш сұлбасы; РББ — режим беру блогы;
ТББ — тежеуді басқару блогі; ЧР — червялы редуктор;
ТАТШ — темір арқан тартатын шкаф; К — кабина; ҚҚЖ — қарама-қарсы жүк;
ЖШ — жылдамдық шектегіш.
Сурет 1.5 — Функционалды сұлба

Функционалды сұлба негізінде құрылымдық сұлбаны құрамыз:

ИБ — интенсивтілік бергіші; Т — түрлендіргіш; ЭҚ — электр қозғалтқыш.
Сурет 1.6 — Құрылымдық сұлба

Жиілік түрлендіргіш беріліс коэффициентін есептеу:

Кпр

0
U зи.max

(1.15)

мұнда Кпр — жиілік түрлендіргіштің беріліс коэффициенті;
0 — бос жүріс жылдамдығы;

U max

— ИБ-тің максималды шығыс кернеуі.

157 1
10 c

Интенсивтілік бергіштің уақыт тұрақтысын есептеу:

Tзи

tпп
U зи

(1.16)

мұнда Тзи — интенсивтілік бергіштің тұрақтысы;
tпп — өтпелі үрдіс уақыты;
U зи — ИБ кернеуі.

TЗИ

0,1
10

0, 01с в

Жиілік түрлендіргіш тізбегінің уақыт тұрақтысын
қабылдаймыз.

TПР 0,001с деп

15.7

Эквивалентті электромагниттік уақыт тұрақтысын есептеу:


1
0 эл.ном. Sк

(1.17)

мұнда Тэ — Эквивалентті электромагнит тұрақтысы;
0 эл.ном. — электромагнит өрісінің бұрыштық жылдамдығы;
Sк — критикалық сырғу.

T

1
3,14 0,3

0, 01с

Инерция моменттерінің қосындысын
есептейміз:
лифт элеопривод мощность управление

төмендегідей формуламен

J Jдв Jр Jкш mпр 2 (mкаб mгр ) 2

(1.18)

мұнда
J — инерция моменттерінің қосындысы;
Jдв — электр қозғалтқыштың инерция моменті;
Jр — редуктордың инерция моменті;
Jкш — темірарқан тартатын шкафтың инерция моменті;

mпр

mкаб

— қарсы жүк массасы;
— кабина массасы;

mгр
— дифференциялдау операторы.

J 0,04 0,1 0,01 1150 0,012 (850 630) 0,012 0,5

Қатаңдық модулін еспетейміз:

Mн Mн
Sн * 0 0 н

(1.19)

мұнда — қатаңдық модулі;
M — электр қозғалтқыштың номиналды моменті;
S — номиналды сырғу;
0 — бос жүріс бұрыштың жылдамдығы;

— жүк массасы;

н — номиналды бұрыштық жылдамдық.

157

72
1460*
30

17, 22

Дифференциялдау операторын есептеу:

v

(1.20)

мұнда — келтіру радиусы;
v — жылдамдық;
— электр қозғалтқыштың максималды жылдамдығы.

1, 6
1241*

0, 012

30

1.18 Моделдеу

Моделдеу есептері:
— жұмыскерлігін жақсарту;
— жиіліктік басқару параметрлерін келтіру;
Моделдың блок-сұлбасын құру.
Лифттің асинхронды электр қозғалтқышын тура қосудың моделін
құрамыз. Ол 1.7 суретте көрсетілген.

Сурет 1.7 — АЭҚ тура қосу моделінің блок-сұлбасы

мұндағы 0 және 8 блоктары берілген қондырғысы;
1, 9, 2 — сырғуды есептеу блоктары;
3, 13 — М(S) — функциясын есептеу блоктар;
16 — тежеу моментін беру блогі;
12 — қарсы момент блогі;
4, 5, 6, 15 — жетектің механикалық бөлік моделдері.
Жылдамдық пен моменттің өтпелі үрдістері 1.8 суретінде көрсетілген.

W(t)

M(t)

Сурет 1.8 — АЭҚ тура қосу өтпелі үрдістері

Лифттің АЭҚ жиілік түрлендіргішпен іске қосу моделін құрамыз. Оның
түрі 1.9 суретінде көрсетілген.

Сурет 1.9 — АЭҚ жиілік түрлендіргішпен іске қосу моделінің
құрылымдық сұлбасы

мұндағы 0,22 — берілгіш қондырғы блоктары;
11, 10, 12, 13, 14 — интенсивтілік бергіш блоктары;
16 — жиілік беру кернеуін формалаушы;
1 — жиілік түрлендіргіш блогы;
2 — сырғуды есептеу блогы;
3- моментті есептеу блогы;

15 — қарсы момент блогы;
4, 21, 5, 6 — жетектің мехникалық бөлігі блоктары.
Жылдамдық пен момент өтпелі үрдістері 1.10-1.12 суреттерінде
көрсетілген.

Сурет 1.10 — Жиілік түрлендіргіш кірісіндегі берілгіш қондырғысының
шығыс сигналы

W(t)

M(t)

Сурет 1.11 — Электр жетектің жылдамдығы мен моменті (тежеу моменті
есептелгенде)

M(t)

Сурет 1.12 — Электр қозғалтқыш білігіндегі момент

Төмендегідей параметрлерді қабылдаймыз:
1) тежеуді жіберуді кешіктіру уақыты 0,1 сек;
2) ұстау моменті — 70 Н·м:
3) электр қозғалтқыштың бстапқы жылдамдығы 2,5 1сек;
4) үдеу уақыты 1 сек.
Көрсетілген тура және жиілік түрлендіргішпен қосу өтпелі үрдістеріне
салыстырсақ, онда жиілік түрлендіргішпен АЭҚ іске қосқан кезде, оның
жылдамдығы біртіндеп өседі және уақыты көбірек, моменттің секіруі жоқ.
Сол себепті лифт кабинасы жиілік түрлендіргішпен қосылғанда адамдарға
ыңғайлы.

1.19 Лифт басқару блок-сұлбасы

Жолаушылар лифт басқару жүйесі төмендегідей блоктардан тұрады:
— лифттің ПКЛ32 контроллер платасы;
— реле және күштік қосқыштар блогы;
— жұмыс режимін таңдау блогы;
— лифт кабинасының қауіпсіздігі;
— тізбек элементтері және басқару аппараттары;
— лифт шахтасында қауіпсіздік тізбек элементтері және басқару
аппараттары;
— реттелетін электр жетегіне жиілік түрлендіргіш;
— бес жетекпен кабина есіктерін электр жетектері қозғалтқыштары.
Лифтті басқару жүйесінің негізін ПКЛ32 контроллер плата құрайды,
оның кірісінде лифт әр жерден басқару сигналдарының бәрі кіреді: лифт

кабинасының кнопкаларынан, этажда тұратын кнопкалардан. Контроллермен
… жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz