«Бал бұлағым-бастауышым» 1-4 сынып

0

«Бал бұлағым-бастауышым» 1-4 сынып

 

Автор: Төлеген Жадыра Еркінғалиқызы

 

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Барлық сыныптар

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-10

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру


Тақырыбы: «Бал бұлағым-бастауышым»Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру;2. Бастауыш сынып балаларының оқу барысында алған білім дерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілтібастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға,санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз.«Бал бұлағым-бастауышым» атты бастауыш сынып апталығы өтті.2. Қорытынды концертМұғалім:: Ғылымның сырын ұғына,Шығыңдар білім шыңына.Ұқыптылық пен зеректікЖеткізер білім шыңына.Монтаж ( мини центр, даярлық )Ән:» Топ-топ балақан» шағын орталық бүлдіршіндерінің әнін қабыл алыңыздар. Кітап білім бұлағы,Білім өмір шырағы,-Деген сөзді мен ұқтымБиікте ол тұрады.Би: «Біз кішкентай баламыз» 1 сынып оқушылары.Қоссаңдар бірді екіге үш болады,Деуші едің,- білімменен күш толадыАлғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,Ақылмен іс істесең іс болады.Ән: «Анашым ана жаным» Даярлық сыныбы. Мұғалім : Ақыл, сана, біліммен,Өнеріме сенемін.Арым таза, ақкөңіл,Адалдыққа сенемін.Абыройлы ақ ниет,Адамдыққа сенемін— деп , Келесі кезекті биге береміз.Би : «Калинка-малинка» Қарақат, Інжу, Алтынай орындауында. Мен . Арманым болып аңсаған,Мәңгілік қалдың мекендеп,Өзіңе арнап ән салам,Ардақтап сізді өтем деп. Ән: «Ұстаз ана» 1 сынып оқушысы Аяжанның орындауында.Мен. Білім деген қауыздан гүл ашылғанОған керек таусылмайтын көп шыдам.Бар білімнің, бар ілімнің атасыБастау алар бастауыш сатысынанБи: «Толғау» 3 сынып ұлдары Мен . Нәріңді беріп құрғатпай,Сусаған шөлді қандырған.Сәулеңді шашып жүрекке,Жанымның отын жандырдың.Ән: «Қыздар – ай» 1 сынып ұлдары Мен. Нағыз білім — ырыс, бақ, Дүниені тұр ұстап. Енді біздер би билеп Көтереміз көңілді.Би: «Асатаяқ» 2-4 сынып қыздары Білім аққан сел дейді,Бірақ оңай келмейді.Ала білсең білім көп,Ақыл — ойға кен дейді. Ән: «Қолшатыр» 3-4 сынып оқушылары.Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,Бір мектептің ұлы менен қызымыз.Бірдей өстік оқуда да еңбекте,Күліпойнап біріміз бен біріміз.

Хор: «Бала тілегі» Қорытынды: Балалар ата — аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін бәрін істейді. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алайық. Ел — болашағы мына сендердің қолдарыңда.

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.