Педагогикалық қызметтің құрылымы | Скачать Курстық жұмыс
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Педагогикалық қызметтің құрылымы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе____________________________ __________________________3
І ТАРАУ. Педагогикалық қызметтің құрылымының теориялық негіздері
1. Педагогикалық қызметтің мәнінің мазмұны_________________5
2. Педагогикалық қызметтің құрылымы және оның
түрлері____________________________ ___________________18
ІІ ТАРАУ. Педагог қызметі және оның құрылымының практикалық
негіздері
2.1. Педагог қызметіндегі практикалық және семинар
сабақтары__________________________ ______________________________26
2.2. Педагог қызметінің құрылымы ретінде сабақ
жоспарлары_________________________ _____________________________29
Қорытынды__________________________ _______________________34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі_____________________________ ____36
КІРІСПЕ
Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iс-әрекеттер iшiндегi күрделi
ұйымдасқан жүйе болып есептеледi. Бiрiншi – оқыту барысындағы мұғалiмнiң iс
— әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен мағыналардың iшiнен
өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс. Келесi iс-әрекеттер бiрiншi iс
— әрекеттерге рефлекстiк қосымша ретiнде келедi, яғни оған қызмет жасайды.
Екiншi — оқытудың тиiмдi амалдары мен құралдарын және оқытудың
процедураларын теңдестiргендегi оқыту тәжiрбиесiнiң жалпылама iс-әрекетi –
оқытудың амалдары мен әдiстерiн құрастыратын методист iс — әрекетi осындай.
Үшiншi iс -әрекеттiң методикалығы, бiрақ ол оқу құралдары мен оқу
сабақтарын құрастыруға бағытталған. Төртiншi iс — әрекет оқыту сабақтарын
бiр тұтас жүйеге сабақтастырудан тұрады – оқу бағдарламаларын құрастыру
бағдарламалау iс — әрекетi. Мұндай бағдарламалауды жүзеге асыру үшiн,
оқытудың мақсатын бiлу қажет, бiрақта оқытудың бағдарламаларын құру
барысында мақсаттың кейбiр жалпы бөлiктерiне бағытталады. Мұндай мақсаттар
ертерек саясаткерлермен мәдени қызметкерлермен қалыптасқан, бiрақ
педагогтармен емес. Қазiргi заманның әлеуметтiк мәдени жағдайы және және
мiндерi мен оқыту мақсатын жобалау және бинелеу мен педагог – методолог,
педагог айналысуы қажет деген талаптар қояды. Бұл өте қажет, өйткенi,
бiрiншiден қазiргi өндiрiстiк iс тәжiрбиелiк қызымет жиi белгiлi бiр
мақсатты, мiндеттердi қояды, оларды тек арнайы дайындалған адамдар шеше
алуы мүмкiн. Екiншiден, қазiргi әдiснамалық ойлау оқыту процестерiн тиiмдi
жобалауы мүмкiн, бiрақ ол тапсырыс берушiден нақты және анықталған
мақсаттар талап етедi[1].
Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын
педагогикалық қызметтің негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше
түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және
қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың
дамуына жағдай тудыруға бағытталған.
Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық
ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа
топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет
– ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары –
жалпы педагогикалық болып табылады. Педагогикалық қызмет кәсіби әрекет
сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке
дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы
және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті
жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.
Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал
оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек.
Педагогикалық қызметтің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз
байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен
оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.
Педагогикалық қызметтің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму
тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және
табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі
әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан –
жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.
Тәрбие мақсатының проблемасына А.С.Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ оның
бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А.С.Макаренко жеке тұлғаны
педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық қызметтің мақсатын
жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан
көреді[2].
Зерттеудің мақсаты: Педагогикалық қызметтің құрылымын анықтау
Зерттеудің міндеттері:
1. Педагогикалық қызметтің мәнін ашу;
2. Педагогикалық қызметтің құрылымын анықтау;
3. Педагогикалық қызметтің компоненттеріне сипаттама беру
Зерттеудің объектісі: педагогикалық қызмет, іс-әрекет
Зерттеудің пәні: Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке
даярлау негізінде оқыту үдерісі.
Зерттеу жұмысының әдістері:
1. Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу.
2. Баспасөз беттері, мерзімдік басылымдардан мақалаларды қарастыру.
3.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде студенттердің психологиялық-педагогикалық даму
ерекшеліктерін анықтауда олардың кәсіби-адами құндылық қасиеттері мен жеке
тұлғалық қасиеттерінің мән-мағынасын ашылып, теориялық тұрғыда дәлелденді.
Студенттердің психологиялық, педагогикалық, тұлғалық қасиеттерімен іс-
әрекет түрлерін зерттеген ғалымдар мен педагог-психологтардың ой-пікіріне
сүйене отырып өзіндік тұжырымдама жасалды.
Ал, екінші бөлімде болашақ мамандардың психологиялық-педагогикалық
даму ерекшеліктерін зерттеп, әдістемелік тұрғыда қолдануға болатынын
айқындадық. Әр бөлімді қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің
тізімін көрсеттік.
І ТАРАУ. Педагогикалық қызметтің құрылымының теориялық негіздері
1.1. Педагогикалық қызметтің мәнінің мазмұны
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз — мұғалімнің оқу-тәрбие істерін
нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық
мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын
педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше
түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және
қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың
дамуына жағдай тудыруға бағытталған[3].
Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар,
қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және
басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-
әрекет – ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал
қалғандары – жалпы педагогикалық болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет
кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде:
мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта
арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер,
біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау
қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде
қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі
сипаттамасы мақсат болып табылады (А.Н.Леонтьев).
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен
тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие
мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған[4].
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік
даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани
және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр
түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші
жағынан – жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.
Тәрбие мақсатының проблемасына А.С.Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ
оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А.С.Макаренко жеке тұлғаны
педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын
жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан
көреді.
Педагогикалық іс-әрекет мақсатының негізгі объектісі тәрбиелеуші орта,
тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және тәрбиеленушілердің жеке дара
ерекшеліктері болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жүзеге
асыру әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, атап
айтқанда тәрбие ортасын қалыптастыру, тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру,
тәрбие ұжымын құру, жеке тұлғаны дамыту[5].
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – динамикалық құбылыс. Оның дамуы
мынадай, қоғамдық даму тенденциясы ретінде пайда болып, педагогикалық іс-
әрекеттің мазмұны, формасы, әдістерін қоғам қажеттілігіне сәйкестендіріп,
жеке тұлғаның өз бетімен және социуммен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекеттің барлық қасиеттері көрінетін негізгі бірлігі
ол мақсаты пен мазмұнның бірлігі, яғни педагогикалық әрекет болып табылады.
Педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық формаларына
(сабақ, экскурсия, жеке әңгіме т.б.) тән. Мұғалімнің педагогикалық әрекеті
ең алдымен танымдық міндет формасында көрінеді. Өз біліміне сүйене отырып,
теория жүзінде өз әрекетінің құрал, пән, нәтижесін салыстырады.
Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес. Олар
ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан, педагогтың
шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен
байланысты.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері:
Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-
әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып
табылады.
Тәрбие жұмысы – жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу
мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-
әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол
оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің
түрі.
Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар
(В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен
іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін
шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-
бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім
беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс
– ол тәрбиелеп отырып оқыту мен оқыта отырып тәрбиелеу бірігетін
процесс (А.Дистервег)[6].
Оқыту прцесінде ерекше орын алатын оқыту әрекеті мен тұтас
педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын салыстырып өтейік.
Кез келген ұйымдастыру формасы сияқты, оқыту да уақытты, нақты
мақсатты, оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің
маңызды критерийі оқу мақсатына жету болып табылады.
Ал тәрбие жұмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа
жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты
міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің
маңызды критерийі эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін
тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.
Оқыту логикасын нақты түрде бағдарламалауға болады, ал тәрбие
жұмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа,
заттарға, қоршаған орта құбылыстарына, өз-өзіне қатынасы кіреді. Оқу
мақсаты іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып,
бағыттау[7].
Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерийі –
білім мен іскерлікті игеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу
тәсілдерін меңгеру, дамудың алға жылжу деңгейі болып табылады. Оқушылар
әрекетінің нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен
реттеліне алады.
Тәрбие жұмысында мұны көрсету өте қиын. Дамушы жеке тұлғада педагогтың
іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жұмысында уақытымен кері
байланысты бекіту мүмкін емес.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері кез келген мамандықтың
педагогының іс-әрекетінде, яғни оның оқыту және тәрбие жұмысында көрінеді.
Мысалы, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мастері
іс-әрекетінде екі міндетті шешеді: қазіргі технология талаптарын және
еңбекті ұйымдастыра отырып білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру,
білікті жұмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мұғалімдерді кәсіби
даярлау мақсаты біртұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлауды
қалыптастыру болып табылады[8].
Педагогикалық қызмет- әлеуметтік қызметтің түрін көрсетеді, үлкен
буыннан кіші буынға өмірлік тәжірибесімен, мәдениетімен, жеке даму шартын
әлеуметтік рөлдерде қоғамда жүзеге асырылуына бағытталған дайындық.
Педагогикалық қызмет-мазмұны оқу, тәрбие, білім, оқушылардың дамуы
болып саналатын кәсіптік қызметтің бір түрі. Бұл қызметті жүзеге асыратын
тек педагог мамандар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық
ұйымдастырушы мекемелер, мекемелерді басқаратын, өндіруші және де басқа
топтағы тұлғалар, бұқаралық ақпарат өкілдері болып табылады. Біріншіден бұл
қызмет-кәсіптік, ал екіншіден ортақ педагогикалық іс-әрекет. Педагогикалық
қызмет кәсіби ретінде арнайы құрылған, ұйымдастырылған мекемелерде іске
асырылуы мектеп алды мекемелерде, мектептерде, кәсіби-техникалық жоғары оқу
орындарында, қосымша білім алу мекемелерінде. Педагогикалық қызметтің ең
негізгі мінездемесі-бірігу мінездемесі емес. Бірігуі дегеніміз
педагогикалық үрдісі кезінде міндетті түрде 2 активті жақ болады: мұғалым,
оқытушы-оқушы, студент. Мұндай байланыс барысында педогогикалық қызмет
қарым-қатынас заңымен құрылады деп жиі айтылады. Педагогикалық қызметке
терең үңілу үшін, оның құрылуы талдауына көңіл бөлу керек[9].
Педагогикалық қызметтің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз
байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен
оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.
Педагогикалық қызметтің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму
тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және
табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі
әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан –
жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.
Тәрбие мақсатының проблемасына А.С.Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ
оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А.С.Макаренко жеке тұлғаны
педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық қызметтің мақсатын
жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан
көреді.
Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектісі -тәрбиелеуші орта,
тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және тәрбиеленушілердің жеке дара
ерекшеліктері болып табылады.
Педагогикалық қызметтің мақсатын жүзеге асыру әлеуметтік-педагогикалық
міндеттерді шешумен байланысты, атап айтқанда тәрбие ортасын қалыптастыру,
тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие ұжымын құру, жеке тұлғаны
дамыту.
Педагогикалық қызметтің мақсаты – динамикалық құбылыс. Оның дамуы
мынадай, қоғамдық даму тенденциясы ретінде пайда болып, педагогикалық іс-
әрекеттің мазмұны, формасы, әдістерін қоғам қажеттілігіне сәйкестендіріп,
жеке тұлғаның өз бетімен және социуммен дамуын қамтамасыз етеді[10].
Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттері көрінетін негізгі бірлігі ол
мақсаты пен мазмұнның бірлігі, яғни педагогикалық әрекет болып табылады.
Мұғалімнің педагогикалық әрекеті ең алдымен танымдық міндет формасында
көрінеді. Өз біліміне сүйене отырып, теория жүзінде өз әрекетінің құрал,
пән, нәтижесін салыстырады.
Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес.
Олар ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан,
педагогтың шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен
байланысты.
Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-
әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып
табылады.
Педагогикалық қызметтің жүзеге асырылуы тәрбие беру ортасын құру,
тәрбиеленушілер іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеу ұжымын құру, жеке тұлға
дамуы секілді әлеуметтік мәселелерді шешумен байланысты. Педагогикалық іс-
әрекеттің мақсаты – тек тарихи емес, сондай-ақ динамикалық құбылыс. Қоғам
дамуының объективті тенденцияларының шағылуы ретінде пайда болып
педагогикалық қызметтің мазмұны, формалары мен әдістерін қоғам
қажеттіліктеріне келтіре отырып, ол жоғары мақсат – тұлғаның өзімен және
қоршаған ортамен үйлесімді дамуына сатылы жылжу программасына
келтіріледі[11].
Педагогикалық қызмет – мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше
түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін емес:
мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты тұлға қасиетін
тәрбиелеу. Кең мағынада педагогикалық қызмет жинақталған адамзат
тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік функциясын орындауға
бағытталған. Осыдан шығатыны педагогикалық қызмет адам баласын қоғамдық
өмірге кірістіру бойынша ерекше, әлеуметтік және тұлғалық
детерминацияланған іс-әрекет.
Берілген контекстте педагогикалық қызмет оқытушы, тәрбиеленушінің
оқушы немесе оқушыларға оның тұлғалық, парасатты және іс-әрекеттік дамуына
бағытталған, әрі өзін өзі дамыту мен жетілдіру негізі ретінде шығатын
тәрбиелейтін және оқытатын әсер. Ол үшін педагогикалық мақсат қоюшылық пен
педагогикалық басқарушылық тән. Іс-әрекеттің бұл түрі В.В. Давыдов
белгілеген өсіп келе жатқан ұрпаққа әлеуметтік қимыл іс-әрекет нормалары
мен өнеркәсіптік іскерлік үлгілерін (эталондарын) құру, сақтау мен беру
сияқты қоғамдық маңызы бар есептерді шешу барысында өркениет таңының
атуында пайда болды[12].
Өзінің дамуы барысында қоғам бір бірімен тығыз байланысты үйренуден,
яғни балалар үлкендерден оларға еліктеуден класс, мектеп, гимназияларды
құруға дейін қадам басты. Әртүрлі елдерде әртүрлі тарихи сатыларда білім
беру мақсаты, мазмұны мен формаларында елеулі өзгерістерді басынан өткеріп,
мектеп негізгі тағайындалуы – тиімді педагогикалық қызмет ұйымдастыру болып
келетін басты әлеуметтік институт болып қалыптасты. Ескере кететіні, бұл іс-
әрекетті маманды түрде тек оқытушылар жүзеге асырады, ата-аналар,
өнеркәсіптік ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, көпшілік ақпарат құралдары білім-
тәрбиелілік үрдістің ерікті немесе еріксіз қатысушылары болды.
Мамандандырылған педагогикалық қызет қоғаммен арнайы ұйымдастырылған
білім беру орындарында: мектепке дейінгі мекемелер, маманды-техникалық
училищелерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындары, қосымша білім беру,
квалификацияны жоғарылату мен қайта дайындау мекемелері. Педагогикалық
қызмет адам іс-әрекетінің кез келген түріне тән сипаттамаларға ие:
мақсатқоюшылық, мотивтендіру, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін А.
Н. Леонтьев белгілеген мақсат, мотивтер, әрекеттер (операциялар), нәтиженің
бірлігі ретінде оның құрылымын талдау арқылы ашуға болады, сондай-ақ оның
жүйе құрылымдық сипаттамасы ретінде ол мақсатты санады[13].
Осылайша, педагогикалық қызмет дегенде адамзат жинаған мәдениет пен
тәжірибенің үлкеннен кішіге беруге олардың жеке дамуы үшін шарттарды құру
мен қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға бағытталған
әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін түсінеміз.
Педагогикалық қызметтің технологиясы мен оның негізгі бағыттары:
Бірінші бағыт. Балалардың ойынын ұйымдастыру. Осы жастағы баланың
психикасы ойын арқылы өзгеріп қалыптасады, мектепке дайындалады. Өзі
басқалардың қылығына баға беруге үйреніп, өмірді тани бастайды. Баланың
ойыны арқылы оның қалай өсіп келе жатқанына баға бере аламыз, қисық жерін
түзетуге кірісеміз. Қазақ Баланы жастан деп тегін айтпайды. Ойын арқылы
бала өзінің қалай өсіп, дамып келе жатқанын білдіреді. Ойын — әкспериментті
құрал. Ойынның ішінде сюжеттік ойындар бар. Ол өзінше спектакль. Сондықтан
біріншіден, ересектер осы бір қолайлы жайтты ұтымды пайдаланғаны жөн.
Мәселен, отбасы ойынын ойнағанда көргенін қайталайды, түзетулер енгізеді,
әр отбасы мүшесінің міндет, құқықтарын, т.б. көрсетеді.
Осы рөлдік, сюжеттік ойындарда мынаны есте сақтаған дұрыс:
— біріншіден, жас балалардың ойынына араласпай, мұқият бақылау;
— екіншіден, осы бақылаудан қорытынды шығару;
— үшіншіден, кемшіліктерді түзетуге ойындық өдіс-тәсілдерді қолдану.
Ойын барысына араласу, түзетулер енгізу, ескерту жа-сау, бақылау балалардың
ойынын бүзады, жалтақ қыла-ды, оның дамуына кесірін тигізеді.
Екіншіден, ересектер рөлдік ойындардың сюжетіне зер салғаны жөн. Себебі осы
ойындар балада қатыгездік, жүрексіздік, өзімшіл, өркөкірек сияқты мінезді
қалып-тастырып жүрмесін. Содан баланы сақтау керек. Ойын баланы
жалықтырмауы тиіс. Себебі күндегі бір сарынды ойын өзінің тәрбиелік
қүндылығын жоғалтады[14].
Екінші бағыт. Отбасының баламен қарым-қатынасын үйымдастыру. Қарым-
қатынас — тек әлеуметтік-психологиялық құбылыс емес, бүл әдептілік, адами
құбылыс. Шетелдік психико-физиологтардың (Боулди) пайым-дауынша омыраудағы
баланы омыраудан шығарғанда, ол біраз уақытқа дейін жылайды, мінез
көрсетеді. Баланы емізу — ол да қарым-қатынас. Сол қарым-қатынас үзілсе
немесе сол қарым-қатынас дүрыс болмаса, сөби қарсылық білдіреді. Бүгінгі
айтып жүрген қиын балалардың 92 пайызы — отбасында дұрыс қатынаста
болмағандар. Сондықтан да ата-аналарға айтарымыз — балалармен қарым-
қатынасты үзбеу керек. Қарым-қатынас сөз жү-зінде, іс жүзінде, ойын арқылы,
күнделікті өмір арқылы жүреді. Отбасылық қатынас дегеніміз — ата-ана, ата-
өже, бала-шаға және осылардың бір-бірімен қатынасы. Отбасылық қатынас
дегенде біз қаңғыбас, маскүнем ата-аналар туралы айтып отырғанымыз жоқ.
Ондайдан аулақ болайық. Ондай ата-ананың барынан жоғы. Осы жер-де орыстың
белгілі ғалымы Бестужев-Ладаның Отбасы академиясы еске түседі, яғни бір
отбасында үш буынның ата-әже, ата-ана, балалардың бірге тұруы. Бұл —
адамгершіліктің тірегі, өзегі, қайнар бұлағы, үлгісі.
Біз отбасылық тәрбиенің балага ықпалын айта отырып, мына қағидаларды
есте ұстағанымыз жөн:
— біріншіден, ата-ананың баламен қанша уақыт бірге болғанында емес,
сол уақыт аралығында баланың жүрегінде қандай жаңсы, ізгі қасиет
қалдырғанында. Негізі уаңыт мөлшерінде емес, оның нәтижесінде.
— екіншіден, бала отбасы мүшесі екенін әр уақытта сезінуі тиіс, яғни
отбасында оның да өзіндік орны бар. Осы екі ңағида орындалмаған жағдайда
бала д үрыс төрбие алмайды. Ол адамгершілік, ізгілік, инабаттылық деген
түсініктерді игеруден, сол қасиеттерді бойына сіңіруден аулақ болады. Бала
осы қасиеттерді бойына дарытқанын немесе дарытпағанын, оның эмоциясынан,
сезімінен, жылау, күлуінен, көңіл-күйінен білуге болады. Оның өзінің
жылауы, күлуі арқылы қандай бағытта дамып бара жатқанын білесің. Бала қулық
жасай алмайды. Ол өзінің жан дүниесін сезімі, көңіл-күйі арқылы білдіріп
қояды[15].
Келесі бір отбасы қатынасының тағы бір түрі — баламен бірге еңбектену,
саяхат жасау. Бұл қатынастың ең жоғарғы түрінің бірі. Орыстың психолог-
ғалымдары О.А.Пинт, А.И.Кочетов: Отбасының баламен 2-3 апталық саяхаты,
оған оның (жас баланың) психологиялық, санаткерлік дамуына бір жылдың азың
болады, — деп айтңан екен.
Үшінші бағыт. Баланы қанағаттылыққа үйрету. Баланы қанағаттылыңқа ес
білгеннен бастап баулу керек. Қанағаттылық қарын тойғызады, қанағатсыздық
жалғыз атын сойғызады дейді қазақ. Материалдық байлық пен рухани байлық
егіз. Екеуін екі ажыратуға болмайды. Баланың рухани байлығы болса, ол
материалдың байлықтың не екенін түсінуге жол салады. Әрине, материалдық
байлыңты көруге, қолмен үстауға болады, ал рухани байлықты көруге де,
үстауға да болмайды. Дегенмен рухани байлық жоқ жерде, материалдық
байлықтың не екенін бала түгіл үлкендер де түсінбейді.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет дегеніміз — оқушының тұлғалық,
интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның
өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын
мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады. Бұл іс-әрекет
өркениет тарихында мәдениеттің пайда болуымен бірге, өндірістік
іскерліктер үлгілері (эталондарын) мен әлеуметтік мінез-құлық нормаларын
жасау, сақтау және өсіп келе жатқан ұрпаққа беру міндеті қоғамдық даму
үшін маңыздылардың бірі болған кезде пайда болған. Бұл тіпті алғашқы
қауымнан басталған, мұнда балалар үлкендермен қарым-қатынас жасау
барысында, оларға еліктеп, оларға ере отырып үйренген. Дж. Брунер оны
контексте оқыту деп анықтайды. Дж. Брунер бойынша, адамзат жас ұрпақты
оқытудың тек үш негізгі тәсілін ғанабіледі: жоғары приматтарда ойын
процесінде дағдының құраушы компоненттерін өндіру, туземдік халықтарда
контексте оқыту және тікелей практикадан оқшау мектептегі абстрактілі оқыту
[16].
Біртіндеп қоғам дамуымен бірге алғашқы сыныптар, мектептер,
гимназиялар қалыптаса бастады. Түрлі елдерде түрлі сатыларда оқыту
мазмұнында, оның мақсаттарында түрлі өзгерістерге түсе отырып, мектеп сонда
да әлеуметтік институт болып қалды, оның арнаулы – мұғалімдер мен
педагогтардың педагогикалық іс-әрекеттері арқылы әлеуметтік-мәдени
тәжірибені беру. Әлеуметтік-мәдени тәжірибені беру формалары мектептің даму
тарихында өзгеріп отырды. Бұл әңгіме (сократтық әңгіме) немесе майевтика;
шеберханалардағы жұмыс (қыш өнімдерін жасау, тері өңдеу, тоқу және
өндірістік оқытудың басқа түрлі бағыттарының тәжірибесі), мұнда, шәкірттің
технологиялық үрдіске жүйелі және мақсатты қатысуы, оның біртіндеп
өндірістік операцияларды игеруі негізгісі болды; вербалды насихат
(гувернерлер, ағатайлар институты, монастырьлар т.б.).
Я.А. Коменскийдің кезінен бері сыныптық-сабақтық оқыту бекіді, мұнда
оның сабақ, лекция, семинар, сынақ, практикум сияқты формалары жіктеліп
бөлінді. Соңғы он жылдарда тренингтер пайда болды. Оқытушылар үшін оның іс-
әрекетінің ең қиын формаларының бірі лекция болып табылса, студент, оқушы
үшін – семинар сабақтары, сынақтар екенін атап өту қажет.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет — адамзат іс-әрекетінің кез-келген
түріне тән сипаттамаларға ие. Бұл ең алдымен, мақсаттылық, түрткілік,
пәнділік. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің өзгеше сипаттамасы, Н.В.
Кузьмина бойынша, оның өнімділігі болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігінің бес дәрежесін ажыратады:
І – (минималды) репродуктивті; педагог өзі білгенін өзгелерге айтып
бере алады; продуктивті емес.
ІІ – (төмен)бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория
ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.
ІІІ – (орташа) локалды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр
бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына
ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап
беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндепен енгізу; орташа
продуктивтілік.
IV – (жоғары) оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы
пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденістегі білімдер жүйесін
қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.
V – (ең жоғарғы) оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен
мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-
өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі дамытуға қажеттіліктерін
қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғарғы
продуктивтілік[17] .
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетті қарастырғанда біз оның жоғарғы
продуктивті сипаты жөнінде айтамыз.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет, іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты,
психологиялық (пәндік) мазмұнмен анықталады, оған мотивация, мақсат, пән,
құралдар, тәсілдер, өнім мен нәтиже жатады. Өзінің құрылымдық ұйымдасуында
педагогикалық іс-әрекет әрекеттердің (іскерліктер) жиынтығымен сипатталады,
олар ары қарай қарастырылады.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет пәні ретінде дамудың шарты мен негізі
ретіндегі оқытушылардың пәндік әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулеріне
бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады. Кәсіби
педагогикалық іс-әрекет құралдары ғылыми білімдер болып (теоретикалық және
эмпирикалық), солардың көмегімен және солардың негізінде оқытылушылардың
тезаурусы қалыптасады. Білімдерді тасушы ретінде оқулық мәтіндері немесе
пәндік айғақтың фактілерін, заңдылықтарын, қасиеттерін мұғалімнің
ұйымдастырған бақылауы жағдайында (зертханалық, практикалық сабақтарда,
даладағы практика кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері жатады.
Техникалық, компьютерлік, графикалық және т.б. құралдар қосымша құралдарға
жатады.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік мәдени тәжірибені беру
тәсілдері ретінде түсіндіру, көрсету (иллюстрация) оқу міндетін шешу
бойынша оқушымен бірігіп атқарылатын жұмыс, оқушының тәжірибесі
(зерханалық, далалық), тренингтер болып келеді. Кәсіби педагогикалық іс-
әрекеттің нәтижесі, оқушының бүкіл аксиологиялық, құлықтылық-этикалық,
эмоционалдық-мағыналық, заттық, бағалаушы құрастырушы-ларының жиынтығымен
алғандағы оның қалыптасатын жеке дара тәжірибесі болып табылады. Кәсіби
педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі емтихан, сынақ, оқу-бақылау жұмыстарын
орындау критерийлерімен бағаланады. Кәсіби іс-әрекеттің нәтижесі оның
негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық
дамуы, оның тұлға ретінде, іс-әрекет субъекті ретінде жетілуі, қалыптасуы
болып табылады. Нәтиже, оқушының оқудың басындағы сапасы мен адамның жан-
жақты дамуы тұрғысынан оның аяққы кезіндегі сапаларын салыстыру арқылы
диагностикаланады[18].
Іс- әрекеттің нақты бір түрлерінің мазмұнын меңгеруге, нақты бір
кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын құрастыра алуды қалыптастыруға,
фундаментальды теориялық түсініктердің (іс-әрекет, оның құрылымы, мазмұны)
мазмұнын ұғынуға бұл тәсілдер мүмкіндік береді.
Аталмыш ұғымдар дамушы білім берудің мазмұнының жетекші компонентін
құрайтын әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін дербес
құрудың негізі және алғышарты болып табылады. В.В.Давыдов өз зертеу
жұмыстарында, мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін құрастыруды игеру білім
беруде тұлғаны дамытуға мүмкіндік беретін қажетті жағдай болып табылады.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы бастапқыда оқу зерттеу қызметі
болып, кейініректе, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке айналады.
Мұғалімдік тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші
орнына қою, олай болса, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін
іздеудегі мүше болып табылады[19].
Ал, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, тек орынды тәсіл арқылы
анықталады. Бұл кезеңде кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің негізге алынатын
көп салалы қызметтерін табу жүзеге асырылады. Дәл осы тұста іс-әрекеттің
қалыптасу кәсібилігі көрініс береді. Кейініректе кәсібилік нақты кәсіби-
педагогикалық қызметке айналу тәсілін іздестіру барысында қалыптасады. Бұл
нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің, яғни ең маңызды қызметтің мазмұнын
жобалауда, қызметтің мазмұнын оның операциялық құрылымын ерекшелеу арқылы
жете түсіну барысында жүзеге асыруға болады. Ең маңызды деп, іс-әрекеттің
мақсаттылығына қарай есептеуге болады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің мәнін
ашу механизмін ерекшелеу үшін қажет. Ол операцияның, мазмұнның негізделген
сараптамасымен қоса, ал кейініректе оның пайымдалған құрылымын
құрастыруымен бірге ескерліуі тиіс.
Кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті қалыптастыру үрдісі алдымен оқу-
зерттеу, содан соң кәсіби-педагогикалық іс- әрекетке айнала отырып, жүзеге
асырылады. Мұғалім тұлғасының қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті
зерттеуші позициясына қояды, соған байланысты, студент кәсіби-педагогикалық
іс-әрекеттің мәнін іздеуге қатысушы болады да, оның мәні тұтас әдіс
тұрғысынан ғана анықталады. Осы кезеңде педагогикалық қызметтің мәнін
қабылдай отырып, педагогикалық іс-әрекеттің алуан түрлі негізгі
функцияларын бөліп көрсету жүзеге асырылады.
Кәсібилік оның нақты түрлерінде жалпыланған кәсіби-педагогикалық іс-
әрекеттің өзгеру әдістерін іздеу үрдісінде одан әрі қалыптасады. Бұл
құбылысты оның операциялық құрылымын бөліп көрсету арқылы, ең маңызды
қызмет, нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекет мазмұнын түсінуді жобалауда
жүзеге асыруға болады. Ең маңыздысы мақсатқа сай болуға байланысты қызметті
жатқызуға болады. Бұл жағдайда іс-әрекет мәнінің ашылу механизмін түбегейлі
мазмұндық сараптамасымен, операциялармен, содан соң оның жалпы құрылымын
жаңа деңгейде құруды бөліп көрсету қажет[20].
Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын
педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше
түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және
қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың
дамуына жағдай тудыруға бағытталған.
Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар,
қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және
басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-
әрекет – ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал
қалғандары – жалпы педагогикалық болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам
ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер,
мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу
орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта
даярлауда үлкен орын алады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау
қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде
қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі
сипаттамасы мақсат болып табылады (А.Н.Леонтьев)[21].
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен
тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие
мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік
даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани
және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр
түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші
жағынан – жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.
Тәрбие мақсатының проблемасына А.С.Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ
оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А.С.Макаренко жеке тұлғаны
педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын
жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан
көреді.
Педагогикалық кәсіби іс-әрекет мақсатының негізгі объектісі
-тәрбиелеуші орта, тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және
тәрбиеленушілердің жеке дара ерекшеліктері болып табылады[22].
Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің мақсатын жүзеге асыру әлеуметтік-
педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, атап айтқанда тәрбие ортасын
қалыптастыру, тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие ұжымын құру,
жеке тұлғаны дамыту.
Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің мақсаты – динамикалық құбылыс. Оның
дамуы мынадай, қоғамдық даму тенденциясы ретінде пайда болып, педагогикалық
іс-әрекеттің мазмұны, формасы, әдістерін қоғам қажеттілігіне
сәйкестендіріп, жеке тұлғаның өз бетімен және социуммен дамуын қамтамасыз
етеді.
Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің барлық қасиеттері көрінетін негізгі
бірлігі ол мақсаты пен мазмұнның бірлігі, яғни педагогикалық әрекет болып
табылады. Педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық
формаларына (сабақ, экскурсия, жеке әңгіме т.б.) тән. Мұғалімнің
педагогикалық әрекеті ең алдымен танымдық міндет формасында көрінеді. Өз
біліміне сүйене отырып, теория жүзінде өз әрекетінің құрал, пән, нәтижесін
салыстырады.
Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес.
Олар ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан,
педагогтың шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен
байланысты[23].
Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-
әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып
табылады.
Тәрбие жұмысы – жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу
мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-
әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол
оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің
түрі.
Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар
(В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен
іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін
шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-
бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім
беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс
– ол тәрбиелеп отырып оқыту мен оқыта отырып тәрбиелеу бірігетін
процесс (А.Дистервег).
Оқыту прцесінде ерекше орын алатын оқыту әрекеті мен тұтас
педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын салыстырып өтейік.
Кез келген ұйымдастыру формасы сияқты, оқыту да уақытты, нақты мақсатты,
оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің маңызды
критерийі оқу мақсатына жету болып табылады.
Ал тәрбие жұмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа
жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты
міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің
маңызды критерийі эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін
тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.
Оқыту логикасын нақты түрде бағдарламалауға болады, ал тәрбие
жұмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа,
заттарға, қоршаған орта құбылыстарына, өз-өзіне қатынасы кіреді. Оқу
мақсаты іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып,
бағыттау. Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерийі
– білім мен іскерлікті игеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу
тәсілдерін меңгеру, дамудың алға жылжу деңгейі болып табылады. Оқушылар
әрекетінің нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен
реттеліне алады.
Тәрбие жұмысында мұны көрсету өте қиын. Дамушы жеке тұлғада педагогтың
іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жұмысында уақытымен кері
байланысты бекіту мүмкін емес[24].
Кәсіби іс-әрекеттің негізгі түрлері кез келген мамандықтың педагогының
іс-әрекетінде, яғни оның оқыту және тәрбие жұмысында көрінеді. Мысалы,
кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мастері іс-
әрекетінде екі міндетті шешеді: қазіргі технология талаптарын және еңбекті
ұйымдастыра отырып білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, білікті
жұмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау
мақсаты біртұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлауды қалыптастыру
болып табылады.
Педагогикалық іс- әрекеттің заңдылықтарын педагогика білімі құрайды.
Бірақ, педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары ұғымын ғалымдар әр түрлі
қарастырады. В.В.Краевский педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық қызметтің
ерекше бір түрі ретінде қарастырады, ал оның заңдылықтары жеке
субъектілердің мақсатына қарамастан пайда болатын қажетті байланыстардың
мәнін ашады.
Педагогикалық іс-әрекеттің заңдылықтарын анықтауда, бұл тәсіл,
айқындалған заңдылықтардың түсіндірілмелі-теориялық қызметін жүзеге
асырады. Педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары бойынша білім конструктивті-
техникалық (нормативті) қызметін атқарады. Бұл жағдайда педагогикалық
қызмет және педагогикалық қызметті басқарудағы ұстанымдар мен талаптар
заңдылықтардың мазмұны болып табылады.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінде педагогикалық іс-
әрекетті қалыптастыруды басқарудың дидактикалық заңдылықтарының жиынтығы
арқылы түйін анықталады.
— кәсіби-педагогикалық іс-әрекет нақты педагогикалық мәселелерді шеше
алуда жүзеге асқанымен, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің
қалыптасуы бүтін ретінде жүзеге асады;
— кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің функциональды үлгісі оны нақты
мақсат қойғанда дара педагогикалық қабілет құрылымына айналатын пайымдалған
құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді;
— ортақ пен дара арасындағы сәйкестік ұстанымы нақты педагогикалық іс-
әрекетті ерекшелік арқылы ортақтың ішіндегі дара ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді;
— педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби-
педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыру сәйкестік ұстанымын жүзеге асыруға
құрылған бір-бірімен байланысты эвристика және алгоритм жүйесімен
басқарылады. Сана қызметін алгоритм тұрғысынан алғанда мәселені шешудің
ұтымды жолын қарастыруда жаңа эвристиканы туындатады[25].
1.2. Педагогикалық қызметтің құрылымы және оның түрлері
Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет
мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге
асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады. Осы аталған іс-әрекеттер
компоненттері де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі,
субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-
әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты
тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті
жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология,
ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz