Үшінші адамның кім екені анықталмай жатыр

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 12:57 195

Рудныйдағы көлік апаты: Үшінші адамның кім екені анықталмай жатыр

РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық ТЖД Рудный – Қашар күре жолында болған жан түршігерлік жол апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, Рудный – Қашар тас жолында Daewoo Nexia және Audi 80 маркалы автокөліктер соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан 3 адам қаза болды: 1995 жылы туған ер адам, 1979 жылы туған әйел, ал үшінші адамның кім екені әлі анықталған жоқ. Зерттеу жұмыстары жалғасуда, – делінген ТЖД баспасөз хабарламасында. 

Көлік апаты кезінде түрлі дәрежеде жарақат алған 1978 жылы туған ер адам мен 1984 жылғы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді.

Еске салсақ, кеше таңғы сағат 09:00 шамасында Рудный – Қашар автожолында екі көлік соқтығысқан. Әлеуметтік желіде жан түршігерлік жол апатының видеосы тарады.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз