Отбасындағы ұлттық тәрбие | Скачать Материал

0

Мазмұны
Кіріспе
1 ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ — ӨНЕГЕ … … … … … … … … … … … …
0.1 Тәуелсіздік және ұлттық тәрбие … … … … … … … . … … … ..
0.2 Ұлттық тәрбие — ұлттың болашағы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
1.3 Ұлттық тәрбие — ұлттық рухтың негізі … … … … … … … … … … … … … ..
2 МЕКТЕП ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ЕНГІЗУ … … … … … … … … … … … … … … ..
2.1 Халықтық педагогиканы әр сабақта тиімді қолдануын қалыптастыру … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
2.2 Ұлттық тәрбиені оқу үрдісінде қолдану … … … … … … … … … … …

Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
Пайдаланылған әдебиеттер … … … … … … … … … … … … … … … … … … .

Кіріспе
Зерттеудің өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер — қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi — жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.
Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны — қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы — бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда.
Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: «..Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..»,- деп, атай келе «Қазақстан — 2030» бағдарламасында: «…бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады…»,- делінген.
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.
Осы уақытқа дейiнгі тәрбие мәселесімен байланысты зерттелген еңбектерді төмендегiдей сараптама бойынша жіктедік:
— тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Қоянбаев Ж.Б., Болдырев Н.И., Бержанов Қ., Мусин Ж., Мұхамбаева А.Х., Подласый И.П., Сейталиев К);
— қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ., Әбiлова З.Ә., Сарыбеков Н.Қ., Ұзақбаева С.А., Наурызбай Ж.Ж., Қожахметова К.Ж., Жұматаева Е.Ө., Дүйсембiнова Р.Қ., Қабдыразақұлы Қ., Мұхамбетова С.К., Сәдуақасов Ә., Қоңыратбаева Т.Ә);
— ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ., Беркімбаева Ш.К., Оразбекова К.А);
— оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротов В.М, Сабитова Г.В, Ходоровская З.А);
— ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Көпжасарова М.Д., Байназаров Р., Галузинский В.М., Падалко Т.В);
— оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К.Қ., Омаров Е.О., Садықова М.К);
— оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р.Д., Лебединский В.В., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Қасенов Е.Р);
— балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық аспектілері (Алиева Л.В., Волохов А.В., Литвак Р.А., Искандирова Т.Н);
— халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р.К., Қаплиева А.Қ., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С);
— жаһандану жағдайындағы балалар қозғалысының даму тенденциясы және социокинетикалық ғылыми бағыт алғышарттары (Вульфов Б.З., Фришман И.И);
Еліміздің егемендік алуына байланысты соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған. Аталған ғалымдардың еңбектерiн негізге ала отырып зерттеулер жүргiзген Төлеубекова Р.К., Иманбаева С.Т., Әбдiғаппарова У.М., Әбдiлдина С.Қ., Өтемұратова Б.С., Аманжолова А.А., Хасанова Ж.С., Жетпiсбаева К.Б., Сырымбетова Л.С., Қаплиева А.Қ., Қисымова А.Қ., Егенисова А.Қ., Арзымбетова Ш.Ж., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С., Сыдықов М.Е және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық, экономикалық т.б) зерделенгенімен, оны оқушылар ұйымы арқылы ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi толығынан айқындалмағанын аңғардық.
Ал, 1991 жылға дейінгі мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарын сипаттауға арналған Иржанова Р.Д., Құнантаева К.Қ., Татаурова Н.Л., Байназаров Р., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Кузьмина М.Н., Бекмағанбетова Р.К., Қасенов Е.Р. т.б зерттеулерiнде негiзiнен бұрынғы кеңестік дәуірдегі пионер (балалар) ұйымдарының iс-тәжiрибелерi партиялық идеология тұрғысынан зерттеліп, бұл еңбектердің өз кезінде педагогикалық маңызды рөл атқарғанына қарамастан, мектептегі оқушылар ұйымдары арқылы ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастырудың толық қарастырылмағаны байқалды. Оның негізгі себептерінің бірі — оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарының коммунистік идеологияға және авторитарлық-педагогикалық саясатқа бейімделе жүргізілгендігінен туындаған еді. Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының «бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие жүйесінің» дағдарысқа ұшырау себептері мен жаңа ғасыр жағдайындағы социокинетика ғылымының оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық болатын идея, яғни жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетке сүйенген халықтық-демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің қажеттілігін туындатты. Айтылған мәселе бойынша бүгінгі күн талабы тұрғысынан жан-жақты зерттеген ғылыми-педагогикалық еңбектердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу тақырыбымызды айқындай түсуге себеп болып диссертациялық жұмыс тақырыбын «Мектепте оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары» деп атауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушылар ұйымының ұлттық демократиялық тәрбие беруге негізделген жаңа моделін құру және оған қажетті педагогикалық шарттарды айқындап, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру. Зерттеу объектісі: мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жүйесi.
Зерттеу пәнi: мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетті кіріктіре отырып, халықтық-демократиялық принципке негізделген оқушылар ұйымының жаңа моделі жасалса және оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалса, онда жан-жақты дамыған, ұлттық сана-сезімі оянған азамат тәрбиелеуге мүмкіндік туады, өйткені білім беру мен тәрбие ісі әлемдік өркениет пен ұлттық мәдени құндылықтар негізінде іске асырылады.
Зерттеудің мiндеттерi:
1 Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеу;
2 Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін құру және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындау;
3 Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру жұмыстарын іске асыру мақсатында «Атамекен» бағдарламасын құрастырып оны қолданудың кешенін жасау;
4 «Атамекен» бағдарламасы және оны қолданудың әдістемелік кешенін іс-тәжірибеден өткізу.
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында төмендегідей әдістер қолданылды: философиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; сауалнама, ойын-сайыстар, сұрақ-жауап, бағалау, салыстыру, бақылау және социометриялық кесте, тренингтер мен танымдық-тестік сұрақтар.
Зерттеу базасы: № 48 орта мектеп
Курстық жұмыс кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.
Қорытынды бөлiмiнде тарихи-педагогикалық теориялық тәжiрибелер мен практикалық нәтижелер және ғылыми-эксперименттiк көрсеткiштерге негiзделген ұсыныстар мен тұжырымдар баяндалды.
Қосымшада зерттеу жұмысы барысында жинақталған маңызды материалдар туралы мағлұматтар беріледі.

1 ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ — ӨНЕГЕ
1.1 Тәуелсіздік және ұлттық тәрбие I
Бүгінгі таңда ғасыр қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін әрбір адам бойында қалыптастыру — аса маңызды міндеттердің бірі. Өйткені қазіргі қоғам дамуындағы талаптарға сай кез-келген адам өз өмірінде жұмыс орнын, тіпті, кәсібін бірнеше рет ауыстыруға тура келеді. Бұл өз ретінде адам мүмкіндіктерін , оның мүдделері мен ұмтылыстарын жаңа талап тұрғысынан шешуді қажет етеді.Біз ұлы М.Әуезовтың Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген ұлағатты сөзін еске түсірген жастардың беталысы, бағыт-бағдары айқындалмай , еліміздің әл-ауқаты түзелмейтіні анық. Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы , мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу. Қазақстан халықтарының барлығының бақуатты, берекелі тұрмысқа қол жеткізіп, жақсы жайда өмір сүруі, ең алдымен, мемлекеттің негізі — қазақ халқының рухани ықпалы, интеллектуалдық әлеуетін нығайтып, әлемдік даму кеңістігіне өтуіне, өркениетті елдер деңгейіне көтерілуіне тікелей қатысты екендігін қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, олардың озық ойлы, білімді азаматтары да жиі қайталайды. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен оның ұлттық мәдениетімен , әдет-ғұрып дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек білу қажеттігі бірінші орында тұр. Өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз рухани байлығын арттыра түсу мүмкін емес. Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастықтарға қарап, тәрбие барлық халықтар үшін біртұтас деп айтуға себеп болмайды деген заңдылық осыдан туындайды. Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді елдің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын оның ерте замандағы ата-балалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Өйткені олар халықтардың тіршілік кәсібіне, наным — сеніміне байланысты туып, қалыптасатын ұрпақтан ұрпаққа ауысып жаңарып отырған, ұлттық болмыс адам мінезінен , іс әрекетінен ерекшелене көрінетін құбылыс мәлім және салт-дәстүрдің өміршеңдігі туралы педагогика ғылымының докторы, ғалым-педагог С.Қалиев өз зерттеулерінде Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан руға , ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді… деп көрсетеді.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтағанда ғана мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады:
Жастардың танымдық қабілетін жетілдіреді.
* Ұлттық тәрбие арқылы адами қасиеттерді қалыптастырады
* Ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
* Шығармашылық қасиеттерін оятады
* Данышпандық көреген қасиеттердің дамуына жол ашады.
Патриоттық сезім тұлғаның тектілігімен туындап, тәрбие арқылы өсіп жетіліп, қалыптасады. Ұлттық патриотизм жеке адамның белгілі бір ұлтқа тән екендігін түсініп, сезінуі, өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі және оны қастерлеп , қадір тұтып, қорғап, сақтауға дайын болуы. Демек, ұлттық патриотизм — қанмен, текпен туа бітетін , тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет .
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру осы ретте халық тәрбиесінде қыз бала тәрбиесінің де өтегелі үлгілері мол.Отбасында онымен негізінде әйел-аналар айналысып,мінез-құлқның сымбатына сай болуына басты назар аударған.Қыз баланың бойына инабаттылық,сыпайыгершілік,ізеттілі к қасиеттерін дарыта отырып,оның жан дүниесінің жете қалыптасуына мән берген.Халқымыз қыз психологиясының ерекшелігін жақсы түсіне білген.Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-жеңге бойжеткен баласын ылғи да жібектей мінезі мен уыздай тәтті қылығымен, әдепті-ізеттілігімен, иманды-инабаттылығымен, күміс күлкісімен көргісі келген. Осындай ұлттық тәлім-тәрбие алған қыз бала болашақта ардақты ана , сүйкімді жар болары сөзсіз. Халқымыз Әйел — барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні деп қасиетті санап, оған көңілінің төрінен орын беріп , ардақтап аялаған. Өйткені әйел-ана — әрбір отбасының алтын діңгегі.Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарына түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз деген қанатты сөздің өзі бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.. Б.Момышұлы атамыз айтқандай, Ел боламын десең, бесігіңдді түзе дегендей ертеңгі ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен қолға алар болсақ, елді қолда ұстар батыр ұлдарымыз ұлтымызды тәрбиелейтін қыздарымызды. теріс жолдан аулақ, ұстап, тәрбие бергеніміз жөн.
Менің ойымша,жастардың ұлттық тәрбиемен сусындауы- олардың қазіргі қоғамымызда кездесетін жат қылықтардан аулақ болуларына үлкен әсері бар.Теледидар,ғаламтор арқылы жастар арасында кездесетін зорлық-зомбылық әрекеттерді көріп жүрміз.Ұлттық дәстүр арқылы тәрбие алған жастар бейәдеп әрекеттерге бармайды.Сондай-ақ ұлттық тәрбиені бойына сіңірген жастар жат қылықтардан жолдастары мен достарының да алыс болуға шақырады. Тарих көші жылжып,заманның талабы,адамдардың қажеттілігі өзгерсе де,ата-бабамыздың рухы сақталған ұлттық тәрбие-барлық тәрбиенің бастауы.
Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын жетілдіру мен дамыту Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын жан-жақты қолдауы мен адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін жете түсінуі нәтижесінде қолға алынуда.Оған дәлел — білім беру саласының Қазақстан — 2030 Стратегиялық даму жоспарының басым бағыттары болып белгіленуінде.

Тәуелсіздікті баянды етуде бі-лімнің маңыздылығын жете түсіну, экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан, осы салаға барынша ыждаһаттылықпен қолдау көрсету — асқан болжампаздықтың белгісі.
Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үкілі үміт, өз халқына деген ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді. Ол тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмады. Бұл ретте Қазақстан — 2030 Стратегиясында Елбасы: Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты, — деп айрықша атап айтса, биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл күйлеріне байланысты, — деп, білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігіне жұртшылықтың назарын аударды.
Бұл орайда Н.Ә.Назарбаев мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, Балапан арнайы бағдарламасы, 12 жылдық оқыту моделі, кәсіптік және техникалық білім берудің сапасы, интеллектуалды мектептер, жаңа халықаралық университет сынды бірқатар соны іс-шараларды саралап, алға қойды.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасырдың білім беру саласы негізгі үш ерекшеліктен тұратынын байқауға болады. Олар: біріншіден, адамдар өмір бойы алған білімдерін жаңғыртып, дамытып отырады; екіншіден, оқушының жас, ой, мүмкіндік ерекшеліктеріне қарай білім беріледі; үшіншіден, бүкіл білім беру жұмысы халықаралық деңгейде басқалармен қатар, қат-қабат іске асырылады. Былайша айтқанда, білім бәсекеге сәйкес, қазіргі кезеңнің талабына сай жұмыс істеуге бағытталады. Бұл ерекшеліктер қазірдің өзінде бізге байқалып келеді.
Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алатын арқауы болып есептелетін ғылыми-техникалық және эконо-микалық прогрестің негізгі қозғаушы күші білім десек, қателеспейміз. Ол — қоғам дамуының кепілі. Білім беру саласында алға ұмтылмай, артта қалу мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлттың келешегіне кері әсер етеді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы халыққа Жолдауында: Елімізге экономикалық және қоғамдық жаңғыртудың талап-тілектеріне жауап беретін заманауи білім беру жүйесі қажет, — деп атап өткен еді.
Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты — жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.
Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан салалы, көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталған және рухани құндылықтарының негізінде құрылады.
Тәрбие жұмысы — ол арнайы ұйымдастырылған қалыптастырушы үрдіс және ізгіліктілікті қабылдайтын, әлеуметтік құндылықтар мен азаматтық мінез-құлық үлгілері бола отырып, тек ғылыми негізделген тәрбие жүйесінің аясында ғана өзін іс жүзінде көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырған тұлға үлгісіне жағдай жасайды.
Қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап, шешім қабылдай алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны, өз елі мен жерінің, туған тілінің жанашырын дайындауды міндеттеп отыр. Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына төтеп бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті, ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің өзектілігін алға тартады.
Осы ретте республикамыздағы жоғары білімнің қара шаңырағы саналатын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде жоғары білімді кәсіби мамандар даярлау ісі ұлттық құндылықтарға, халықтық тәрбие негізінде білім берудің қазіргі заманғы инновациялық технологияларына құрылған күрделі құрылымды оқу-тәрбие ісі арқылы жүзеге асырылатынын атап өткіміз келеді. 67 жылдық бай тарихы бар қазақ қыздарының парасат мектебіне айналған университетте оқу ісі мен тәрбие мәселесі ұлттық кадрларды даярлау ісімен тығыз байланыстырылып келеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педа-гогикалық университетіндегі тәрбие ісінің саясаты іргелі дайындығымен ерекшеленетін, кең өрісті базалық және кәсіби мәдениетке бағытталған, білім мен ғылымның тұтастығына құрылған университеттік білімді сақтаумен шығармашылық тұрғыдан дамытуға негізделген. Университеттің педагогикалық ұжымы болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру ісіне ғана емес, олардың азаматтық жауапкершілігін, отаншылдық рухын, елдік қасиеті мен ұлттық ұжданын да қатар тәрбиелеуге баса назар аударады. Соған орай оқу орнындағы тәрбие ісінің стратегиялық түпкі мақсаты ел болашағын жасар маманның кәсіби, интеллектуалдық және әлеуметтік тұрғыдан жетілуіне жағдай жасау болып табылады.Жастар тәрбиесі мәселесі біздің университетте студенттерге әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету, бір сөзбен айтқанда, иманды, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, ұлт болашағына жауапты азамат тәрбиелеу міндеттерін шешуді көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін университетте Жоғары оқу орындарында студенттерді тәрбиелеудің Тұжырымдамасы қабылданды. Осы тұжырымдама негізінде 2011-2012 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі жылдық жоспар бекітілді. Аталған жоспар ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие істері және жастар саясаты департаментінің назарына ұсынылып, қолдауға ие болды. Сегіз бағыттан тұратын жоспар мазмұны сапалы жоғары білім мен саналы ұлттық тәрбиені беруге қатар бағытталады. Себебі, оқу мәні тәрбиеде, түзу тәрбие болмаған жерде алынған білім қоғам үшін қауіпті. Сондықтан да студенттерге зайырлы қоғам мүддесіне жауап беретін, ұлттық болмысымызға сай тәрбие берілуіне үлкен мән берілді.
Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші — студент жастардың білім деңгейінің жоғары және олардың парасатты, аса тәрбиелі тұлғалар болып қалыптасуы. Өйткені бүгінгі студенттер — ертеңгі зиялылар. Күні ертең-ақ, олар өндірістік және әлеуметтік басқару жүйесін өз қолдарына алады.
Қазіргі таңда қоғамдағы кең етек алып келе жатқан ой-пікірлердің көбісінің дені бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне келіп тіреледі. Тәрбие — ұлы іс, онымен адам тағдыры шешіледі, — деп, В.Белинский дәл айтқан.
Бүгінгі таңда қазақ елі 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын негізге ала отырып, өзінің алдына бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан көріну мақсатын қойып отыр. Бұл орайда, Президент Н.Ә.Назарбаев Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек, — деп атап көрсеткен-ді.
Түйіндей келгенде, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті, өзіндік тұлғалық ерекшеліктері қалыптасқан, жоғары кәсіби білімді маман даярлау ісін алдағы кезде де жаңа инновациялық бастамалар мен жаңалықтар, ұлттық құндылықтар негізінде жалғастырмақ. Еліміздің патриоттарын тәрбиелеуде өзіміздің сүбелі үлесімізді қосуға барлығыңызды шақырамыз.

1.2 Ұлттық тәрбие — ұлттың болашағы

Бүгінгі жас — тарға ұлттық тәрбие беру керек деген идеяны басшылыққа алған Абай атын — дағы Қазақ ұлттық педагоги — калық университетінің ректоры, педагогика ғылымдары — ның докторы, профессор С.Пір — әлиевтің жобасы бойынша оқу орнында ұлттық тәрбиеге айрық — ша мән берілуде. Жастар біздің болаша — ғымыз дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйе — тін ұлт — жанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлт — тық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін олар — ға ұлт — тық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Осыған орай, Абай атындағы Қа — зақ ұлт — тық педагогикалық уни — вер — си — тетінде екі жылдан бері Ұлт — тық тәрбие пәні оқу үде — рісіне ен — гізіліп, барлық маман — дық бойынша оқытылып келеді. Арнаулы Ұлттық тәрбие кафедрасы жұмыс істейді. Ұлттық тәр — бие атты ғылыми-көпшілік журнал шыға бастады. Ұлттық тәр — бие мәсе — лелерін дәйекті оқы — ту үшін арнаулы оқу және оқу-әдістемелік құралдар шығарылу — да. Қазірдің өзінде университетте Ұлттық тәрбие (Таңдамалы лекциялар курсы), Ұлттық тәр — биенің ғылыми негіздері (оқу құралы), Ұлттық тәрбие: салт-дәстүр, әдет-ғұрып негіздері, Ұлттық тәрбиенің этика-эсте — тикалық негіздері, Ұлттық тәр — бие және дін мәселесі сияқты оқу құралдары шығарылып, қол — данысқа енгізілді. Сабақ үрдісінде студент-жас — тарға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дү — ниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәс — түр, ырым-тыйымның рөлі, сә — лемдесу әдебі, сыйластық, қо — нақ күту, ас ішу әдебі, инабат — тылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәр — — — биедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәде — ниет үлгілері мен олардың тәр — биелік мәні сияқты ұлттық құн — ды — лық — тарымыз тиянақты оқыты — луда. Ұлт — — тық қалпымызды сақ — тап қа — луда қазіргі жастарды әр — — түр — — лі діни ағымдардан қорғаш — таудың маңызы зор. Осы мәсе — леге бағыт — талған Ұлттық тәр — бие және дін мә — се — лесі (Б.Сманов, Ж.Боранбай) атты оқу құралының ма — ңы — — — — — — зы зор болып отыр. Ректордың бастауымен университет жанынан Ұлт — — — тық тәр — бие клубы құ — ры — лып, оған елі — міздегі педа — гоги — ка — лық жоға — ры оқу орын — — да — — рының педа — гог-ға — лым — да — — ры, көр — — некті тұл — ғалар мү — ше болып отыр. Клуб аясында ай сайын өткізіліп тұратын дөңгелек үстел мәжілістерінде От — ба — сы — дағы ұлт — тық тәрбие, Бала — бақ — шадағы ұлттық тәрбие, Мек — теп — тегі ұлттық тәрбие сияқты өзек — ті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ, жастарға ұлттық тәр — бие бе — руді жаңғыртудың әдіс-тә — сілдері жүйелі түрде талқы — ла — нып отырады. Ал Абай атын — дағы Қа — зақ ұлттық педа — го — ги — калық уни — вер — ситетінде Ұлт — тық тәр — бие пә — — — нінің тиімділігі мен маз — мұнын арттырудың ғылыми не — гізі толық қаланып, бүгінде ол жа — ңа тәжі — рибелермен байытылуда.
Университетте жыл бойы өткен ұлттық тәрбиеге байланыс — ты Тұлғалар дәрісі деп аталатын ашық лекциялар циклында Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Қирабаев Ұлт — тық тәрбие және қазақ әдебиеті, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов Абай шығармала — рын — дағы ұлттық тәрбие мәселелері, жазушы-ғалым Советхан Ғабба — сов Өз халқыңның қадір-қасие — тін ұқ, белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай Қазақ өнерін — дегі ұлттық тәрбие, Халық қа — һарманы Бақытжан Ертаев Ұлт патриоты болайық деген тақы — рыптарда дәріс оқыды. Ашық дә — ріске оқытушылар мен студент — тер белсене қатысып, ұлттық тәр — бие туралы мол мағлұмат алды. Ұлттық тәрбиенің көздері фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топы — рағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбек — те — — ріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Сонымен бірге, отбасы тәрбиесінің ұлттық ерек — шеліктері, туыстық қарым-қаты — нас, жеті ата туралы түсінік, пер — зент — тік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отан — сүй — гіш — тік, еңбек — сүй — гіштік қасиеттер ұлттық тәрбие — нің негізгі бағыт — тарына жатады.
Иә, ұлттық тәрбие — ұлттық сана-сезімі жоға — ры болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негіз — делген білім беру жүйесінің құ — — рам — дас бөлігі. Оның мақ — саты — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлт — тық мүд — денің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құнды — лықтар мен жалпы адамзаттық құнды — лық — тар — ды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәр — бие — леу. Ал міндеті — мәдени-әлеу — меттік өзгер — мелі жағдайдағы ұлт — тық тәрбиенің діңгегі — ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдение — ті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құр — мет — теуде жастардың ұлт — тық ин — тел — — — лектуалдық мінез-құлқын қа — лып — тастыру, бүгінгі қа — зақ елінің ин — дус — триалық-ин — нова — циялық жү — йе — сінің дамуын қамта — масыз ететін парасатты, ұлттық сипат — тағы бел — сенді іс-әрекетке тәр — биелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда бас — қа өркениет — термен бәсекеге қабі — лет — ті болуын қамта — масыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қа — рым-қатына — сының өрке — ниетті — лік сана-сезімін ұлттық рухта қалып — — тастыру. Тәр — биенің басты нысаны елдік сананы қалыптас — тырып, ұлттық рух пен ұлттық патрио — тизм — ді негіздеу, ұлт — сыздық — пен күресу болса керек. Міне, Абай атындағы Қазақ ұлт — тық педаго — гикалық универси — те — тінде Ұлт — тық тәрбие пәнін оқу үрді — сіне енгізудің мақсаты мен мін — деттері осы.
Айта кетелік, университет ғалымдары халқымыздың сан ға — сырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құн — ды — лықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгі — лерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда. Осы ар — қылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып отыр.
Ендеше, Ел боламын десең, бесігіңді түзе демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагоги — калық университеті бас — таған Ұлттық тәрбие пәнін балабақ — шалар мен мектептерден бастап барлық жоғары оқу орындарында жаппай оқытуды қолға алғанымыз жөн деген ойдамыз. Мұны Үкімет те, Парламент те, Білім және ғылым министрлігі де қолдап жатса, ісіміз жемісті болары сөзсіз.
1.3Ұлттық тәрбие — ұлттық рухтың негізі
Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. Жастар біздің болашағымыз дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. .
Ұлттық тәрбиенің мақсаты — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиенің міндеті — мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі — ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz