Отбасы құқығы пәні | Скачать Курстық жұмыс
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: Д.Қ.Қойшыбай
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Дүйсалиева Л.Ө.
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығы 5-14
1.2 Отбасы құқығы пәні 14-19
ІІ ТАРАУ. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
2.1 Отбасы құқықтық қатынастарының субъектілері мен объектілері 20-23
2.2 Отбасы құқығының пайда болуы өзгертілуі және тоқтатылуы 23-24
ҚОРЫТЫНДЫ 25-26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Отбасы әлеуметтік бірлік ретінде, әрдайым әлемдік дамудың басты элементтерінің бірі ретінде қарастырылған. Отбасының басымдылығы идеологиясы, қоғам мен адамның өмір сүруі және дамуы үшін отбасының қажетті құндылығы көптеген нормативтік актілерде бекітілген. Осы құжаттардың негізгі ережелерінің бірі, отбасы институтының қоғам тарапынан қорғалуы, барлық мемлекеттердің ұлттық отбасы саясатын жетілдіруі болып табылады. Отбасы саясатының алдына қойған негізгі мақсаты қоғам дамуының күрделі мәселелерін шешу барысында отбасы мүмкіндіктерін қоғамдық институт ретінде белсенді пайдалануға жағдай жасайтын технологиялар мен механизмдерді жетілдіру болуы тиіс. Отбасы әлеуметтік жүйе ретінде өзінің болмысын қатынастардың нақты түрлері арқылы жүзеге асырады және осындай отбасы-неке қатынастары қоғам өмірінің негізгі заңы — Қазақстан Республикасының Конституциясымен реттеледі және қорғалады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: отбасы қатынастарын реттеуге ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр тікелей әсер етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: отбасы мүшелерінің арасында пайда болатын отбасы қатынастарын реттеу.
Курстық жұмыстың міндеті: отбасы құқықтық қатынастарын ажыратып көрсету.
Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге сонымен қатар ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.
Отбасы және неке сауалы коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некеге тұруының жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста біз неке және отбасы қатынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз. Неке бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт болғандықтан, осы ерлі зайыптылардың арасындағы қатынас, олардың шетелдің қатысуымен болғандықтағы ерекшеліктері осы курстық жұмыстың зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқығының басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес.
Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, пайдаланылған әдебиеттерден, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығы
Отбасы құқығы Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп реттейді. Отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Отбасы құқығын реттейтін қатынастарға мыналар жатады:
— некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
— отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
— ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
— азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасының неке-отбасы зандары:
1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының тендігі;
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
8) отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді.
Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана танылады. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттык, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы кұкықтары тек заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексінен, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексімен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық кодекстер қолданылады, өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексінде көзделген қатынастар кодекстермен немесе тараптардың келісімімен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке-отбасы және (немесе) азаматтық кодекстердің нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады.
Аталған жағдайларда кодекс ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, неке отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке-отбасы немесе азаматтық кодекстердің жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып айқындалады.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік, немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті — мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. [І: 2; 34-35бб.]
Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да осында жатыр.
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. [ІІ: 1; 34-35бб.]
Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды Неке және отбасы туралы Кодекс нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 2011ж., 26-желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Кодексі болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Кодекс 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213-баптан тұрады.
1-бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы кодексінің негізі жасалып, осы кодекспен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
«Неке» деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру,оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
«Отбасы»деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
«Қорғаншылық және қамқоршылық» деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастыралады.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады.»Неке және отбасы туралы» Кодексінің 4-бабында. [ІІ: 2; 87-88бб.]
Неке — ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ.
Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі кажет. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып козғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі. [ІІ: 3; 46-47бб.]
Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексінің 11-бабында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар көрсетілген. Некеге тұруға:
— біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
— тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-карындастардың);
— асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
— біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке кию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.
Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке киюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке киюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) некеге өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады. [ІІ: 4; 67-68бб.]
Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенің тоқтатылуы. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында неке:
1. ерлі-зайыптыдардың кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ болған жағдайда;
2. бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында;
3. ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін:
а) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
ә) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
б) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда бұзылады. [ІІ: 5; 77-78бб.]
Некені сот тәртібімен бұзу:
— ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;
— ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;
— егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
— ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Кодексінде белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған неке жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге кұқылы. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді.
Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі занды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.
Отбасы құқығының қайнар көзі ретіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мен басқа нормативтік актілер жатады.
Отбасы құқығының қайнар көзі — бұл отбасы-құқықтық нормаларының сыртқы көрінісінің нысаны. [ІІ: 6; 88-89бб.]
Отбасы құқығының негізгі қайнар көзі 2011-жылы, 26-желтоқсанда қабылданған Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі болып табылады. Онда кодекс жобасын талқылау барысында барлық мүдделі тұлғалардың айтқан ұсыныстары ескерілген. Неке және отбасы туралы Кодекс нормалары конституциялық бастауларға негізделген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабы келесі жағдайларды бекітеді:
1. Неке мен отбасы, ата-ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және міндеті болып табылады.
3. Кәмелетке толған еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы Кодексінің 4-бабы отбасы құқығының қайнар көздерінің құрамына Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Неке және отбасы туралы кодексі мен отбасы құқығының нормаларынан тұратын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады деп көрсетеді. Отбасы құқығының қайнар көзі болып табылады:
1. Бала құқығы туралы 2002-жылы 8-тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы.
2. Қазақстан Республикасының шет елде алимент өндіру туралы Конвенцияға қосылуы туралы 1999-жылы 30-желтоқсандағы №33-II Қазақстан Республикасы Заңы.
3. 1993-жылы 30-наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек туралы Конвенцияны ратификациялау туралы 2004-жылы 10-наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы.
4. Қазақстан Республиасының Бала құқығы туралы Заңы 1994-жылы 8-маусымда ратификацияланған.
5. Қазақ ұлтының тұлғаларының тегі мен әкесінің атын жазумен байланысты сұрақтарды шешу тәртібі туралы 1996-жылы 2-сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және т.б.
Кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссия туралы типтік жағдайды бекіту туралы 2001-жылғы 11-маусымдағы №789 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы келесі мәселелерді нақтыландырды:
— балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғаудың кепілі ретіндегі мемлекеттік органдар, қоғамдық құрылымдар, жергілікті атқару органдары, заңды және жеке тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігі;
— балаларды әлеуметтік қолдауды қаржыландырудың көздерін анықтау мен аталған органдардың оны бөлуге қатысуы;
— балаларға қатысты мемлекеттік саясат жасалды және т.б.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулылары мен басқа да нормативтік актілері отбасы құқығының қайнар көзі болып табылмайды, бірақ құқықты қолдану тәжірибесінде өзіндік әсер етеді. Олар Неке және отбасы туралы кодексі мен басқа нормативтік-құқықтық актілердің бүкіл Қазақстан Республикасы аумағында бір нысанда қолданылуына жетуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар кейбір жағдайларда олар құқықтағы ақтаңдақтардың орнын толтыруды да қарастырады. Мысалы, Неке және отбасы туралы кодексте әкелікті белгілеу туралы жағдай жоқ. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумы өзінің қаулысында осы сұрақ бойынша түсініктеме берді. Осы қаулыға сәйкес қайтыс болған азаматтың әкелік факторын бекіту ерекше өндірістік тәртіпте жүзеге асыруға болады.
Отбасы қатынастарына азаматтық заң екі жағдайда қолданылады:
— Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде немесе басқа да азаматтық-құқықтық актілердің сәйкес нормаларын қолдану туралы тікелей сілтеме болса;
— отбасы мүшелерінің арасындағы қатынас отбасы-құқықтық нормалармен реттелмесе және осы отбасы қатынастарын реттейтін қажетті азаматтық заң нормалары болса.
Қазақстан Республикасы азаматтық кодекстің келесі нормаларын пайдалануды тікелей міндеттейді:
1) талап арыздың ескіруін белгілейтін нормаларды қолдану кезінде;
2) ерлі-зайыптылардың шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті иелену, падалану және оған билік ету кезінде;
3) ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша неке шартын соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы кезінде;
4) неке шартын сотпен толығымен немес ішінара жарамсыз деп тану кезінде;
5) баланың өзіне меншік құқығымен тиеселі мүлікке билік ету құқығын анықтау кезінде;
6) баланың өзіне меншік құқығымен тиеселі мүлікке билік ету құқығын анықтау.
Азаматтық кодексті қолданған кезде екі негізгі ереже сақтау керек:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі мен басқа да азаматтық-құқықтық актілері отбасылық қатынаста сол жағдайға қажетті отбасылық-құқықтық нормалар болмаған кезде ғана қолданылады.
2. Ереже субъективтік жағдайға негізделген, яғни отбасы мүшелері қатынастарының жеке-сенімдік сипаты: отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейтін азаматтық заңдар ғана қолданылады.
Неке және отбасы туралы Кодекс халықаралық құқық нормаларының үстемдігі туралы конституциялық норманы бекіткен. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімімен отбасы кодексімен қарастырылмаған басқа ережелер бекітілсе, онда халықаралық нормалар қолданылады. Отбасы құқығын реттеуде адам құқығының жалпы декларациясы, әйелдерге қатысты барлық кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенция, бала құқығы туралы Конвенция және т.б. сияқты халықаралық келісімдер орны ерекше. [ІІ: 7; 63-64бб.]
1.2 Отбасы құқығы пәні
Қоғамның әлеуметтік институты ретінде неке мен отбасы өте ертеде пайда болды және өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Дүниеге келген балалар бүкіл рулық қауыммен тәрбиеленді. Руын анасының жағынан анықтады, өйткені әкесін анықтау мүмкін болмады. Бұл кезең матриархат деп аталды.
Қоғам дамыды, онымен бірге мораль дамып, ата-ана мен балалардың арасындағы неке қатынастарының моральға қайшы екені туралы тұжырымдар пайда болды. Нәтижесінде адамзат жаңа неке қатынасының нысаны: топтық некеге көшті. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес ол екі нысаннан өтті: қандық туыстық отбасы мен пуналуалық отбасы. Қандық туыстық отбасында неке ұрпақ бойынша құрылды, яғни ата-ана мен балалар ұрпағы өзінің неке қауымдастығын құрды.
Тек адамдардың белгілі бір тобының (ақсақалдар, абыздар және әлеуметтік дәрежесі бар басқа да тұлғалар) өзіндік жеке отбасын құру мүмкіндігі болды. Осы кезеңде патриархат, яғни руын әкесінің жағынан анықтау пайда болды. Дегенмен, әлі де болса да барлық жағдайда баланың биологиялық әкесін нақты анықтау мүмкін емес болды, өйткені бұл некелер де әлсіз, мықты емес болды.
… жалғасы