Рудныйда танысын өлтіріп, өртеп жіберген қаскөй ұсталды

0

2018 жылғы 10 желтоқсан 00:39 250

Рудныйда танысын өлтіріп, өртеп жіберген қаскөй ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Рудныйда аяқ киім жөндейтін дүңгіршектегі өртті сөндірген соң зорлықпен өлтірілген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті аяқ киім жөндеу дүңгіршегіне келіп, танысымен ішімдік ішеді. Мұның арты жанжалға ұласып, күдікті жәбірленушіні соққыға жыққан. Артынша оның ұялы телефонын қолды қылып, дүңгіршегін өртеп жіберген.

Полицейлер осы іске қатысты бұрын сотталған 30 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.