Отан, туған жер, елге деген сүйіспеншілік, менің отаным Қазақстан,

0
Туған жер асыл өлке Қазақстан,
Отаным ұлан-байтақ ғажапстан.
Өзіңдей тату-тәтті ел жоқ шығар,
Қазағым жаралғансың асыл тастан.

Байрақты бәсекеде берілмеген,
Ұлдарын – құл, қыздарын – күң етпеген.
Өзгеге соқтығыспай тыныш жатқан,
Қазағыма бірде-бір ел жетпеген.

Бар бақыты қуанышы елімнің,
Әр тасына уайымдаймын жерімнің.
Аққуы ұшпай тұрса егер көлімнің,
Қуаныш жас сол болады көзімнің.

Қуандырып, жылататын адамды,
Барлығынан артық көрем Отанды.
Қатыгездік,жауыздық жоқ ойында,
Байлығым деп білемін қазағымды.

Отан деген мәңгілік ұлы атау,
Отан деген баршаға ортақ отау.
Елімнің мәртебесі биік болып,
Болашақта алдынан шықпас құрсау.

Қазақстан мен үшін жәннат мекен,
Отан деген бар жанға керек.
Отанымды аялап алақанда,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз