Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу

0

Мазмұны

1. 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.
1.1 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың зерттелуі мен даму алғышарттары.
1.2 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық ереккшеліктері.

2. 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру жолдары.
2.1 12 жыллдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігінің тиімділігі.
2.2 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың тәжірибелік – эксперимент нәтижесі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қосымша
К І Р І С П Е

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі:
.
Ендеше 12 жылдық білім– бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін бірден- бір тиімді жол.
Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен – ақ білім беру жүйесін реформалауда басқарудың әдіс- тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз. Мектептің педагогикалық жұмыс барысын жүйелеу, оқыту тәсілдерін жетілдіру, білім дегейін жоғары сатыға көтеру.
Жүргізілген көптеген ғылыми зерттеулер аясында теориялық тұжылымдамалар жасалған, еліміздің көрнекті педагог – ғалымдары мен қайраткерлерінің педагогикалық идеялары негізделген.
12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырып, дамыту барысында педагог ғалымдардың М.Жадрина, Ш.Беркімбаева, К.Шамшидинова, Г.К.Аринова, Б.Қ.Тыныбаева, Ғ.Ә.Баймадиева, Г.А.Павлова, Р.Б.Морзабаева, Н.Н.Багапова, Б.К.Игенбаева, К.Ж.Бұзаубақова, Ғ.Б.Ниязова, Ә.Қағазбаева, Ш.Құрманалина еңбектерінде құнды ой пікірлермен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп айқындап берген.
Зерттеу жұмысының мақсаты:12 жылдық білім беруге көшуде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың ғылыми теориялық негізге сүйене отыра анықтап, әдіснамалық тұрғыда бағытталған іс-тәжіриубені, саралап жүйелі зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысанасы: Бастауыш сынып оқушылары мен жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының оқу ынтасын, белсенділігі мен қызығушылығын арттырып дамыту негізінде оқу тәрбие үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың көрсеткіштері мен деңгейі анықталса;
12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың тәжірибелік – эксперименттік тексеруден өткізіліп, әдістемелік ұсыныстар берілсе;
12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырып одан әрі деңгейін арттыру, дамыту өте тиімді де ұтымды болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
– Бастауыш сыныпта 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқу икемділігі, тиімділігі, белсенділігі ұғымдарына сәйкес теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;
– 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бастауыш сынып оқушыыларының оқу икемділігін қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық, философиялық және дидактикалық зерттеулерге талдау жасау;
– Нақты педагогикалық, психологиялық және социологиялық зерттеулер арқылы оқу икемділігін қалыптастыру бағыттарын айқындау;
– Оқыту үдерісінде оқыту икемділігін қалыптастыра отыра бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасын, жігерін, қызығушылығының мәнін, мазмұнын аша отырып, жолдарын көрсету.
Зерттеудің әдістері мен көздері: Зерттеудің мақсаты, міндеті мен болжамын тексеруіне сәйкес педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, социологиялық еңбектерді, педагогикалық тәжірибелерді теориялық тұрғыдан талдау, Қазастан Республикасының Білім туралы заңы, мемлекеттік бағдарламаны, тұжырымдаманы, тұғырнамалық құжаттарына шолу жасау, эксперимент жүргізу, ғылыми әдебиеттерді талдау, анализ синтез, әңгіме, рейтинг, тәжірибелік сабақтар мен тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін өңдеу қорытындылау әдістері қолданылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
– 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру ерекшеліктерімен мазмұндық мәнділігін анықтау;
– 12 жылдық білім беруге көшуде оқу белсенділігінің педагогикалық, психологиялық ерекшелігін қалыптастыру;
– 12 жылдық білім беруде оқушылар білімінің тәжірибемен сабақтастырылып, практикамен ұштастырылуы;
– 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушылар икемділігін қалыптастырып арттырудағы зерттеу қорытындылары мен ұсыныстарын, әдістемелік нұсқауларды дайындау үшін қолданылуы мүмкін.
Зерттеу орны: Қаратау қаласындағы М.Әуезов атындағы қазақ орта мектебінде бастауыш сыныптың 1″А»- сыныбына жүргізілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
„12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқыушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» 1-ші тарауда бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырып дамытудың құрылымдық мазмұндық ерекшеліктері мен даму алғышарттары нақтыланып көрсетіледі.
„12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру жолдары» атты 2-ші тарауда зерттеу эксперименті арқылы оқушылардың оқу икемділігін қалыптастыру жолдары, оқыту ерекшеліктері, ұйымджастыру тиімділігі зерттеу жұмысымның нәтижесі айқын көрсетілді.
Қортындыда 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың ерекшеліктері мен даму алғышарттары айқындалып, педагогикалық ұсыныстар көрсетілді.
1. 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.
1.1 12 жылдық білім беру жүйесіндебастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың зерттелуі мен даму алғы шарттары.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өсуі мен ел экономикасының қарқынды даму үстіндегі кезеңде адамдардың көз қарасының заман талабына сай өзгере бастағаны олардың өмір сүру дәстүрінен анық байқалады. Бұл – әлемді қамтыған жаһандану дәуірінің бастапқы көрінісі. Қоғамдағы түрлі өзгерістер мен ондағы адамдар тіршілігіндегі маңызды мәселелер білім саясаты арқылы ғана шешімін тауып жатады.
Білім беру жүйесі – әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетуде негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, ондағы өз орнын анықтауын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні қарқынды даму үстіндегі бірқатар елде 12 жылдық оқытуды білім жүйесіне енгізуде нақты қадамдар жасалуда
12 жылдық білім беру біртіндеп көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, икемділік тантуын қамтитын процесс.
Уақыт өткен сайын адамның жалпы орта білімі мен кәсіби дайындығының деңгейіне қойылатын талаптар үнемі артып, жандана түсуде. Білшім сапасы атты жаңа анықтама 1993 жылы Еуропалық кеңесте XXI ғасырға бет алған білім жүйесін дамытудағы басты міндет ретінде танылды. Бұл үрдіс көптеген елдердің орта білім беретін мектепке айналуынан көрініс тапты.
Мектепке бала 6 жастан қабылданады. Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан бар.
Бүгінгі күні баланы 5- жастан бастап тәрбиеленетін мектепалды даярлық бағдарламасының мектепке дейінгі мекемелерде тәжірибеге енгізілгеніне бес жылдан асып кетті.
Ал 6 жасар баланы оқытуддың ғылыми- әдістемелік негіздері мен практикалық тиімділігі жан-жақты зерттеліп оқу-тәрбие процесіне енгізудің нақты қадамдары жасалуда. Оларды мектепке қабылдаудың, оның жас және жеке ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау арқылы оқытудың титімді тәсілдері тәжірибеге енгізіліп, еліміздің 104 мектебінде сынақ тәжірибеден өтуде.
Білім берудің бастауыш сатыдағы оқыту кезеңін бес жылға ұзарту мәселесі бойынша баланың физиологиялық, психологиялық дамуы мен дене бітімінің қалыптасуындағы жас ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қарастырылады.
2-саты – (6-10- сынып) жалпы орта білім беруі дайындығының негізін қалап, оқушының қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік – психологиялық бейімделуі мен ғылыми дүниетанымын кеңейтуді, сондай – ақ жеке тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқытудың бұл кезеңі оқушының үшінші сатыдағы бейіндік оқыту түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін бейіналды дайындқтың енгізілуімен ерекшеленеді.
Бейіндік оқыту идеясы өзіміз өмір сүріп отырған кезеңде қоғамды демократияландыру процестерінің әсерінен туындап отыр. Елімізде біраз уақыттан бері білім беру жүйесіне еніп, өзіндік бағыт алған гимназия мен лицейлердің дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің тәжірибесі осы бейіндік оқытудың қоғам үшін қажеттігін айқындайды.
Айта кететін жағдай, бүгінге дейінгі баршамыз аитып жүрген бағдарлы оқыту, пәндерді тереңдете оқыту педагогикалық ұжымдардың талап тілектеріне қарай анықталды.
Ал 12 жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейімдеп оқыту арқылы өзіндік талабын қанағаттандруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына игі ықпал етуді мақсат етеді. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: оқушыларға бейінді оқытудың белгілі бір бағытын таңдауына мүмкіндік туғызу: оқушылардың әлеуметтік және кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауына, өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білуіне септігін тигізетін өзіндік білім алуын ұйымдастыру. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы таңдау жасауына жағдай туады, өзіндік іс әрекетін бағалай білуге дағдыландыратын түпкілікті құзіреттілікке қол жеткізіледі, сөйтіп оқушының одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді.
Демек кез келген мектеп оқушыларының өз білім жолын таңдауына, жергілікті мектеп желісінің ерекшелігіне және кадрлық құрамына қарай білімін жан-жақты тереңдетуіне мүмкіндігі бар.
Жаңа оқу жылынан бастап, әрбір облыс орталықтарында, қалаларда, аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде бейіндік оқытуды сынақ тәжірибеден өткізуге арналған эксперименттік алаңдар- бейіндік мектептер белгіленіп, экспериментті жүргізудің бағдарламасы әзірленуде.
Қазақстандық білім беру жүйесінде оқушының білімін тек қана 5 балдық шкаламен бағалау көп уақыттан бері қалыптасып қалғанымен, білім беру жүйесіндегі түбірлі өзгеріс, білім мазмұнын жаңарту процесі оқушының білімін бағалау жүйесінде түбегейлі өзгертуді талап етеді. Осыған орай озат тәжірибелі педагогтардың тәжірибелі ғалымдардың қатысуымен оқушының білім алу әрекетіндегі оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесінің жобасы әзірленуде. Сондай-ақ Орталықтың ғылыми зерттеу қызметкерлері Білім сапасын бағалау ұлттық орталығымен бірлесе отырып шетелдік тәжірибелерді де зерделеуде.
Жаңа бағалау жүйесінің негізгі мақсаты оқушының оқу әрекетіндегі алған білімі-білігімен бірге өмірлік дағдыларының қалыптасуын жан-жақты қарастыруды көздейді.
байланысты айтылып жатқан сан алуан пікірлерді саралай келсек халық арасында түсінбеушілік тудырып отырған басты мәселе бала жасына байланысты болып отыр. Қазіргі оқыту жүйесінде бала мектепке 7 жасынан барып, орта мектепті 16-17 жасында аяқтайды, ал 12-жылдық жағдайында да солай. Бал 6 жастан мектепке барса, 16-17 жасында мектепті бітіреді. Яғни мұндағы бал жасына байланысты өзгеріс – оның мектепке бір жыл ерте баруында.
12-жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық – баланың тек қана білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы қадам кәсіби бағдар алып шығуы. Яғни 11-12 сыныптардағы білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсінік пен ықпалдастығы негізделген оқыту процесі оқушының ойлау жүйесінің дамуына, құндылық, бағдарының айқындалуына, қарым-қатынас жасай білу дағдыларыларының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының қоршаған ортасына деген қатынасын өзгертетін, танымдық қабілетінің деңгейін көрсететін, ойлау дәрежесінің тереңдігін байқататын, ақпаратты қабылдап, талдап, өзіндік тұжырым жасай алатын түпкілікті құзіреттерге қол жеткізеді.
Бұл процесс 12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкелетін, құнды идеялардан тұратын жаңа оқыту технологияларын енгізуді талап етеді. Сөйтіп әлемдік қолданыста оң нәтижесін көрсетіп келе жатқан кредиттік технология сияқты зат тәжірибе енгізілетін болады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты білім жүйесіндегі мазмұндық-құрылымдық өзгерістер жоғары оқу орынарының білім стандарттарының өзгеруіне ықпал ететіні сөзсіз.
Сонымен он жылдық білім негізі білім сатысы болып есесптеледі. 10-сыныпты бітірген оқушы өз қалауымен арнаулы оқу орындарында және бастапқы кәсіптік білім беретін ұйымдарда білім ала алады. Одан әрі білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруына болады.
Ал 11-12 сыныптарда өзінің білімін жоғары оқу орындарында таңдаған мамандығына сәйкес жалғастыруды көздеген оқушы оқи алады.
12 жылдық білім берудің тұжырымдылық негіздері, білім мазмұны, бағалау жүйесі, т.б. білім беру жүйесінің өзекті мәселелері елімізде ғалымдардың, жалпы педагог қауымның арасында жан-жақты талқылануда.
Заман талабынан туындаған тың мазмұнды білім жүйесінің қоғам үшін қажеттігін еліміздің төрт жылдан бері 104 мектепте жүргізіліп келе жатқан эксперимент нәтижесі көрсетіп отыр. Экспериментке қатысқан педагогтарды жыл сайын қайта даярлаудан өткізіп, оқытудың жаңа технологияларына сәйкес әзірленген әдістемелікпен уақытында қамтамасыз етіп отырамыз.
12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуіне байланысты ұйымдастырылып жатқан іс-шараларды атап өтетеін болсақ: біріншіден, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі және жоспарлы өтіп жатыр. Республикалық бюджеттен трансферт есебінен арныйы қаржы бөлініп, жылына 3000-нан астам педагог кадрлар қайта даярлануда. Екіншіден, экспериментке қатысушылардың 12 жылдық білім беру мәселелері бойынша пікірлерін ортаға салып талқылау мақсатында түрлі деңгейдегі: аймақтық, республикалық, халықаралық семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылуда. Үшіншіден, шетелдік озат тәжірибелердің ұтымдылары талқыланып тыңдалып қазақстандық білім беру жүйесіне икемделуде.
Білім стандарттарын әзірлеудің проблемасы білім беру нормаларын белгілеу қажеттілігі мен адам дамуының өз заңдылықтарының, оның ішінде білім беру нормаларын белгілеу қажеттілігі мен адам дамуының өз заңдылықтарының, оның ішінде тосын, білім беру жүйесіне бағынбайтын заңдардың өмір сүруінің арасындағы қайшылықтарға байланысты туындап отыр. Осы қарама – қайшылықты жеңудің тиімді жолы 12 жылдық білім беру жүйесінің жобалауға психологиялық – педагогикалық тәсілдерді пайдалану болмақ. Мұндай жобалау оқушылардың ерекшеліктері мен дамуы деңгейін ескеретін психологиялық – педагогикалық принциптерге негізделуге тиіс.
12 жылдық мектепке көшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, ынтымақтастыққа оқыту жобалар әдісі, оқытудың әр деңгейлі топтық және қосарлы нысандары, шығармашылық бойлау, сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістеріпайдаланылуы тиіс. Бұл нысандар, әдістер мен технологиялар оқушылардың қабілет-дарынын, олардың жеке қасиеттерін дамытуға ықпал ететін оқытудың сараланған тәсілін көздейді. Соңғы жылдардағы ақпараттық революция әлемді бірыңғай білім беру кеңістігіне топтастыруда. Қоғамды ғаламдық деңгейде ақпараттандыру мектеп оқушыларымен педагогтарға өзінің дүниетанымдық тұрғысынан ашық ақпараттық білім беру кеңістігіне енуге мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту технологиясын меңгеруге жағдай жасайды. Субективтік ойлау арқылы оқытудың ақпараттық оқытумен салыстырғандағы басымдығын сақтай отырып, 12 жылдық мектеп оқушылардың бойында бұрынғы бағдарламалық түсініктердің орнына дүниенің көптеген субъективтік картиналарын қалыптастыруға, білім беру жағдайлары арқылы оқу міндеттерін оқушылардың өмірлік проблемаларының желісіне кіргізуге, оларды нақты және виртуалды дүниеде дұрыс бағдар үйретуі тиіс.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Еуропа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта білім берудің бағдарламасын біздің оқушыларымыз 11 жыл ішінде меңгереді. Республиканың 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектебінде қай кезде де оқушылардың артық жүктемесі байқалып келді.
Оқушылардың оқу жүктемесі оларды оқуға бөлінген міндетті пәндер мен апталық сағаттардың санына, сондай-ақ оқу материалын сыныптар мен білім деңгейлері арасында тиімді бөлуге байланысты.
12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу жүктемесі проблемаларын шешуге ықпал етеді. 11 жылға есептелген жалпы білім беретін пәндер жөніндегі бағдарлама, 12 жылдық мектеп жағдайында 12 жыл ішінде меңгерілетін болады. Оқу материалдары мектеп сатылары мен білім беру деңгейлері арасында қайта бөлінеді.
12 жылдық білім беруге көшудің жалпы білім берудің басты мақсаты- әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге өздігінен білім алуға, өзін-өзі тануға, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып,жаңаша мазмұнды әлемдегі озық тәжірибелерге негізделген оқу – тәрбие жүйесінің қалыптастыруына ықпал етеді.
Қазақ халқының тарихына, мәдениетті, дүниетанымына, ұлттық қасиеттеріне қатысы бар бұрын- соңды жарияланбаған, немесе саясатқа қайшы деп, кезінде жауып тастаған туындылар мен шығармалардың бүгін де беті ашылды. Ұлттық сана – сезім қайта жаңғырып, жаңаша рухани көтерілу үрдісі басталады. Білім беру тәрбие мәселелеріне көзқарастар мен талаптар өзгерді, оның нәтижесінде жаңа идеялар дүниеге келді. Ұлтымыздың тағдыры тіліміздің, дініміздің, тарихымыз бен рухани- мәдени мұраларымыздың, салт-дәстүр, әдеп – ғұрпымыздың сақталып қалуымен тығыз байланысты. Ұлттық тәрбие дегеніміз не? Ұлттық мектепте тәрбие, білім беру ісін қандай ұстанымдарға сүйеніп құру керек? Оның мақсаты-міндеттері қалай анықталады? Тәрбиенің басты құралы не?- деген сұрақтарға ұлттық мектептің ғылыми негізін қалаған белгілі ағартушылар мен ғалым педагогтардың пікірлерінен жауап іздеп көрейік.
Ұлттық мектептің проблемаларымен айналысқан орыс ғалымы В.Н.Сурока – Росинский 1916 жылы орыс мектебі журналында жарияланған мақаласында : Білім мен тәрбиенің негізі міндетті түрде ұлттық болуы тиіс, өз Отанының алдындағы борышын өтемей, жалпы адамзатқа қызмет істеуі мүмкін емес… деген екен.К.Д.Ушинский өзінің орыс мектебі қылу қажеттілігі туралы мақаласында күйініп былай дейді: ..неліктен орыс баласын тарихпен танысуын Рюрихпен емес Неболасардан емес, географиямен танысуы Киев немесе Москвамен емес, қайдағы бір Сиднеймен немесе Вандилен жерімен, неліктен орыс географиясы небәрі 40-50 сағат оқытылады … неліктен біздің балалар алдымен орыс тілін біліп алмай, латын, неміс,француз тілдерінде етістікті жіктеумен, зат есімін септеуді үйренуге кіріседі?В.Я.Стюнин ұлттық орыс мектебі туралы мектептің жансыз, дәрменсіз болуының басты себебі – мектептің ұлты мен дербестігінің жоқтығында және оның космополиттік бағытты ұстануында. Мектеп құрғанда…ең басты мектеп басқа халықтың тарихы мен тәжірибесіне негізделіп соған байланысты қайта құрылуы керек деп атап көрсетеді. Академик Ш.А.Амоношвили пікір бойынша Грузин тілінде сабақ жүретін мектептердің бәрін бірдей ұлттық мектеп деп айту болмайды, бұлардың нағыз ұлттық мектебі болу үшін онда грузин халқының рухы болуы керек деген.
Қазақстан халқының зиялы азаматтарының ұлттық мектеп пен тәрбие жөніндегі ой-пікірлері былай өрбиді:
Мектебіміз сау, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсе келешегімізге тайынбай – ақ серттесуге болады. …
Әрбір ел келешегін негізгі балаларын тәрбиеленетін, даярлайтын мектебінде салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе… – деп Мағжан Жұмабаев айтса, – деп ойды Міржақып Дулатов жазады. Жазушы Әбіш Кекілбаев былай дейді: Бүгін тәрбие тағлымының қай түрі болмасын, тек сол кемел тарихи сананы қалыптастырған күнде ғана мақсатқа жете алады. Тарихи санадан атымен жұрдай ата- ана өз көкірегінен шыққан перзентін, өзін жаратқан халықтың ғасырлар бойы жиып терген қазынасынан қаралай қағып,… не менсінбей қаратып рухани мүгедектікке ұрындырады.
Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті- деген М.Жұмабаевтың құнды пікірлерін, сондай-ақ этнопедагогика саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген қазақ ғалымдары Р.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметовалардың еңбектері, зерттеулері, идеяларын мектептің тәрбие жүйесінің тұжырымдамасының негізінде алуы керек.
Рухани сұраныс пен әлеуметтік- экономикалық өмір талаптарына сай қазақ мектебінің қоғамдық өмірге даярлауда,ұлы Мағжан сөзімен айтқанда: Баланы тәрбиелі қылу тұрмыс майданында ақылмен,әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз, қалса өзің,асса барлық адам баласын адал жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста маңызды мәселелерді шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі болатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.
Бүгінгі таңда 12 жылдық білімге көшу үшін демокркатияландыру мен ізгілендіру және оқу-тәрбие үрдісі барысында дамыту туралы ұстанымдар мен этнопедагогика қағидаларын басшылыққа алу қажеттілігі айдан анық болып отыр. Сондықтан мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарын мектебімізде инновациялық бағытта жүргізіп отырмыз.
Осы бағытта оқу – тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру міндеттері келіп шығады:
Оқыту мекемесінің жаңа үлгісін түзу;
Дәстүрлі емес оқыту бағдарламаларын,оқу жоспарын, оқу құралдарын, оқулықтар дайындау;
Олардың технологиялары мен механизмдерін қала экономикасының қажеттілігіне сай құру;
Білім берудің инновациялық процестерін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу;
Мемлекеттік стандарт көлемінде барлық оқушылардың білім алуына және тілек білдірушілерге кең көлемде білім алуға мүмкіндік туғызу;
жеке басты дамытуға бағытталған оқыту технологияларын, сондай-ақ, оқушының оқу-тәрбие саласында дамуының деңгейін диагностикалық тұрғыдан анықтауға арналған бағдарламаны сынақтан өткізу және өңдеу;
оқушылардың шығармашылық, өз бетінше ойлау, ғылыми және зерттеу дағдыларын, гуманитарлық ғылымдар бойынша жеке шығармашылық, қызығушылық қабілеттерін дамыту;
мектептегі ортаны жеке тұлғаны интелектуалдыққа, адамгершілікке, эстетикаға және шынығып, нығайып өсуге бейімдеу, сонымен бірге, оқушыларды қазақ мәдениетінің халықтық қайнар көзіне, Қазақстан мен Тараз қаласының тарихына қызығушылығын ояту;
даму мониторингінің 2 жүйесін құру – жеке оқушыға және мектепке арналған.
Осы орайда, мектебіміз оқу және тәрбие саласында оқушының жеке дамуының тиімді жолдарын қарастыруда, іздестіруде тәжірибелі – эксперименталдық жұмыстарды ғылыми деңгейде ұйымдастыруға арналған оқу орны болып анықталды. 1991 жылы құрылған мектеп құрылымы сакталынды. Мектеп құрылымы үш сатыға бөлініп, бастауыш 1-4 сыныптар, негізгі 5-9 сыныптар, бағдарлы 10-11 сыныптар ретінде жалғастырылды. Әр сатыда оқу тәрбие үрдісінің маақсаты мен нәтижесі анықталды. Басқару жүйесі түбегейлі өзгерді. Оқу тәрбие жұмыстарының күрделіленуіне байланысты алғашқы эксперименттегі шапағат ғылыми – әдістемелік орталығы мен Азамат тәрбие мәселелері орталықтары ғылыми – әдістемелік зертхана және тәрбие мәселелері зертханасы – на айналды. Мектептегі мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуіне, ғылыми- әдістемелік жүйесінің дамуына, тәрбие мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға сараптама жасайтын, екі орталықтың жұмысының нәтижесін қорытындылайтын мектепшілік талдау-болжамдау зертханасы ашылды. Барлық орталықтарға мектеп директоры басшылық жасайды.
Бүгінгі таңдағы егеменді еліміздің білім беру жүйесінің өзекті мақсаты – өркениетті деңгейлес дамуымызға мүмкіндік беретін жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру. Ендеше бұл орайда оқу – тәрбие үрдісін түбегейлі жаңартып оқытуда оқушы мен оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту, арттыру қажеттілігі туындайды. Дамыған мектеп ортасын құру, әр оқушының бойындағы интелектуалдық, шығармашылық қабілетін ашу, олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру, мектептің басқару құрылымына да өзгерістеренгізу өмір талабына айналады.
Сол себептен, 2002 оқу жылынан бастап Жамбыл атындағы №5 орта мектептің басқару құрылымының өзгеруіне байланысты Шапағат әдістемелік орталығы ғылыми-әдістемелік зертхана болып өзгерді.
Шапағат ғылыми әдістемелік орталығы мектеп көлеміндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырса, ғылыми-әдістемелік зертхана кафедралар жүйесі арқылы ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда зерттеу, талдау жасай отырып, сараптама жүргізеді. Сонымен қатар іс-тәжірибелерді қала, облыс көлемінде насихаттап, таратты. Яғни, ғылыми-әдістемелік орталық жұмысының күрделіленуімен шығармашылық ауқымының артуына байланысты ғылыми әдістемелік зертханаға көшті. Ғылыми-әдістемелік зертхананың негізгі мақсаты: мектеп зертхана кешеніндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүйелеу.
Міндеттері:
Білім беру мекемесі әдістемелік қызметінің негізгі бағыттарын белгілеу.
Білім беру саласын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге авторлық бағдарламаларды құруға оқу әдістемелік кешендерді қолданып көруге бағытталған білім беру мекемесінің тәжірибелік іздену инновациялық және зерттеу қызметін жүйелеу.
Жас мамандардың педагогикалық іс тәжірибелерін практика жүзінде арттыру. Ізденіс мектебі жас мұғалімдердің жұмысына, жаңа келген мұғалімдердің жұмысына көмек беріп, жұмыстарына жүйеліжүргізуге басшылық жасайды.
Педагогикалық және әдістемелік сараптамалар жүргізу.
Оқушылардың ғылыми қоғамы өздерінің бекітілген ережелері бойынша жұмыс жасайды. Ғылыми қоғамның жетекшісі әр кезеңге сараптама жасап отырады.
Мектептің кіші олимпиада мектебі де оқушыларды жыл бойына олимпиадаға дайындап жоғары көрсеткіштерді көрсетеді.
Пән кафедраларының жұмысы А.Моисеев пен М.Т.Моисеевтер анықтағанмектеп жағдайына ыңғайланған кафедра туралы ереже арқылы жүргізіледі.
Білім мазмұны демократияландыру, ізгілендіру, дамыта отырып оқыту ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, ұлтымыздың тілдік, психологиялық әлеуметтік ерекшеліктері ескеріліп қазақ баласының дүниетанымына сай, теориялық деңгейі жоғары, ата-баба өсиеті негізінде рухани мәдени мұралар үлгісінде құрылды.
Білім сапасын көтерудің құзіреттілігі, білім жүйесін оқу үрдісіне енгізудің негізгі жолы – технологияландыру қызметі болып табылады. Сол себептен мектептің оқу және тәрбие үрдісінің жүйелі түрде технологияландыру мәселесі эксперименті барысында өз шешімін тапты. Технологиялық қызмет мектептің үш сатысында құралып, әр бір сатының бас технологтары технологиялық мәдениеті жоғары, зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын мұғалімдер қатарынан мектептің ғылыми зерттеу орталығының кеңесінің шешімімен тағайындалған. Технологиялық қызметтің негізгі мақсаты: мектеп мұғалімдеріне педагогикалық, коммуникативтік, басқару технологияларының теориялық моделдерімен таныстыр, қажетті технологиялардың жүйесімен таныстырып алгоритмдеу, оны ғылыми тұрғыдан байқаудан өткізу, сараптама жасау болып табылды. Бұл қызметтің потенциалы өте үлкен екені анықталды.мұғалімнің кәсіби шеберлік деңгейін арттыруда өзіндік білімін жетілдіру сабағынан, синдикативтік оқудан, топаралық оқудан, синдикативтік танысудан тұратын топтық оқыту технологиясының өте тиімді екенін анықтадық. Яғни мектеп мұғалімдерінің 95% педагогика саласындағы инновациялық теориялармен танысып 75% ұстаздар өз жұмыстарын инновациялық бағытта жүргізуде.
Мектептегі оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жүргізілген жұмыстардың ғылыми жаңашылдығы мен теориялық ерекшеліктері оқушыны жекелей дамытуды көздеген педагогикалық технологиялардың негізі мен жиынтығын анықтауда, мектеп пен оқушы арасындағы гармонизацияны ашуда, сонымен қатар, жеке басты оқыту технологияларына жататын түрлі деңгейлік варианттарын модульдік, биоақпараттық оқыту технологияларын өңдеп, технологиялық режимде жұмыс істейтінмектеп моделін құруда анықталады. Бұл тәжірибелік жұмыстарды жүргізу үшін зерттеу топтарын құру қажет. Зерттеу топтары түрлі деңгейдегі жұмыс жүйесін қарастырады:
I.топ-теориялық – әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
II.топ – мониторингті құру және өңдеу;
III.топ – жеке бастың педагогикалық және психологиялық диагностикасын жасау;
IV.топ-оқу тәрбие саласының педагогикалық және психологиялық диагностикасын жасау;
V.топ- оқушының жеке басы мен мектеп ұжымының өзара іс әрекетін модульдік басқару саласында дайындау.
VI.топ-сынып жетекшісінің модульдік іс – әрекетін дайындау.
Жүргізілген зерттеу топтарының нәтижелік критерийлері былайша саралануы керек :
Мектеп ортасына келген оқушылардың сезімдік әрекеттерінің жоғары деңгейде қанағаттанушылығы.
Шаршаудың төмендеуі, физиологиялық стстустың өсуі.
Психологиялық қорғану аумағының кеңеюі. Әлеуметтік қажеттілік пен коммуникабельдіктің артуы.
Есте сақтау және ойлау қабілетінің, екпінінің қарқындауы.
Оқушылар шығармашылығының белсенділігі және олардың білім сапасының артуы.
Мұғалімдердің оқушыларға психо – педагогикалық әдістермен болжам жасауды меңгеруі.
Мұғалімдердің педагогикалық іс- әрекеттерге психологиялық дайындығының артуы.
Мұғалімдер мен оқушылар тарапынан зерттеу іс-әрекеттеріне тұрақты қызығушылықтың пайда болуы.
Мектептегі оқушының қажеттілік өрісінің өзгеруін бақылау, байқау жүйесін құру.
Жеке басты дамытуда психологиялық жас ерекшеліктеріне сай тиімді іс-әрекеттерді іріктеу.
Мектепте жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тәрбие жұмысы да өзгеріске ұшырап, ұлттық мазмұнға ие бола бастайды.
Арнайы тәрбиеде үш блоктан ұжымды ұйымдастыру,тәрбиелік іс-әрекеттердіұйымдастыру, оқушылардың өзіндік қасиеттерн қалыптастырутұратын жоспар үлгісі арқылы 7 әрекет жүзеге асырылады.
Сондай-ақ тәрбие – мәселелері зертханасы мектептегі психодиагностикалық, өзін өзі тану орталықтарымен, Алматы қаласындағы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтпен, мектепішілік үйірмелермен, мектептен тыс мекемелермен және ата-аналармен үнемі жүйелі байланыста бола отырып, 1-4 сынптар бойынша бастауыш сатысы түлегінің моделі, 5-7 сыныптар бойынша негізгі сатының оқушы моделі, 8-11 сыныптар бойынша бағдарлы сатының оқушы моделін шығарады. Ол оқушы моделі арқылы текті алғыр, тәкаппар, батыл, өз халқының патриоты болатын азия барысының негізі қаланады.
Оқу тәрбие үрдісі – өзара кіріктіріле интеграциялы – кешенді жүретін жүріс. Ендеше бұл салада сөзсіз оқытудың тәрбиелік мақсаты мен тәрбиенің білімдік мақсаты өзара кіріктіріле қарастырылады. Ғылыми – әдістемелік және тәрбие-әдістемелік зертханаларының жұмыс жоспарлары тығыз байланыста, шығармашылық бірлікте қарастырылады. Бұл зертханалар оқу тәрбие жұмысына байланысты мәселелерді ұйымдастырып, мұғалімдерге өз тарапынан үйрету, көмек беру жұмыстарын жүргізеді.ал талдау – болжамдау зертханасы зерттеу жүйесі бойынша мониторинг пен рейтингтік жүйе жасайды. Ол білім мазмұнын қалыптастыруда бұл саралау негіз болып табылады.
Тәрбие жұмыстарының оқу үрдісімен кіріктірілуі, арнайы курстардың, арнайы тәрбиенің белгілі бір жоспармен жүйелі жүргізілуі, үйірме жұмыстарына оқушылардың көптеп тартылуы нәтижесінде мектеп оқушылары әр саладан қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда өнер көрсетіп жеңімпаз атанып, мектеп мақтанышына айналуда.
Қазіргі кезде республикамызда үздіксіз білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып жатқан кезеңде біздің мектепте жүргізілген көп жылдық эксперименттік – зерттеу жұмысының нәтижесі мұғалімдеріміздің интелектуалдық, кәсіптік, азаматтық деңгейлерінің жоғарылануына ізгі әсерін тигізеді.
Оған дәлел:
1. Ұстаздар тарапынан;
– кәсіби деңгейінін котерілуі;
– ғылыми-ізденіс жұмыстарының қолға алынуы;
– іс-тәжірибелердің кала,облыс, республика көлемінде насихатталуы;
– авторлығымен жарық көрген оқулықтар;
– Мұғалім-зерттеуші дәрежесіне котерілуі.
2. Оқушы тарапынан:
білім сапасынаңкотерілуі;
– ізденушілік-шығармашылық жұмыстармен айнасылуы;
– қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларда жүлделі орындарды иемденуі;
3. Мектеп тарапынан:
– құрылымы мен білім мазмұны, оны оқытудың әдіс- тәсілдерінін бүгінгі күн талабымен үндесуі;
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты елжандылыққа, өз Отанының адал азаматы болуға, ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеу бүгінгі күннің әзекті де көкейтесті мәселесі екен баршамызға аян.
Қазақ ұлт болып қалыптасқалы ұзақ тарихында сан алуан кезеңдерді бастан өткізіп, тар жол тайғақ кешкенмен, болашақ ұрпақ тәлім-тәрбиесіне зор көніл бөле отырып, дала перзентіне тән еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайырымдылық, ақ ниеттілік пен парасаттылық, өрлік пен ерлік тәрізді асыл касиеттерді ұрпақ бойына дарыта білген. Осы аталған қасиеттерді өскелең ұрпақ ата-бабадан қалған өнеге ретінде қабылдаса, ертенгі күннің жарқын болашағына сеніміміз арта түсері анық.
12 жылдық білім беруге көшу жолындағы жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың мазмұны.
Білім реформасы өзінің құрамына заң шығаратын және концептуальді базаны, білім беру басқармасының орталығын, жаңа буын оқулықтарын өңдеуді, тәжірибеге жаңа педагогикалық технологиялардың енгізілуін, халықаралық білім берукеңістігі интеграциясын және оның барлық жақтарының белсенді игерілуін кіргізеді.
Әлемдік бірлестікте жаңа тенденциялардың дамуына байланысты білім беру жүйесі маңызды ресурс болып келеді. Жаһандық әлеуметтік – экономикалық процесс дәуірінде білім беру адамның барлық қалған әрекеттерін қозғап отыр. Қазақстан Республикасының қазіргі білім беруінің стратегиялық мақсаты саяси мәдени, жоғары өнегелі, бәсекеге қабілетті тұлға жасау үшін жағдай туғызу болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы 2015 жылға дейін отандық мектептерді реформалаудың негізгі басымдылығын және оның әлемдік білімдік кеңістіктегі интеграциясын анықтады. Берілген тұжырымдамаға сай орта білім берудің мақсаты алған терең білімдерді негізінде, кәсіби дағдысымен еркін бейімделуге қабілетті, өзін-өзі дамыта алатын және дұрыс шешімді өз бетінше қабылдай алатын, тез өзгеретін жағдайларда өнегелі – жауапты шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Жоғары динамикалық, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым- қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы сондай-ақ адамның интелектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетінеқол жеткізетінтәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой өрісінің кеңдігі,жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі білігі мен дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға деген ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына себеп болады.
Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, оның шығармашылық қабілеттері, мектеп білімінің ролін күшейтудің маңызы зор. Қабілеттің құрылымында тұлғаның орындалып отырған әрекетке шығармашылық қарым- қатынасы, оқуға және еңбек етуге психологиялық дайындығы,өз қабілетін түсіне білуі, оларды өзбетінше және сын тұрғысынан бағалауы өте маңызды орын алады.
12 жылдық білім беруді жүзеге асыруда тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуда шешуші рольді оқу жоспарының вариативті бөлігі (оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің қалауы және таңдауы бойынша игерілетін оқу жоспарының вариативті бөлігі) кіреді.
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабіліетін дамыту негізінен репродуктивтік операциялармен шектеледі, бұл өз кезегінде оқушының шығармашылық мүмкіншілігін сонымен қатар олардың әлеуметтік – коммуникативтік бейімделуін төмендетеді вербальді – когнитивтік әрекетбарысында мұғалімдер өздерінің функционалдық мүмкіндігін жүйесіз толық емес әдістеме жағынан жетілмеген түрде және оқушының креативтік деңгейін есепке алмай қолданады. Мұғалімнің шығармашылық тұлғасының моделіне құзіреттілік құрылымы ерекше орын алады. Әдетте оны белгілі бір әрекеттердің саласындағы толық білімге байланысты қолданады. Н.В.Кузминаның ізінен, біз құзіреттілік деп мұғалімнің алдына қойған мақсаттарын тиімді шешу үшін теориялық және практикалық білімді ерекше түрде құру іскерлігінің жиынтығын айтамыз. Осы айтылғандарға байланысты құзіреттіліктің келесі элементтерін бөліп көрсетуге болады.
Белгілі бір мектеп пәніне байланысты арнайы құзіреттілік;
Қарым-қатынас саласындағы әлеуметтік-психологиялық құзіреттілік;
Мотив қабілеттілік, тұлғаның бағыттылығы саласындағы сараланған психологиялық құзіреттілік.
Жалпы мәдени құзіреттілік қоғам, саясаты, экономика, экология, қарым-қатынас мәдениеті, өнер жөнінде білімдерді қамтиды. Жалпы мәдени құзіреттіліктің барлық ауқымы оның негізгі үш когнитивті, коммуникативті түріне тіріледі.
Біріншісі, әлемдік картиналардың, стереотиптердің, образдардың, принциптердің, түсініктердің, заңдардың, алынған білімді жинақтау негізіне сәйкес қалыптасуын білдіреді.
Екіншісі, әртүрлі ситуацияларға бейімделу тәсілі туралы білімі, қарым-қатынастың вербальді және вербальді емес құралдарын еркін меңгеруі немесе эмпатиялық қасиеті ретінде екі мағынада түсінуге болады.
Интерактивті құзіреттілікке нәтижелі өзара бірлескен әрекетті орнатуға байланысты іскерліктер жатады, оның мұғалімнің шығармашылық тұлғасына сәйкес көрінетін ең айқын формасы ынтымақтастықтың бірлескен шығармашылық болып табылады.
Құзіреттілік бірқатар факторлар арқылы анықталады, олардың қатарына: адамның когнитивті тұрғыдан күрделілігі; темпераменті мен мінез- құлқының ерекшеліктері, басым психикалық күйі жатады. Басқаша айтқанда құзіреттіліктің жоғары деңгейі тұлғаның темпераменті мен мінез құлқы, танымдық, эмоциялық – ерік қызметтерін өзіндік ерекшеліктеріне сай тікелей байланысты.
Шығармашыл адамды басқа адамдардан ерекшелейтін танымдық процестің сапасын талдай отырып, ғалымдар олардың ішінен зейіннің, қабылдаудың, естің, ойлаудың, тілдің және қиялдың ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Нақты әрекетте танымдық процестер бір-бірінен бөлінбей, өзара бірліктегі және өзара байланыстағы күрделі жүйе ретінде көрсететінін ескеру қажет.
Біз жүргізген талдау, жалпы білім беретін мектептердегі дәстүрлі оқу- тәрбиепроцесінің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы тиімділігі жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр.
Анықтаушы эксперимент барысында алынған мәліметтердің негізінде біз төмендегі мәселелерді қамтитын қалыптастырушы экспериментке дайындық және оны жүргізу бағдарламасын жасадық:
1) экспериментальді педагогикалық жүйенің моделін құрастыруға әдіснамалық негіз ретінде ұсынылатын психологиялық-педагогикалық теориялар мен тұжырымдамаларды іріктеу;
2) модельдің жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді педагогикалық жүйесін құруға себеп болатын, ғылыми-теориялық және ұйымдастыру әдістемелік аспектілерін жасау;
3) жалпы білім беретін мектептерде тәжірибелік – экспериментальдық жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін психологиялық – педагогикалық жағдайлар мен құралдарды анықтау.
Осыған байланысты экспериментальдық педагогикалық процесс жүйесінің моделін құрастыруда келесі бағыттағы жұмыстар жүргізіледі:
1) жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту әрекетінің динамикасын көрсететін тәжірибелік – экспериментальдық жұмыстардың кезеңдері белгіленді;
2) тәжірибелік жұмыстың әр кезеңін міндеттерін, мазмұны мен логикасын айқындайтын мақсат анықталды.
3) жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған педагог әрекетінің операциялық компоненттерін қалыптастыратын оқу міндеттерінің жүйесі жасалды;
4) жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық процесс құрылымына енетін, педагог әрекеті үшін өзекті және жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму деңгейін жоғары деңгейде бағалауға мүмкіндік беретін практикалық тапсырмалар жүйесі іріктелді.
Осылайша теориялық өңделген модель, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жүиесі мұғалімдердің әрекетінде ұзақ мерзімге есептелген жоспарлы педагогикалық процесс, мұғалімнің кіріктірілген қасиеті ретінде кезең бойынша және белгілі бір логикалық ізбен жүруіне негізделген. Осыған байланысты модельді құрастыру жүйесінің басты мақсаты, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды көздейтін мұғалімнің практикалық әрекетіндегі педагогикалық процесс мазмұнын бір-бірін алмастырып отыратын кезеңдерін анықтау.
12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту арқылы оқушы тұлғасын әлеуметтендіру.
Білім жүйесі қоғамды дамыту мен тұрақтандырудың негізгі факторы болып табылады. адамның ақпараттық қоғамдағы өмір сүру жағдайынан күтілетін өзгерістер маңызды сипат алатын тұлға қажеттілігіне, яғни шығармашылықтағы өзін- өзі дамыту, өзін-өзі өзгертудегі қажеттілерге жетелейді, демек осыған сәйкес білім беру сипаты да өзгеруі тиіс.
12 жылдық оқыту идеясы білім беруді дамытудың әлемдік тенденциялары арнасында жатыр және бұл бағытты ҚРБілім және ғылым министрлігі мақұлдаған. Дегенмен бұл тұрғыдан көптеген мәселелер мен сұрақтар туралы соңғы шешім әлі қабылдана қойған жоқ. Қазіргі таңда елімізде осыған байланысты ғылыми зерттеулер мен эксперименттік жұмыстар жүрігізілу үстінде.
XXI ғасыр мектебі бізден тез өзгеретін әлем жағдайына бейімделуге мүмкіндік беретін, және кәсіби қызметте өзін шығармашылық тұрғыда жүзеге асыратын тиімді өзгерістерді қажет етеді. Адамның үйлесімді дамуы білім беру жүйесінің жаһандық мақсаты болуы қажет.
12 жылдық оқытуға көшу қазіргі оқу жоспарына бір немесе екі жылды жәй ғана қосуға айналмауы қажет. Яғни ол білім берудің барлық жүйесінің жаңаруын, оны оқушылардың жас және жеке-психологиялық шығармашылық қабілеттеріне, олардың әлеуметтік іс әрекетке сәйкестендірілуін қажет етеді. Балаларға өздерінің жеке білім беру траекториясына таңдау құқығына және … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз