Салық органы кәсіпкердің мүлкін заңсыз бұғаттаған

0

2018 жылғы 13 желтоқсан 22:17 88

 Салық органы кәсіпкердің мүлкін заңсыз бұғаттаған - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысында құрылыс компаниясының құқы қорғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік кəсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мəліметінше, Ақмола облысының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында осы мәселе сөз болды.

Белгілі болғандай 25 миллион теңге салық төлемеген «Көкшетау құрылыс ӨҚК» ЖШС-не (ТОО «ПСК «Кокшетаустрой») Көкшетау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы компанияның құны 875 миллион теңге болатын барлық мүлкін меншік иелігінен шығарған.

Ведомствоның дерегі бойынша, 25 миллион теңге салықтық қарызы болған «Көкшетау құрылыс ӨҚК» ЖШС-не (ТОО «ПСК «Кокшетаустрой») Көкшетау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы компанияның құны 875 миллион теңге болатын барлық мүлкін меншік иелігінен шығарған.

Мемлекеттік кірістер басқармасындағылар мұны кәсіпорынның қордаланған 25 миллион теңге қарызымен байланыстырып отыр. Бастапқы да бұл салықшылардың заңды әрекеті сияқты көрінген. Алайда, бұғатталған мүліктің құны салық қарызының сомасынан 35 есеге асып кеткен.

Ақмола облыстық кәсіпкерлер платасы директорының орынбасары Шыңғыс Теміров мемлекеттік кірістер органдарының әрекетін заңсыз деп отыр. Салық кодексінің нормалары бойынша салық төлеушінің мүлкін пайдалануды шектеу салық қарызы шамасында ғана қолданылады. Осы жағдайда бұл ереже сақталмаған.

Жұмыс тоқтатылған кәсіпорынның мәселесі туралы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы бірнеше рет көтерген болатын. Алғаш рет қазанның 17 күні өткен кеңес отырысында бұл мәселе қызу талқыланып, нәтижесінде Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаментіне компанияның мүлкін меншік иелігінен шығарудан босату туралы кеңес берген еді. Сол кезде тиісті материалдар облыстық прокуратура мен сот инстанциясына жолданды.

Нәтиже көп күттірмеді. Кейін қазанның 25-і күні Ақмола облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Көкшетау құрылыс ӨҚК» ЖШС-не қатысты қалпына келтіру, яғни, барлық мүлкін меншік иелігінен шығарудан босату туралы шешім шығарды. 

Шешім желтоқсанның 3-і күні заңды күшіне енді және кәсіпорынның өзіне тиесілі тұтқындалған төрт жылжымайтын мүлкі босатылды.

Қазіргі кезде, құрылыс саласында тәжірибесі бай кәсіпорын «аяғынан нық тұрып» жаңа жобаларға қатысуға дайындалып жатыр.

«Біздің компанияның жұмысын қайта жандандыру шешімі мемлекеттік кірістер органдары тек кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының жүйелік талдауынан кейін ғана қолға алды», — дейді компания өкілдері.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz