Омыртқалы жануарлардың экологиялық топтары | Скачать Курстық жұмыс
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігі Ш.Ш.Уалиханов
атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті
Жаратылыстану-педагогикалық факультеті және БОӘ кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Топырақтағы омыртқалы жануарлар
Орындаған:
Саменова Д. БК- 42 топ
Тексерген:
аға оқытушы Смаилова Г.Т.
Көкшетау — 2009
Мазмұны:
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . … … … … … … … ..3
1. Топырақта омыртқалы жануарлардың кездесетін топтары. .. . . . . . … 6
1.1. Жер бетін мекендейтіндер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. … … … … … … … …7
1.2. Жер астын мекендейтіндер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
… … … … … … … ..10
2. Тіршілік ету жағдайлары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
… … … … … … … …12
2.1. Қоректенуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . … … … … … … … ..13
2.2. Көбеюі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . … … … … … … … ..15
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . … … … … … … … ..19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
… … … … … … … .20
Кіріспе
Топырақ жануарларына (омыртқалы) қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар
және сүтқоректілер жатады. Сүтқоректілер жануар дүниесінің жоғары сатыдағы
тобын құрайды. Бұған өз атына сәйкес ұрпағын тірі туып, оны сүтімен
асырайтын жылы қанды әрі жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар жатады.
Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000 жуық түрі бар. Сүтқоректілер өте кең
тараған жануарлар, тек қана Антрактикалық материкте ғана кездеспейді. Мұзды
мұхиттың солтүстігінде аралдарда жер бетінде тіршілік ететін
сүтқоректілердің бірнеше түрі кездесетіндегі байқалған. Материктен мүлдем
бөлінген Мұзды мұхиттың ортасындағы арал, мысалы, Уединенның өзінен Сибирь
түлкісі мен солтүстік бұғыларының тіршілік ететіндігін бірнеше рет
байқаған.
Сүтқоректілердің аспанмен таласқан тауларда тіршілік ететін көптеген
түрлері бар. Мысалы, Орталық Тянь-Шань тауының теңіз деңгейінен 3000-4000 м
биіктігінде көптеген найза құйрық сұр тышқандардың (Stenocranius),
суырлардың (Marmota), жабайы ешкілердің, тау текелердің және барыстың
(Uncia uncia) тіршілік ететіні белгілі. Гималайдың 6000 м биіктігіне дейін
жабайы қойлар таралған.
Сүтқоректілер класының өкілдері – алуан түрлі тіршіліктік ортаға
тараған. Мысалы, жер бетінде, ауада, тіпті судан өмір бойы шықпайтын нағыз
су жануарлары және топырақтың астыңғы қабатында тіршілік ететін түрлері аз
емес. Бұл кластың өкілдерінің барлығына тән ерекшелік, басқа кластың
өкілдеріне қарағанда, алуан түрлі тіршілік жағдайларына барынша бейімделген
организмдер екендігі.
Сүтқоректілердің бірнешеуі адамның мекен еткен жерінің маңайында
жүреді – мысалы, үй тышқандары, егеуқұйрықтар, сұртышқандар, кейде қасқыр,
түлкі т.б.
Тек қана барынша жоғары және бір қалыпты температура жағдайында
маймылдардың көптеген түрлері, әсіресе адам тәрізді маймылдар, сол сияқты
бегемоттар, мүйіз тұмсықтар, тапирлар т.б. тіршілік етеді.
Сонымен қатар сүт қоректілердің көптеген түрлері әр түрлі температура
жағдайында да тіршілік ете алады. Ондай жануарларға Европалық бөлікте
тіршілік ететін ақ қоян, Якутия жағдайындағы түлкілер, Мұзды мұхиттың
жағалауынан Оңтүстік Азияға дейін таралған қасқырлар мысал бола алады.
Ауа дымқылдығы сүт қоректілердің таралуына жанама фактор болса да әсері
бар. Құрғақшылықтан тек қана жүні жоқ тақыр терілі аздаған жануарлар ғана
азап шегеді. Ондай сүт қоректілер бегемоттар мен буйволдар – ылғалдылығы
мол тропиктік облыстарда тараған.
Ауа дымқылдығының және жауын-шашынның сүт қоректілердің тіршілігіне
өзіндік үлкен әсері бар. Мысалы, Ф о р м о з о в т ы ң (1946) мәліметі
бойынша, 90 сантиметрден қалың қар жауған жерлерде бұландар болмайды.
Еліктер қардың қалыңдығы 50 см, жабайы шошқалар 30-40 см болғанда тіршілігі
қиындайды.
Сүт қоректілердің негізгі сезім органдары – есіту және иіс органдары
болып саналады. Сондықтан күн сәулесінің (жарықтығы немесе қараңғылығы)
олардың мінез-құлқының өзгеруіне, құстарға әсер еткендей әсері болмайды.
Сүт қоректілердің ішінде іңірде және түнде тіршілік ететін көптеген түрлері
бар. Мысалы, Арктика жағдайында, түн жануарлары жаздағы мәңгі жарыққа тез
үйреніп кетеді. Сол сияқты Арктиканың мәңгі қараңғылығы күндізгі
жануарлардың тіршілігіне нұқсан келтіреді.
Көпшілік сүт қоректілер топырақ түрін және оның қатты немесе
жұмсақтығын талғағыш келеді. Косаяқтардың кейбір түрі, мысалы (Paradipus
ctenodactylus) тек қана сусымалы құмда тіршілік етеді, сондай жерді шаңышқы
құйрық саршұнақ тышқандар да (Spermophilopsis leptodactylus) мекендейді,
үлкен қосаяқтылар топырағы қатты жерлерді ғана мекен етеді. Жер астында
тіршілік ететін соқырлар мен көртышқандар қатты топырақты жерден де,
топырағы жұмсақ жерлерде жиі кездеседі. Өйткені топырағы қатты жерден ін
қаза алмайды. Қойдың түрлері рельефі әр түрлі горизонты кең жайылымдарды
мекендейді. Ешкілер рельеф жағдайына тіпті талап қойғыш келеді. Олар
жартасты ландшафтыда таралған. Жабайы шошқаларға тамағын таба алатын
жұмсақ, сазды жер керек.. Керісінше, жылқылар, ақбөкендер, түйелер сазды
жерлерде болмайды.
Жалпы сүт қоректілердің таралуы орта жағдайымен тығыз байланысты.
Сонымен қатар, бұл байланыстың төменгі сатыдағы құрлықтық түрлеріне
қарағанда жоғары сатыдағыларында өте күрделі екенін атап өтуге болады.
Өйткені олардың климаттық факторларға байланысы шамалы. Олардың бейімделуі
көбінесе жоғары дамыған орталық нерв системасының қызметіне байланысты.
1. Омыртқалы жануарлардың экологиялық топтары.
Омыртқалылардың ішіндегі сүт қоректілер алуан түрлі болып кездеседі.
Өйткені ұзақ уақыт дамудың нәтижесінде сүт қоректілерге жататын организмдер
жер бетіне кең таралып, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген.
Алғашқы сүт қоректілер жерде – орманда тіршілік еткен болуы керек,
бірақ эволюциялық бейімделушілік төмендегідей экологиялық топтардың шығуына
себепші болған: 1) жер бетін, 2) жер астын, 3) суды мекендейтіндер, 4)
ұшатын жануарлар. Өзі тіршілік еткен ортасына қатысына қарай жоғарыда
көрсетілген әрбір топ өзінен де ұсақ топтарға бөлінеді.
1.1. Жер бетін мекендейтіндер.
Жер шарындағы құрлықтың барлығында кездесетін сүт қоректілердің үлкен
тобы. Олардың алуан түрлі болуы кеңінен таралып, түрліше тіршілік
жағдайларына бейімделуіне байланысты. Бұл топқа жататын жануарларды орманды
мекендейтін және ашық кеңістікті мекендейтін деп екіге бөлінеді.
О р м а н д ы ж ә н е і р і б ұ т а л ы ж е р д і м е к е н д е й
т і н жануарлардың тіршілік жағдайына байланысты формасы да түрліше болады.
Бұл жерлер өсімдігінің қалыңдығы, жануарлар мекендерінің тұрақты және
түрлерінің көп болуына әсер етеді. Өрісінің кеңдігі мен өсімдігінің бітік
болуы қорегінің де алуан түрлі болуына әсерін тигізбей қоймайды.
а) Нағыз маманданған тобына а ғ а ш қ а ө р м е л е п ш ы ғ а т ы н
жануарлар жатады. Олар өмірінің көпшілігін ағашта өткізеді. Қорегін ағаш
басынан табады, көбею және дем алу үшін ұя жасайды, жауларынан қорғанады.
Бұл топтың өкілдері — әр түрлі систематикалық отрядқа жататын жануарлар.
Мысалы, насеком жемділерден – оңтүстік азиялық тупайлар; кемірушілерден –
тиіндер, ұшарлар (летяга); жыртқыштардан – кейбір аюлар мен сусарлар; мүкі
тістілерден – жалқаулар, кейбір құмырсқа жегіштер, одан басқа лемурлар,
маймылдардың көптеген түрлері т.б. жатады.
Ағашта тіршілік етуге әр түрлі икемделген көптеген жануарлар ағашқа
шыққанда өткір тырнағын пайдаланады. Оған тиіндер, аюлар, сусарлар,
құмырсқа жегіштер жатады. Лемурлар мен маймылдар ұзын, жақсы жетілген
саусақтарының көмегімен шығады. Оңтүстік Американың көптеген маймылдарында,
орман құмырсқа жегіштерінде, қалталылардан – опоссумда қармалағыш құйрық
болады.
Көптеген түрлері – гиббондар мен өрмекші тәрізіді маймылдар ағаштан-
ағашқа секіруге икемделген. Кейбір түрлері – ұшарлар мен жүн қанаттылар
бірсыпыра жерге қалықтап ұшып бара алады.
Бұл топқа жататын жануарлар өсімдікпен қоректенеді. Кейбір түрі
өсімдіктің белгілі бір түрімен ғана қоректенеді, мысалы, тиіндер қылқан
жапырақты ағаштардың тұқымын ғана пайдаланады, кейбір маймылдар көбінесе
жемістермен қоректенеді. Орман аюлары әр түрлі тамақты: етті, жемісті,
бүлдіргенді, өсімдіктің вегетативтік органдарын пайдаланады. Жыртқыш
түрлері өсімдікпен (дәні,жемісі) қатар, құстарды және ұсақ жануарларды да
жейді. Мұндай жануарлар (тиіндер, ұшарлар) балалау немесе дем алу үшін
ағашқа бұтақтан ұя жасайды немесе ағаш қуысын мекендейді.
б) Орман жануарларының ішінде ж а р т ы л а й а ғ а ш т а, ж а р т ы
л а й
ж е р б е т і н д е тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Олар тамағының
бірсыпырасын ағаштан тауып, ұясын кез келген жерге салады. Мысалы, бұлғын
тамағының көпшілігі тышқан тәрізді кемірушілерді (20-50%) жерден тапса, 30-
60 процентке дейін жаңғақ пен бүлдірген, оған қосымша 5-10% құстарды, 1-15%
тиіндерді ұстап қоректенеді. Бұлғын биік жердің маңында, құлаған ағаштың
шіріген қуысында, тамырының астында ұялайды. Біз білуіміз бойынша аюлар
жемістермен, кемірушілермен, насекомдармен және араның балымен қоректенеді.
Бұлар ағашқа өрмелеп шығуға жақсы бейімделген, сондықтан да өзінің ұясын
ағаштың жоғарғы бұтақтарының арасына салады. Қысқы ұйқысын ағаштың
түбіндегі үңгірлерінде өткізеді.
Кемірушілерден бұл айтылған топқа шұбар тышқан жатады. Шұбар тышқан
уақытының көбін жерде өткізеді. Бүлдіргенмен, дәнді дақылдармен, бұршақтың
тұқымымен және саңырауқұлақпен қоректенеді. Ағашқа жақсы өрмелеп шыға
алады, бірақ тиіндер сияқты ағаштан-ағашқа секіре алмайды. Құйрығы қысқа,
аса жүндесінді болмайды. Ұясын ағаштардың тамырының астына, құлаған ағаштың
қуысына салады.
Жоғарыда көрсетілген жануарлар нағыз орман жануарлары болып саналады.
Сонымен қатар көп уақытын жерде өткізеді.
в) Орманда тараған көптеген түрлер бар, алайда олар жер бетінде
тіршілік етеді. Оларға қоңыр аюлар, росомахалар, бұландар, күзендер,
бұғылар, еліктер тағы басқа түрлері жатады. Қоректі заттарын жер бетінен
табады. Ағашқа шықпайды. Балаларын інде (күзендер, жанаттар т.б.) немесе
жер бетінде (бұғылар, бөкендер, еліктер т.б.) балалайды. Бұл жануарлар үшін
орман — паналайтын ағашты алқап және қорек ретінде пайдаланатын табиғат
байлығы.
2. А ш ы қ к е ң і с т і к т і м е к е н д е й т і н – сүт
қоректілердің түрлері де сан жағынан көп деуге болады. Бұлардың тіршілік
ету жағдайларының мынандай өзгешеліктері бар. Біріншіден – мекендейтін
жерлерінде паналайтын табиғи бекіністер аз, ол жануарларды олардың
жауларына – жыртқыштарға алыстан байқауына мүмкіндік береді; екіншіден —
өсімдік тектес тамақтық заттар жеткілікті болады. Бұл экологиялық топқа әр
түрлі отрядтың өкілдері қалталылар, насеком жемділер, кемірушілер,
жыртқыштар және тұяқтылар жатады. Осының негізінде олар өсімдікпен
қоректенетін – кемірушілер мен тұяқтыларды құрайды.
а) Т ұ я қ т ы л а р ғ а өсімдікпен қоректенетін сүтқоректілердің ірі
түрлері жатады. Сондықтан олар көп уақытын жайылуға жібереді де, ұзап
жайылым қуып кетеді. Жайылым кезінде тез және ұзақ уақытқа өріс ауыстыруы
далалы және шөл жерлерде өте сирек кездесетін су көздерін іздеуге және
жауларынан қашып құтылу қажеттігіне байланысты.
Кейбір түрлерінің максимальдық жылдамдығы, мысалы, бизондарда бір
сағатта 40-45 км, жирафтар – 45-50, жабайы есектер – 50-55, құландар – 65,
томсон газелдері – 80 км жер жүгіреді. Ал жыртқыштардың кейбір түрлері
мысалы қасқыр бір сағатта 45-60 км, жолбарыс – 80, леопардтар – 112 км жер
жүреді.
Басқа сүт қоректілерден айырмашылығы тұяқтылар тұрақты немесе тынығу
үшін мекендейтін бекіністер салмайды. Тез жүгіруден басқа, көзі өткір, бойы
биік, ұзын мойыны арқылы басы жоғары көтеріледі. Көптеген түрі (суға) шөлге
өте шыдамды келеді.
б) Қосаяқтарға (Dipodidae) – аз кездесетін және өсімдігі сирек тақырлау
жерді мекендейтін ұсақ жануарлар жатады. Өзіне қоректік зат іздеп, олар тез
және көп уақыт жүгіреді. Бұлардың жылдам қозғалуына өте ұзын болатын артқы
аяғы себепші болады. Артқы аяғының көмегімен секіріп, өте тез қозғалады.
Осы тәсілмен құм тышқандары да (Gerbillinae), солтүстік Американың кенгуру
тәрізділері де (Heteromyidae), Африканың ұзын сирақтылары да (Pedetidae),
Африканың насеком жемді секіргіш қосаяқтарымен (Macroscelididae),
Австралияның ұсақ қалталылары да (Antechinomys) осылай жүреді.
Алдыңғы топтарға жататын жануарлардан айырмашылығы тек қана шөппен
қоректеніп қана қоймай, шырынды тамыр түйіндерімен, түйнек тамырымен, ал
кейбір түрлері – насекомдармен қоректенеді. Олар ешқашанда суды пайдаланбай-
ақ қорегінің құрамындағы сумен қанағаттанады.
Екінші бір ерекшелігі бұлардың паналайтын тұрақты және уақытша іні
болады. Осындай сенімді паналайтын орындары болғандақтан аз көтеріп, өте
нәзік бала туады.
в) Саршұнақтарға далалы, шөлейт және өсімдігі қалың таулы жерді
мекендейтін дене мөлшері кішілеу және орташа кемірушілер жатады. Олар
шөппен және оның тұқымымен қоректенеді. Қалың өсімдікті жерді мекендеуіне
байланысты, олар өзі тұрған мекенінен ұзамайды. Тұрақты іні болады, сол
жерде дем алып, көбейеді. Көпшілігі жазғы және қысқы ұйқыға жатады. Жайылып
шыққанында тасалайтын уақытша іні болады. Жай жүгіреді, сопақша денесі
іннің ішінде қозғалуына жақсы икемделген. Бұлардың баласы да әлсіз, көзі
соқыр болып туады.
Бұл топқа сарщұнақтардан басқа суырлар, аламандар және дала
сеноставкалары жатады.
г) Жоғарыда айтылған топтардың ешқайсысына жатқызуға болмайтын түрлері
де бар. Бұл кеңінен тараған, әр түрлі тіршілік жағдайында тіршілік ететін
жануарлар. Оларға көптеген жыртқыштар (қасқыр, түлкі, борсық) , жабайы
шошқалар жатады. Мысалы, қасқыр, түлкі тундрада, тоғайлы, далалы жерде,
шөлде және таулы-тасты жерде мекендейді. Жыртқыштардың көбеюі, қоректік
азықтарының құрамы және оларды іздеп табу тәсілдері тұрған орталығының
жағдайларына байланысты. Мысалы, тоғайлы жерде қасқыр жер бетіндегі
шұңқырға күшіктейді, ал шөлде және тундрада кейде ін қазады.
1.2.Жер астын мекендейтін.
Жер астында мекендейтін сүт қоректілерге – көртышқандар, соқырлар,
цокорлар жатады. Көртышқандар насеком жеушілердің отрядына, соқырлар,
цокорлар кемірушілердің отрядына, қалталы көртышқан көп тістілер отрядына
жатады. Бұлардың бәрі де жер астында тіршілік етуге бейімделген, өмір бойы
жер қыртысының астыңғы қабатында мекендейтін организмдер. Сүт қоректілердің
бұл түрлері жердің әр түрлі бөліктеріне таралған, мысалы, көртышқандар,
соқырлар, цокорлар Евразияда, көртышқандар Солтүстік Америкада, қалталы
тышқандар … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz