WBC-тің осы күнге дейінгі чемпиондар рейтингі: Головкин қай орында

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 08:53 309

WBC-тің осы күнге дейінгі чемпиондар рейтингі: Головкин қай орында

АСТАНА. ҚазАқпарат — Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) осы күнге дейінгі орта салмақтағы үздік чемпиондар ондығына енгізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл тізімде қазақстандық боксшының есімі жетінші орында орналасқан.  Шугар Рэй Леонард рейтингте бірінші тұр. Алғашқы үштікке сонымен бірге Бернард Хопкинс пен Джои Джиарделло енді. Үздіктер арасында сондай-ақ Карлос Монсон, Марвин Хаглер, Нино Бенвенути, Эмиль Гриффит, Серхио Мартинес және Родриго Вальдес бар.

2014 жылдың қазан айынан бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін Геннадий Головкин WBC-дің «уақытша» чемпионы атағына ие болған еді. Ал 2016 жылдың мамыр айында мексикалық боксшы Сауль Альварес белдіктен бас тартқаннан кейін оның толыққанды иегері атанды. Головкин WBC белдігін төрт рет қорғады. Ал биылғы жылдың қыркүйегінде өткен Головкин-Альварес рематчынан кейін төрешілердің басым бөлігінің шешімімен белдік «Канелоға» қайтарылды.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz