Ойла да, ойна! — Ашық сабақтар — Bilim
Ойла да, ойна!
Сабақтың тақырыбы: «Ойла да, ойна!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік — Оқушылардың алған білімдерін арттыру,өткен тақырыптар
бойынша білімдерін тереңдету.
Дамытушылық — Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,ойлау,есте
сақтау , ауыз-екі сөйлеу дағдыларын
дамыту, сөздік қорын молайту,
тілдік коммуникативтік құзыреттілігін
дамыту.
Тәрбиелік — ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Ізденімпаздыққа, топпен жұмыс істей білуге
баулу.
Түзетушілік— Сөйлемдегі сөздердің дыбысталуын,
дыбыстардың анық шығуын , дұрыс айтылуын
қадағалау.
Көрнекілігі : Интерактивті тақта, бағалау фигуралары, постер қағазы, суреттер, сөздіктер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілінде неше ай бар?
Кезекші дыбыспен жұмыс. Ж- Ш дыбыстарын айту.
Суретке қарап, астына атын жазу.
Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбері. Күн болып біз күлеміз,
Шуақ боп жайнап жүреміз.
Денемізді шынықтырып,
Ұзақ өмір сүреміз.
2. Жаңа сабақ . Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы «Ойла да, ойна!». Сабақ жарыс түрінде өтіледі. Оқушылар қораптан өздеріне ұнайтын конфетті тандап алады. Конфет қағазының түсіне қарай балалар екі топқа бөлінеді.
1-топ «Тұлпар»
Ұраны «Құлагердей шаршамастан шабамыз,
Қиналмай-ақ сұрақтардың жауаптарын табамыз.»
2-топ «Сұңқар».
Ұраны » Асықпаймыз ,саспаймыз»
Топ намысын қорғаймыз»
Тапсырманы түсіндіру.
1. Ой ширату.
2. Бингвистикалық сыңарын табу.
3.Бұл қай мультфильм?
4.»ВЕНН» диаграммасы.
5.Ойын. «Кубик-рубик».
6. Топтық жұмыс.» Суретті аяқта»
Әр тапсырманың жауабын бағалап отыру.
1. Ой ширату. Сұрақ — жауап.
1.топ.
1.Бір жылда неше мезгіл бар?
2. Спорттық ойындарды ата?
3. Үй құстарын ата?
4. Қ.Р. Президенті?
2-топ.
1.Көктем айларын ата?
2. Үй жануарларын ата?
3. Отбасы мүшелерін ата?
4. Қ.Р. Рәміздері?
2.Бингвистикалық сыңарын табу.
1 топ. 2 топ.
Нан — хлеб Вилка — шанышқы
Мяч — доп Қызанақ — помидор
Су — вода Ложка- қасық
3. «ВЕНН» диаграммасы.
1 топ. Алма
2 топ. Алмұрт
Сипаттама жасау.
4.Бұл қай ертегі?
1 топ. » Алдар көсе»
2 топ. » Қошқар мен теке»
5. Сергіту сәті.
6. Топтық жұмыс. «Суретті аяқтау».
7.Ойын. «Кубик- рубик?
Қорытынды.
Әділ- қазылар алқасына сөз беру. Мақтау қағаздарымен марапатау.
Сұрақ-жауап бойынша сабақты аяқтау.
— Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
— Біз сабақта не істедік?