Несиелік оқытудағы молекулалық физика және термодинамиканың электрондық курсы

0
181

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университететі

Жалпы физика және ПОӘ кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы:
Несиелік оқытудағы молекулалық физика және термодинамиканың электрондық
курсы

Мамандық: 030240 Физика және информатика

Орындаған: ФИКО-51 тобының студенті
Аманғали-қызы Ырыс
Ғылыми жетекшілері:
физ.-мат.ғыл.канд. Мұхамедрахымов Қ.У.
аға-мұғалім Мұхамедрахымова Ғ.И.

Көкшетау-2006
Аннотация

Бұл дипломдық жұмыс жалпы физика курсының Молекулалық физика және
термодинамика бөлімі бойынша электрондық оқу құралы болып табылады
(практикалық сабақ және студенттердің білімін бақылау). Берілген құрал
кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады. Мазмұны оқудың кредиттік жүйесінің Стандартының және оқулық
жоспарының негізінде құрастырылған. Бұл оқулық Физика бойынша қазақша
оқитын студенттеріне арналған. Сонымен қатар басқа мамандықта оқитын
студенттерге пайдалы болады.

Аннотация

Данная дипломная работа представляет собой электронный учебник по
общему курсу физики Молекулярная физика и термодинамика (практика и
контроль знаний студентов).
Состоит из введения и трех глав, в которых приведены основные законы,
формулы, вопросы, тесты, решения задач и задачи для самостоятельной работы
по соответствующим темам программы, заключения и списка использованной
литературы. Составлен на основе Стандарта и учебного плана по кредитной
системе обучения. Предназначен для студентов 1 курса специальности
Физика, казахского отделения, может быть использован также студентами
других специальностей, где изучается общий курс физики.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … ..
I БӨЛІМ. Электрондық оқулық – тыста оқытудың нақты құралы
1.1. ХХІ ғасырдағы білім берудің жетістігі– электрондық оқулықтар туралы
жалпы
мағлұматтар … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … .
1.2. Электрондық оқулықтар жүйесіне қойылатын негізгі талаптарды
талдау … … … …
1.3. Электрондық оқулықты құру құралдарының
түрлері … … … … … … … … … ..
1.4. Электрондық оқулықтардың жұмыс істеу
үрдісі … … … … … … … . … … … ..
1.5. Электрондық оқулық – тыстан оқытудың тиімді және ыңғайлы
құралы … … … … ..
1.6. Электрондық оқулықтарды қолдану арқылы сабақты ұйымдастыру
әдістері … … …

II БӨЛІМ (НЕГІЗГІ)
… … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
Қолданылатын формулалар мен
анықтамалар … … … … … … … … … … ..
1-ТАРАУ. ИДЕАЛ ГАЗДАРДЫҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ КИНЕТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
1-модуль. Заттың агрегаттық күйлері. Идеал газдар. Авогадро заңы.
Молекуланың массасы және
өлшемдері … … … … … … .. … … … … … ..
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
2-модуль. Клапейрон–Менделеев теңдеулері. Газ
заңдары … … … … … … ..
Есеп шығару үлгісі … … … … … … … . … … ..
Бақылау сұрақтары
Тест
3-модуль. Статистикалық әдіс және ықтималдылық теориясының элементтері.
Максвелл
заңы … … … … … … … … … … … … … … … … .
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
2-ТАРАУ. ТЕРМОДИНАМИКА НЕГІЗДЕРІ
4-модуль. Термодинамиканың негіздері. Термодинамиканың I-бастамасы…
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
5-модуль. Көлемді өзгертуге бағытталған газдың жұмысы. Газдың жылу
сиымдылығы … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … …
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
6-модуль. Адиабаттық үрдіс. Политроптық
үрдіс … … … … … … … .. … … … … … .
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
7-модуль. Термодинамиканың II-бастамасы. Жылу қозғалтқыштары. Энтропия.
Термодинамиканың III-бастамасы … … … … … .. … … … ..
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
8-модуль. Тасымал үрдістері. Циклдік (айналма) үрдіс. Қайтымды және
қайтымсыз
үрдістер … … … … … … … … … … … … … … … … … ..

Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
9-модуль. Газдардағы өздігінен болатын диффузия, тұтқырлық, газдардың жылу
өткізгіштігі … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … …
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
3-ТАРАУ. НАҚТЫ ГАЗДАР, СҰЙЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕР … … … …
10-модуль. Нақты газдар, сұйықтар мен қатты денелер. Ван-дер-Ваальс
теңдеуі … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … ..
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
11-модуль. Қаныққан бу. Ылғалдылық. Нақты газдың ішкі энергиясы … … .
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
12-модуль. Сұйықтардың қасиеттері. Беттік керілу. Жұғу. Капиллярлық
құбылыстар … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … ..
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
13-модуль. Булану, қайнау. Сұйық
ерінтінділер … … … … … … … … … …
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
14-модуль. Заттың кристалдық және аморфтық құрылымдары. Қатты
денелер … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … ..
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест
15-модуль. Фазалық түрленулер. Клайперон–Клаузиус теңдеуі. Күй диаграммасы.
Үштік
нүкте … … … … … … … .. … … … … … … … … …
Есеп шығару үлгісі
Бақылау сұрақтары
Тест

III БӨЛІМ
1. Тест жауаптары … … … … … … … … … … … … … …
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … …
Пайдаланылған әдебиеттер
… … … … … … … … … … … … … …
IV. БӨЛІМ

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Пән бөлімі ЖАЛПЫ ФИЗИКА Молекулалық физика
Қай мамандық үшін050110 – ФИЗИКА
2 семестрде 3 кредит: әрбір кредит 15 сабақ құрайды, әрбір сабақ –
50 минутқа созылады.
Курстың аудиториялық сабақтарын өткізу мерзімі және Сабақ кестесі
орны: бойынша
Лекция, практикалық және сарамандық (апта күні, уақыты,
ауд.)
Мұғалімдердің қатысуымен Студенттердің өздік жұмысы
(МСӨЖ)

Курстың сипаттамасы: Молекулалық физика курсы төменде көрсетілген мынадай
негізгі бөлімдерден тұрады:

Молекулалық физика және термодинамика

Идеал газдардың молекулалық- Термодинамика Нақты
газдар, сұйықтар
кинетикалық теориясы негіздері
және қатты денелер

Физика курсының мақсаты – табиғаттың жалпы заңдарын іздеу және
солардың негізінде нақтылы үрдістерді түсіндіру. Физика қазіргі табиғат
танудағы озат ғылымдардың бірі болып табылады. Ол ғылымның, техниканың,
өндірістің әр түрлі салаларына зор ықпалын тигізіп отыр. Жоғары оқу
орнында оқитын студенттердің жалпы физика курсы бойынша негізгі білім
алуына нақты септігін тигізеді; соның ішінде Молекулалық физика бөлімі
физиканың басқа бөлімдерін және арнайы бөлімдерін игеруде көмек бола
отырып, физикалық құбылыстарын ғылыми негізде эксперименталдық зерттеу
әдістері мен дағдыларды тәрбиелеу, студенттердің шығармашылық
қабілеттерін өздік жұмыстарын кеңейту арқылы дамыту болмақ.

Сабақтардың графигі
Оқытудың негізгі курсы (15 апта) кредиттік технология бойынша
жүргізіледі және студенттердің оқу үрдісіне жауапкершілікпен қарауын
талап етеді. Бұл кезде сабақтардың жобасы мынадай болады: апта сайын
аудиториялық сабақтар – 3 сағат, оның ішінде сарамандық жұмыс – 1 сағат;
мұғалімнің қатысуымен студенттердің өздік жұмысы (МСӨЖ) – 3 сағат;
студенттердің өз бетінше өздік жұмысы (СӨЖ); консультациялар мен әрбір
студентке жеке берілген үй жұмысын тапсыру (ЖҮТ).

5.4. Оқу пәнінің мазмұны: Қазақстан Республикасының оқытудың жалпы білім
берідің мемлекеттік Стандартының білім берудің жоғары мамандырылған түрі.
Бакалавриат. Мамандығы: 050110 – ФИЗИКА. ГОСО РК 3.08.010-2004:
Пән ПӘННІҢ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ КредСағат
циклы иттесаны
ның р
қысқа мөлш
ша ері
белгі
сі
БД НЕГІЗГІ ПӘНДЕР ЦИКЛЫ (НП)
ЖАЛПЫ ФИЗИКА
НП4 Молекулалық физика және термодинамика негіздері. 3 135
Заттың агрегаттық күйлері. Идеал газ. Идеал газдың
молекулярлық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.
Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Статистикалық
тәсіл және салыстырмалылық теориясының элементтері.
Бинормалды таратылу. Пуассон, Гиббс, Максвелл және
Больцман таратылулары. Термодинамиканың бірінші
бастамасы. Газдың жылу сиымдылығы. Адиабаттық және
политроптық үрдістер. Қайтымды және қайтымсыз
үрдістер. Циклдық үрдістер. Термодинамиканың екінші
бастамасы. Энтропия. Тасымалдау үрдістері. Молекула
аралық әсерлесу күштері мен қарапайым потенциалдары.
Тасымалдаудың жалпы теңдеулері. Өздік диффузия,
тұтқырлық, жылу өткізгіштік. Өзаралық диффузия. Шектік
күй. Қаныққан бу. Ылғалдылық. Нақты газдың ішкі
энергиясы. Беттік керілу. Капиллярлық құбылыстар.
Булану және қайнау. Сұйық ерітінділер. Осмостық қысым.
Заттардың кристаллдық және аморфтық құрылымы.
Кристаллдардың симметриясы. Қатты денелердің жылулық
қасиеттері. Фазалық түрленулер. Клапейрон-Клаузиус
теңдеуі.

5.5. Оқу пәнін игеру жобасы
Мамандық бойынша Стандарт: http:phys.kokgu.kz; ГОСО КР. Силлабус та сол
жерде.
Қай Модуль Тақырыбы Әдебиеттің нөмірі
аптаесебі және бөлімі
1–БЛОК
I 1-модуль Кіріспе. Қысқаша тарихи шолу. Заттың НӘ(1( Т.I. НӘ(2(
агрегаттық күйлері. Заттың Т.VII.
атомдық-молекулярлық құрылымы туралы НӘ(3( Т.ХIII. ҚӘ
теория. Идеал газ. (1( Т.II
ҚӘ (3( Т.2
II 2-модуль Клапейрон–Менделеев теңдеулері. Идеал НӘ(1( Т.I. НӘ(2(
газдар үшін молекулалық-кинетикалық Т.VII.
теориясының негізгі теңдеуі. Газ НӘ(3( Т.ХIII, ХIV.
заңдары. ҚӘ(1( Т.1, ҚӘ(2(
Т.8.
III 3-модуль Статистикалық әдіс және ықтималдылық НӘ(1( Т.IV. НӘ(2(
теориясының элементтері. Максвелл Т.VII.
заңы. НӘ(3( Т.ХIII, ХIV.
ҚӘ (1( Т.1. ҚӘ (2(
Т.8.
2-БЛОК
IV 4-модуль Термодинамиканың негіздері. НӘ(1( Т.II. НӘ (2(
Молекулалар-дың еркіндік дәрежелері Т.VIII.
бойынша энергияларының бірқалыпты НӘ(3( Т.ХIII.
таралу заңы. Термодинамиканың ҚӘ(1( Т.2.
I-бастамасы. ҚӘ(2( Т.9. ҚӘ(3(
Т.2,.
V 5-модуль Көлемді өзгертуге бағытталған газдың НӘ (1( Т.II. НӘ(2(
жұмысы. Газдың жылу сиымдылығы. Т.VIII.
Термодинамиканың бірінші бастамасын НӘ(3( Т ХIII, ХVI.
изопроцесстерге қолдану. ҚӘ (1( Т.2. ҚӘ(2(
Т.9.
VI 6-модуль Адиабаттық үрдіс. Политроптық үрдіс. НӘ(1( Т.II, III.
Циклдік (айналма) үрдіс. Қайтымды жәнеНӘ(2( Т.VIII.
қайтымсыз үрдістер. НӘ(3( Т. ХVI.
ҚӘ (2( Т.9. ҚӘ (3(
Т.2,
ҚӘ (4( Т.III.
VII 7-модуль Термодинамиканың II-бастамасы. Жылу НӘ (1( Т. III,
қозғалтқыштары. Энтропия. VII. НӘ (2(
Термодинами-каның III-бастамасы. Т.VIII. НӘ(3(
Т.ХVI.
ҚӘ (1( Т.6. ҚӘ (2(
Т.9.
VIII8-модуль Тасымал үрдістері. Тасымалдаудың жалпыНӘ (1( Т.VII. НӘ
теңдеулері. Вакуум және оны алудың (2( Т.VII
әдістері. НӘ (3( Т.3. НӘ (3(
Т. ХV.
ҚӘ (1( Т.4. ҚӘ(3(
Т.6.
IX 9-модуль Газдардағы өздігінен болатын диффузия,НӘ (1( Т.VII. НӘ
тұтқырлық, газдардың жылу (3( Т.3. НӘ (3(
өткізгіштігі. Газдардың ішкі үйкелісі.Т.ХV.
ҚӘ (1( Т.4. ҚӘ(3(
Т.6.
3–БЛОК
X 10-модульНақты газдар, сұйықтар мен қатты НӘ (1( Т.VIII. НӘ
денелер. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. (2( Т.VII,VIII. НӘ
Ван-дер-Ваальс изотермалары және (3( Т.ХVII.
оларды тексеру. ҚӘ (1( Т.5. ҚӘ (2(
Т.9.
XI 11-модульҚаныққан бу. Ылғалдылық. Нақты газдың НӘ(1( Т.VIII. НӘ
ішкі энергиясы. Джоуль–Томсон (2( Т.VII. НӘ(3(
эффектісі. Т.ХVII.
ҚӘ(1( Т.5, 8. ҚӘ
(2( Т.10.
ҚӘ (3( Т.7.
XII 12-модульСұйықтардың қасиеттері. Беттік керілу.НӘ(1( Т.IХ. НӘ(2(
Жұғу. Сұйықтардың қисық беттерінің Т.IХ
астындағы қысым. Капиллярлық НӘ(3( Т.ХVIII.
құбылыстар. ҚӘ (1( Т.7. ҚӘ(2(
Т.10.
XIII13-модульБулану, қайнау. Сұйық ерінтінділер. НӘ(1( Т.Х,ХI.
Осмостық қысым. НӘ(2( Т.IХ
НӘ (3( Т. ХVIII.
ҚӘ (1( Т.7. ҚӘ (3(
Т.7.
XIV 14-модульЗаттың кристалдық және аморфтық НӘ(1( Т.ХII. НӘ(2(
құрылымдары. Қатты денелер. Қатты Т.Х.
денелердің жылулық қасиеттері. НӘ(3( Т.ХIХ. ҚӘ(1(
Т.9.
ҚӘ(2( Т.10.
ҚӘ(3(Т.10.
XV 15-модульФазалық түрленулер. Клайперон–КлаузиусНӘ(1( Т.Х. НӘ(2(
теңдеуі. І-ші және ІІ-ші фазалық Т.Х.
ауысымдар. Күй диаграммасы. Үштік НӘ(3( Т.ХIХ. ҚӘ(1(
нүкте. Т.9.
ҚӘ(2( Т.10. ҚӘ(3(
Т.7.

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері: практикалық сабақтар және үйге берілетін
жұмыс.
Қай Модуль Тақырыбы Әдебиеттің нөмірі
аптаесебі және бөлімі
1–БЛОК
1I 1-модульЗаттың агрегаттық күйлері. Идеал Әдістемелік
газдар. Авогадро заңы. Молекуланың құралдан есептер.
массасы және өлшемдері. НӘ (4( Т.2: §9
№1–4.
ҚӘ (5( Т.2.1
№2.1.-2.7.
2II2-модульИдеал газда заңдары. Клапейрон – НӘ (4( Т.2: §8 №
Менделеев теңдеулері. Идеал газдар үшін2; 3; 5; 9–11. §9
молекулярлық-кинетикалық теориясының № 9–13.
негізгі теңдеуі. Молекулалардың НӘ (5(: Б.2.1
энергиясы. Газ заңдары. Дальтон заңы №2.1; 2.3-2.6;
Идеал газдар күйінің теңдеуі. Авогадро 2.22-2.24.
заңы. ҚӘ (5( Т. 2.1
№2.8-2.12.
3II3-модульСтатистикалық әдіс және ықтималдылық НӘ(4( Т.2: §9 №
I теориясының элементтері. Идеал 23-27. №28-30,37,
газдар-дың молекулаларының жылдамдықтар39.
бойынша және жылулық қозғалыстың НӘ(5(: Б.2.3
энер-гиялары бойынша үлестірілуі үшін №2.66-2.68; №2.71.
Максвелл заңы. Барометрлік формула ҚӘ(5( Т.2.1
Больцман үлестірілуі. №2.17-2.24; №
2.25-2.28.
Блок 2
4IV4-модульТермодинамиканың негіздері. НӘ(4( Т.2: §9 №
Молекулалар-дың еркіндік дәрежелерінің 23-27. Т.2: §10 №
саны. Моле-кулалардың еркіндік 1-5, 18,19.
дәрежелері бойынша энергиярының НӘ(5(Б.2.2№2.25;
бірқалыпты таралу заңы. №2.30; 2.231;Б.2.3
Термодинамиканың бірінші бастамасы. №2.73.
ҚӘ (5( Т.2.2
№2.30-2.35.
5V 5-модульКөлемді өзгертуге бағытталған газдың НӘ(4( Т.2: §9
жұмысы. Газдың жылу сиымдылығы. №46,50,51.
Термодинамиканың бірінші бастамасын ҚӘ (5( Б 2.3
изопроцестерге қолдану. №2.12-2.16.
№2.48-2.58.
6VI6-модульАдиабаттық үрдіс. Политроптық үрдіс. НӘ(4(Т.2: §10
№38-41,43.
НӘ (5(: Б.2.3
№2.37; 2.38. Б.2.3
№2.74, 2.75.
ҚӘ(5( Т.2.2
№2.46-2.50
.№2.65-2.83.
7VI7-модульЦиклдік (айналма) үрдіс. Қайтымды және НӘ(4( Т.2
I қайтымсыз үрдістер. Карно циклы §10№54-58, 60.
Термодинамикалық ПӘК. НӘ(5(Б.2.4№2.122;
2.124.
ҚӘ (5( Т. 2.2
№2.46-2.50.
№2.65-2.83.
8 8-модульТермодинамиканың екінші бастамасы. НӘ(4( Т.2 §10 №
VIII Энтропия. Температуралардың 60,61.
термодина-микалық шкаласы. НӘ(5(Б.2.4
Термодинамиканың үшінші бастамасы. №2.124-2.126.
ҚӘ (5( Т.2.2
№2.46-2.50.
№2.65-2.83.
9IX9-модульТасымал үрдістерінің жалпы теңдеулері. НӘ(4( Т.2: §9
Термодинамикалық теңдестірілмеген №54,55.
жүйе-лердегі тасымалдау құбылысы. НӘ(5( Б.2.7
Газдардағы өздігінен болатын диффузия, №2.238;
газдардың жылу өткізгіштігі. Өзара №2.245-247.
болатын диффузия. ҚӘ(5( Т. 2.2
№2.46-2.50.
№2.65-2.83.
ҚӘ(5( Т.2
№2.36-2.38;
№2.39-2.43.
3 БЛОК
10X10-модулНақты газдар, сұйықтар мен қатты НӘ (4( Т.2: §11 №
ь денелер. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. 1-3.
НӘ (5(: Б.2.2
№2.59-2.61.
ҚӘ (5( Т.2.3
№2.84-2.95.
11X11-модулВан-дер-Ваальс изотермалары және олардыНӘ(4( Т.2: §11
I ь тексеру. Заттың аумалы кезіндегі күйі. №9-11.
НӘ(5( Б.2.2
№2.62-2.64.
ҚӘ(5( Т.2.3
№2.84-2.95.
12X12-модулҚаныққан бу. Ылғалдылық. Нақты газдың НӘ(4( Т.2 §11
II ь ішкі энергиясы. Внутренняя энергия №4-5, 10,11.
реального газа. Джоуль–Томсон ҚӘ(5( Т.2.3
эффектісі. №2.96-2.97.
13 13-модулСұйықтардың қасиеттері. Беттік керілу. НӘ (4( Т.2: §11 №
XIIIь Жұғу. Сұйықтардың қисық беттерінің 12-14; 20-23.
астындағы қысым. Капиллярлық НӘ (5(: Б.2.5
құбылыстар. Булану, қайнау. Сұйық №2.171, 2.177,
ерінтінділер. Осмостық қысым. 2.191.
ҚӘ(5(Т.2.3№2.98-2.
108.
14 14-модулЗаттың кристалдық және аморфтық НӘ(4( Т.2: §11 №
XIV ь құры-лымдары. Қатты денелердің жылулық .
қасиет-тері. Қатты денелердің жылу ҚӘ(5(Т.2.3
сиымдылығы. №2.109-2.115.
15 15-модулФазалық түрленулер. Булану, сублимация,НӘ (4( Т.2: §11 №
XV ь балқу және кристаллизация.
Клайперон–Клаузиус теңдеуі. Аморфтық НӘ (5(: Б.2.5
денлер. І-ші және ІІ-ші фазалық №2.171, 2.198,
ауысымдар. Күй диаграммасы. Үштік 2.200, 2.205;
нүкте. 2.217, 2.218.

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері: сарамандық сабақтар (ізденістік және
зерттеулік әдістері аралас).
АптаМодуль Тақырыбы Әдебиет
есебі
1–БЛОК
I-II Кіріспе сабақ: Кабинеттегі қауіпсіздік Сарамандық
ережелері. Негізгі физикалық құралдармен жұмыстың (СЖ)
таныстыру. Сарамандық жұмыстарды орындаудыңсипаттамасы.
әдістемелік ережелері мен ұсыныстары. НӘ(5(. ҚӘ(5(.
III- 3 Тақырып: Статистикалық әдіс және СЖ сипаттамасы.
IV ықтималдылық теориясының элементтері: НӘ(1( Т.IV.
СЖ: Броундық бөлшектердің көлемін олардың ҚӘ(1( Т.1.
тартылыс өрісіндегі таралуын зерттеу ҚӘ(2( Т.8.
әдісімен анықтау.
СЖ: Молекуланың орташа жүгіріп өту жолының
ұзындығын және эффективтік диаметрін
анықтау.
2–БЛОК
V-VI 6 Тақырып: Адиабаттық үрдіс. Политроптық СЖ сипаттамасы
үрдіс: НӘ(1( Т.II.
СЖ. Ауаның адиадаттық көрсеткішін СрСv НӘ(2( Т.VIII.
эксперимент жүзінде анықтау. ҚӘ(2( Т.9.
ҚӘ(4(Т.2.
VII- 7 Тақырып: Термодинамиканың екінші НӘ(1( Т.III,
VIII бастамасы. Энтропия: VII
СЖ–5. Тұйықталған жүйедегі энтропияны НӘ(2( Т.VIII.
анықтау. ҚӘ(1( Т.6.
СЖ–1. Бірінші текті фазалық ауысым кезінде ҚӘ(4( Т.9.
энтропияны анықтау.
IX-X 8 Тақырып: Вакуум және оны алу әдістері. СЖ сипаттамасы.
Ультра-сиретілген газдардың қасиет-тері. НӘ (1( Т.VII.
СЖ-5. Вакуум және оны алу әдістері. ҚӘ (4( Т.4.
XI-X 9 Тақырып: Газдардағы өздігінен болатын СЖ сипаттамасы.
II диффузия, тұтқырлық, газдардың жылу НӘ (1( Т.Х.
өткізгіштігі. НӘ (3( Т. ХIХ.
СЖ. Электрлік токпен жылытылатын ауаның ҚӘ (4( Т.9.
жылу өткізгіштік коэффициентін тәжірибе
жүзінде анықтау.
СЖ. Капиллярлық әдіспен тұтқырлық
коэффициентін тәжірибе жүзінде анықтау.
3 Блок
XIII 15 Тақырып: Фазалық түрленулер. Булану, СЖ сипаттамасы.
-XIV сублимация, балқу, кристаллизация. НӘ (1( Т.Х.
СЖ-2. Судық меншікті булану жылуын анықтау.НӘ (3( Т. ХIХ.
СЖ-5**. Мұздың меншікті балқу жылуын ҚӘ (4( Т.9.
анықтау.
XV Қорытынды сабақ.

*Ескерту. Шартты белгілердің мәні: НӘ – негізгі әдебиет; ҚӘ – қосымша
әдебиет; Б –бөлім; Т–тарау.

КІРІСПЕ

Заман қанша құбылса да мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының
көтерілуін білім-ілімсіз елестету мүмкін емес. ХХІ ғасырда білім берудің
капиталға айналып, ол өзінің мазмұны жағынан стратегиялық ресурстармен
бәсекелесе алатыны және елдің даму деңгейінің де осы арқылы болатындығын
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев ағарту саласы қызметкерлері мен жастар
арасындағы әртүрлі деңгейдегі кездесулерде айтып, нақты істермен көрсетті.
Өркениетті дамыған елдерде де білім беру жүйесін жетілдіру мәселелеріне
ерекше көңіл бөлініп отырады. Омыған орай Қазақстандағы оқу-ағарту
жүйесіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, оқу орындарының
материалдық-техникалық негізін жаңартуға ерекше мән берілуде. Білім
берілудің ұлттық моделі жасалынып, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса
бастады. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары
жетілдіріліп, жаңа мазмұндағы оқулықтар шығарылып, оқу орындары жаңа
типтегі жұмысқа көше бастады. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің
қабілетін, өздігінен оқыту, пән таңдау, оған сағат санын көбейту және,
соған сәйкес, авторлық бағдарламалар жасау тағы басқа да оқу үрдісін
ұйымдастыру құқы берілді.
Сонымен қатар білім сапасына қойылып отырған талаптар білімді тексеру
мен бағалаудың жаңа түрлері мен әдістерін; оқытудың жаңа технологияларын
кең көлемде практикалық қолданысқа сай болатындай жасауды керек ете
бастады.
Осындай ізгі істердің нәтижесінде Қазақстандағы ұлттық білім саясатын
жүзеге асырып, оқу мәселесін жетілдірудегі қосар үлесті мақсат етіп
көздеген бұл дипломдық жұмыс аудиториядан тыс немесе жоғары оқу орнынан
тысқары жердегі студенттерге, білім алам деуші талапкерлерге де пайдалы
болмақ.
Жұмысымыздың ерекшелігі – компьютерді пайдаланып, білім алуға
бағышталған оқушылар мен студенттерге әрі ыңғайлы, әрі пайдалы құрал.
Ыңғайлысы – оқулықтың алатын көлемі (әдеттегісімен салыстырса) үлкен емес;
пайдалысы – тақырыптар қысқа түрде және оқу бағдарламасына дәлме-дәл сай
құрастырылған.
Білім берудің қазіргі заманғы жүйесі ақпараттық технология мен
компьютерлік телекоммуникацияны жиі пайдалануда. Білім беру мекемелерінің
қуатты компьютерлік техникамен жабдықталуы және Интернет желілері
бірлестігінің дамуы, әсіресе, сырттан, тыстан оқыту жүйесінің жақсы дамуына
мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықтар өздігінен білім алу мақсатымен
қатар, сырттан оқытудың құрамды бөлігі ретінде қолданыла алады.
Оқытудың лекция-семинарлық түрі қазір жаңа түрмен – несиелік (кредит)
технологиямен алмастырылып отыр. Оған сай кредиттік технологияға тіркесе
келе оқытудың, білім берудің компьютерлік түрі де пайда болуы – жаңалық.
Дүние жүзіндегі оқыту тәсілдері дәл осы, бірақ Қазақстанда енді ғана
енгізілмек. Бұл – жаңалық емес, тек іздену, алға қарай дамуымыздың кепілі.
Бұған байланысты шет ел тәжірибесін үйрене отырып, мынадай маңызды жайды
атап көрсетуге болады: оқытушы ақпаратты таратушы рөлінде емес (бұл
дәстүрлі қабылданғандай), кеңесші, консультант, кейде тіпті оқушының
әріптесі ролін атқарады. Бұның кейбір жақсы жақтары бар: студенттер оқу
үрдісіне белсене қатысады, өз көзқарастарын қалыптастырады, нақты
жағдайларды моделдейді.
Әдетте, электрондық оқулықтар сырттан, оқу орнынан тыста оқыту формасында
жақсы қолданылады. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл оқулықтардың
құндылықтары мынада:
➢ олардың тиімділігі,
➢ компьютерлік желілердің дамуына байланысты қолайлылығы,
➢ қазіргі заманғы ғылыми білімдердің даму деңгейіне барабарлығы.
Басқа жағынан алып қарасақ, электронды оқулықтар құру ақпараттық
материалды тұрақты жаңалау сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар оларда көптеген жаттығулар мен мысалдар бола алады,
ақпараттың әр түрі дәлірек көрнекіленеді. Электронды оқулықтардың көмегімен
білімді бақылау – компьютерлік тестілеу жүзеге асырылады. Электрондық
құралдың құрылымы оңай құрастырылып, кез келген тақырыпты бірден таңдап,
ашудың мүмкіндіктер қарастырылады.
Электрондық оқулық құрудың маңыздылығы (актуальность) мынада:
– Біріншіден, соңғы кездері электрондық оқулық құру талқыланатын және
мемлекеттік деңгейде талап қойылатын тақырыпқа айналып бара жатыр.
Бүгінде білім беруде мамандар даярлауда, оның ішінде жаңа мамандықтар
мен жаңа курстар бойынша, оқу материалының жетіспеушілігінде өздігінен
дайындалған электронды оқулықтар үлкен мәнге ие болып отыр.
– Екіншіден, Қазақстандағы жоғары оқу орындарында енгізіліп отырған
оқытудың несиелік технологиясы электрондық түрдегі курстарды және
электрондық әдістемелік құралдарды арттыруды талап етеді.
Осыған байланысты біздің жұмысымызда несиелік оқыту жүйесінің
шарттарына арнайы жасалған оқыту бағдарламасының негізінде кафедра
мұғалімдері құрастырған, бірақ біз оны өз ыңғайымызға қарай өзгерткен
Қысқаша бағдарлама – силлабус – үлгісін келтіріп отырмыз.
Дипломдық жұмысымның мақсаты – оқытудың несиелік жүйесі жағдайында
Молекулалық физика және термодинамика бойынша электрондық курсты құру
болады. Бұндай электрондық курстар мен құралдар студенттердің өздігінен
білім алуларына және физика курсын мейлінше жатық игерулеріне көмегін
тигізеді деп сенеміз.
Молекулалық физика және термодинамика бойынша электрондық курс 15
модульден тұрады, ол силлабустағы 15 кредитке сәйкес болып тұр. Осыларға
сәйкес біздің оқулығымыз практикалық сабақтарды көздеп, есеп шығару
тәсілдерін, есептер жинағын топтастырып отыр, ал білімді қадағалау және
бағалау үшін, әрі оқушы-студент өздігінен алған білімін бақылау үшін
сұрақтар мен тесттер жинағын келтіріп отырмыз.
Оқулық материал Қазақстанның Мемлекеттік Стандартына толық сәйкес
келеді.
Электрондық оқулықтың мазмұны мынандай:
➢ Тақырып бойынша қысқаша теориялық материал (ол сабақ өткізу
әдістемелерімен байланыстырылды);
➢ жаттығулар немесе есеп шығару мысалдары;
➢ бақылауға және тест алуға арналған материалдар;
➢ практикалық және сарамандық сабақтарға арналған материалдар;
➢ қосымша материал – қысқаша физика мәліметтері.

I БӨЛІМ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ – ТЫСТАН ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ҚҰРАЛЫ

1.1. ХХІ ғасырдағы білім берудің жетістігі– электрондық оқулықтар
туралы жалпы мағлұматтар

Мектептердің әлемдік білім беру кеңістігіне ену үрдісі олардың,
сонымен қатар компьютер-ақпараттық құраушысының дұрыс орналасуын талап
етеді. ХХ ғасырдың екінші жартысы ақпараттық қоғамға өту периоды болып
шықты. Ақпарат көлемінің лавинтүрінде өсуі адам қабілетінің барлық жағынан
ақпараттық жарылу сипатына ие болды.
Ақпараттық жарылыс көптеген мәселелер, оның ішінде ең маңыздысы оқыту
мәселесін туғызды. Қол әдістері техникалық құралдарды қолданбайынша өз
мүмкіндігін жоғалтқандықтан, оқытуды автоматтандыруға байланысты сұрақтар
ерекше қызығушылық туғызды. Оқытуды автоматтандырудың ең жетістігі мол
формасы ЭЕМ қолдану болып табылады, яғни оқыту мен оқушы білімін тексеру
сұрақтарының нәтижелерін өңдеуге машина уақытының қолданылуы.
Компьютерлерді көптеп қолдану автоматтандыруға мүмкіндік береді, сол арқылы
мұғалімдердің методикалық жәрдем құруы кезіндегі қиындықтары азаяды.
Сондықтан, электронды оқулықтардың әр түрлерімен таныстыру , дегі
методикалық көмектер қатарының маңызы зор. Біріншіден, бұл автоматтандыру
берілгендерді қажетті формада құру және сақтау үрдісі ретінде болады.
Екіншіден, бұл берілгендердің шексіз практикалық көлемі бар жұмыс.Оқытуда
компьютерлік технологияларды құру оқушының жеке басының талаптарын
қанағаттандыратын жаңа генерациядағы оқу көмегін құрумен қатар жүреді.
Жаңа генерациядағы оқулықтар оқу процесінің мен қазіргі заманғы ғылыми
зерттеулердің бірлігін қамтамасыз ету үшін керек, яғни оқу процесінде жаңа
ақпараттық технологияларды қолданудың мақсаттылығы. Оқытуда компьютерлік
технологияны қолданудың нәтижелері пән маманы ақпаратты таныстыру
құралдарын қолданумен шектеліп қалмаған жағдайда ғана көрінеді.
Бүгінде физикадан компьютерлік бағдарламаларды және физиканы оқытудағы
электрондық оқулықтарды қолданудың практикалық әдістерін бағалаудың
критериялары жеткілікті өңделмеген:
1. Қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды олардың оқытудағы
нәтижелілігі және олармен жұмыс істеудің қарапайымдылығы жөнінен талдау.
2. Физиканы оқытуда электронды оқулықтарды қолданудың методикалық
тиімді жақтарын талдау.
Электронды оқулық деген не және оның кәдімгі оқулықтан айырмасы
неде? Әдетте, электронды оқулық оқу пәннің негізгі ғылыми мазмұны көрініс
тапқан ДЭЕМ-ның магнит тасушысында орналасқан оқытатын, бақылау жасайтын,
және басқа да бағдарламалардан тұрады.ЭО көбіне мына жағдайларда тиімді:
лездік кері байланысты қамтамасыз етеді; кәдімгі оқулықтан іздеп табу
қиынға соғатын қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі;гипертекстік
түсініктемелерге назар аударғанда уақытты үнемдейді;қысқаша мәтінмен қатар
көрсетеді, баяндайды, моделдейді; білімді белгілі тарау бойынша тексереді.
ЭО-тың кемшілігіне кітаппен салыстырғанда оның қымбатқа түсетіндігін
жатқызуға болады.

1.2. Электрондық оқулықтар жүйесіне қойылатын негізгі талаптарды
талдау

Электронды оқулықтар ортасы үшін келесі принциптерді негізге аламыз.
Зерттеуші шешетін мәселеге тәуелсіз оқытудың электрондық жүйесін адамның
эффективті функциялауы үшін бастапқы берілгендерді визуальдандыру, ағымдағы
және соңғы ақпаратты, алынған нәтижелерін бірмәнді талқылауға ыңғайлы болу
үшін кескін түрінде таныстыруды бірдей формада қамтамасыз ететін, өңдеудің
аралық нәтижелері зор мәнге ие. Интерфейстің маңызды талабы оның
интуитивтілігі болып табылады. Интерфейстің басқарушы элементтері ыңғайлы
және анық болу керектігін байқаған жөн, сонымен қатар олар негізгі
мазмұннан ауытқымауға тиіс.
Компьютер өнімдерінің нарығында жыл сайын оқыту бағдарламалары мен
электронды оқулықтар көбеюде. Сонымен қатар электронды оқулық қандай болу
керек, және оның функциялары қандай деген сұрақ толастамайды.
ЭО дәстүрлі құрастыру: оқу материалын түсіндіру, практика, тестілеу.
Қазіргі кезде оқулықтарға мынадай талаптар қойылады:
1. Таңдап алған курс бойынша құрылымды болуға және мағлұматтары толық
аяқталған болуы тиіс.
2. Мәтінмен қатар, әрбір үзінді аудио – немесе бейне (тірі лекция)
ұсынылуы керек. Тірі лекциялардың негізгі интерфейсі лекцияны кез-келген
жерден жылжытуға болатын жүгірту жолақтары болуғы тиіс.
3. Тірі лекцияның кейбір бөлігін мәтіндік ақпарат қайталауы мүмкін.
4. Күрделі үлгілер немесе құрылғыны таныстырушы көркемдеулерде,
көркемдік бөлек элементтерімен, курсор қозғалысымен синхронды көрінетін
немесе жоғалатын (карталар, жоспарды, схемалар, сызбаның бұйым
құрастырулары, басқару пультының объектімен және т.б.) шапшаң сыбыр сөз
болуы тиіс.
5. Мәтіндік бөлім көп санды айқасқан сілтемелермен қажетті хабар іздеу
уақыты мүмкіндік беретіндермен қысқартумен, сонымен қатар қуатты іздеу
орталығымен қосылуы тиісті. Перспективалы элемент ретінде осы пәндік
облыспен мамандандырылған сөздік қосуы мүмкін.
6. Бейне-ақпар немесе анимация әдеттегі баяндауда қиын түсінілетін
бөлімдері болуы тиісті. Осы жағдайда пайдаланушыларға арналған уақыттардың
шығыны дәстүрлі оқулықпен салыстырғанда бес – он есе азырақ болады.
Ешуақытта көрменген адамға кейбір құбылыстарды сипаттау мүмкін емес (
сарқырама, от және т.б). Видеоклип арқылы жылдамдатылған, баяулатылған
немесе ішінара құрастырылатын құбылыстарға демонстрация жасауға, масштабын
өзгертуге рұқсат етеді.
7. Аудиоақпарат- оқулықтың ең басты және маңызды бөлімі болып
табылады.

1.3. Электрондық оқулықты құру құралдарының түрлері

Электронды оқулық құру құралдарын, мысалы, функцияның берілуі мен
орындалуы, техникалық талаптарды қамтамасыз ету, қолдану ерекшеліктері
сияқты көрсеткіштерді енгізетін комплекстік критерияларды қолдана отырып
топтарға бөлуге болады. Көрсетілген критерияларға сәйкес келесідегідей
классификация болуы мүмкін:
➢ дәстүрлі алгоритмдік тілдер;
➢ жалпы аспаптық құралдар
➢ мультимедиа ортасы;
➢ гипертекстік және гипермедиа орта;
Төменде аталған топтардың әр біреуінің ерекшеліктері келтірілген.
Бұдан ары техникалық база ретінде еліміздегі кең таралған мектептердегі
IBM компьютерлері алынатын болады.

Дәстүрлі алгоритмдік тілдер
Тура бағдарламалау құралдарымен жасалған, электрондық оқулықтардың
негізгі сипаттамалары мынадай:
➢ орындау стильдерінің әр түрлілігі ( түрлі-түсті палитра ,
интерфейс , ЭУ құрылым , материал беру тәсілі және т.б.);
модификация және ілестірудің қиындығы; көп уақыт шығындары және
еңбек сіңіру;
➢ аппараттық шек қоюлардың жоқ болуы , яғни ЭУ жасау мүмкіншілігі
бар техникалық базаны қолдану;

Жалпы аспаптық құралдар
Жалпы аспаптық құралдары (ЖАҚ) мамандыққа баға беретін
бағдарламашылармен емес пайдаланушылармен ЭО жасауы үшін арналған. ЖАҚ-ты
қолданып ЭО жобалаушыға төмендегі мүмкіншіліктерді қамсыздандырады:
• ЭУ құрылымын құруы;
• енгізу, редакциялау және мәтін форматтау ( мәтіндік редактор );
• статикалық көрнекті бөлім дайындау ( графикалық редактор );
• динамикалық көрнекті бөлім дайындау ( дыбысты және анимациялық
үзінділер);
• басқа құралдарының қолдануымен орындалатын модульдердің қосу,
іске асырылғандардың өңдеу;
Жалпы аспаптық құралдарыының төмендегі артықшылығын атауға болады:
▪ Мамандандырылған бағдарламашы болмаса да ЭО жасауға
болады;
▪ ЭО жасау уақытымен сіңірілетін еңбекті азайту;
– компьютерлерге және бағдарламалық қамтамасыз етілуге
қойылатын талаптың төменділігі;
• Сонымен қатар жалпы аспаптық құралдарының ( ЖАҚ ) жетіспеушіліктері де
бар:
• біріккен интерфейс емес;
• мультимедиамен және гипермедиа жүйелерімен салыстырғанда
мүмкіншіліктің аздығы;
• дистанциялық оқу бағдарламаларынын жасау мүмкіншілігі жоқ;
Елімізде кең таралған ЖАҚ-ры бар: Адонис, АосМикро, Сценарий, ТесСис,
Интегратор т.б.

Мультимедиа құралдары
Жаңа ақпараттық технологияның пайда болуына дейін, эксперттер көптеген
эксперименттер жүргізіп, материал меңгеру әдісі мен қабілеттің аралық
тәуелділігін анықтады және алған білімдер біраз уақыт өте қалпына келеді.
Егер дыбысты материал болса, адам оның ¼ көлемін еске сақтайды. Егер
материал көз алдына келтірілген болса оның 13 көлемін еске сақтайды. Ал
қиыстырылған материал болса (көру және дыбыс) еске сақтау жартысына дейін
жоғарылайды,егер адам оқу үрдісінде белсенді әрекет жасаса, оқу
материалының қонымдылығы 75% дейін артады.
Сонымен, хабардың – мәтін берудің бірнеше тәсілін – бейнелеудің
(суреттер және фотографияның), қозғалушы бейнелеудің ( мультипликация және
бейне ) және дыбыс (цифрлік және MIDI) – интерактивтік өнімге біріктіруді –
мультимедиа дейді.
Аудиоинформация өзіне сөйлеу, музыканы, дыбысты күшті әсерлерді
қосады. Мұндағы негізгі сұрақ ақпарат тасушының көлемі туралы болады.
Аудио видео ақпаратпен салыстырғанда қолданылатын элементтердің маңызды
үлкен. Ең алдымен мұнда видеоқатардағы статикалық элементтер кіреді, оларды
екі топқа бөлуге болады: графика (сурет салынған бейнелеудің) және фото.
Бірінші топқа әртүрлі суреттер , ішкі көріністер , беттер, графикалық
тәртіптегі символдарды жатады. Екіншіге, фотографиялар және сканерленген
бейнелер жатады.
Видеоқатардағы динамикалық элементтер әрқашан статикалық
жүйеліліктен түзеледі (кадрлар). Мұндағылар үш түрлі элементен құралады:
қарапайым видео (секундына 24 фото), квазивидео (секундына 6-12 фото),
анимация. Видеоқатарды мультиортаға қолдану аудионы қолданғаннан қарағанда
көптеген мәселені шеше алады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы: экранның
қабілеті және түстердің саны, сондай-ақ ақпараттың көлемі.
Мультимедиа ақпараттық қорларының басқа түрлі өнімдерден
айырмашылығымен үлкен ақпараттық көлемі болады, сондықтан осы кездегі
негізгі ақпарат тасушылар стандарт сыйымдылықтағы 650 Мбайт дискілі CD-ROM.
Басқа жетілдірілген құралдар да бар (CD-Worm, CD-Rewritaeble, DVD т.б.),
бірақ олар қымбаттау тұрады.

Гипермәтіндіктер және гипермедиа құралдары
Гипертексті – бұл мәтіндік материал беру тәсілі – сөз ерекшеленген,
бейнемен қандай болмасын мәтінде болады , айқын мәтіндік үзінділерге бау
бар болушы . Сайып келгенде , пайдаланушы мәтін беттерін ретпен ғана емес
ауыс кете алады суреттеуден қандай болмасынды сілтемеге беттерін аударады ,
өзі хабар беру процесін басқарады . Гипермедиада жүйеге үзінділер ретінде
бейнелеулерді, ал хабар мәтінді, графиканы , видеоүзінділерді, дыбысты
қолдана алады. Гипермәтіндік технология қолдануы оқулықтарда көрсетілген
талаптарды қанағаттандырады және қолдпнуға ыңғайлы. Қажетті жағдайда сондай
оқулықты кез-келген серверде орналастырып, жеңіл түзетуге болады. Бірақ,
оларға сәттісіз әрлендіру, құрастыру, құрылым және т.с.с. тән болып келеді.
Осы кезде әртүрлі гипермәтіндік форматтардың жиынын бар (HTML, DHTML,
PHP.т.б).
Құралдар таңдау белгілері·
❖ аппараттық құралдарының айқын кескін үйлесімі;
❖ бағдарламалық жүйелердің сертификациялануы;
❖ қойылатын талап деңгейіндегі мамандар.
Сонымен қатар, өңделетін ЭО арналуын, қосымша модификация қажеттілігін
еске алу, жад көлеміне шек қою және т.б. Көпшілікке арналған
компьютерлерде қарқынды дамыған технологияның арқасында мультимедиа
құралдарын және гипермедиа қондыру арзан тұрады. Сонымен қатар, қуаттылық
және аппараттық құралдардың тез әрекеті жоғарыда айтылған құралдарды
қолдануға рұқсат етеді.

1.4. Электрондық оқулықтардың жұмыс істеу үрдісі

ЭО негізгі үш жұмыс үрдісін атауға болады:
➢ тексерусіз оқыту;
➢ әрбір бөлімнің (параграфтың) соңында материал меңгеру дәрежесін
анықтауға мүмкіндік беретін, бірнеше сұрақтың қайсына жауап
беруге ұсыныс жасайтын тексерумен оқу;
➢ тестілік бақылау, арналған білімдерін қорытынды бақылауына
арналған бағалау ұсынады.
Қазіргі кезде оқулықтарға мынадай талаптар қойылады:
Құрылымдық, пайдаланудағы ыңғайлылық, берілген материалдың
көрнекілігі. Жоғарыдағы келтірілген талаптарды қанағаттандыру үшін
гипермәтіндік технологияны қолдану керек.
Оқулықтың электронды варианты өзіне бақылау құралыдарын сиғызады, ал
білімді тексеру оқытудағы басты мәселенің бірі болып табылады. Көп уақыттар
бойы отандық білім беру жүйесінде бақылау ауызша түрде жүргізіліп келді.
Қазіргі кезде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Көпшілігі, тестілеу
әдісі талдау, салыстыру сияқты дағдыларды қалыптастырады деп ойламайды.
Қашықтан оқыту жүйесінде жаңа технологияларды қолдану мәселені жаңаша
шешуге мүмкіндік береді. Біз сайып келгенде оқулықтың электрондық түрін
жаңа ақпараттық технологиялардың қолдану арқылы оқу нәтижелілігін
жоғарылауына сеніп жасадық, сондай-ақ электрондық оқулық өзіндік жұмыс
жасауда таптырмайтын құрал болып табылады.
Нақтылы пәнді толық меңгеру үшін тек теорияны ғана емес, сонымен қатар
мәселені шешуде практикалық дағдалырды қалыптастыру керек екендігі белгілі.
Ол үшін зерттелетін үрдіс пен құбылыстың физикалық моделін құруды үйрену
керек. Бұл мақсатқа жету үшін ЭО құрамына графикалық көркемдеуін қамтамасыз
етуші моделдік бағдарламалардың тобы мен түсінудің дәрежесін жоғарылатып
қана қоймай оқушының ойлау қабілетін дамытатын алгоритмдердің жұмысы
енгізілген.

1.5. Электрондық оқулық – тыстан оқытудың тиімді және ыңғайлы құралы

ЭО-ты пайдаланудың бір режимі тыстан оқыту. Тыстан оқыту –
мамандандырылған ақпараттық білім беру ортасының көмегімен елімізде және
шет елде кең тараған (спутниктік теледидар, радио, компьютерлік байланыс
және т.б.). Үлкен қашықтықтан (оқу орнынан тыс) ақпаратты ауысуға
негізделген білім беру қызметінің комплексі. ҚО –дың ақпараттық білімділік
жүйесі – мәліметтерді берудің жүйелік ұйымдасқан жиынтығын білдіреді. ҚО
үздіксіз білім берудің формаларының бірі болып табылады.
Яғни, тыстан оқыту деп білім берудің кез келген түрін түсінеміз.
Қазіргі заманғы компьютерлер осы күнге дейін мәлім болған ақпарат таратудың
барлық түрлерін үлкен нәтижелілкпен жасауға мүмкіндік береді, бізге өте
маңызды болып келетін оқытудың адавтипті алгоритмін жасай алады және
материалды түсіндіру барысында ұстазды обьективті және оперативті кері
байланыспен қамтамасыз етеді, онда дәстүрліден бүгінгі ҚО-дың айырмашылығы
қыл қалам мен қағазды компьютер ғана емес, электрондық почта – Интернет
алмастыратындығы анық. Мультимедиалық компьютер – бұл тек жаңа
интегралданған ақпаратты тасушы ғана емес, бұл – face to face моделін
толығырақ және адекватты бейнелейтін құрылғы. Сонымен қатар гипермедиялық
ссылок негізінде оқытудың маңызды құраушыларының бірі болып табылатын
ақпаратты-анықтамалық жүйе тек компьютерлерде ғана іске асырылады.
ҚО-дың негізгі принциптері: оқушы мен оқытушы арасында олар
кездеспейтін интерактивтік қатынас орнату және белгілі білімді өздігінен
игеру, таңдалған курс пен берілген ақпараттық технология бағдарламасы
бойынша дағдыларын қалыптастыру.
Тыстан оқытудың бұрынғы дәстүрлі оқытудан айырмашылығы мынадай деп
білеміз:
а) оқушы-студент пен оқытушы-мұғалімнің бір-бірінен едәуір қашықтықта
орналасуы;
б) оқу үрдісінде оқушы ролінің басым болуы, яғни, мақсат қойғанда,
оқытудың түрі мен жылдамдығын өзі таңдауында;
в) тыстан оқу кезінде оқушы-студенттің арнайы материалдарын өзі таңдай
алуында.
Тыстан оқытуды дамытудың басты мәселесі байланыс жасаудың
телекоммуникациялық орталығында жаңа әдістер құру болып табылады.Осы ортада
оқушылар ақпаратты тек пассивті қолданушылар ғана емес, оқу үрдісінде олар
оқытудың пәндік мазмұнын өздіктерінен түсінеді.
Оқытудың бұрынғы моделін ауыстырғанда орнына келесі қағидаларға
негізделген жаңа модел келуі керек: оқыту техноллогиясының орталғы – оқушы,
технология мақсаты – өздігінен оқу қабілетін арттыру; оқушылар оқуда
активті рол атқарады. Осыған байланысты оқыту әдісін, іс әрекет моделін,
ұстаз бен шәкірт расындағы өзар қарым қатынасты қайта қарастыруды қажет
етеді.
Тыстан оқыту курсын табысты құру және пайдалану оқу мақсатын, оқу
ақпаратын беруде жаңа технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін, қашықтан
оқыту технологиясына қойылатын талаптарды терең талдаудан басталуы керек.
ҚО курсының дидактикалық ерекшеліктері мынадай шарттарға негізделеді:
➢ зерттеу мақсатын анықтау және материалды қолдану көмегімен оқушының
интеллектуалдық белсенділігін ынталандыру;
➢ құндылықтар мен оқушының мазалайтын ішкі себептерді дәл анықтау
жолымен жететін оқу мотивациасын күшейту;
➢ оқу технологиясы мен әдістерін тереңдету мен кеңіту арқылы жететін
оқу мен өздігінен оқудың дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Ақпарат пен мәліметтерді компьютерлік технология арқылы берудің
дидактикалық принциптерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
➢ белсенділік принципі;
➢ өздігінен әрекет ету принципі;
➢ оқу жұмысының ұжымдық және дара формаларының қосылу принципі;
➢ мотивация принципі;
➢ теорияның практикамен байланысы принципі;
➢ нәтижелілік принципі.
Осы принциптермен байланысты ҚО үрдісінде қолданылатын оқыту құралы
келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі қажет:
➢ өзін өзі бақылауды қамтамасыз ету;
➢ көзбен шолатын оқу ақпаратын демонстрациялау;
➢ құбылыстар мен үрдістерді моделдеу;
➢ виртуальды шындықтар шартында зертханалық жұмыстар, эксперименттер мен
тәжірибелер өткізу;
➢ оптимальды шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
➢ оқу үрдісіне қызығушылықты арттыру;
➢ мәдениет ұғымдарын қалыптастыру және т.б.
Курс мақсатын анықтаудың ерекше маңыздылығын атап көрсеткіміз келеді.
Курстың нақты жоспарын құру үшін мыналар қажет:
➢ оқушылар нені меңгерулері керек екендігін білдіретін негізгі
мақсаттарды анықтау;
➢ оқушылар не істей білу керектігін анықтап алып алға қойылған
мақсаттарды нақтылау;
➢ мақсатқа жету жолындағы оқушылардың іс әрекеттерінің жобасын жасау.
Қойылған мақсаттар осы курсты аяқтаған соң оқушылардан не
күтілетіндігін анықтауға көмектесетіндігіне жету өте маңызды. Мақсаттар
оқушылардың танымдық іс әрекетін анықтауда және дамытуға көмектеседі. Дұрыс
анықталған мақсаттар оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:
• маңыздырақ мәселелерге назар аудару;
• мәтінге, тапсырмаға және бағалаудың басқа да түрлеріне дұрыстап
дайындалу.
Іс әрекет мақсаттарға сай жобаланған болуы керек. Тыстан оқыту курсын
жоспарлағанда педагог іс әрекетінің негізгі үш компонентін назарға алу
керек, дәлірек айтсақ оқу материалының мазмұны, практика, кері байланыс ҚО
курстарында өз мәндерін сақтайды. Біз талдаған және іске асырған қашықтан
оқытуға жақындаудың мәні келесідегідей:
• қашықтан оқытуды бастамас бұрын оқушыларды психологиялық тестен өткізу
керек;
• оқу материалы оқушыларға әр тақырып бойынша жүйелі білім … жалғасы