Әлемдегі ең бай әншілер анықталды

0
Әлемдегі ең бай әншілер анықталды


Forbes журналы әлемдегі көп ақы төленетін әншілердің рейтингін құрды.

Бірінші орында Кэти Перри тұр. Кэти Перри Witness: The Tour концерттік турының арқасында 83 миллион доллар тауып, өткен жылғы рейтингтегі тоғызыншы орыннан біріншіге көтерілген. 

Екінші орында Тейлор Свифт болды. Оның табысы 80 миллион долларға бағаланды. Forbes тілшісі әншінің жетістігіне Reputation альбомы маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Себебі альбом шыққан соң бір апта ішінде оның шамамен екі миллион данасы сатылған. Үшінші орынды 60 миллион доллармен Бейонсе иеленді.

Көптеген әнші арулар үшін бұл жыл өте табысты болды, соған қарамастан Ариана Гранде, Мэрайя Кэри, Селена Гомес, Мадонна, Хэлси және Джанет Джексон сынды әртістер ТОП-10 тізіміне енбей қалды.

Сонымен, табысы ең жоғары әнші қыздардың ондығы:

1. Кэти Перри (83 миллион доллар)


2. Тейлор Свифт (80 миллион доллар)


3. Бейонсе (60 миллион доллар)


4. Пинк (52 миллион доллар)


5. Леди Гага (50 миллион доллар)


6. Дженнифер Лопес (47 миллион доллар)


7. Рианна (37,5 миллион доллар)


8. Элен Фишер (32 миллион доллар)


9. Селин Дион (31 миллион доллар)


10. Бритни Спирс (30 миллион доллар)