Наурыз мейрамына арналған бешпармақты қалай дайындаймыз? » Қазақстан ұстаздарына арналған

0

Шынымды айтсам, ең алғашқы бешпармақты жасау үшін мен көп дайындық жасадым. Бешпармақты дайындай бастағанда бір нәрсені түсіндім: бұл тамақ тек дәмді ғана емес, сонымен қатар жасағанға да өте оңай. Сонымен мен сіздермен Наурыз мерекесі қарсаңындағы өзімнің бешпармақты дайындау әдісімен бөліскім келіп отыр.

Құрамы:
—          2 кг қой еті ( сиыр еті де болады, ал жылқы еті тіптен дәмді)
—          4 ірі пяиз
—          Жасыл бұршақ
—          Лавр жапырағы
—          Тұз

—          Жайма нан

Жайма нанға арналған қамыр:
—          600 гр ұн
—          1  шыны су
—          2 жұмыртқа
—          Тұз

Ең алдымен, етті жуамыз, қазанға салып, су құямыз. Бешпармақтың сорпасы дәмді болу үшін тек ет қана емес, сүйекті де салған дұрыс. Қазандағы ет қайнағанна кейін, көбігін алып, астындағы отты азайтамыз. Енді сорпаға тұз және жасыл бұршақ салсақ болады. Сорпаның түрі тәбетті ашатындай болу үшін, мен пияз және сәбізді қосамын. Етті піскенге дейін қайнатамыз.

Ал ет қайнағанға дейін уақытты жоғалтпай қамыр илеуге кірісеміз. Ол үшін бізге керегі тек қана су, жұмыртқа, ұн және бір кішкентай қасық тұз керек – оп-оңай! Нанды жақсылап илеп, бетін орамалмен жауып, 30 минут тындырып қоямыз.

Қамыр біраз тұрғаннан кейін, үстелдің үстіне жая бастаймыз. Нанның қалыңдығы жұқа болу керек. Сонымен қатар, арасында ұн сеуіп тұруды да ұмытып кетпеу керек. Иә, бұл оңай емес! Алайда, қолыңыздан келетініне сенемін. Есте сақтаңыз: нан қолға немесе үстел үстіне жабыспау керек.

Жайылған қамырды төртбұрыштап турап, 30 минуттай кебуге қалдырып қоямыз.

Етіміз де пісіп қалды. Әзірге қазаннан шығарып қоя тұрамыз. Сонымен қатар, сорпаның ішіндегі көкеністердің барлығын алып, сорпаны сүзгіден өткізіп аламыз.

Етті сүйектен ажыратып алып, кесек-кесек етіп тураймыз.

Енді тұздық жасауға кірісеміз. Ол үшін сорпаның бетіндегі майлысын сүзіп алып, ішіне дөңгелеп етіп туралған пиязды саламыз. Тұздыққа ерекше дәм беру үшін ішіне қара бұрыш салып, пияз жұмсарғанша дейін қайнатамыз.

Пиязды аламыз, сол сорпаның ішіне тағы сұйық сорпаны құйып, жайма нанды пісіре бастаймыз. Небәрі 5-7 минут! Жайманы шығарып, бетіндегі сорпасын ағызып аламыз. Содан кейін, қамырды дайын табаққа саламыз. Жайманың бетіне ет саламыз. Егер де ет суып қалса, бір рет сорпаға қайнатып алған дұрыс. Еттің бетіне пияз саламыз. Қалауыңыз бойынша, ең бетіне жасыл жапырақтармен де безендіріп қойсаңыз болады.

Ең соңыда кесеге ыстық сорпа құйып, жанын құрт салып беруді ұмытпаңыз. Сонымен дастарқанның патшасы бешпармақта дайын болды!

yvi.kz