Нәтижелі шағын несиелеу

0

Нәтижелі шағын несиелеу

Шағын және орта бизнес секторы – ел экономикасының маңызды құрауышы. Осы сектордың дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін шағын несиелеу тиімділігін көрсетуде.

Бұл бағытта «Бизнестің жол картасы-2020» бизнеті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының үлесі зор. Бағдарламаның «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу», «Іскерлік байланыс» сынды құрауыштар жеке кәсіп бастағысы келетін әрі жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде. Әр ниетті адам қысқа мерзімді курстарды тәмамдап, сертификатқа ие болады. Сертификат арқылы жеңілдікпен шағын несие алуға,тіпті қайтарымсыз қаражат алуға мүмкіндік бар.

Шағын несиелеудің республика бойынша жолға қойған бағыты – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Атамекен» ҚР ҰКП жүзеге асырып отырған «Бастау» жобасы тиімділігін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша 2018 жылы Бағдарламаны жүзеге асыруға 112,9 млрд теңге бөлінді, жыл соңына дейін жұмыспен қамту шараларымен 571000 азаматты қамту жоспарланған.

2018 жылдың 10 айындағы жағдайы бойынша 82,5 млрд теңге иегірлген. Ағымдағы жылдың қазанындағы ахуал бойынша қолданыстағы Бағдарламаның іске асырылуы 563 000-нан астам азаматты жұмыспен қамтуға немесе жыл жоспарындағы 99% мүмкіндік берді. Оның ішінде 458 000 адам жұмысқа орналастырып, оның ішінде 327 000 адам немесе 71% тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Атамекен» ҰКП жүргізген талдау бойынша 2018 жылдың 1 қазанындағы ахуалға сәйкес шағын несиелеу жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында ауылда және қалаларда 42 млрд теңге иегірлген, оның ішінде 31 млрд теңге ауылда және 11 млрд теңге қалаларда. Жыл басынан бері барлығы 9 801 немесе жылдың жоспардың 70%-ы шағын несие берілді, оның ішінде:

• ауылда – 8 778;

• қалаларда – 1 023.

Берілген шағын несие қатарында стартап жобаларды қолдауға – 6 717 шағын несие, не болмаса 69%, негізгі кооперацияның жаңа бағытын дамытуға – 620, жеке істі кеңейтуге – 2464 бөлінді.

Естеріңізге салсақ, аталған бағдарлама 2016 жылдың соңында қабылданды. «Бастау» 30 күн бойы 12 модуль бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Қазақстанның 2017 жылы 80 ауданын, 2018 жылы 160 ауданын қамтып, жүргізіліп келеді. Аталған жобаны тәмамдаған жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кәсіпкерлік негіздерін оқып, жеке бизнес-жоспарды құрып кәсіпті ашуға немесе бизнесті кеңейтуге жеңілдікпен несие ала алады.

Шағын несие алушылар қосымша 9 117 жұмыс орнын құрды. «Бастау» жобасы бойынша 2018 жылдың 10 айында 24 000 адам немесе жылдық жоспардың 84% оқытылып, 16 000 қатысушы бизнес жобаларын қорғады, оның ішінде 5100 адам шағын несие алды.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша қазіргі таңда Қазақстанда шағын несиелеу сызбасында екінші деңгейі 7 банк пен 2 шағын несие ұйымы қатыстырылған. 2018 жылы қалада шағын несиелеу бөлінген қаржы сомасы 17 млрд теңге. Қазіргі таңда 11,1 млрд теңге игеріліп, 1 042 жоба қаржыландырылды.

«Бастау» – кәсіпкерлік негіздерін оқытады, жеңілдікпен шағын несие алуға жол ашады.

Мәселен, Мәди Әбутәлиевтың жобасы республика бойынша үздік 30 жоба қатарына еніп, «Атамекен» ҚР ҰКП мерейтолы V Съезінде ерекше аталды. «Бастау» жобасы 6-легінің түлегі былтыр оқып шықты.  Стартапердің жобасы амбициялық, сондықтан сомасы да қомақты. Жоба жүзеге асыруға Мәди Әбуталиевке 100 млн теңге қажет болды. Жеміс консервациясы мен сусындар өндірісі бойынша зауыт дайын болып қалды. Іске қосу қараша айының соңына белгіленген. Бастапқыда жұмыспен 20 адам қамтылады, толық жүктелме уақытында 100 жаңа жұмыс орны құрылады.

«Кәсібін енді бастаған кәсіпкер мамыр айында БҚО бойынша «Агронесиелеу копрорациясы» арқылы қаражат алды. Жеңілдетілген несиені Мәди Әбуталиевке 8%-бен 10 жылға берілді. Кепілдікті қамтамасыз ету кәсіпкерде 20% болды. Несие төлеуден демалу мерзімі – 2 жыл. Зауыт Зеленов ауданы Трекино ауылының территориясында салынды. Өндіріс қуаты күніне 20 тонна өнмі немесе шырын мен көкөніс өнімінің 150 мың банкасы шығады. Кәсіпкер көкөністі жергілікті шаруа қожалықтардан сатып алатын болады. Жеміс-жидектоер республиканың оңтүстігінен алынады. Дайын өнімнің 80%-ы Ресейге, қалған 20% еліміздің батыс аймағына жіберіледі», – деді Зеленов ауданы бойынша бизнес-тренер Қуанышбек Ерниязов.

Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылының тұрғыны Жыл басында Жанат Сырбаева «Бастау» кәсіпкерлік оқуына жазылды. Курс ауданда бірінші рет «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында өтуде. Бір айға жуық мерзім ішінде Жанат өзге тыңдаушылармен бірге бизнестің қыр-сырын, тиімді жоспарлауды, маркетинг пен басқа да маңызды бағыттарды үйренді.

Жоба бойынша оқыту тәмамдалған соң Жанат Сырбаева «Інжу» атты жеке кәсіпкерлігін ашып, несие алуға өтініш берді. Ол құны 4 млн теңге болатын бизнес-жоспар әзірледі. Біраз уақыттан кейін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы қаражатқа қол жеткізді. Бұл ақшаға отбасы көлік, жабдықтар мен қосымша ара ұяларын сатып алды.

«Қазір шаурашылықта 40 ара ұясы мен 22 ара отбасы бар. Бір маусымда бір ұядан 20 келідей бал аламыз. Әр келісін 1500 теңгеге сатамыз. Араларға қолайлы жағдай туғызу үшін ЗИЛ жүк көлігін сатып алып, оны жабдықтадық», – дейді кәсіпкер.

Осылайша «Бастау» ұсынған бизнес білім мен шағын несиелеу жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға кәсіпкер болудың тиімді жолын ұсынуда.

Әлия Кемелбекова