Денсаулық сақтау министрлігі селфи-байқау жариялады

0
Денсаулық сақтау министрлігі селфи-байқау жариялады


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Менің сүйікті дәрігерім» атты ең үздік селфилер байқауын жариялайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Еліміздің әрбір тұрғыны байқауға қатыса алады. Ол үшін сүйікті дәрігерімен селфи жасап, медициналық көмекке жүгініп, дәрігердің қамқорлығына бөленген сәтіңіз туралы қазақ немесе орыс тілінде үзінді-мәтін жазу керек», — делінген хабарламада.

Осыдан кейін суретті және мәтінді zdrav_konkurs_2018@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет. Сонымен бірге, қатысушы сурет пен жазбаны Facebook әлеуметтік желісіндегі өз аккаунтына #Menińdárigerim #Мойдоктор хештэгімен жариялауы тиіс. Жұмыстар осы жылдың 10 желтоқсанына дейін қабылданады.

«Кері байланысты қамтамасыз ету үшін өз телефондарыңызды көрсетуді ұмытпаңыз. Байқау қорытындысы бойынша анықталған 3 жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болады», — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.