Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту
Мазмұны
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … …3
I.Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық
құжаттар.
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты дүниежүзілік іс-қимыл
бағдарламасы … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … .7
1.2.ТМД елдерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау … 14
II. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары жөніндегі негізгі отандық
құжаттар.
2.1. Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды
әлеуметтiк қорғау туралы
заң … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… .16
2.2. ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
заңы» … … … … … … … .. … … …29
2.3. Нұрлы жол- болашаққа бастар жол ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
халыққа жолдауынан
үзінді … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … ..57
2.4.Мүмкіндігі шектеулі жандарға инклюзивті білім
беру … … … … … … … . 58
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … … … … 63
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі.Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі
орын алып келеді.Алайда ересек мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өз
құқықтарын іске асыруына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
проблемалары жиі іске алынып жатады.Халықаралық қоғамдастық мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне жақында ғана назар
аударды.70-жылдардың аяғына дейін арнаулы қорғау шараларынсыз мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың барлық негізгі құқықтарын мойындау тұжырымдамасы басты
орын алды.Адам құқықтары туралы халықаралық биллде жария етілген
адамгершілік қадір-қасиетті кемсітпеу және құрметтеу қағидаттары мүмкіндігі
шектеулі тұлғалар үшін жеткілікті деп саналды.Алайда мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың проблемасын зерделеу және мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
құқықтарын қорғау жөніндегі практикалық іс-әрекет олардың құқықтарын
қорғаудың жекелеген халықаралық жүйесін құру қажеттігін анықтады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудегі жабық жүйеге Л.С.Выготский
қарсы болды.Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелер жүйесінің
түрлері көбейді, олар: балалар үйі, мектептер, қабылдау мектептері және
т.б. мекемелер болды.
Н.К.Крупская мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасай отырып,
ақыл-есінің дамуында және физикалық дамуында ауытқуы бар балаларға
арналған мекемелер жүйесін ашудың маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар
біршама ғалымдар мен педагогтар өз еңбектерін жазды. Б.Брёзе Активизация
ослабленного интеллекта при обучении во вспомогательных школах, Богомолова
А.И. Нарушение произношения у детей Дуанбай Ж. Саңыраулардың сағыныш
сезімі, Намазбаева Ж. Дефектологтың кеңесі және тағы басқа көптеген
ізденіс еңбектер болды.[ 14.15.16.17.18.19-27]
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі
сол уақытта тек мектеп ғана емес, мектепке дейінгі де және көзі көрмейтін,
құлағы естімейтін ересектерге арналған кешкі оқыту мекемесі қолға
алынды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарына арналған халықаралық
құжаттардың тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Ақыл-есі кем адамдардың
құқықтары туралы декларацияны қабылдаған (БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1971
жылғы 20 желтоқсандағы 2856 (XXVI) Қарарымен бекітілген) 1971 жылдан
басталады.Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қанағаттанарлық өмірге
құқықтарын, сондай-ақ барлық азаматтық және саяси құқықтарын таныған жалпы
сипаттағы халықаралық-құқықтық құжат БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1975 жылғы
9 желтоқсандағы 3447 (XXХ) Қарарымен бекітілген Мүгедектердің құқықтары
туралы декларация болды.1976 жылы 16 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы
1981 жылды Халықаралық мүгедектер жылы, ал 1983 жыл мен 1992 жылдың
аралығындағы кезеңді – БҰҰ мүгедектерінің онжылдығы деп жария етті.
Халықаралық мүмкіндігі шектеулі тұлғалар жылын өткізудің аса маңызды
нәтижесі 1982 жылы 3 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы
қабылдаған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты дүниежүзілік іс-қимыл
бағдарламасы болды.
Осыдан 1993 жылға дейін қабылданған мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық құжаттар мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың жекелеген проблемаларын шешті, бірақ мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың құқықтарын тұтас қорғаған жоқ: Мүмкіндігі шектеулі
адамдарды кәсіби оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕҰ-ның Конвенциясы (№
159, 1983 жыл), Мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіби оңалту және жұмыспен
қамту туралы ДЕҰ-ның Ұсынымы (№ 168, 1988жыл), Мүмкіндігі шектеулі
адамдарға қатысты адам ресурстарын дамыту саласындағы қызметте басшылыққа
алынатын Таллин қағидаттары (1991 жыл), Психикалық ауру адамдарды қорғау
және психиатриялық көмекті жақсарту қағидаттары (1991 жыл). Тек 1993 жылы
мүгедектердің құқықтарына арналған негізгі жан-жақты құжат – Мүмкіндігі
шектеулі адамдарға арналған тең мүмкіндіктерге қамтамасыз етудің
стандарттық ережелері қабылданды.
Ерекше мұқтаж адамдарға білім беру жөніндегі Дүниежүзілік
конференцияда: білім беруге және оның сапасына қол жеткізген Саламан
декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 жылғы 7-10 маусым) және ерекше
мұқтаж адамдардың қарапайым мектептерге құқықтарын растаған Ерекше мұқтаж
адамдарға білім беру бойынша іс-қимылдар негіздемесі қабылданды.
1993 жылы 14-25 маусымда Венада өткен Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік
конференцияда қабылданған Іс-қимыл бағдарламасының Теңдік, қадір-қасиет,
шыдамдылық деген тарауында адам құқықтарының әмбебаптығы және мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың әдейі немесе абайсыз көзқарасы бойынша кемсітушілікке
тыйым салу қағидаты ерекше атап өтілді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жағдайын жақсартуға бағдарланған дамыту
мәселелері БҰҰ ұйымдастырған жоғары деңгейдегі конференциялар мен
кездесулердің күн тәртібіне жиі енгізіле бастады. Мәселен, 1995 жылы 15
қыркүйекте Әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда
қабылданған Пекин декларациясы мен Іс-қимылдар платформасында мүмкіндігі
шектеулі әйелдерге қатысты ережелер, бағдарлар мен шаралар толық мазмұнда
берілген.
Сонымен бірге халықаралық қауымдастықтың күш-жігері жеткілікті
шамада тиімді болған жоқ: БҰҰ екі рет жүргізген мониторинг (1987, 1992)
барлық өзгерістерге қарамастан, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тең
мүмкіндіктер алмағанын, ал көптеген елдерде қоғамнан оқшауланған күйінде
қалғанын көрсетті. Осыған байланысты 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қатысты Дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасын
одан әрі жүзеге асырудың ұзақ мерзімді стратегиясын мақұлдады. Оның негізгі
мақсаты ретінде түрді адамдық ресурстарды қамтитын және әрбір адамға оның
әлеуетін барынша дамытуға мүмкіндік беретін барлығына бірдей қоғамды құру
жария етілді.Алайда қалыптасқан ахуал, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
құқықтары туралы бірыңғай ресми халықаралық шарттың жоқтығы, МОТ-тың түрлі
ұсынымдарындағы, басқа да нормативтік актілердегі мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың құқықтары туралы нормалардың шашыраңқылығы — халықтың осы
тобының құқықтарын толыққанды қорғауға кепілдік бермейтінін анық көрсетті.
Мексика Президенті Висенте Фокстың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 56-шы
сессиясында ұсынған бастамасы бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау және көтермелеу туралы жан-жақты
бірыңғай халықаралық конвенцияның жобасын дайындау басталды.Арнаулы
конвенцияны қабылдау қажеттігі негізгі конвенцияларда мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың құқықтарымен тікелей байланысты нормалардың жоқтығынан
туындады.Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың құқықтары жөніндегі осы конвенцияларда тек жанама ғана
қозғалды. Тек Баланың құқықтары туралы конвенцияның бір бабында ғана
мүмкіндігі шектеулі балалар туралы сөз болды. Қолданылып жүрген,мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың құқықтарына қатысы бар халықаралық-құқықтық құралдар
заңдық тұрғыдан міндетті болып табылмады.
2004 жылдың тамызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Арнаулы
комитетінің мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы конвенцияны
әзірлеу бойынша төртінші сессиясы өтті. Конвенция жобасын ағымдағы
талқылаудың негізгі қайшылығы осы құжаттың мақсатын айқындауда түрлі
тәсілдердің кездесуі болды. Бір елдер адам құқықтары саласындағы қолданылып
жүрген халықаралық-құқықтық құжаттарда жазылған құқықтарды қайтадан
растайтын және бір мезгілде қосымша мүмкіндіктерді бекітетін конвенцияға
қол қоюды талап етті.Екіншілері құқықтарды қамтамасыз ету тұратын елдің
экономикалық ресурстарына байланысты және конвенцияның ережелерін орындауға
байланысты қаржылық ауыртпалықтар дамушы елдер үкіметінің осы құжатқа қол
қоюын алыстатады деп есептеді.Ал мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайына
тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық
бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде
қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан
орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар-ожданын кемсітетін , оның дамуға және
тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі
кемсітуші көріністер болып табылады. Бүгінгі күні білім саласында өз
шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті. Мүмкіндігі шектеулі
балаларға білім беруді дамыту бағыттары 2011 — 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. [ 3.23]
Осы және де басқа мәселелер әліде болса зерттеуді қажет етеді деген
мақсатта зерттеу жұмысының мақсаты былай анықталды.
Жұмыстың мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғайтын
халықаралық құжаттарға талдау жасау. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды
қорғайтын отандық заң негіздерін талдау. Мүмкіндігі шектеулі адамдар,
олардың түрлері, әлеуметтік жай – күйі туралы тану.
Міндеттері:
1. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғау туралы даму тарихын
анализдеу;
2. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз
етудің стандарттық ережелерін сараптау.
3. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың негізгі көмек категорияларын талдау;
Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса
да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып
отыр. [1. 27 ]
Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде
арнайы мектеп — интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер
мүмкіндігі шектеулі бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен
оқытап,қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді. Бұл
мәселенің артынан туындайтын мәселе — кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар
оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына
бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға
мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде
олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді — енді қолға алына бастады.
Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға
олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. [3. 23]
Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау,
олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және
жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан
келгенше жағдай жасамақшы.[9,10]
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық
құжаттар
1. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты дүниежүзілік іс-қимыл
бағдарламасы
Мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларын шешуде тәсілдерді өзгерткен
бірінші құжат болды. Оны қабылдағанға дейін мүмкіндігі шектеулі жандарға
қатысты әлеуметтік саясат тек медициналық сипаттағы шараларды, оңалтуды
және мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жекелеген себептерін болдырмау
жөніндегі алдын алуды ғана қамтыды. Бағдарламада жария етілген мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың қоғамдық өмірдегі теңдігі мен толық қатысуын
қамтамасыз ету мақсаты халықаралық қауымдастықтың мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың жай-күйін өзгертуді түсінгендігін,мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың проблемасын шешуге тұтас амалдар қолдану қажеттігін
мойындағанын айғақтайды.Бағдарлама мүмкіндігі шектеулі ұғымының өзін
елеулі өзгертті: мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың халықтың әлсіз тобына
жатқызуды тоқтатты. Сарапшылар түсінік бергендей, мүмкіндігі шектеулігі
өмірдің қалыпты қыры болып табылады; сол немесе өзге де себеппен кез келген
адам қалыпты өмір ағысының кез келген кезеңінде мүмкіндігі шектеулі болуы
мүмкін.Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың осалдығы қағидатына негізделген
тәсіл қарапайым әлеуметтік және экономикалық құрылымдарда мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың бейімделуіне жағдай жасау іс-шараларын қамтитын
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік жеткіліктілігін дамыту
тұжырымдамасына орын берді.Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін тең
мүмкіндіктер жасау бағдарламада қоғамдық өмірдің барлық салаларында қол
жетімділікті қамтамасыз ету процесі ретінде қаралады. Құжатта жазылғандай,
қол жетімділікті қамтамасыз етудің негізгі құрамы шешім қабылдау процесінде
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың толық әрі тиімді қатысуына жәрдемдесу
шаралары болып табылады.Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған тең
мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелері дүниежүзілік
бағдарламаның идеяларын дамыту шеңберінде қабылданды және түріне қарай
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарына арналған шарттық құжат болды.
Стандарттық ережелер ұсынымдық сипатқа ие, алайда мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау саласында халықаралық құжат болмаған
жағдайда олар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын танитын және
кепілдік беретін бірден-бір әмбебап құжат болып табылады. Стандарттық
ережелер мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін тең мүмкіндіктерді
қамтамасыз ету шараларын қабылдауда моральдық және саяси
адалдықтарын көрсетеді. Мәнісі бойынша, олар – мемлекеттердің мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу шеңберіндегі саяси-құқықтық,
экономикалық және техникалық ынтымақтастығының жалғыз негізі.
Стандарттық ережелердің құқықтық және моральдық негізі, құжаттың
өзінде жазылғандай Адамның құқықтары туралы халықаралық билль, Баланың
құқықтары туралы конвенция, Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын
жою туралы конвенция, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты
дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды.Стандарттық ережелер төрт салада
тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі практикалық ұсынымдарды
келтіреді: тең қатысу үшін алғышарттар, тең мүмкіндіктер жасауға мақсатты
салалар, оларды жүзеге асыру шаралары және бақылау тетігі. Мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау саласында МОТ-тың арнаулы
құжаттарының ішінде аса маңыздысы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кәсіптік
оңалту және жұмыспен қамту туралы конвенциясы (немесе № 159 Конвенция.
Конвенция 1985 жылы 20 маусымда күшіне енді) болып табылады. № 159
конвенция барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүддесі үшін
кәсіптік оңалту саласында тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге
және жұмыспен қамтуға байланысты еңбек нарығында мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
Халықаралық ұйымдардың қызметі.Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға
жәрдемдесу және қолдау саласында ауқымды жұмыстарды мүмкіндігі шектеулікті
болдырмау, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тамақтандыру, гигиенасы, білім
беру, оларды кәсіби-техникалық даярлау, еңбекке орналастыру
бағдарламаларымен айналысатын БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері мен басқа
да халықаралық ұйымдар жүргізеді. Осы бағдарламаларды жүргізетін ұйымдардың
ішінде: Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шарушылығы
ұйымы (ФАО), Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы
(ЮНЕСКО), Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО), Дүниежүзілік почта
одағы (ДПО).Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу мәселелері
мемлекеттердің ынтақтастығы шеңберінде де көтерілді: 1983-1992 және 1993-
2002 жылдар Азиялық-тынық мұхиттық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың он
жылдығы, 2000-2009 жылдар –Африкалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардыңон
жылдығы, 2003-2012 жылдар – араб елдері мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың он
жылдығы, 2003 жыл – Еуропадағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жылы деп
жарияланды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғаудың оң тәжірибесі
бар елдердің әлеуметтік саясатының инновациялық моделі.Өздерін құқықтары
бойынша әлеуметтік деп атайтын бірқатар мемлекеттерде мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың құқықтарын қорғау мәселелері басымды болып табылады. Бұл
елдерде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемаларын бірінші болып,
әдетте, өз азаматтары туралы әлеуметтік қамқорлық саласында үлкен үлес
қосқан мемлекет басшылары өзектендірді.Бұл АҚШ-тың бірқатар
президенттерінің іс-қимылдарынан аса айқын әрі тиімді көрінеді.
70-ші жылдардың басындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін
және тиісінше білім алу құқығын қорғау туралы екі күрделі сот ісі, Вьетнам
соғысынан кейін мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың санының көбеюі – мұның
барлығы американдық қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын
қорғау бойынша заңнамалық шаралардың қабылдауына әкелді. 1973 жылы
федералдық үкіметтермен келісім-шартқа отырар кезде АҚШ-тың мемлекеттік
бағдарламаларында кемсітуге жол бермеуді көздейтін Оңалту туралы Заң
қабылданды.
1976 жылы барлық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Білім
туралы Заңды қабылдай отырып, АҚШ Конгресі елде сегіз миллионнан астам
мүмкіндігі шектеулі балалардың бар екенін анықтады. Олардың жартысынан көбі
тиісті білім алған жоқ. Осындай миллиондаған бала мектеп жүйесінде
қамтылмаған. Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім туралы
заңның маңызы жоғары, өйткені мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектеп
есігін ашып берді және оларға берілетін арнаулы білімді реттейтін бірқатар
қорғау шараларын енгізді.1988 жылы АҚШ Конгресі мүмкіндігі шектеулі
адамдарға дене кемістігін адам боп өмір сүрудің табиғи элементі деп
танитын, американдық қоғамның жалпы экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдени және білім беру өмірінде тәуелсіздігі, өзін-өзі көрсету, мазмұнды
карьера жасау немесе толық қатысу құқығына ешқандай да қысым жасамайтын
Тек-Акт ретінде танымал техникалық құралдар арқылы көмек беру туралы Заң
қабылдады.Осы нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың өздерін кемсітуге қарсы орасан қозғалыстары басталды.
Осы орайда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тарапын қабылдаған және жаңа
заңдардың нормаларын орындамаған жағдайларда қатаң санкциялар қолданған
соттар үлкен роль атқарды. Американың барлық штаты бойынша арнайы құрылған
құрылысшы-мердігерлер бригадасы сырғыма жолдар мен пандустар жасай бастады,
күннен- күнге мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін Америка қалаларында қол
жеткізуді жақсартты.
АҚШ Президенті Клинтонның қолдауымен мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың тұрмыс жағдайын елеулі жақсартатын, мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың қандай да болмасын нысанындағы адамдарға тең құқықтар мен тең
мүмкіндіктер беретін көптеген заңдар қабылданды. Мәселен, 1997 жылы 4
маусымда Клинтон американдық білім беруді дамытуда құбылыс болған Дамуында
және денсаулығында ауытқушылық бар адамдарға білім беру туралы Заңға қол
қойды.АҚШ президенті оның негізгі мақсатын қысқаша ғана тұжырымдады –
барлық американ балалары үшін әлемдік таптағы білім беруді қамтамасыз ету.
Бұл жерде, ең алдымен, барлық балалар үшін тегін орта білім алу құқығын
қорғау (беру) туралы, қарапайым мектептерде оқитын мүмкіндігі шектеулі
жандардың балаларға арналған арнайы оқыту бағдарламасының қол жетімділігі
туралы және олардың жұмысындағы нәтижелер үшін мектептердің жауапкершілігін
арттыру туралы сөз болып отыр. Бұл проблеманың қоғамдық жағына баса назар
аударылды: балаларды жалпы білім беру процесінде барынша қарапайым орта
мектептерде оқытуға тырысты, ал олар өз құрдастарынан қалып қоймас үшін
және қарапайым оқу жоспарымен үлгеру үшін олардың әрқайсысы үшін қосымша
сабақтармен бірге арнайы жеке оқыту бағдарламалары әзірленді. Бұл орайда
оларды оқыту бойынша қосымша шығыстарды мемлекет өзі көтерді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін әлеуметтік қызмет көрсету
жүйесінің дамуына қарамастан,мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары
туралы қамқорлық АҚШ президенттері үшін бүгін де өзекті болуда. Президент
Джордж Буш 2001 жылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың бар адамдардың
компьютерлер мен интернетке неғұрлым қолын жеткізуіне бағытталған бұйрыққа
қол қойды. 2004 жылы АҚШ армиясының ардагерлерін, соның ішінде түрлі қарулы
қақтығыс салдарынан жарақат алған мүгедектерді Ақ Үйді күзетуге тарту
жобасы басталды. Қазірдің өзінде Ақ Үйдің қауіпсіздік қызметінде 40 адам
жұмыс істейді және жақын арада бұл сан 100-ге дейін көбейеді.2003 жылы 16
желтоқсанда АҚШ Конгресі қарулы күштердегі ардагерлер мен мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың,сондай-ақ осындайлар жұмыс істейтін фирмалардың
федералдық үкіметпен еңбек келісім-шартына отырған кездегі артықтышылығы
айтылған заң қабылдады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар жөніндегі дүниежүзілік комитет,
Франклин және Элеонора Рузвельт Институты қоғам өміріне мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың толық қатысу міндеттерін шешуде едәуір прогреске қол жеткізген
мемлекетке мүмкіндігі шектеулі тұлғалар туралы қамқорлығы үшін тапсыратын
Франклин Делано Рузвельт атындағы жыл сайынғы халықаралық сыйлық
тағайындады.
АҚШ-та 1990 жылы Американдық мүгедектер туралы Заңның
қабылдануына байланысты әлеуметтік саясаттың инновациялық моделі немесе
азаматтық құқықтарды іске асыру моделі деп аталатын – мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларға қатысты өткізілетін кемсітуге қарсы әлеуметтік саясат
тұжырымдамасы дами түсті.АҚШ-та әзірленген азаматтық құқықтарды іске асыру
моделі әлеуметтік саясаттың халықаралық эталоны ретінде қаралады. Ол
азаматтық құқықтарды толық қорғаумен қатар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
әлеуметтік мәртебесін арттыруға және қоғамға кірігуіне ықпал етеді және
жалпы қоғамды ізгілендіру түсу үшін алғышарттар құрайды. Сонымен бірге
деинституционалдау тәжірибесін, яғни мамандандырылған интернаттар мен
стационарлық үлгідегі мекемелер желісін қысқарту және тұрғылықты жері
бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсетуді дамыту нәтижесінде
қаражатты азайту есебінен мемлекетке экономикалық жағынан тиімді.Кейбір
зерттеушілер Ұлыбритания, Мексика, Канада, АҚШ, Германия, Австралия,
Израиль, Жаңа Зеландия, Жапония және т.б. сияқты мемлекеттерде мүмкіндігі
шектеулілер саласында ұлттық саясатты жуықтағанын куәландырады.
Азаматтық құқықтарды іске асыру моделі тарихта бірінші рет
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамның толық құқылы мүшесі мен оның белсенді
қатысушысы ретінде қарағандықтан және олардың оқшауланбай, қарапайым ортаға
оралуы үшін алғышарттар жасағандықтан инновациялық болып табылады.Бүгінде
еңбек қатынастарында, мемлекеттік билік органдарында, қоғамдық пайдалану
орындарында, сауда да, көлікте мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кемсітуге
тыйым салатын Американдық мүгедектер туралы Заң АҚШ-та мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғайтын негізгі нормативтік құқықтық акт
болып табылады. Заң барлық деңгейдегі билік органдарының мүмкіндігі
шектеулі тұлғалар үшін түрлі қызмет түрлерінен, бағдарламалар мен қызмет
көрсетулерден артықшылықтарды алуға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз етуін
ұйғарады. Бұл мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет
көрсету жүйесін пайдалануды, соттарда, сайлау учаскелерінде және қалалық
жиналыстарды болуы қамтиды. Заң мүгедектерге қатысты кемсітушілікті
болдырмас үшін саясаттың, тәжірибенің және рәсімдердің ақылға қонымды
өзгерістерін қабылдауды міндеттейді.Бұдан басқа, тиісті мемлекеттік
қызметтер мен құрылыс компаниялары жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салған
және оларды қайта жөндеген кезде оларға мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға
арналған арбаларды пайдаланатын адамдардың кіруін жеңілдету үшін мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Қоғамдық көлік
әкімшілігі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға өз қызметтерін ұсыну кезінде
кемсітуге жол бермеуі тиіс. Олар қарапайым қоғамдық көлік түрлерімен дербес
пайдалана алмайтын мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды отырғызу – түсіру және
жол жүру кезінде қолайлы жағдай жасауы немесе арнайы көлік құралын беріп
қамтамасыз етуі керек.Мүгедектерді еңбекке орналастыру туралы жеке заң
мүгедектердің еңбекке орналасу мәселелерін реттейді және жұмысқа қабылдау,
қызмет бойынша жоғарылаған, кәсіби оқу, ақы төлеу кезінде кемсітуге тыйым
салады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың туралы американдық қамқорлық
үлгісінің табысты болуы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызметті
заңнамалық тұрғыдан реттелуінен ғана емес, сол қоғамның сол немесе өзге де
дене кемшіліктері бар адамдардың қоғамның толық және ықпалды бөлігі екенін
барынша сезіне білуіне бастамашылық етуінде. Мәселен, WGBH тележелілердің
білім беру қоры (Бостон) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды теледидарды
пайдалану мүмкіндігін кеңейту жүйесін әзірледі.
АҚШ-та не нашар еститін немесе көретін, не ағылшын тілін жеткілікті
білмейтіндіктен теледидар мен радиоға қол жеткізе алмайтын 85 миллиондай
адам бар. WGBH жанында құрылған БАҚ-қа қол жеткізудің ұлттық орталығы
(НКАМ) Ұлттық соқырлар федерациясымен ынтымақтастықта нашар көретіндер үшін
арнайы телефон желісі бойынша синтезделген дауыспен АҚШ-тың USA Today ірі
жалпы ұлттық газеті таратылатын жүйе жасады.
Нашар еститін адамдардың теледидарға қосылуы үшін мүмкіндік берген
американдықтардың айтарлықтай жетістігі – арнайы Кэпшн орталығы
айналысатын титрлерді (кэпшн) енгізу. 1972 жылдың өзінде-ақ Кэпшн
орталығы АҚШ-тың, Англияның, Канада мен Австралияның телекомпанияларын,
жарнама өндірушілерді, музыкалық бейнекассеталарды титрлермен қамтамасыз
еткен. Титрлер жүйесі тек арнаулы декодерлермен жабдықталған
телевизорлардың қабылдауымен ғана жұмыс істейді. 1990 жылы Кэпшн орталығы
қолдаған ТВ-декодерлері туралы Заң қабылданды, соған сәйкес 1993 жылғы 1
шілдеден бастап АҚШ-та сатуға шығарылған экранының диагоналы 13 дюймен
артық барлық телевизорларда декодер салынуы тиіс.
Бүгінгі күні Американың төрт маңызды коммерциялық телеарналары Эн-Би-
Си, Эй-Би-Си, Си-Би-Эс және Фокс прайм-таймда өтіп жатқан өздерінің
барлық бағдарламаларын, сондай-ақ балаларға арналған барлық бағдарламаларды
және аптасына 60 сағатқа дейін жаңалықтар шығарылымын титрлермен
жабдықтайды. Ірі кабельді арналар да көптеген хабарларды титрлермен
жабдықтайды. Үйде пайдалануға арналған 10 мыңнан астам бейнекассеталардың
атауы да титрлермен жабдықталған, жаңа бейнелердің барлығы дерлік нашар
еститіндерге арналған нұсқамен шығарылады. Жыл сайын 500-ден астам
музыкалық бейне және 7 мың 250 жарнамалық роликтер титрлермен жазылған.Ал
1990 жылдан бастап WGBH тележелілердің білім беру қорының жанында нашар
көретіндер үшін қоғамдық теледидар бағдарламаларын, бейнекассеталар және
бұқаралық ақпараттың басқа да көру құралдарын жасайтын Сипаттама бейне-
қызметі (ДВС) жұмыс істей бастады.
Батыста дамыған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғам өміріне пәрменді және
толық кірігу идеясы банкоматтарды арнауды аудио немесе бейнежүйелермен
жабдықтауға әкелді. Көзінің ақауы бар адамдар үшін банкоматтың қызмет
көрсетуін кеңейтуге арналған алғашқы машинаны 1997 жылы Royal Bank
канадалық банк орнатты. Америкада мұндай технологияны бірінші рет екі
жылдан кейін San Francisco Credit Union кредиттік одағы қолданды. Оның
артынан осындай жүйелерді нашар көретін адамдарға өз қамқорлығын көрсетуге
тырысқан ірі қаржы институттарының көпшілігі орната бастады.Бұл идея
Америкада танымал болғаны сонша, жақын болашақта қаржы институттарының
аудиожүйелермен жабдықталған банкоматтарды орнатуға қатысты талаптары
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы Заңның жаңа редакциясына
енгізілетін болады. Банкоматтарда дыбыстық қызмет көрсету технологиясын
бірінші болып қолданған Royal Bank әлсіз көретіндер үшін тең мүмкіндіктерді
көздейтін адам құқықтары туралы канадалық Актіні орындау аясында әрекет
етті.Көруі нашар адамдар үшін интернет бетттерінде түстердің аз болуы,
нашар еститіндер үшін банкоматтарды және көпшілік фильмдер мен хабарларды
дыбыстандыру — әлеуметтік қоғамның, тіпті азаматтары тең мүмкіндіктерге ие
құқықтық мемлекеттің даму көрсеткіштері.
Канада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбекке орналастырудағы
жұмыс тәжірибесін зерделеу де пайдалы. Жастарды еңбекке орналастыру
стратегиясы атты арнайы бағдарламаның шеңберінде жастардың арнайы немесе
жоғары білім алу, еңбекке орналасу, жас мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
еңбекке орналастыратын жұмыс берушілердің жеңілдіктер, мүмкіндігі шектеулі
адамдарға қажетті жабдықтар құнына жәрдемақы алу жөнінде бірқатар шаралар
көзделеді. Студенттік займдар бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі студенттерге
қаржылық жеңілдіктер ұсынады.Дамыған елдерде мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың құқықтарын бекіту тетіктері әртүрлі: Канадада тең құқылық және
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды кемсітуге тыйым салу қағидаты – елдің
Конституциясында, Германияда – Негізгі заңда, Әлеуметтік заңдар кодексінің
арнайы тарауында, Мүгедектер туралы, Оңалту жөніндегі шаралардың
біркелкілігі туралы, Қоғамдық көлікті пайдалануда мүгедектерге жәрдемдесу
туралы, Мүгедектер арасында жұмыссыздыққа қарсы күрес туралы заңдарда,
Ұлыбританияда – Мүгедектерді кемсітпеу туралы, Ұлттық көмек туралы,
Мүгедектер туралы, Өмір бойы мүгедектігі бойынша және жұмыс істейтін
мүгедектер үшін жәрдемақылар туралы, Әлеуметтік қамсыздандыру туралы
арнайы заңдарда, Венгрияда – Мүгедектердің құқықтары және олар үшін тең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету туралы заңда жазылған.
Швецияда, АҚШ-та, Норвегияда, Финляндияда, Ұлыбританияда,
Канадада және Германияда ертерек араласу бағдарламасы дамыған, мақсаты –
көмекке мұқтаж баланы мүмкіндігінше ерте анықтау және оған осы көмекті
көрсету.Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғаудың жаңа
тетіктері Азия мен Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің заңдарында әзірленді.
Осы өңірдегі көптеген мемлекеттер қоғамның жұпыны тобының пайдасына оң
кемсітушілікті шешетін, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды толық қатысу және
теңдігі қағидаттарын жария ететін конституциялық ережелерді қамтиды.М
үмкіндігі шектеулі тұлғалардың оңалту және жұмыспен қамту жөнінде арнайы
қорлар құру көзделген. Айналадағы ортаға мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қол
жетімділігін қамтамасыз ету үшін мәжбүрлеу шаралар енгізілуде.Мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
Жапонгияның мүмкіндігі шектеулі тұлғалар туралы іргелі заңы ерекше
қызықтырады.Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тәуелсіздікке қол жеткізуі
аталған заңның негізгі мақсаты ретінде жария етілген. Бұдан басқа, заңда
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмыс істеу және оның алдын алу жөнінде жан-
жақты жоспар қабылдау көзделеді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемасын шешу
басымдылығының дәрежесі көбінесе мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың саны мен
олардың қозғалысының белсенділігіне байланысты. Сарапшылардың бағалауы
бойынша, батыс елдерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын сақтау
қозғалысы бастау алуда және қол жеткен нәтижелерімен одан 15-20 жыл қала
отырып, феминистік қозғалыс сызбасымен дамуда.Сондықтан бұл қозғалыстың
белсенділігі кемсітуге қарсы заңдарды қабылдау және осы саладағы әлеуметтік
саясатты өзгерту мақсатында дамитын болады, бұл, бір жағынан,мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың санасының елеулі өзгерісіне және оларда өз құқықтарын
талап етуде өмірлік берік ұстанымдарының қалыптасуына әкеледі, екінші
жағынан, мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары,
мүмкіндіктері мен мәртебесінің барынша теңдігі жағына қарай қайта
жаңғыруына және қаржылық қолдауды қайта бөлуге ықпал ететін болады.Көптеген
мемлекеттерде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты мемлекеттік саясаттың
жүргізілуін бақылайтын үйлестіру тетіктері жасалды. Кипрде мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың проблемасы бойынша орталық орган болып табылатын Еңбек
және әлеуметтік сақтандыру министрлігі жанында Оңалту мәселелері жөніндегі
кеңес жұмыс істейді. Финляндияда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
проблемалары жөніндегі Мемлекеттік кеңес министрліктер мен мемлекеттік
мекемелердің консультациялық органы болып табылады. Венгрия мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне қатысты 1998 жылғы
XXVI заңға сәйкес үкіметтік консультациялық орган құрды. Иорданияның
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қорғау жөніндегі ұлттық кеңесі мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларды қорғау және кәсіптік даярлау бағдарламасын қамтамасыз
етеді әрі жеке секторлар мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетеді.
2001 жылы Мексика Президент кеңсесінің жанынан министрлер кабинетінің
деңгейінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың көтермелеу және әлеуметтік
ықпалдасу жөніндегі басқарма құрып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты
шешім қабылдау және мемлекеттік саясатты үйлестіру процесіне мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларды тарту мәселелері жөнінде Консультациялық кеңес құрды.
Норвегияның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты стратегияларды жүзеге
асыру жөнінде дәйекті шараларды қамтамасыз етіп, мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың мүддесі үшін мемлекеттік іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру
бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуды қамтамасыз етпек ойы бар.
Тринидад пен Тобагода мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемалары
жөніндегі ұлттық үйлестіру комитеті үкіметке мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға
байланысты консультациялық қызмет көрсетеді. Ұлыбритания мен Солтүстік
Ирландияның Біріккен Корольдігі 1999 жылы саясат пен бағдарлама саласындағы
бастамаларды жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын Оқшаулаудан
ықпалдасуға деп аталған құжатты жариялаған мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
құқықтары жөніндегі Тәуелсіз мақсатты топ құрды.Осылайша мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың қоғамға кірігуі туралы, әдетте, барлық әлемде мемлекет
басшылары бастамашылық еткен қамқорлық пандустер мен съездер салуды ғана
емес, барлық мүмкін кедергілерді жою жөніндегі бірқатар тұтас шараларды,
сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты мемлекеттік саясаттың
өткізіулін үйлестіретін және бақылайтын жекелеген мемлекеттік институттар
құруды қамтиды.
1.2.ТМД елдерінде мүгедектердің құқықтарын қорғау
Жыл сайын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мүмкіндігі шектеулі
тұлғалардың құқықтарын қорғауға қатысты қарар қабылдайды. БҰҰ Бас
Ассамблеясының 2001 жылғы 19 желтоқсандағы 56115 Қарарында үкіметтік,
үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарды мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға
қатысты халықаралық нормалар мен стандарттарды көтермелеуге шақырған.
Қабылданған шаралар туралы өз баяндамаларын ұсынған 32 мемлекеттің ішінен
ТМД-дан – тек Ресей Федерациясы мен Молдова Республикасы ғана. Бұл тізімде
біздің елімізде бола алар еді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау жүйесі ТМД-
ның барлық елдерінде дерлік жеткілікті дамымаған. Көптеген өзге діни
ұйымдардан айырмашылығы ТМД мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жағдайын
жақсарту жөнінде бағдарламаларды қабылдауға және өмірде өткізуге байланысты
мүмкін дігі шектеулі тұлғалардың жылын немесе онжылдығын аз
жариялады.Соңғы жылдары ТМД елдерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
проблемасын шешу үшін елеулі шаралар қабылдана бастады.Мәселен, Президент
В.Путин Ресей Федерациясында 2003 жылды Мүгедектер жылы деп жариялады. Осы
орайда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғайтын бірқатар
заңдар мен заңға тәуелді актілер қабылданды.1996 жылы әлемдік тәжірибе
ескеріліп, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ұғымы мен өлшемдері
айқындалған Ресей Федерациясында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды
әлеуметтік қорғау туралы Федералдық заң күшіне енді; еңбек қабілеттігін
толық немесе ішінара жоғалтуға емес, ағза қызметінің тұрақты бұзылуынан
әлеуметтік көмектің қажеттілігіне назар аударылды; осы санаттағы
азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі федералдық органдардың құзыреті
айқындалды; мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға берілетін құқықтар мен
жеңілдіктер белгіленді; мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту және олардың
тұрмыс тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі айқындалды. Ресей Федерациясында
Қартаң жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік
қызмет көрсету туралы, Өндірістегі бақытсыз жағдайлардан және кәсіптік
аурулардан міндетті сақтандыру туралы, Қайырымдылық қызмет және
қайырымдылық ұйымдар туралы, Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы және
бірқатар басқа да заңдар қолданылады.
2001 жылы Украина Президенті Л.Кучма елдің кез келген кішігірім
кәсіпорны бір мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа алуға міндетті, ірі
кәсіпорындарда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың саны жұмыс істейтіндердің
жалпы санынан 4 пайызынан кем болмауы тиіс заңға қол қойды.
Беларуссияда, Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңдары бар ТМД-ның
көптеген елдерінен айырмашылығы Мүгедектіктің алдын алу және мүгедектерді
оңалту туралы заң қолданылады.
Молдовада, Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оңалту және ықпалдасудың 2000-
2005 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды.
2.1. Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтiк қорғау
туралы
Осы Заң мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз eту
үшiн, олардың тiршiлiк қызметi мен қоғамға кiрiгуi үшiн бiрдей
мүмкiндiктер туғызудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық шарттарын
айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тiршiлiк ету әрекетiнiң шектелуiне
апаратын және осы адамды әлеуметтiк қорғау қажеттiлiгiн туғызатын
аурулардан, жарақаттар немесе кемiстiктер салдарынан ағза қарекеттерiнің
тұрақты бұзылушылығы бар адам;
мүмкіндігі шектеулі -ағза қарекеттерiнiң тұрақты бұзылушылығы
салдарынан адамның тiршілiк етуi әрекетiнiң шектелу дәрежесi;
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалтудың жеке бағдарламасы- мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларды оңалтуды жүргiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен
мерзiмдерiн айқындайтын құжат;
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалтудың кешендi бағдарламасы-
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалту
жөнiндегi iс-шаралардың кепiлдi тiзбесi;
медициналық-әлеуметтiк сараптама — куәландырылатын адамның
клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiптiк және психологиялық
деректерiн талдау негiзiнде ағза жағдайын кешендi бағалау, оңалтуды қоса,
оның әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiгiн белгiленген тәртiппен
анықтау;
дәрi-дәрмекпен емдеу — дәрілiк заттарды қолданып емдеу;
медициналық оңалту — аурулар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
бұзылған немесе жоғалтқан қызметтерiн және денсаулығын қалпына келтiруге
бағытталған әсер ету емдiк шаралар кешенi;
тiршiлiк ету әрекетiнiң шектелуi — адамның өзiне өзi қызмет көрсету,
өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлану, адамдармен араласу, өзiнiң мiнез-құлқын
қадағалау, оқу және еңбек қызметiмен айналысу қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн
толық немесе iшiнара жоғалтуы;
протез-ортопедиялық көмек — мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды
протез-ортопедия құралдарымен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды
үйрету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрі;
протез-ортопедиялық құралдар — аяқ-қол немесе дененiң басқа да
мүшелерiнiң орнына қойылатын, ауру немесе денсаулығының зақымдалуы
салдарынан бұзылған немесе жойылған ағза қарекеттерiн қалпына келтiретiн
құралдар;
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды кәсiптiк оңалту — мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларды бұзылған немесе жоғалтқан кәсiптiк дағдыларын, бiлiмi мен
машықтарын алуына немесе қалпына келтiруге және оларды ұсынылатын еңбек
қызметiнiң талаптарына бейiмдеуге бағытталған шаралар кешенi;
кәсiптiк бағдарлау — мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға еңбек қызметiнiң
түрлерiн таңдауға көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесi;
кәсiптiк оқыту (қайта оқыту) — мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға
ұсынылған еңбек қызметi саласындағы бiлiмдi, дағдылар мен машықтарды
меңгеру процесi;
мүмкіндігі шектеулі бала — адамның тiршiлiк ету әрекетiнiң шектелуiне
апаратын және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiлiгiн туғызатын аурулардан,
жарақаттардан, олардың салдарынан, мүмкіндігі шектеулі ағза
қарекеттерiнiң тұрақты бұзылушылығына шалдыққан, денсаулығы бұзылған 18
жасқа толмаған;
қалпына келтiру хирургиясы — ағзаның бұзылған функцияларын қалпына
келтiруге немесе орнын толтыруға бағытталған емдеудiң хирургиялық әдiсi;
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтiк-тұрмыстық және орта
жағдайларына бейiмделуi — өзiне-өзi қызмет көрсету, өз бетiмен өмiр сүру
мүмкiндiгiне жету немесе мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың отбасы және
қоғамдық өмiрдiң үйреншiкті жағдайына қайта оралу процесi;
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк оңалту — шектеулi тiршілiк
әрекетiн жеңуi үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына
келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейiмделуiне
бағытталған;
арнаулы жүрiп-тұру құралдары — мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың белсендi
және баяу жүрiп-тұруы үшiн көрсетiлетiн техникалық көмектiң түрi;
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы
жұмыс орындары -жеке мүмкiндiктерiн ескере отырып жабдықталған жұмыс
орындары;
сурдотехникалық құралдар — есту қабiлетiнiң түзеу және қалпына
келтiруге арналған, оның iшiнде байланыс және ақпарат беру құралдарын
күшейтетiн техникалық құралдары;
техникалық көмекшi (қалпына келтiрушi) құралдар — протез-ортопедиялық
және сурдо-тифло-техникалық құралдар;
тифлотехникалық құралдар — бұзылған көру функцияларын түзеуге және
қалпына келтiруге, кеңiстiкте бағдарлануға, жазуға және оқуға, оның iшінде
Брайль бойынша жазу және оқуға арналған техникалық құралдар;
уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) — халықты
әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы
орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк
қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк
қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына
негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк
құқықтық актілерiнен тұрады.
2.Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына,
шетелдiктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдарға қолданылады.
3.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
келiсiмдерде осы Заңдағы ережелерден өзгеше белгiленген болса, онда
халықаралық келiсiмнiң ережелерi қолданылады.
2-тарау. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғауды мемлекеттiк
реттеу
3-бап. Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды
әлеуметтiк қорғау саласындағы саясаты
Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы
Қазақстан Республикасының саясаты:
1)мүмкіндігі шектеулі адамдардың алдын алуға;
2 мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтiк қорғауға, оның iшiнде
оңалтуға;
3) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамға кiрiктiруге бағытталған.
4-бап. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғау қағидаттары
Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк
қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты:
1)заңдылық, адамгершiлiк, адам құқықтарын сақтау;
2)әлеуметтiк қорғаудың кепiлдiлiгi, медициналық, әлеуметтiк және
кәсiптiк оңалтуға қол жетуiн қамтамасыз ету;
3)мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың бiлiм алуға қол жеткiзуi, басқа
азаматтармен қатар тең құқығы және қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауы;
4 мемлекеттiк органдардың қоғамдық бiрлестiктермен және мүмкіндігі
шектеулі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi
функцияларды жүзеге асырушы өзге де ұйымдармен бiрлесiп әрекет етуi
қағидаттарының негiзiнде жүргiзiледi.
5-бап.Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды
әлеуметтiк қорғау саласындағы құзiретi Қазақстан Республикасының
Yкiметi:
1) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғау саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғау және оңалту
саласындағы кешендi бағдарламаларды бекiтедi;
3) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғау саласындағы
нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
4) мемлекеттiк білiм беру тапсырысы бойынша оқып жүрген мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларға стипендиялар тағайындаудың және төлеудiң тәртiбiн
заңдарға сәйкес бекiтеді.
6-бап.Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы
уәкілеттi органның құзыретi
1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғау саласындағы,
сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы
нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
2)мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғау саласындағы
кешендi бағдарламалардың жобаларын әзiрлейдi;
3)мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қызмет көрсетудiң
мемлекеттiк стандарттарын әзiрлейдi;
4) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi
жөнiндегi басқа да мемлекеттік органдарды әдiстемелiк және ұйымдық
үйлестiрудi асырады;
5)медициналық-әлеуметтiк сараптамамен мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларды оңалтуды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын
белгілейдi;
6) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен
келiсiм бойынша куәландырудың, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың себебiн,
тобын және еңбек ету қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың, мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларды оңалтудың жеке бағдарламасын айқындаудың тәртiбiн
белгiлейдi;
7)мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды есепке алу жүйесiнiң
орталықтандырылған деректер банкiн қалыптастырады,себептерiнiң,
құрылымының және жағдайының мониторингiн жүргiзедi;
8) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк оңалту саласындағы
мамандардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
9) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғау туралы заңдардың
сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкілеттi органның аумақтық
бөлiмшесiнiң құзыретiне:
1)медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу;
2) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тобын, оның себебiн, мерзiмiн,
басталған уақытын, еңбек ету қабiлетiн жоғалту дәрежесiн, ағза
қарекеттерiнiң бұзылуы және тiршiлiк әрекетiнiң шектелуi дәрежесiне қарай
«мүгедек-бала» санатын белгiлеу;
3) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалтудың жеке бағдарламаларын
әзiрлеу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жәрдемақыларды және
басқа да төлемдер мен өтемақыларды тағайындау;
5) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалтудың жеке бағдарламаларының
iске асырылуын бақылау;
6) халықтың мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың деңгейi мен себептерiн
зерттеу;
7) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғау саласындағы
Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. … жалғасы