Жігіт достарын жыланмен қорқытамын деп, ажал құшты

0
165
Жігіт достарын жыланмен қорқытамын деп, ажал құшты


Үнді азаматы достарын кобраның көмегімен қорқытпақ болған.

Үркіп қалған жылан үнді азаматынан кек алған. Үндістанда Чи Джагадиш атты 24 жастағы жігіт кобрамен суретке түскісі келген, алайда ол қайтыс болды.

Жігіт жыланды жергілікті жылан арбаушылардың бірінен алған. Джагадиш суретке түсіруді сұраған. Ер адам жыланды жігіттің мойнына қойған, ал Джагадиш бейнеге түсіріп жатқан достарын қорқытуға әркеттенген. Жігіт кенеттен достарына тап берген, алайда олар қаша жөнеледі. Нәтижесінде, жылан қорқып, жігітті шағып алады.

Жылан арбаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды, себебі барлық жыландардың тістері мен улы бездері алынып тасталуы керек болатын. Жылан арбаушы өзінің дәл солай жасағанын айтып ақталып отыр.