Миға арналған дәрумендер
Заманауи медицина бекітеді: ағзада әрдайым кейбір дәрумендер және микроэлементтер қоры болса, егде жас кезінде де ой-қабілеті күшті, ақыл-есі жақсы болады. Бұл, соншалықты таңғаларлық емес.
Біріншіден, мидың қалыпты жұмыс жасауы үшін оттегі қажет, бұл дегеніміз, оттегін тасымалдауда және тканьдік тыныс алуға белсенді қатысатын дәрумендер де қажет. Бұл бірінші кезекте цианкобаламин (В12) және фолий қышқылы (В9).
Екіншіден, жүйке тканінің құрылымын зақымдайтын радикалдардың болуына өте сезімтал. Олардан қорғалу үшін, миға антиоксиданттар қажет.
Дәрмендердің арасындағы күшті антиоксидант — Е. Пиридоксин (В2) және аскорбин қышқылы (С дәрумені) антиоксидант қасиетіне ие.
Сонымен қатар, ми жасушаларының қалыпты жұмыс істеуі үшін, никотин қышқылы (РР дәрумені) — нейромедиаторларды, сонымен бірге, жүйке трактінің жұмысын қамтамасыз ететін А дәруменін жеткізуші керек.
Мидың гиповитаминозы
Бұл дәрмендердің жетіспеушілігі миға қаншалықты қауіпті? Естің және эмоцияның күйіне бірінші кезекте В6 және В12 гиповитаминоз әсер етеді. Бұл дәрумендер ағзада жиналмайды, сондықтан олардың қорын күнделікті толтыру қажет. В12 кішкене жеткіліксіздігінен — миға оттегі жетпейді. Оттегі жетіспеген жүйке жасушалары есте сақтай алмайды. Пиридоксиннің келіп тұруы азайса, — миға бос радикалдар шабуыл жасайды. Ол миды өте «шаршатады».
Бауыр, бұзау және тауық еті осы дәрумендерге бай. Олар көкөністерде де болады: шпинатта, жасыл бұршақта.
Миға арналған супер дәрумен — Е дәрумені. Қуатты антиоксидант. Оның тапшылығы координацияға, ес, үйрену қабілетіне әсерін тигізеді. Бұл дәрумен майда ерігіш, сондықтан ол майлармен бірге жақсы сіңіріледі.Е дәрумені өсімдік майы, көк-шөп, жұмыртқа және бауырда (әсіресе балық бауырында) болады.
А дәруменінің тапшылығы, бірінші кезекте жүйке сезгіштігіне әсерін тигізеді. Көру қабілеті нашарлайды, қоздырғыштарға реакциясы азаяды. Бұл дәруменді үлкен мөлшерде бауырда, сонымен қатар қызыл түсті көкөністер мен жемістерден табуға болады.
Миды немен қоректендіру керек
Байқап отырғаныңыздай, ми үшін барлық қажетті дәрумендер көзі — жануарлар немесе балықтар бауыры. Екінші кезекте пайдалы өнім жұмыртқа болып табылады. Үшінші орында — көкшөп (ақжелкен, аскөк, қымыздық, саумалдық, балдыркөк). Көкөністердің ішінен назарымызды қырыққабатқа, сәбізге, жасыл бұршақ аудара аламыз. «Бондюэль» компаниясының «Маседуан» көкөніс салатындағы консервіленген жасыл бұршақ миыңызды толық қоректендіреді.
Қаражидек ми жұмысын жақсартады. Дәмді және дәрумендерге бай жидектер миға демалып қана қоймай, уыттардан қорғану мүмкіндігін береді, сонымен қатар оны қарапайым қантпен «қоректендіреді»: жүйке ткані үшін негізгі қуат көзі болатын глюкоза және фруктоза.
Ақыл-ойымыздың күші мимыздың күйімен тығыз байланысты. Миыңызды дұрыс қоректендіріңіз, сонда ол сізге ұзақ жылдар бойы қызмет етеді
loading…