“Металдар ” деген сөздің өзі ертедегі гректің “іздеу”деген сөзінен шыққан
• Қазақстан территориясында темірдің игерілуі Мұғалімнің аты — жөні:
Күні:
СЫНЫП: 5
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 5. 4. 2. 2 – металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік • Қазақстан территориясында темірдің игерілуі
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс — тәсілдер Сұрақ — жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы: Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут Сәлемдесу.
Топқа бөлемін: «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1, 2, 3 вагондарға бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім — ай» би
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір — бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! 1 — топ:
«Бақыт» вагоны
2 — топ:
«Сүйіспеншілік» вагоны
3 — топ:
«Жарқын өмір» вагоны
«Қызыл гүлім — ай» би билету.
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
Зерттеу сұрағы: Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті?
Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут
Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Тас ғасырында — ақ алғашқы табылған металдар сом күйіндегі алтын мен күміс болатын. “Металдар ” деген сөздің өзі ертедегі гректің “іздеу”деген сөзінен шыққан. Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстардан бөліп алуды үйренді. Мәселен, мыс біздің заманымызға дейінгі IV мыңжылдықта алынды. Кейіннен қоланы қолдана отырып, адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдарда Кіші Азияда ашылды, содан бастап темір дәуірі басталды. Қазақстан аумағынан көптеген металдан жасалған бұйымдар табылды. Темір кен орындары және темірдің маңызы туралы айтар болсақ Қазақстан жері асыл металдарға бай. Соңғы деректер бойынша Қазақстан алтын қоры бойынша дүние жүзінде 9 — орында, ал ТМД елдерінде 3 — орын алады.
Темірдің алынуы: Оксидінен тотықсыздандыру арқылы
Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + Fe
Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O[1]
Темір екі жағдайда кездеседі. Оның бірі — жердің өзінен пайда болған жерлік темір, екіншісі — аспаннан метеорит түрінде жерге түскен космостық темір. Жерлік темірдің қоспалары кебінесе Ni, Co, Cu; аздаған Mn, С, S, Р, Pt, As т. б. болады. Табиғатта химиялық құрамы өте күрделі болып кездесетін элементтердің бірі — темір. Темірдің қаттылығы 4 — 5; Сынығы созылыңқы. Жылтырлығы металл типтес. Түсі қара — қоңыр. Магниттік қасиеті бар. Өте ірі таза темір кендері Гренландияның батыс жағасындағы Диско аралының Уифаке базальттарында және Германиядағы Кассель қаласының қасында ұшырасқан. Сонымен бірге осы екі кен орындарында пирротин (FeS) және когенит (ҒеС3 — темір карбиді) кездеседі. Темір барлық ірі өнеркәсіп пен машина жасау өндірісінің негізгі металы болып табылады. Өйткені жеке элемент түрінде кездесетін темірдің өндірістік маңызы жоқ, тек минералогиялық қана маңызы бар.
Темірдің табиғи минералдары:
• Fe3O4 магнитті темір немесе магнетит (72% Fe)
• Fe2O3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe)
Түсіндіру.
Топтық, жеке жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс. Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі — түсті маркерлер
Топтық жұмысқа арналған ресурстар
Сергіту сәті
2 минут «Қыдырып қайтайық!»
би билеу
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут Ой қорытуы БББ кестесі
Білгенім Білдім Білгім келеді
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.
Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут
«Білім қоржыны» кері байланыс
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ — мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?