«Инновациялық құрал»: Қазақстанда коронавирустан қорғануға арналған ерекше дүние құрастырылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтауда бұрын үйді безендіруге арналған бұйымдарды жасайтын цехте енді коронавирустан қорғайтын құрал жасалуда. Аталмыш зат осы уақытқа дейін полицейлерге, дәрігер мен журналистерге тегін таратылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

кет

Бұл затта тәждің суреті салынып «Кет» деген жазу жазылыпты. Құрастырушылардың сөздерінше, бұл құрал жеке қорғаныс заты болып табылады: бұл бұйымды лифтің түймешелерін басуға, есікті ашуға және т.б. күнделікті әрекеттерге пайдалануға болады екен. Осылайша ағаш заттың көмегімен вирустан сақтануға болады дейді олар. 

Вирустан сақтайтын затты жасап шығарғандардың айтуынша, олар аптасына миллионнан астам құрал шығаруға әзір көрінеді. Алайда құралдың ел арасында сұранысқа ие болатыны белгісіз. Мұны ойлап тапқан адам құралдың қазақстандық брендке айналанытына кәміл сеніп, өзінің бұл өнертабысын инновациялық дүние деп атады.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері вирустан сақтанудың ең оңтайлы тәсілі қолды жиі жуу екенін мәлімдеген болатын. 
 

stan.kz