Мектеп физика оқулығы бойынша электрондық оқулық

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Физика – математика факультеті
Физика және ПОӘ кафедрасы

Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Мектеп физика оқулығы бойынша электрондық оқулық

Орындаған:
Жандаева Айгүл
Алпысбайқызы
физика және информатика бөлімінің студенті

Ғылыми жетекші:
Шүйішбаева Нұргүл
Найзабекқызы
Физика және ПОӘ кафедрасының оқытушысы

Көкшетау – 2006 жыл

Аннотация

Бұл электрондық оқулық кіріспеден, негізгі бөлімнен, қосымшадан,

есептер жинағынан, тест — тапсырмаларынан
және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімнің өзі бірнеше тараулардан тұрады,
яғни Мектеп физика оқулығы туралы барлық мәліметтерді толық қамтиды.
Кіріспеде осы оқулықтың маңызы мен мемлекеттік стандарт қарастырылса,
ал негізгі бөлімде мектеп оқулығы бойынша әр түрлі бағдардағы
бағдарламалардың жасалуы, әрбір сыныптың физика және астрономия
оқулығының әрбір тарауының маңыздысы келтірілген.
Қосымшада физикалық тұрақтылар мен кестелер көрсетілсе, есептер
жинағы мен тест – тапсырмалар осы оқулыққа қосымша материалдар болып
табылады.
Қортындыда МФО электрондық оқулығының жоғары оқу орынының
Мемлекеттік стандарттың 050110 -физика мамандықтарында оқытылуының маңызы
қарастырылған.

Аннотация

Данный электронный учебник состоит из введения, основной части,
приложения, сборника задач, тестового материала и заключения. Основная
часть состоит из нескольких глав, в котором описывается полный курс
школьного учебника по физике.
Введение рассматривается государственный стандарт и основы данного
электронного учебника. В основной же части описывается выполнение
программного материала по профессиональному обучению и основные понятия
каждого раздела школьного учебника физика и астрономия.
В приложении включены постоянные величины и таблицы , сборник задач и
тестовый материал является дополнением к данному электронному учебнику.
В заключение рассматривается, что электронный учебник является
необходимым источником для студентов физика-математического факультета. В
заключение показана необходимость и методика работы с электронным курсом,
который предназначен для обучения по специальности 050110 – физика в
соответствии с ГОСО РК.

Мазмұны
І. Кіріспе
§1. Мемлекеттік білім стандарты————————— ——————-
———-13
ІІ. Негізгі бөлім
1 — тарау. 7 – сынып Физика және астрономия пәні бойынша оқу бағдарламасы-
———————————— ———————————— ——
— 37
2 — тарау. 8 – сынып Физика және астрономия пәні бойынша оқу бағдарламасы-
———————————— ———————————— ——
— 45
3 — тарау. 9 – сынып Физика және астрономия пәні бойынша оқу бағдарламасы-
———————————— ———————————— ——
— 51
4 – тарау. Жаратылыс тану-математика бағдарлы мектептің физика пәні
бағдарламасы.(түсініктеме)——— ———————————— ——
———— 58
§1. 10-сынып бағдарламасы———————— —————————-
———— 61
§2. 11-сынып бағдарламасы———————— —————————-
———— 66
§3. Мұғалімнің басқаруымен жүргізілетін практикалық сабақтар—————
70
§4. Физика оқу пәні бойынша мектептің әр түрлі сатысында оқушылардың
міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.——————
71
5 – тарау. Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептің физика пәні
бағдарламасы.(түсініктеме)——— ———————————— ——
———— 77
§1. 10 және 11-сынып бағдарламасы———————— ———————
——— 80
§2. Физика оқу пәні бойынша мектептің әр түрлі сатысында оқушылардың
міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.——————
82
6 – тарау. Мектеп физика оқулығы тарауларының ең маңыздылары
§1. 7 – сынып Физика және астрономия———————— —————
—— 85
§2. 8 – сынып Физика және астрономия———————— —————
—— 91
§3. 9 – сынып Физика және астрономия———————— —————
—— 98
ІІІ. Қортынды ———————————— —————————
————— 106
IV. Қолданылған әдебиеттер————————- ————————-
——— 108

Кіріспе
Мектеп физика оқулығы курсының мақсаты мен міндеттері:
Физиканың мектептік курсының мазмұны іргелі физикалық теориялардың
динамикалық түрде дамитын жүйесі ретіндегі дүниенің ғылыми-физикалық
бейнесі туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға бағытталған тұжырымдық идеяға
сәйкес анықталатындығына көз жеткізу.
Мектеп физика оқулығы курсының маңыздылығы:
Физика және астрономия пәнінің интегралды курсы қазіргі оқу
талаптарына сай орындалуы, физика мамандығы бойынша дәріс алатын
студенттерге ең қажет құрал болуымен қатар, Физика және астрономия
оқулығы оқу процесі кезінде оқушылардың қызығушылығын арттырумен бірге,
көптеген тәрбие мәселелерін шешуге тиімді.
Мектеп физика оқулығы курсының жаңалығы:
Бұл оқулық ғылыми-техникалық прогрестің дамыған маңызды бір саласы
космонавтиканың қазіргі жетістіктері мен адамзат алдында тұрған қазіргі
ғаламат мәселелерді шешу перспективасы жағдайында ғылыми жаратылыстану
білімдерін гуманитаризациялауды күшейтуге, сонымен бірге маңызды
астрофизикалық ұғымдарды курс бойынша негізгі білім қатарына қосу
астрофизика материалы негізінде жер табиғаты құбылыстарын, атап айтқанда,
экологиялық проблемаларды зерттеуге назар аудартуға мүмкіндік береді.
Физиканың базалық мазмұны осы іргелі теориялар төңірегіне топтастырылады.
Физиканың мектеп курсы құрылымы Механика, Молекулалық физика және
термодинамика, Электродинамика, Кванттық физика бөлімдерінен тұрады.
Мұнд афизиканың қозғалыс және күш, зат, өріс және энергия, сондай-ақ ғылыми-
физикалық таным әдістері сияқты категориялары аталған бөлімдер арасындағы
байланыстырушы буын ретінде көрініс табады.
Ғылыми танымның физикалық әдістері. Физиканы оқыту оқушыларды ғылыми
таным әдістерімен қаруландыруға, олардың жасында және білім деңгейіне
сәйкес табиғи және техникалық құбылыстарды өз бетінше теориялық және
эксперименттік зерттеуге мүмкіндік беретін интеллектуалдық және практикалық
біліктіліктерін дамытуға бағдарлануы тиіс.
Оқу пәні ретінде Физика оқушыларға ғылыми танымның жалпы әдістері
тәжірибеде қолдана алу біліктілігін қалыптастырады.
Физикадағы танымәдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры болып
отыр. Оны игеру ғалым-зерттеуші үшін де, оқушы үшін де өте маңызды.
Механика. Материалық нүктенің түзу бойымен қозғалысы; координата,
жылдамдық, үдеу. Бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалыс; координата
мен жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі. Бірқалыпты және қисық сызықты
қозғалыс.
Механикалық тербелістер: гармоникалық тербелістер; амплитуда, жиілік
және период. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Серпімді толқындар,
олардың таралу жылдамдығы.
Денелердің өзара әсерлесуі. Масса. Күш. Ньютон заңдары. Дене импульсі,
импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Жұмыс және қуат. Потенциалдық
және кинетикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы жай
механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті.
Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші. Еркін түсу. Салмақ.
Салмақсыздық. Қатты денелердің серпімді және пластикалық деформациялары.
Серпімділік күші. Гук заңы. Үйкеліс. Үйкеліс күші. Заттың тығыздығы.
Сұйықтар мен газдардың қысымы. Паскаль заңы. Архимед күші. Денелердің
жүзуі. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы. Бернулли теңдеуі.
Молекулалық физика және термодинамика. Атомдар мен молекулалар. Зат
бөлшектерінің жылулық қозғалысы, олардың өзара әсерлесуі. Температура. Ішкі
энергия. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші
бастамасы. Жылу берілу, жылу берілудің түрлері. Жылу мөлшері. Жылу
сыйымдылық.
Дененің балқуы және қатаюы. Кристалл денелердің балқу температурасы,
меншікті балқу жылуы. Булану және конденсация, меншікті булану жылуы.
Қайнау, қайнау температурасы және оның сыртқы қысымға тәуелділігі.
Электродинамика. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электрон.
Қозғалмайтын зарядтың өзара әсерлесуі. Заттардың электрөткізгіштігі:
өткізгіштер мен изоляторлар. Электр тоғы, тоқ көздері. Электр тізбегі. Тоқ
күші. Кернеу. Металл өткізгіштің кедергісі. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
Өткізгіштерді параллель қосу. Тоқтың жылулық әсері. Тоқтың жұмысы мен
қуаты. Қыздыру шамы. Қысқа тұйықталу.
Тоқтың магниттік әсері. Денелердің электрленуі. Тұрақты магниттер.
Электрмагниттер. Жер — үлкен магнит. Электр қозғалтқышы.
Электр өрісі. Потенциалдар айырымы. Конденсатор, конденсатордың электр
сыйымдылығы. Зарядталған конденсатордың энергиясы. Электрлит
ерітінділеріндегі тоқтың өту ерекшеліктері. Плазма туралы түсінік. Шала
өткізгіштер, шала өткізгіштердегі тоқтың өту ерекшеліктері. Шала өткізгішті
диод.
Магнит өрісі. Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік
өріс. Тербелмелі контурдағы. Электромагниттік тербелістер. Айнымалы тоқ.
Электромагниттік толқындар, олардың таралу жылдамдығы. Радиобайланыс
принципі. Электромагниттік толқындардың тірі ағзаларға және адамға
тигізетін әсері.
Электромагниттік толқындар спектрі. Жарық толқындары. Жарықтың
интерференциясы және дифракциясы. Кескіннің дифракциялық табиғаты. Көру
механизмі. Жарық шағылуы және сынуы. Айналар, линзалар. Көзді
қаруландыратын құралдар. Фотометрия элементтері (көру экологиясы).
Жарықтың ортамен өзара әсері: поляризация, дисперсия және жұтылу.
Денелердің түстері.
Арнайы салыстырмалылық теориясыцның элемнеттері.
Кванттық физика. Атом құрылысының ядролық моделі. Атомның жарықты
жұтуы және шығаруы. Лазерлер туралы ұғым.
Жарықтың затпен өзара әсері: жарық қысым, фотоэффект. Жарық пен заттың
корпускулалық-толқындық дуализмі.
Атом ядросы. Ядроның нуклондық моделі. Изотоптар. Радиоактивтілік.
Ядролық сәулеленудің биологиялық әсері. Сәулелену дозасы туралы түсінік.
Сәулеленуден қорғану жолдары. Ядролық реакциялар. Байланыс энергиясы. Масса
мен энергияның пропорционалдылығы. Ядролық реакцияларда энергияның бөлінуі.
Тізбекті реакция. Термоядролық реакция.
Элементар бөлшектер туралы түсініктер.
Әлемнің біртұтас физикалық бейнесі. Әлем. Біздің ғаламның құрылысы.
Жұлдызды аспан. Күн жүйесі. Птоломейдің геоцентрлік және Коперниктің
геоцентрлік жүйелері. Күн жүйеснің планеталары. Планеталардың қозғалысы.
Аспан сферасы. Шоқжұлдыздар. Ай оның фазалары. Тұтылулар. Жердің жасанды
серіктері.
Әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыру теориялық та, эксперименттік
те зерттеу әдістерін қолдану негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты
физикалық білімнің базалық мазмұны мектептік физикалық экспериментті,
лабороториялық пркатикумды, типтік (соның ішінде эксперименттік және
есептеу) физикалық есептерді, сонымен қатар физикалық құралдарды және
физикалық шамаларды өлшеуді де қамтиды.
Эксперименттік, лабороториялық-практикалық жұмыстардың базалық
мазмұнын (тізімін) және физикалық есептерді Физика пәнінің сәйкес
бағдарламалық-әдістемелік құралдарды анықтайды.
Орта білімнің сәйкес (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сатыларында Физика
пәні бойынша базалық білім мазмұнын төменгідей жобаланады.
Физика ғылымы қоршаған әлемнің сансыз кұбылыстарында орын тебетін
тадбиғаттың жалпы заңдылықтарьн қарастырады. Физиканың зерттеу ауқымы өте
кең, сондықтан ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады.
Физика адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде тек ғылыми-
техникалык, қана емес, гуманитарлық потенциалға да ие болып отыр. Сөйтіп
мектеп физикасы дүниетанымдық қызметпен қатар дамытушылық, және
тәрбиелеушілік қызметтерді де қоса атқарады. Бұлар мектептік физика
курсының білім берудегі ең басты монін анықтайды.
.
Қазіргі кезге дейін физика курсының бірінші сатысы (7-8 сыныптар),
негізінен, физиканың келесі жүйелі курсы (9-11 сыныптар) және астрономия
(11 сынып) үшін іргетас болып келді. Осы уақыттағы жағдай
түбегейлі өзгеруде. Енді 10-11 сыныптардағы физика курсы әр түрлі
мектептерде түрлі бағдарламалар бойынша зерделенетін болады. Бұл
жаратылыстану, физика-математикалық техникалық немесе қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы сыныптарға арналған физика курсы болуы мумкін.
Осы жағдайларда жалпы білім беретін мектептегі 7-9 сыныптарына
арналған физика курсы да жаңа мәнге ие болуда. Ол физика ғылымының
негіздері мен оның қолданылуынан барлық оқушылар үшін, олардың
болашақ мамандығына байланыссыз, іргелі білім жүйесін камтамасыз етуге
бағыталған базалық аяқталған курс болады. Сондықтан курс бағдарламасы
базалық ғылымда орналасуына сәйкес келетін механика, молекулалық физика,
электродинамика, оптика, атом және атом ядросы бөлімін қамтуы тиіс.
Мектепке арналған физика курсының мәнділік қызметінің мазмұнына орай
бұл әнді оқытудың негізгі мақсаты мынаған саяды окушылардың ақыл-ойы,
танымдық және шьғармашылық қабілеттерін дамыту; физиканың қазіргі қоғам
өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу; табиғатқа
ғылыми көзқарасты бекіту; адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның
кұндылық жүйесіне, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге
шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер
мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттар жалпы білім беретін мектептің негізгі
сатысы үшін ұсынылып отырған Физика және астрономия — 7-9 бағдарламасында
ескерілген мынадай мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:
– материя құрылысының біртұтастығын, табиғаттың іргелі заңдарының
әмбебаптығы мен олардың қолдану аясын көрсету;
— физикалық құбылыстар, ғылыми ұғымдар, заңдар, іргелі теориялар
(атомдық-молекулалық және электрондық) элементтері, тәжірибелік деректер,
физика мен астрономияның зерттеу әдістері жайлы білімдерді қалыптастыру;
— оқушлардың ғылыми дүниетанымын дамыту, әлемнің физикалық
бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен рөлі жайлы көзқарасты
қалыптастыру;
— оқушылардың ғылым ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін,
табиғат құбылыстарын танып-білуге қызығушылығын, оқуға деген саналы
түрдегі ынтасын дамыту;
— оларда ғылыми мәліметтерді түсінуді, ғылыми білімдерді өз бетінше
игеруді және қолдануды, физикалық құбылыстарды бақылау мен түсіндіруді, өз
бетінше зерттеулер жүргізуді қалыптастыру;
— қоршаған ортаға жеке тұлғалық карым-қатынасты,
технологияландырылған әлемде бағдар ала білуді, яғни білімді күнделікті
өмірде жеке басы үшін маңызды мәселелерді шешуге қолдануды, этикалық,
және құлықтық нормаларды игеруді қалыптастыру;
— жауапкершілікке, ғылыми және экологиялық мәдениетке, физика
ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу:
— ҒТП-ның басты бағьггтарының негізі мен өндірістің ғылыми негіздері
жайлы білімдерді қалыптасытру.
Бұл міндеттер мектептік физика және астрономия курсы мазмұнының құрамы
мен құрылымын жаңарту кезінде шешілмек. Ал бұл жалпы білімдік дайындықтың
қажетті базалық деңгейін бөліп көрсетуді қажет етеді.
Бағдарламада берілген осы мазмұнды таңдап алуда негізгі мектептің
физика курсына қойылатын төмендегі талаптарды ескеретін негізгі тұжырымдық
кағидалар басшылыққа алынды:
– тоғызжылдық негізгі мектепке арналған физика курсы логикалық
аяқталғанжәне тұйықталған болуы керек; яғни ол қоршаған әлемнің физикалық
бейнесін ашуға әдіснамалық негіз болатын ғылыми білім мен танымның толық
кешенді жүйесін құрайтын заңдылықтарды теориялық қорытындыларды, негізгі
ұғымдарды қамтуға тиіс;
– физика мен астрономия пәндері интерграцияланған болып табылады; ол
физиканың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын және теорилық қағидаларын,
сондай-ақ астрономияның негізгі мәліметтерін (тарихи материалды, қазіргі
астрономия мен астрофизика мәселелерін. Әлемнің құрылысы мен дамуын)
қамтуды көздейді.
– аталмыш курс ғылыми дүниетанымды (табиғатты, техниканы, адамның
рөлін, оның түрлендірушілік қызметін, қоршаған ортаны қорғау мәселесі және
т.б) қамтамасыз етуі тиіс; физиканың адамның күнделікті тұрмыстағы және
өндірістегі практикалық қызметіне қажетті қолданбалы мәселелерін қамтуы
керек;
– оқушыларда зерттеудің ғылыми әдістері жайлы түсініктерді
қалыптастыруға, жаңа білімді өз бетінше игеру және білімді жалғастыру үшін
білім беру стандартында ескерілген ғылыми танымның әдіснамасы жайлы
мәліметтер беруі тиіс;
– оқушылардың жас (12-15 жас) ерекшеліктеріне байланысты танымдық
мүмкіндіктерін, сондай-ақ ғылыми түсінік алуға дейінгі көзқарастарының
деңгейін, жаратылыстану – математикалық ғылымдарынан алған білімдерін
ескеруі керек;
– курстың мазмұндық көп деңгейлік (ішкі) саралауға бағдарланған, яғни
ол оқушылардың көпшілігіне түсінікті болып, сонымен қатар физика мен
астрономияны тереңірек меңгеруге қабілеті мен қызығушылығы бар балалардың
қажеттілігін де қанағаттандыратындай болуы керек.
Ұсынылып отырған «Физика және астрономия – 7-9» бағдарламасын жасауда
мына мәселелерге көңіл бөлінді, яғни:
– базалық білімнің мазмұны физика курсының мазмұндық әдістемелік
желісін (таным әдістері, қозғалыс және күште, зат, өріс, энергия),
логикалық құрылымын, пәнішілік және пәнаралық байланыстар жүйесін
анықтайтын ғылыми — әдістемелік ұжымдар негізінде құрылды;
– бағдарлама физика курсы мазмұнының тұрақты (инванантты) компонентін
айқындайды, білімнің негізгі элементтер жүйесінің минимал номенклатурасын,
яғни базалық білім беру жүйесіне қажетті болатын және жалпы білім беретін
орта оқу орындарын бітірушілер тегіс меңгеруге тиіс мәселелерді ғана
қамтиды;
– оқу материалдарын мазмұндық-әдістемелік бағыттар, тақырыптар,
бөлімдер, тараулар және нақты пункттер бойынша бөледі;
– барлық оқушылар меңгеруге тиіс оқу материалының стандартталған
деңгейін, яғни қандай да бір тақырыптарға байланысты мәселелерді оқу
кезінде қалыптасатын білім, біліктік, дағдыларға қойылатын талаптардың
минимал және мүмкін деңгейлерін береді;
«Физика және астрономия – 7-9» курсының бағдарламасы сыныпқа сәйкес 2
+ 2 + 2 апталық сағат санына есептелген курстың негізгі мазмұнын қоршаған
ортаның жалпы сипаттмасы, әлемнің, заттың құрылысы, табиғаттың әр түрлі
(механикалық, жылулық, электр-магниттік, электр, жарық атом ішіндегі)
құбылыстары сондай-ақ негізгі физикалықлык және астрономиялық ұғымдар,
физиканың кейбір практикалық қолданыстары туралы мәліметтер құрайды.
Оқушылар физикаылқ материалды қоршаған әлемдегі физикалық заңдардың
байқалуын және оларды адамның практикалық әрекетінде қолдануын түсіну
деңгейінде меңгеруге тиіс деп ұйғарылады.
Ұсынылып отырған курстың негізгі ерекшелігіне қамтылып отырған сандық
заңдылықтардың барлығының дерлік занңның мағынасы мен құбылыстың мәнін
түсінуне мүмкіндік беретіндей көлемде берілуі жатады. Бұл физикалық
процестерді және олардың табиғатта байкалуы мен техникада қодануын сапалы
түрде қарастыру кезінде оқушылардың зейінін аударуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың жас ерекшелігі физика мен астрономияның базалық курсының
жалпы құрылымын адам мен әлемді, адамды әлемнің бөлшегі ретінде, адамды
Әлемді зерттеуші ретінде жалпы суреттеуден бастап, адамның, адамның атом,
ядро, зат табиғатына енуіне дейін көрсетуге мүмкіндік береді.
Оку материалы бағдарламада келесі ретпен орналасады:
VII сыныпта оқушылар зат құрылысымен, денелер қозғалысымен танысады,
бұл білімдер физика курсының барлық басқа бөлімдерін оқу кезінде
пайдаланылады. Механикалық құбылыстар (қозғалыс) жайлы білім табиғат
құбылыстарын түсіндіру кезінде басынан аяғына дейін қолданылады. Зат
құрылысымен танысу сұйықтар мен газдардағы қысымды түсіндіруде
пайдаланылады. Жұмыс, қуат, механикалық энергия ұғымдары жай механизмдер
мысалында қарастырылады, механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті
енгізіліп, энергияның сақталу заңы окытылады. Күйенте мен біліктерге
байланысты күш моменті, денелердің тепе-теңдік шарттары енгізіледі.
8 сынып физика курсының негізгі мазмұнын жылулық, электр, электр-
магниттік және жарық құбылыстары құрайды.
9 сынып физика курсының материалдары, негізінен, денелердің өзара
әсерлесуін, тербелістер мен толқындарды, атом және атом ядросын, аспан
сферасын және аспан координаталарыноқуға арналады.
Негізгі мектептің физика курсы мазмұнының өне бойында оқушылардың
экологиялық мәдениетін тәрбиелеумен тығыз байланысты қоршаған ортаны қорғау
проблемалары, экологиялық проблемалардың пацйда болу себептері, адамның
табиғатқа және техникаға қатынасына байланысты мәселелер ақмтылып
көрсетіледі.
Сондай-ақ бағдарламада физиканың, астрономияның, техниканың дамуындағы
Еуропа, Ресей Азия ғалымдары еңбектерінің маңызы да қарастырылады. Бұл
оқушыларда эстетикалық көзқарастың қалыптасуына, адам ақыл-ойының
құдіреттілігін сезінуге және қоршаған әлемді танып-білуге мүмкіндік
туғызады. Тарихи, дүниетанымдық мәселелердің мәні, өркениеттің дамуындағы
физиканың рөлі күшейтілген, яғни физиканың гуманитарлық потенциалы терең
ашылған.
Оқушыларды ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарымен,
құралдардың, техникалық құрылғыларыдң, технологиялық қондырғылардың,
технологиялық қондырғылардың жұмыс істеуінің физикалық негізімен таныстыру
нәтижесінде олардың политехникалық білімдерінің негізі қаланады.
Оқушылардың теориялық және қолданбалы білімді меңгеруі, лабороториялық
жұмыстарды орындауы мен есептерді шығаруы барысында политехникалық білім
міндеттері шешіледі.
Негізгі мектептің физика курсының бағдарламасы оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, олардың практикалық әрекетіне үлкен
мүмкіндіктер туғызады. Бұл курс оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін
дамытуға, байқаулар жүргізу мен эксперименттік тапсырамлар орындау
біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Мұнда лабороториялық жұмыстар
ерекше орын алады. Оларға бағдарламадағы курстың әр бөліміне берілген оқу
уақытының 30%-і бөлінеді.
Бағдарламада материалды оқытудағы сабақтастық, математикамен, еңбекке
баулумен, биологиямен, географиямен, химиямен пәнаралық байланыстар
ескерілген.
Көптеген тақырыптарды оқып үйрену-үйрену оқушылардың жаратылыстану
курсынан алған білімдеріне сүйенеді.
Тәжірибе көрсеткендей, физиканы оқуға берілетін жалпы сағат санының
20%-тейі қосымша уақыт қорын құрауы тиіс, бағдарламада бұл жүзеге
асырылған.
Бағдарламада екі меңгеру деңгейіндегі мұқият сұрыпталған білім мен
біліктіліктер айқындалған: негізгі мектептің барлық оқушылары меңгеруі тиіс
міндетті деңгей және оқушылардың қызығушылығымен қабілеттілігіне сәйкес
игерілетін дайындықтың мүмкін деңгейі. Сонымен қатар бағдарламаның
мазмұндық бөлігі негізгі мектепті бітірушілерге арналған міндетті білім мен
біліктіліктер жүйесінен кеңірек ауқымды құрайды.
Оқушылардың білімдері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар іргелі
физикалық теориялар құрылымына сәйкес жүйеленген.
Бағдарламаның мазмұндық бөлігінің кейбір мәселелері жақшаларға
алынған. Бұл материалдар оқушылардың қосымша танысуына арналады.

ІІ Физика оқу пәні.
1.Қолдану саласы.
Бұл стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды, ол Физика оқу
пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелері:
— Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық
білім ұйымдарына, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне
тәуелсіз Физика пәнін оқытудың жүзеге асыру кезінде,
— Бастауыш және орта кәсіптік білім ұйымдарында қабылдау емтихандарының
материалдарын дайындау кезінде,
— Мемлекеттік білім стандарттары және тестілеудің ұлттық орталығында
қабылдау емтихандары материалдарын дайындау кезінде,
— Жоғары оқу орындарында Физика пәні бойынша педагог мамандарды
даярлауға арналған оқу бағдарламаларың жасау кезінде,
— Білім біру саласындағы ғылыми – зерттеу институттарында Физика пәні
бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер
дайындау барысында,
— Білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетісдіру
және қайта даярлау институттарында Физика пәні бойынша педагог –
мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын
жасау барысында,
— Білім бері саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында
Физика пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу
кезінде қолданылуы және сақталуы міндетті.
 
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен
ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестацичлау,
жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге
асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Физика пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатыларының
базистік оқу жоспарымен, білім бер ұйымдарының типтік оқу жоспарымен,
жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады. 
Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта:
— ҚР БМЖМС 2.003-2002 Жалпы орта білім. Негізгі ережелерге,
— ҚР ЕР 40.1.01-2000 ҚР МСЖ-нің Білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және
белгілеуге қойылатын жалпы талаптарына сілтемелер жасалған. 
2 Анықтамалар мен қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына және ҚР
БМЖМС 2.003-2002 сәйкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар мен
қысқартулар жүйесі белгіленген:
Физика пәнінің базалық мазмұны – мектепте міндетті түрде оқытылуы
тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде физиканы
оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен
құрылымы.
Физика пәнінің базалық мазмұнының міндетті деңгейі – оқу процесінде
міндетті түрде оқып – үйренуге қажетті физикалық білімнің жүйеленген
көлемі.
Физика пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы — Физика
оқу пәні мазмұнының жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға, оның
қоғамдағы өмірге бейімделуіне және физика мен техникаға байланысты
мамандықты саналы түрде таңдау үшін негіз қалауға қажет міндетті деңгейін
анықтайтын құжат. БНБ мазмұнын осы мемлекеттік стандарт анықтайды.
Физика пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы — Физика оқу
пәнінің оқушылардың физикалық құбылыстарды танып білуге деген қызығушылығын
дамытуға және ғылымның іргелі негіздері мен олардың қолданылуын өз бетінше
оқып – үйренуге дағдылануы үшін қажетті мазмұнын анықтайтын құжат.
БББ – бағдарлы білім беру бағдарламасы
БНБ – білім берудің негізгі бағдарламасы
БОЖ – базистік оқу жоспары
ЖОБ – жалпы орта білім
МБС – мектептің бастауыш сатысы
МЖС – мектептің жоғарғы сатысы
БМЖМС – білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
МНС – мектептің негізгі сатысы.

3 Жалпы ережелер
3.1 «Физика» пінін оқытудың басты мақсаттары
Физиканы оқытуда мынадай неғұрлым жалпылама мақсаттар қойылады:
1) даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде
көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру;
2) оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік
беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау
тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс-әрекет объектісіне айналып отырған
болмысқа эмоционалды-құндылық қатынастың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту
негізінде олардың өмірік дағдыларын дамыту.
Бұл мақсаттар оқыту процесінде, оқытудан күтілетін нәтижені де елеулі
саралауды, сондай-ақ физиканың типтік оқыту бағдарламасында көрсетілуі тиіс
көптеген қосалқы және басқа жеке мақсаттарға жетуді көздейді.
3.2″Физика» пінін оқытудың басты міндеттері
Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты міндеттері
туындайды:
1) білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты
меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындауғ; ол
үшін оқу-эксперименттік зерттеулер жүргізуге және бақыланған
физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік
беретін ғылыми-таным әдістерінің қажеті дағдыларын қалыптастыру;
2) оқушылардың санасында табиғатпен оның танып білу туралы білімнің
қисынды жүйесін қалыптастыру;
3) оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту;
4) планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қатынасы бар екенін
және олардың өз іс-әрекетінің экологиялылығына жеке
жауапкершілігін қалыптастыру;
5) оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған
технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.
Физиканы оқытудың басты міндеттері негізінде типтік оқу бағдарламасында
неғұрлым нақты дидактикалық міндеттер айқындалады, оның ішіндегі аса
маңыздысы – оқушыларға білім алу тәсілдерін үйрету.
3.3″Физика» пәнін зерттеу объектілері
Жаратылыс ғылымлары жүйесіндегі физиканың басты орынға ие болуы оның
терен философиялық және ғылыми-техникалық мазмұнымен тікелей байланысты.
Физика салыстырмалы түрде материяның неғұрлым қарапайым және сонымен қатар
неғұрлым жалпылама түрлерін ( зат, өріс ) және материя қозғалысының
неғұрлым күрделірек түрлерінің құрамына кіретін физикалық түрін зерттейді.
Материяның жалпылама, іргелі құрылымды түзілістерімен және қасиеттерімен
айналасатын физика ғылымы білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым жоғары
сатысына жетті және оның дамыған мтематикалық және эксперименттік зерттеу
құралдары бар. Оның түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері, ойлау
стилі бүкіл ғылыми-жаратылыстану ойлау стиліне елеулі ықпалын тигізеді.
Іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі ретінде ұсынылған әлемнің
физикалық бейнесі оқушылардың дүние-танымын және біртұтас ғылыми-
жаратылыстану бейнесі туралы көзқарасын қалыптастырудағы басым модель болып
табылады.
Оқушылардың ғылыми – жаратылыстанудан алғашқы сауаттылығын мектептің
бастауыш сатысы (МБС) қалыптастырады, онда биологиялық, физикалық, химиялық
және географиялық білімдер Дүниетану деп аталатын кіріктірілген жеке
пәнге енгізілген.
Мектептің келесі негізгі және жоғарғы сатыларында дүниенің
ғылыми–жаралысиану бейнесінің мазмұны “Биология”, “Физика”, “Химия”,
“География” сияқты және пәндер арқылы да, сондай-ақ кіріктірілген курстар
(Физика және астрономия Физика) арқылы да беріледі.
МНС-дағы Физика пәні курстар мен бөлімдерді олардың базалық ғылымдағы
орналасу ретінде сәйкес қамтиды: механика, молекулалық физика және
термодинамика, электродинамика, атомдық физика. Бұл логикалық аяқталған
білімнің бірінші концентрін береді. МНС-ның оқу материлы игеру физикалық
білімнің толыққанды болуын қамтамасыз етеді, оқушыларға жоғарғы сыныптарда,
оның ішінде физика-математикалық бағдардағы сыныпта (мектепте), сондай-ақ
орта кәсіптік және арнаулы оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік
беретін қажетті білім қорын жасайды.
Мектептің жоғары сатысында Физика пәні Механика, Молекулалық
физика, Электродинамика, Кванттық физика сияқты негізгі курстарды
қамтитыніргелі теориялар негізінде құрылады. Бұл білімнің логикалық
аяқталған екінші концентрін береді. МЖС-ның оқу материалын меңгеру
физикалық білімнің әлемдік білім кеңістігінің сәйкес деңгейімен пара-пар
болуын қамтамасыз етеді.
Астрономиялық материал Физика оқу пәніне мынадай екі тәсілмен
енгізіледі:
– 7-11 – сыныптардағы физиканың оқу материалдарымен органикалық түрде
біріктіру арқылы ;
– ғылыми-жаратылыстану пәндерінің кіріктірілген курсында (Физика және
астрономия, Физика) жеке тарау түрінде беру арқылы.
– Физика-математикалық бағдардағы мектептің жоғарғы сатысында
Астрономия жеке оқу курсы аясында оқытылуы мүмкін.
3.4 Физика пәні мазмұнының таяудағы даму болашағы
Физика саласындағы және онымен іргелес басқа да ғылым салаларында
(астрофизика, биофизика, радиология, синергетика, кибернетика және басқ.)
ашылып жатқан жаңалықтар мен жаңа білімдер ауқымы жыл сайын жылдам
қарқынмен ұлғайып келеді. Орасан зор эксперименттік деректер де
жинақталуда. Физикалық теориялар да соған сәйкес дамиды. Әсіресе мынадай
іргелі физикалық теориялар қайта қаралып, әрі терең, әрі ауқымды даму
үстінде:
– Ньютон механикасының классикалық теориясы (М);
– Ньютондық гравитациялық мениканың классикалық теориясы (GM)
– Максвелдің электродинамикалық теориясы және механиканың
релятивистік теориясы (RM), яғни Эйнштейннің арнайы салыстырмалық
теориясы;
– Бор постулаттарымен байытылған кванттық механика теориясы (QM);
– Релятивистік гравитациялық механика теориясы (RGM)
– Релятивистік кванттық механика теориясы (RQM)
– Кванттық гравитациялық механика теориясы (QGM)
– Кванттық релятивистік гравитациялық механика теориясы (QRGM)
Бұл іргелі физикалық теориялардың өзара логикалық және жүйелі
байланыстағы диалектикалық бірлігі дүниенің біртұтас физикалық бейнесін
береді, физиканы оқытудың барлық әдістемелік жүйесінің басты мақсаты да осы
болып табылады. Ол мектептегі физикалық білімнің даму болашағында
анықтайды. Осыған байланысты іргелі теориялар төңірегінде жинақталған
фактологиялық материалдың орасан зор мөлшерін неғұрлым тереңірек жалпылау
және жүйелеу қажет. Физиканың мазмұынын жетілдіру болашақта осының
негізінде жүзеге асырылады, ал ол оқу материалын сұрыптап талдаудың (таңдап
алу, логикалық байланысын іздестіру және жүйелеу т.б.) ең жоғары
әдіснамалық деңгейін талап етеді. Мұнда қазіргі заман талабына сай білімді
жеткізуші ретіндегі мұғалімнің рөлі мен жауапкершілігі арта түседі.
3.5 Физика оқу пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны
Физика оқу пән ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білімнің БОЖ-
ның мемлекеттік компонентін құраушылардың біріболып табылады.
Базистік оқу жоспарындағы Жаратылыстану білім саласының инвариантты
бөлігінде физика мектептің негізгі және жоғарғы сатысында міндетті түрде
оқылатын пән ретінде көрсетілген. Мектептің (сыныптың) бағдарына байланысты
Физика пәнін оқытуға бөлінетін уақыт мөлшері БОЖ-ның вариативтік
компонентіне (таңдау пәндері, факультативтік сабақтар) бөлінген сабақтар
есебінен көбейтілуі мүмкін.
4 Физика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Физика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі БНБ-ға сәйкес:
1. Мектептің негізгі сатысында (7-9 сыныптар) — аптасына 6 сағатты, оқу
жылында 204 сағатты, оның ішінде:
7-сыныпта — аптасына 2 сағат, жылында 68 сағат,
8-сыныпта — аптасына 2 сағат, жылында 68 сағат,
9-сыныпта — аптасына 2 сағат, жылында 68 сағат,
2. мектептің жоғарғы сатысында (10-11 сыныптар) оқытудың бағдарына
қарай:
а) қоғамдық-гуманитарлық бағдарда аптасына 2 сағатты, әрбір сыныпта 1
сағаттан, оқу жылында 34 сағатты, барлығы 68 сағатты,
ә) жаратылыстану-математикалық бағдарда аптасына 6 сағатты, әрбір
сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты, барлығы 204 сағатты құрайды.
5 Физика пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері
Физика пәнінен жалпы білім беру келесі бағдарламалар бойынша жүзеге
асырылады:
— білім берудің негізгі бағдарламасы (7-9 сыныптар);
— бағдарлы білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)
Мектептің негізгі сатысына (7-9 сыныптар) арналған БНБ жалпы білім
беретін деңгейде анықталады:
Мектептің жоғарғы сатысына арналған БНБ-ның базалық мазмұны екі бағдар
бойынша анықталады:
— Қоғамдық-гуманитарлық бағдардағы мектептерге (сыныптарға)
арналған оқу пәні ретінде физиканың базалық мазмұны;
— Жаратылыстану-математикалық бағдардағы мектептерге (сыныптарға)
арналған оқу пәні ретіндегі физиканың базалық мазмұны.
5.1 Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны
Мектептің бастауыш сатысында оқыту оқушыларды МНС-дағы ғылыми-
жаратылыстану пәндерін, оның ішінде физиканы оқуға қажетті базалық
дайындықпен қамтамасыз ету тиіс.
Тектептің бастауыш сатысындағы Дүниетану пәні бойынша БНБ-ға
енгізілетін физиканың оқу материалының төмендегідей көлемі тағайындалады:
Табиғаттағы денелер мен заттар. Судың және ауаның физикалық қасиеттері.
Жарық көздері. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысу себептері. Күнге
қарап және құлабыз арқылы тұрған жерді бағдарлау. Күннің сәулесі мен
жылуының Жердегі тіршілік үшін маңызы.
5.2 Мектептің негізгі сатысындағы мазмұны
Мектептің негізгі сатысындағы физика ьойынша БНБ келесі дидактикалық
бірліктер мен бөлімдерден тұрады:
1) Табиғатты зерттеудің физикалық әдістері.
2) Механика: механикалық қозғалыс, денелердің өзара әсерлесуі, жұмыс
және қуат, қысым, механикалық құбылстарды зерттеу әдістері.
3) Молекулалық физика және термодинамика: заттың молекулалық құрылысы,
жылулық құбылыстар, жылулық құбылыстарды зерттеу әдістері, жылулық
процестердегі энергияның түрленуі.
4) Электродинамика: денелердің электрленуі, тұрақты электр тоғы,
магниттердің өзара әсері, электрмагниттік толқындар, электрмагниттік
құбылыстарды зерттеу әдістері, жарық толқындары, жарық құбылыстары.
5) Атом және атомдық физика: атом, атом моделі және оны зерттеу
әдістері; атом ядросы, ядродағы бөлшектердің байланыс энергиясы, ядролық
энергетика, ядролық физикадағы бөлшектерді бақылау және тіркеу әдістері.
6) Астрофизика: күн жүйесі, оның құрылысы, планеталар мен кіші
денелердің физикалық табиғаты, аспан денелерінің қозғалыс заңдары, Күн және
жұлдыздар, олардың физикалық сипатамасы.
5.3 Мектептің жоғарғы сатысының жаратылыстану-математикалық
бағдарындағы білім мазмұны
Жалпы білім беретін орта мектептің бащистік оқу жоспарына сәйкес
физика міндетті оқу пәндерінің ішіне кіреді мектептің жаңа тұжырымдамасына
сәйкес кәсіптік бағдарлау жүзеге асырылатын жоғары сатыдағы (10-11
сыныптар) жалпы білім мазмұны, оның ішінде физика да, бір жағынан,
оқушылардың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге, екінші жағынан оларды
болашақ кәсіптік қызметке даярлауға бағытталған.
Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарға (10-11 сыныптар)
жарналған физика физика курсының ұсынылып отырған бағдарламасы физиканың
жалпы мақсаттарын және оқушылардың қабілеттілігінен, қызығушылығынан және
кәсіптік мүддесінен туындайтын арнайы мақсатын ескере отырып дайындалды.
физиканы 10-11 сыпыптарда оқытудың арнайы мақсаты иынаған саяды:
оқушылардың техниканың әр түрлі салаларының, химиялық және биологиялық
құбылыстар мен процестердің негізінде физика және оның заңдары жататындығы
туралы білімдерді, физиканың зерттеу әдістері мен зерттеушілік сипаттағы
білімдерді, құрастыра білу және кәсіби маңызды тәжірибелік біліктерді оқушы
бойында қалыптастыру.
Курс негізінде нақты және оған барабар әлемді зерделеу кезінде
құрылған физикалық модельдер жатыр. Модельдердің қолданылуы аясын қарастыру
курстың маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Курстың негізгі
мазмұнын негізгі физщикалық идеалар, принциптер және болжамдар құрайды.
Білімді іргелі физикалық теориялар айналасына топтау ең басты орын алады.
Қазіргі заманғы дүниетаным бағдарлама физикалық теориялардың негізін –
Ньютонжәне релятивистік механиканы, молекула-кинетикалық теория мен
термодинамиканы, электродинамика мен электрондық теорияны, толқындық,
геометриялық және кванттық оптиканы, кванттық механиканы, атом, атом
ядросы, элементар бөлшектер физикасын зерделеуді ескереді.
Физиканың теориялық мәнділігі мен практикалық бағытталуы көп ретте
зерттеушілік сипатта болып келетін лабороториялық жұмыстар жүйеснде де
көрініс тауып отыр. Дәстүрлі жұмсытар мен қатар импульстің сақтаул заңын
зерделеу, бір валентті ионның зарядын өлшеу сияқты соны жұмыстар ұсынылған.
Астрономиялық материал жеке бөлім ретінде де, кейбір физикалық
тақырыптарды кеңейте қарастыру ретінде де берілген. Жаратылыстану-
математика бағытындағы сыныптарда физиканы зерделеуге бөлінуі тиіс оқу
уақыты принципті мәселе болып табылады. Физика-математика және
жаратылыстану бағытындағы мектептер мен сыныптар өздерінің жұмыс оқу
жоспарларын құру кезінде әрбір сыныпта физиканы зерделеу үшін аптасына 5
және 4 сағат бөлінулерін ескерулері қажет.
Физика курсының ұсынылып отырған бағдарламасы енгізгі және вариативті
бөліктерден тұрады. Вариативтік бөлік белгілі бір дәрежеде әр мектептің
ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді. Физика-математикалық бағыт бойынша
бағдарланған мектептер мен сыныптар физика курсын төменде берілген
бағдарламамен, ондағы варитивті бөлігінде көрсетілген мәселелерімен қоса
толық көлемде оқиды. Жақша ішінде берілген материал мазмұны бағдарламаның
вариативті бөлігін құрайды. Сонымен қатар физиканы жаратылыстану бағыты
бойынша бағдарланған сыныптарда оқитын оқушылар бар. Бұл бағдарлама осы
сыныптар мен мектептерге де арналады, мұнда жақша ішіндегі
материалдыескермеуге де болады.
Бағдарламаның молекулалық физика, электродинамика, кванттық физика
бөлімдеріндегі оқу материалының мазмұны материалды баяндауды әр түрлі
деңгейін ескеретін блоктар түрінде беріліп отыр.
Физика курсының механика бөлімінің мазмұны негізгі мектеп те өтілгенде
қорытынды қайталауға бағдарланған. Сонымен қатар бағдарлама тек механика
үшін ғана емес, физиканың келесі курстары үшін қажет кейбір жаңа
мәселелермен таныстыруды ескереді. Олардың ішінде салыстырмалық принципі,
инерциалдық емес санақ жүйелері, қатты денелердің тепе-теңдік шарттары,
импульс моментінің сақталу заңдары және т.б. бар.
Бағдарламаның вариативті бөлігінің мазмұны оқушылардың физикалық
құбылыыстарды танып-білуге деген қызығушылығын дамытуға, ғылымның іргелі
негіздері мен олардың қолданылуын өз бетінше зерделеуге деген дағдысын
қалыптастыруға бағдарланған.
Осылай, мысалы, нақты газдар, сұйықтар әсіресе қатты денелер туралы
материалды толығырақ баяндау ескерілген, сұйық кристалдар, Гаусс
теоремасы, Кирховтың ережелері және т.б. көптеген тақырыптар енгізілген.
Кванттық механикаға едәуір көңіл бөлінген, физикалық заңдардың әр түрлі
техникалық қолданыстары кеңінен қарастырылған. Элементар бөлшектер туралы
білімді қазіргі заман деңгейіне сәйкес баяндау ескеріледі.
Мұғалім физикалық білімнің толық орта мектепке арналған мемлекеттік
стандартында анықталған Оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын
талаптарды басшылыққа ала отырып, әрбір блоктан ең маңызды деген
материалды таңдап алуына болады. Мұнда ол курсты зерделеу қисынына нұқсан
келтірмейтіндей етіп, сыныптың дайындық деңгейіне байланысты әрбір тараудан
кейбір түйінді мәселелерді қалдырып, оның басқа маңызды қосымша материалды
іріктеп енгізе алады, ал енгізілген әртүрлі оқу жоспарлары жалпы білім
беретін мектептер үшін бекітілген бірыңғай міндетті деңгейден төмен
болмайтын оқыту деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
6 Физика оқу пәні бойынша мектептің әр түрлі сатысындағы оқушылардың
міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
6.1 Физика оқу пәні бойынша мектептің әр түрлі сатысындағы
оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Механика бойынша оқушылар:
— механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, жол және орын ауыстыру,
кинетикалық және потенциалдық энергия, инерция, жылдамдық, масса, тығыздық,
күш, қысым, атмосфералық қысым, импульс, қуат, пайдалы әсер коэффициенті,
тербеліс амплитудасы, периоды, жиілігі, көлденең және қума толқындар,
толқын ұзындығы сияқты ұғымдардың физикалық мағынасын түсіннуі;
— бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс кезіндегі дененің жүрген жолы
мен жылдамдығын, ауырлық күшін, гидростатикалық қысымды, архимед күшін
есептеуге арналған формулаларды қолдануы;
— Ньютон, Гук, импульстің сақталу заңдарын; энергияның сақталу және
түрлену заңдарын тұжырымдай алуы және түсінуі;
— механиканың негізгі ұғымдары мен заңдарыныңжай механизмдерге,
машиналар құрылысындағы, су көлігідегі, гидравликалық қондырғылардағы
практикалық қоладныстарына мысалдар келтіруі;
— нақты тәжірибелер мен құбылыстар арқылы Ньютон заңдарының әсерін,
импульс пен механикалық энергияның сақталуын көрнекі түрде көрсете алуы;
— күштерді (бір түзудің бойындағы) қосу ережесін, қозғалыс мөлшерінің
(бір түзудің бойымен қозғалыс кезіндегі) және механикалық энергияның
сақталу заңдарын қолдануға, сол заңдарға енетін физикалық шамаларды, сондай-
ақ қуат пен қондырғылардың ПӘК-ін есептеуге қарапайым есептер шығаруы;
— күшті сызбада берліген масштабпен кескіндей алуды;
— механиаклық қозғалыс түрлерін, серпімді деформацияны байқауға болатын
белгілерді атай алуы;
— мына физикалық шамаларды: ара қашықтықты (сызғышпен), көлемді
(мензуркамен), массаны (күйентелі таразымен), күшті (динамометрмен) өлшей
және есептей алуы; тәжірибе арқылы тығыздықты, жылдамдықты, қатты дененің
қысымын, қондырғылардың ПӘК-ін, қуатты анықтай алуы;
— денелердің жүзу шартын көрсете алуды, оның жүзеге асуына мысалдар
келтіруі;
— механикадан алған білімдерін бір-екі физикалық құбылысты немесе
деректерді (оқушының қалауы бойынша) түсіндіруге қолдана алуы тиіс.
Молекулалық физика бойынша оқушылар:
— жылулық қозғалыс, температура, ішкі энергия, жылу берілу (жылу
өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару), жылу мөлшері, жылу, сыйымдылық
сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;
— жылулық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңын және
олардың қолданылу саласы мен шекарасын білуі;
— молекулалық физиканың негізгі ұғымдары мен заңдарының жылу
қозғалтқыштарында, техникалық қондырғылар мен құралдарда практикалық
қолданыстарын, кристалдар және басқа материалдардың техникада
пайдаланылуына мысалдар келтіруі;
— нақты мысалдар мен құбылыстар арқылы термодинамиканың бірінші заңын
көрнекі түрде көрсете алуы;
— жылу мөлшерін, газдың атқаратын жұмысын, термодинамиканың бірінші
заңын есептеуге арналған қарапайым есептерді шығаруы;
— зат құрылысының дискреттілігін, бөлшектердің жылулық қозғалысын,
олардың өзара әсерін қуаттайтын дененің ішкі энергиясының механикалық
энергияға және денелердің механикалық энергиясының олардың ішкі энергиясына
түрлене алатындығын дәлелдейтін іргелітәжірибелер мен құбылыстарды білуі;
— газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің қасиеттерін олардың ішкі
құрылысы арқылы; сондай-ақ заттың балқу және қайнау температурасының
тұрақтылығын түсіндіруі;
— жылу қозғалтқыштарын пайдалануға мысалдар келтіруі және олардың
бірінің (оқушылардың қалауы бойынша) жұмыс принципін түсіндіруі;
— мына шамаларды: температураны (термометрмен), ылғалдылықты
(психрометрмен) өлшей алуы,;
— молекулалық физика мен термодинамикадан алған білімдерін бір-екі
физикалық құбылысты немесе деректерді (оқушының қалауы бойынша) түсіндіруге
қолдануы тиіс.
Элкетрдинамика бойынша оқушылар:
— электр заряды, электр өрісі, электр тоғы, электр тоғының бағыты,
электр тізбегі, тоқ күші, электр кернеуі және кедергісі, меншікті электр
кедергісі, магнит өрісі, электрмагниттік тербелістер мен толқындар сияқты
ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;
— электр кедергісін материалы белгілі өткізгіштің ұзындығы және
көлденең қимасының ауданы бойынша, электр тоғының жұмысы мен қуатын,
шығындалған электр энергиясының құнын (белгілі тариф бойынша) есептеп
шығаруға арналған формулаларды қолдана алуы;
— Кулон, Джоуль-Ленц заңдарын, тізбек бөлігі үшін Ом заңы мен зарядтың
сақталу заңын түсіну және тағайындауы;
— электродинамиканың негізгі ұғымдары мен заңдарының электр қыздырғыш
құралдардағы, магнитті-электрлік жүйелердің электрлі өлшеуіш құралдарындағы
(дыбыстың магнитті жазылуы, металлургия мен гальванотехникадағы электролиз,
электронды-сәулелік түтікше,) практикалық қолданыстарына мысалдар келтіруі;
— нақты мысалмен өзгермелі электр және магнит өрістерінің өзара
байланысы жайлы қағиданы көрнекі түрде көрсете алуы;
— қуаттың тоқ күші және кернеумен, тоқ күшінің өткізгіш бойымен өтетін
зарядпен байланысын өрнектейтін формулалар бойынша шамаларды (олардың өлшеу
бірліктерін ескере отырып) есептеуі;
— қарапайым электр тізбектерін құрастыруы;
— металдардағы электролит ерітіндісіндегі, газдардағы электр тоғының
табиғатын түсіндіре алуы;
— электр зарядының, магнит полюсінің, кеңістіктің қандай да бір
нүктесіндегі электр және магнит өрісінің таңбасына қандай белгілеуге қарап
ажыратуға болатындығын көрсетуі;
— қысқа тұйықталудың пайда болу шартын білуі;
— жарықы электрмагниттік толқын ретінде және бөлшектер (фотондар) ағыны
ретінде қарастыра отырып түсіндіруге мүмкіндік беретін тәжірибені немесе
құбылысты сипаттауы;
— жарықтың толқындық табиғатын дәлелдейтін эксперименттерге немесе
құбылыстарға мысалдар келтіруі;
— жарықтың шағылу және сыну заңдарын білуі; нәрсенің айнадағы және
линзадағы кескінін салуы;
— мына оптикалық құралдардың: жазық және сфералық айналар, лупа,
фотоаппарат, проекциялық аппарат, микроскоп, телескоп, көзкөзілдірік
жүйесі біреуінің қызметі мен жұмыс істеу принципін түсіндіруі;
— мына шамаларды: тоқ күшін (амперметрмен), кернеуді (вольтметрмен),
кедергіні (омметрмен) өлшеуі;
— электродинамикадан алған білімді бір-екі физикалық құбылысты немесе
деректерді (оқушының қалауы бойынша) түсіндіруге қолдануа алуы тиіс.
Кванттық физика бойынша оқушылар:
— атом құрылысы және оны зерттеу әдістері, элементар бөлшектер (фотон,
электрон, протон, нейтрон), радиоактивті ыдырау, ядролық реакция сияқты
ұғымдар мен шамалар туралы түсінік алуы;
— үлкен массалы ядролардың бөлінуі кезінде энергияның бөлініп шығатынын
сапалық деңгейд түсіндіру;
— атомдардың жарықты шығаруы мен жұтуын, фотоэффект құбылысын
түсіндіруі және оны пайдалануға мысалдар келтіруі;
— фотоэлементтердің, спектрлік анализдің, ядролық реактордың
практикалық қолданыстарын, ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын
түсіндіруі тиіс.
Астрономия бойынша оқушылар:
— қазіргі заманғы астрономия мен астрофизиканың негізгі идеялары
туралы, аспан денелерінің … жалғасы