Медициналық мәселені шешу есебінде электронды кестелерді қолдану — Ашық сабақтар — Bilim
Медициналық мәселені шешу есебінде электронды кестелерді қолдану
ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМАСЫ №6
(тәжірибелік ашық сабақ)
Тақырыбы: Медициналық мәселені шешу есебінде электронды кестелерді қолдану
Пән: Информатика
Мамандығы: «Мейіргер ісі»
Семестр І (ІІІ)
Курс: І (ІІ)
Тексерілді
ЦӘБ төрайымы_________
«_____» _________2018 ж.
Тобы
|
|
|
|
|
||||
Мерзімі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Медициналық мәселені шешу есебінде электронды кестелерді қолдану
Сабақ түрі: практикалық ашық сабақ
Өткізу әдісі: түсіндіру-иллюстрациялық, ізденіс, миға шабуыл, кейс әдісі
Сабақтың типі: Практикалық іс-машықтықты қалыптастыру.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік- Медициналық есептерді электронды кесте арқылы шығаруды, енгізуді, тиімді қолдану тәсілдерін өңдеуді меңгерту.
Тәрбиелік – оқушыны жауапкершілікке, еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, ақпараттық технологиялармен ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.
Дамытушылық – оқушының өз бетінше болашақ мамандық саласында медициналық есептеу жұмыстарын электронды кесте көмегімен тиімді қолдану қабілеттерін дамыту.
Пәнаралық және пәнішілік байланыстар.
Пәнаралық байланыс – Математика. Әлеуметтік медицина және денсаулықты басқару: Медициналық статистиканың негіздері.
Пәнішілік байланыстар: Ақпарат қауіпсіздігі және оның құрамы
Сабақ уақыты
Практикалық сабақ – 180 минут (4 сағаттық)
Сабақтың көрнекілігі: интернет желісі. WWW.youtube.com электронды оқулық, слайд, таратпа материалдары, тәжірибелік жұмыс, интеллектуалды сұрақтар
Сабақ құрылымы
Ұйымдастыру сәті – 5 минут
Кабинеттің және топтың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Трек білімдерін (теорияда алған) актуализациялау – 15 минут
Миға шабуыл әдісімен оқушылардың теориялық сабақтаналған білімдерін тексеру. Қосымша №1
Манипуляциялардың, лабораториялық жұмыстардың орындалу техникасын демонстрациялау және түсіндіру – 45 минут
Кейс әдісін қолданып, оқушылардан компьютер көмегімен орындалатын жұмыстың орындалу техникасын сұрау. Оқушы ізденіс жұмысы көмегімен орындалу техникасын түсіндіру қажет. Оқушылардан қосымша толықтырулар сұралады. Қосымша №2
Оқушылардың өз бетінше жүргізетін жұмыстарына және бағалау критерийлеріне әдістемелік нұсқау жүргізу – 10 минут
Оқушылардың жұмыстарын бағалауды MS Excel бағдарлама көмегімен түсіндіру. Қосымша №3
Оқушылардың өз бетінше жұмысы – 90 минут.
Кейс әдісі бойынша. Оқушы өзбетінше тапсырмаларды компьютер көмегімен орындап, дәптеріне орындалған іс-әрекетін толтыру қажет. Оны алынатын тапсырмалармен қорғау керек.
Компьютер көмегімен орындалатын тәжірибелік жұмыс Қосымша №4
Тест тапсырмасы бағдарлама көмегімен алынады Қосымша №5
«Кім жүйрік» интеллектуалды сұрақтар. Қосымша№6
Сабақты қорытындылау, білімді бағалау – 10 минут
Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру, бағалау қорытынды баға шығару
Үйге тапсырма беру – 5 минут
Пән оқытушысы: С.Е.Есенгалина __________
Қосымша №1
- MS Excel бағдарламасының электронды кестенің кеңейтілімі, құжат атауы.
- MS Excel бағдарламасының негізгі өлементтерінің қызметін көрсету.
- Ұяшыққа қандай мәліметтерді енгізуге болады.
- Бағана және жолдың белгіленуі.
- Ұяшықтағы мәліметтерді өңдеу.
- Ұяшықтағы мәліметтердің статистикалық көрсеткіштерін есептеу
- Енгізу мен түзету формулулар қатарымен жұмыс
- Ұяшықтағы мәліметтерді фильтрлеу, ұяшық адресі
- Мәліметтерді пішімдеу
- Автопішін мәзірін қолдану
Қосымша №2
Үй тапсырмасы бойынша ізденіс жұмыстарының нәтижесін тексеру
- Медицина саласында электронды кестені тиімді қолдану тәсілдерін атаңыз?
- Медицина қызметкерлері жасайтын есептеу жұмыстарын көрсету
- Қазіргі таңда ақпараттық технологияның денсаулық саласындағы орны