Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары

0

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі:
Ұзақ жылдар бойы жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты- оқушыға білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру деп қарастырылып келді. Ал қазіргі мектеп жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашыл ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті делінген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық , адамдық, Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап көрсетті. [16, 10]
Педагогика ғылымы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастырып, сол арқылы таным әрекетін белсендіру қажеттігін көрсетеді. Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әрекеттер қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Ол үшін не істеу керек, қандай шаралар ойластырылуы қажет? Оқуға деген қызығуы, өзінің білім алуға ұмтылысы керек. Ол ұстаз тарапынан сабақ өткізудің әр түрлі жолдарын қарастырып, әдіс- тәсілдерді жетілдіріп жаңа технологияларды қолдану арқылы сабақ түрлерін әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Осындай еңбек оқушының оқу әрекетін тиімді меңгеруіне, соның нәтижесінде оқуға деген ынта, құлшыныс, талап туып бұрынғы игерілген білім, білік, дағдыны пайдаланып, әр түрлі оқу тапсырмаларын шешуде шығармашылықпен еңбек етіп, өз әрекетін бақылауды, басқаруды және дамытуды үйренуіне септігін тигізеді. [14,36]
Қазіргі мектептерде азамат етіп тәрбиелеуді, сонымен қатар білімді, дарынды балаларды дайындау, ана тілін жетік білетін балаларды дайындау мақсатымен жаңа технологиялар мен әдістерді кеңінен қолдануда. Бүгінгі мектеп мұғалімдері әр сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болып отыр.Елдегі экономикалық хал- ахуал күрделілігіне қарамастан балаларға білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы, орта білім алуға, түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалған батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының басты шарты. Осыған орай, Қазақстанның қоғамдық- саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізуде.
Қазақстандық демократиялық қоғамның құрылуы және республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, Отандық білім дамуының стратегиялық жоспарды әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етеді.
Бүгінгі таңда әр пәннің оқытылуы баланың жан- жақты дамытуды көздеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мәселелерді жан- жақты шешу қажеттілігі ескерілуде.
Мектеп — бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Оқушыларды шығармашылыққа баулу сонымен бірге оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға әрекет етеді.Мектеп оқушысының бойында жасырып жатқан қасиеттерінің бірі, өмір сүруге тікелей әсер етуші қасиеттерінің бірі — шығармашылық қабілеті. Мектеп мұғалімінің басты міндеті осы шығармашылық қабілетті анықтап қана қоймай, оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту.
Бастауыш мектеп — оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай , оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру , жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге сөйлеу мәдениетін үйретеді. [31,33]
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған , Республиканың Білім туралы заңында әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының Қазақстандағы білім беру ісін әлемдік білім кеңістігімен үйлесімді дамуын көздейтіндігі байқалады.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми — педагогикалық өзекті мәселе ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы 80-жылдары-ақ И.Я. Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі. [3,6]
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларның математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын анықтап, оның озық үлгілерімен бүгінгі оқу жүйесінде қолдану мүмкіндігін және жолдарын ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
Шығармашылық қабілет ұғымына анықтама.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуында жас ерекшеліктерінің орны.
Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен.
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зерттеудің әдістері:
Бақылау.
Сұрақ-жауап.
Зерттеу орны: № 48 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп.2,3, сыныптар.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта математиканың әрбір сабақтарында, оқушылардың шығармашылық қабілетін артыруға көмектесетін математика пәні.
Зерттеу болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеруге болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеулердегі шығармашылық іс-әрекет теориясы, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер теориясы, бастауыш сынып оқушыларын дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Менің курстық жұмысының нәтижелерін студенттер, бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануларына болады.
Зерттеу көздері: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына байланысты педагогика, психология, ғалымдарының еңбектері, мектеп бағдарламалары, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, әдебиеттер тізімі.
Зерттеудің теориялық маңызы: бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында шығармашылық қабілеттері жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау; сабақта бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің деңгейлерін жасау.
Зерттеудің практикалық маңызы: сабақта жүзеге асырылатын педагогикалық шарттар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеті мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндігімен анықталады. Шығармашылық әрекет деңгейлерінің сипаттамаларын бастауыш сынып мұғалімдерін, мектеп психологтарын, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Қурстық жұмыс 42 беттен, 2 бөлімнен тұрады.
1-бөлімде математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуында жас ерекшеліктерінің орны анықталды.

2-бөлімде бастауыш сынып оқушыларының математикадан шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары анықталды.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шығармашылық қабілет ұғымына анықтама
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілетімен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашыл бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде . Демек, қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілетімен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетінің дамуына жол ашуы қажет.
Қабілеттілік — табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажайып сыйы. Біреуге көбірек, біреуге азырақ бұйырады. Аз уақыт бойы өз басында ешбір қабілеттілік жоқ деп санап жүрген үшінші біреу, кенет өз бойынан ерекше қасиеттерді байқайды. Мысалы, оның өнер тапқыштық қабілетіне сурет салуға бейімділігі белгілі болады.
Ал, шығармашылық қабілет дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық қабілетін дамыту — оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру.
Оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген ұлы ақын, жазушы, педагог Мағжан Жұмабаев.
В.В. Давыдов Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр: жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты-деп есептелген. Б.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді:
Шығармашылық- бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалаған нәрсе, бұрынғы нәрселерінің механикалық қайталануы емес, өзінің саналығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.[20,15]
Әрине, мәселе басты ұғымның мәнін түсінумен шектелеме оның мүмкіндіктері де зерттелген. Айталық оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В.В. Давыдов пен В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін қалыптаса бастайды, бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да , даму өнімі қиял, елес болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі- Оқуға құштарлық, ынталылық. Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субьектісі ретінде дами бастайды, В.В. Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В.В. Давыдов өзінің Дамыта оқыту теориясы еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте В.В. Давыдов тұлғаны еркін шығармашылық әрекетің субьектісі, ал адамның дамуының өзі — оның еркіндікке деген қозғалысы деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.
Ал соңғы жылдары қарастырылып отырған мәселенің зерттелуі жаңа қырынан көрінді. В.И. Солободчиков келесі психологиялық — педагогикалық талапты ескертеді. Сәйкес ортаның, ересек адамның болуы, оқушы мен ересек адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің пайда болуы. Шығармашылық бұл жерде ересек адам мен оқушының кездесуі бірлескен іс-амал нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы, қорытындысында жасөспірімнің ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі бір әдістерін иемденетін әрекет түрі болып табылады. Яғни, ересек адам мен бірлесе отырып, қоршаған ортаны өзгерту, өзін жасай, сондай білу негізгі мектеп оқушыларының шығармашылық әркетінің моделінің бір бөлігі болып табылады.
Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты- оқушыда өз жеке білім траекториясын таңдау қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни педагогикалық әркет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет — оқушының өз жеке шығармышылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет оқушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған.
Осы тұрғыдан ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыруға ескерген жөн. Мысал ретінде Ю.Г. Юдиннің ұсыныстарын келтіруге болады. Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіктерін Ю.Г. Юдина мына түрде қарастырады.
1. Оқушының шығармашылық іс әрекетінің міндетті түрде талап етілуі : Оқушылардың ғылыми практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру.
2. Оқушының шығармашылық әркетеінің пайда болуының жан- жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу, таныс обьектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын таба білу.
3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі, эмоция сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі.
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта баулый түседі. [35,37]
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшаларда болуы мүмкін .
Мысалы, ғалымдардың шығармашылық қабілеттерінің белгілері. Осы орайда А.Н. Лук өз еңбегіңінде адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады. Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
— нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу.
— тасымалдай білу ;
— ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
— әрекетті бағалауды айтады;
сондай-ақ ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағадайдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық өзін- өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама — қайшылықтармен күресу қажет екендігін айтады.
Оқушы шығармашылығының ғылыми- педагогикалық проблема ретіндегі өзекті мәселенің бірі оның қалыптастыруының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында оқушының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шығармашылық үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық үрдісті А.Н. Лук бес кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат .
2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
3. Инкубация. (Оянуы. Инсаит.)Уақытша мәселені қозғамау.
4. Интуиция оянуы. Инсаит.
5. Нәтижені жан- жақты тексеру.
Ал көрнекті француз математигі Ш. Адамар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады.
Мысалы алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама- қайшылықтарға деген ілтипат келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, танымдық ой- қиялды қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл — күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады. Оқушының эмоционалдық қызығушылығы іс- әрекет барысында көрінеді.
Сондықтан, оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалім бар күш — жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы. Оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады. Менім ойымша оқушылардың шығармашылық әрекетінің пайда болуының шарттарын мына түрде көрсетуге болады:
а) Пәнге үйретудің ашықтығы, бұл шарт оқушыларға өз әркетін таңдауға және еркін жоспарлауға мүмкіндік береді.
ә) Сыныптағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық, көп мазмұндылық шығармашылық әркетінде жан- жақты болуына әсер етеді.
б) Оқушының мұғаліммен бірлесе отырып, өз шығармашылық әрекетінің жеке бағдарын құруы: ыңғайлы жоспардың жасалуы және шығармашылық жұмыстардың белгілі кезеңдерінің орындалу жүрісі оқушының жеке бағдарын құру құралдары болып саналады.
Оқушылардың жеке білім траекториясын қандай да бір әрекетті жүзеге асыру үстінде құру қазіргі негізгі мектептің мақсатына сәйкес келеді. Білімді берудің классикалық жүйесінде оқу бағдарламалары оқушы әрекетінің репродуктивті әдістеріне сәйкес негізделге, яғни дайын білімді есте сақтау, жаттау, жаңғырту, т.б. жұмыстарға негізделген. Жақсы үлгеретін оқушылардың өздері шығармашылық бағыттағы жұмыстармен кездескенде тығырыққа тіреліп қалады. Сондықтан оқушыларды әрекеттің өнімді, шығармашылық әдістеріне үйрету қажет. Бұл тұрғыдан алғанда оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту ғылыми — педагогикалық өзекті мәселе ретінде шешімдерін іздестіре беруді қажет етеді.
Шығармашылық — танымдық іс- әрекет — шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің жетілдіру проблемасына педагогтардың, психологтардың еңбектері арналған. Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық іс- әркетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен.
Алтынсаринның пікірінше педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс- деп атап көрсетті.[43,70]
Ш. Құдайбердиев білім беруде шәкірттің ойлау белсенділігін, ақыл — парасатын дамытуды басты бағдар деп таныды. Берілетін білім мен оның тәлімдік- тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей бірлік те қарауға ерекше мән берді. Оқытудың әдіс- тәсілдеріне уақыт деңгейі тұрғысынан қарап, білім алудың өнегелі жолын дұрыс көрсетті. Демек берілетін білім де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлеспесе, нәтиже шықпайтынын дөп басып айтқан: Оқыту мен үйрету зорлау, күштеу емес, баланың дербес ерекшелігі мен бейімділігіне қарай жүрсе дұрыс болады- деп көрсетті.
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс- әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық процесс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана, жеке тұлғаның кәсіби іс әрекеті ,танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және оның ұстаған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс- әрекетте оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты.
Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап (дербестігін, ізденмпаздығын, қызығушылығын, логикалық ойлауын т.б.) олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс- әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Оқытушы қызметінің мәні жас буынның санаткерлік, адамгершілік және дене күштері мен қабілеттерінің үйлесімді дамуының талаптарымен анықталатын білім мазмұны шеңберіндегі шәкірттің оқу- танымдық іс-әрекетін басқару болып табылады. Оқытушының басқару іс- әрекеті өзінің және оқушының іс- әрекетерін жоспарлаудан, осы іс- әрекеттерді ұйымдастырудан, оқыту сапасын талдаудан, оқушының жеке тұлғалық дамуын болжаудан т.б. тұрады. Оқытушы өз қызметін шебер ұйымдастыра отырып, оқушының да танымдық іс әрекеттерін өз бетімен жоспарлап, оны оңтайлы ұйымдастырудың әдіс- тәсілдерін үйретеді.
Оқушылардың танымдық іс- әрекеттерді жоспарлау және ұйымдастыру біліктернің қалыптасуына оқу-танымдық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.
Танымдық тапсырмаларды орындау кезеңдермен жүзеге асады:
1. Өзекті мәселені табу;
2. Мақсаты мен міндетерін айқындау;
3. Зерттеу әдіс- амалдарын белгілеу;
4. Гепотеза құру;
5. Гепотезаны тексеру;
6. Нәтижелер, іс-әрекет рефлексиясы.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Шығармашылық тұлға негізінен бала- бақша даярлық топ пен бастауыш сыныптардан бастап қаланады
Психологиялық — педагогиялық бағыттағы әдебиеттерге, теориялық материалдарға сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Біріншісі — биологиялық фактор, екіншісі — әлеуметтік орта немесе қоршаған орта және үшіншісі- тәрбие, оқу — тәрбие үрдісі.
Ғалымдардың пікірінше, осы үш фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу- тәрбие үрдісінің рөлі зор.
Алағашқы педагог — ұстаз Ы. Алтынсарин мұғалім туралы: мұғалім балалармен істес болады: егер олар нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін- өзі кінәлауы керек. Мұғалім балаларамен сөйлескенде, ашуланбай күйгелектенбей сабырлылықпен сөйлеп, шұбалңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіруі керек- деп ұстаздың бала алдында биіктен көрінетін тұлға болу керек екендігін ескертеді.
Ұлт ұстазының бұл пікірінің оқушыны шығармашылыққа баулу процесіндегі бастауыш сынып мұғаліміне тікелей қатысы бар.
Шығармашылық жұмыстарға баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақыттарда дамытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады.

Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуында жас ерекшеліктерінің орны
Әр жас кезеңінде белгілі бір жетекші әрекет тән болғанына қарамастан, осы жаста әрекеттің басқа түрлері жоқ немесе шек қойылады деуге болмайды. Мысалы ,мектепке дейінгі бала үшін жетекші әрекет- ойын. Дегенмен, мектепке дейінгі кезеңде балалар өміріндегі оқу мен еңбек сәттерін байқауға болады. Бірақ олар осы жаста негізгі психикалық өзгерістер сипатын белгілемейді- олардың ерекшеліктері көбінесе ойынға тәуелді. Ойын әрекеті басқа жас кезеңдеріне тән десекте, бұл кезеңдерде әрекеттің жетекші және айқындайтын типі болып табылмайды.
А.С. Высотский және А.Н. Леонтьевтің еңбектерінің негізінде Д.Б. Эльконин жете зерттеген балалық шақты кезеңдендіруін қарайық. Біздің ойымызша, бұл кезеңдендіру балалардың психикалық дамуының жалпы негізіне адам өмірінің өзіндік және сапалы өзгешілік кезеңі ретінде әр жасқа жетекші әрекеттік белгілі бір типі сәйкес келеді деген ұғым салынған: оның өзгертілуі жас кезеңдернің алмасуын сипаттайды. Әр жетекші әрекетте тиісті психикалық жаңа түзілімдер пайда болады және қалыптасады, оның жалғасымы баланың психикалық дамуының бірлігін құрайды.
Бала дамуындағы ерекше кезең ретінде бастауыш мектеп жасына оның негізгі жаңа түзілімдеріне сипаттама берейік.
Мектепке түсу бала өмірінде жаңа жас кезеңінің басталуын байқататыны — ол бастауыш мектеп жасы, оның жетекші әрекеті оқу әрекеті болып табылады. Оны жүзеге асыру үрдісінде бала мұғалімнің жетекшілігімен қоғамдық сананың дамыған түрлерінің мазмұнына (ғылыми ұғымдар, көрнекі бейнелер, адамгершілік құндылық, құқық нормалары) және олардың талабына сәйкес біліктілігін жүйелі игере бастайды. Қоғамдық сананың осы түрлерінің мазмұны теориялық сипаттамаға ие.
Кең мағынада теория түсінігі оны ұйымдастырудың ең жоғарғы және дамыған түрлеріндегі қоғамдық сананың синонимі болып табылады: ұйымдастырылған ойдың ең жоғары нәтижесі ретінде ол адамдар қазіргі күнгі кез келген қарым қатынасын қатыстырады және соңғының нақты саналы өзгерту шарты болып табылады. Психологиялық зерттеулер анықтағандай ; 7-10 жастағы оқушылардың оқуға деген ынталы қызығу жеке пәндердің мазмұны бойынша емес, оқу әрекетінң түрлері бойынша жүреді.
Бастауыш сатыдағы кезең оқушыда оқу әрекеті қалыптасыуының ең қуатты жүретін кезеңі. Мұның нәтижесінде ғылыми ұғымдар мен түсініктерді меңгере отырып, оқушылардың өздері өзгеріп, дамиды жекетұлғаның негізгі психологиялық үрдістері мен қасиеттері қалыптасады. Яғни, бастауыш мектеп жасындағылардың оқу әрекеті кезінде қалыптасатын психологиялық жаңа түзілімдер қалыптасады және дамиды.
Олардың негізгісі — оқушылардың ішкі позициясы, еркіндіктің дамуы, әрекеттің ішкі жоспары және рефлексия.
Оқушының ішкі позициясы 6-7 жас аралығында қалыптасады және олар екі қажеттілік арқылы сипатталады.
1. Танымдық қажеттілігі. Бұл қажеттілік қанағаттандыруын оқудан алады.
2. Белгілі бір әлеуметтік қатынасқа байланысты қажеттілік. Ол баланың қарым қатынасқа түскісі келетіндіктен пайда болатын қажеттілік.
Еркіндіктің дамуы ішкі оқу әрекеті пайда болуы нәтижесінде, яғни қойылған міндеттердің барлығын қабылдаған кезде, жүріс- тұрыс түрткілерін, бағындырған кезде, бар жұмысты тәртіпке байланысты орындаған, тағы басқа жағдайларда болады. Жүріс- тұрыстың еркінділігі мына жағдайларда көрінеді: өз бетінше алдына мақсат білу кезінде, қабылдаған ой, ниетіне байланысты әрекет оқушы жасаған кезде болады.
Ішкі жоспарлы әрекетің дамуы сюжетті рөлдік ойындарда оның одан әрі қарай қалыптасуы оқу әрекетінде көрінеді. Сонымен қатар, ішкі жоспарлы әрекет балалар өз әркеттерін орындаған кезде көрініп тұрады.
Бастауыш мектеп жасының аяғында рефлексия пайда болады, яғни бала өзінің жеке ойлау іс- әрекетіне және өзінің жүріс- тұрыстарын бақылап, қарай бастайды. Рефлексия теоретикалық ойлаудың негізгі компоненті, сонымен қатар баланың өзіндік сана — сезімінің дамуының белгілі бір механизмі болып табылады.
Оқу әрекеті арқылы теориялық білімді меңгеру ол ойынмен, еңбекпен, қоғамдық ұйымдастыру істерімен және т.б. қабысып тұрғанда құнды болады. Оқу әрекеті балалардың тек интеллектуалдық- танымдық белсенділгін көрсету деп түсінуге болмайды.
Оқу әрекеті олардың дамуының мектеп кезеңіндегі біртұтастығы мен толыққанды өмірінің құбылысы .
Балалардың оқу әрекетінің басқа әрекет түрлерімен өзара байланысты оларды оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі мен бөлінбестігінің психологиялық негізі болады.
Бастауыш сатыдағы білімнің теориялық деңгейін біршама көтерудің оқушының танымдық, психикалық дамуындағы маңызы зор. Бұл осы уақытқа дейін оқыту тәжірибесін де басым қолданылып жүрген айналадағы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек сырттай қарап қабылдап, үстіртін танумен шектелетін таным әдісі шеңберінде қалмай, олардың арасындағы байланысты, тәуелділікті , заңдылықтырды оқушының өзі ашып, түсінуіне жол ашады: оқушыда заттар мен құбылыстарды мәнді белгілерін дұрыс, дәл анықтау , талқылап талдау, бұлтартпайтын дәлелдемелерді дұрыс іріктеп алу т.б. осылар сияқты біліктердің қалыптасуын, дамуын қамтамасыз етеді.
1-4 сынып (7-10 жас аралығындағы) оқушылары педагогикалық тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені бұл жастағы бала тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап әлеуметтік ортамен жаңа қарым- қатынастарға түседі. Бұл төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп , жаңа ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісінде оның мінез-құлқы, еркі оқуға деген қызығушылығы мен танымдық қасиеті дамиды. Сонымен қатар бұл жастағы баланың антаомиялық — физиологиялық ерекшеліктерін білу аса қажет. Мысалы 7-10жастағы оқушыларды негізінен бас сүйегі қатаюды, тұтастай алғанда қаңқаның қатаюы жалғасабереді. Ми салмағының артуы жүйке жүйесінің жетілуі, екінші сигналдық жүйенің қарқынды дамуы байқалады. Сөздік қоры көбейеді. Тежелуден қозудың басым болушылығы, ойдың нақты бейнелеу түрі және естің болуы, елестетудің айқындығы, білуге құмартушылық, жеңіл- желпі сенушілік, еліктеушілік, ерік үрдісінің дамуы сезіледі, моральдық санасында императивтік (бұйырушылық элементі, өз құрбыларының мінез құлқындағы кемшіліктерге әсер ету және өзіне сын көзбен қарамауы басым болады.
Мектептен келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына, педагогтарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым-қатынасы қалыптасады, алғашқы дағдылау мен әдеттер пайда бола бастап , кейін оқушының мінез- құлық стилін және оның мектеп ұжымдағы орны мен бағытын айқындайды.
Төменгі сынып оқушылары көп әсерленгіштігі мен басқаға назар аудара білушілігімен біршама ерекшеленеді. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра білудің маңызы зор. Кіші мектеп жасындағы бала әдетте тәрбиелік ықпалға тез көндігеді. Бұл жастағы балалардың бойында қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екендігін есте ұстау керек. Балалардың адамгершілік жағдайындағы түсінігі бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Баланың іс әрекетінде белгілі бір ортаға бейімділік байқалады. Қоғамдық ортада болғанда кіші мектеп жасындағы оқушыларда моральдық түсінік тез дамиды және бастауыш мектептің соңына қарай оларда адамгершілік туралы белгілі бір түсінік пайда болады. Мәселен, егер 1-2 сыныпта оқушының мораль жөніндегі түсінігі тек ата- аналар мен мұғалімдердің пікіріне негізделетін болса, 3-4 сыныпта ол басқа адамдардың іс-әрекетіне талдау жасауға және қорытындылауға тырысады.
Сонымен бірге олардың бойында өздерінің оқығандары мен көргендерінен тәжірибе жинақталады және ол жеке басының әрекетерін саналы түрде бағалай білу деңгейіне көтеріледі. Бастауыш сыныптарда оқушының бойында өзіне тән мінез- құлықтың қалыптасуын бастайтынын және түрлі қайшылықтардың бой көрсететінін білудің маңызы зор.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі басталады. Бейімділік — оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Шығармашылық тұлға негізінен бала бақша, даярлық топ пен бастауыш сыныптардан бастап қалыптасып, қаланады. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, бақылау, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға , салыстыруға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретуден басталады.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАДАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен
Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы ерекшеленіп жинақталған мектептің озық тәжрибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрыңғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына проритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Респуликасы Білім Заңы мен Қазақстан республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.
Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі-оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырады. Сондықтан оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу-баланың өзінің шығармашылық белсенді әрекеті. Ғалым педагог Л.В.Занков Оқыту-оқытушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет-дейді.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен оның шығармашылық қабілетін дамыту- қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді. Міне осы орайда, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты жауапкершілік әкелді.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйытқысы, мәйегі осы бастауышта құрылатыны педагогтардың да, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға-мұғалім. Мұғалімнің білім беру барысында орынды қолданған әдіс-тәсілдері, қарым-қатынасы, әр түрлі іс-әрекеттері негізінде оқушының жеке бас қасиеті қалыптасады. Демек, бастауыш мектепте оқытудың жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылық ізденісті талап етеді. Осыған орай, қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреуі жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да, мақсат-бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіре отырып, олардың оқуға ынтасын арттыру, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабына орай, ұлт мектептерінде бастауыш сыныптардың пән сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүрген озат тәжірибелі мұғалімдеріміз көптеп саналады. Осы орайда, Тараз қаласы, №48 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің 2 А сынып мұғалімі Ахметова Сұлухан әпкейді ерекше атауды жөн деп көрдім. Жас ұланға сапалы білім, санала тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстазымыз бүгінде бастауыш оқыту әдісін шебер меңгерген. Кішіпейіл, қарапайым ұстаз-ата-аналарға да, мұғалімдер ұжымына да сыйлы, жоғарғы санаттағы маман. Ол өзінің білімін жетілдіруде де тынбай ізденіс үстінде жүреді.
Мұғалімнің негізгі мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, шығармашылық ізденіске баулу. Осы мақсатты іске асыру барысында Ахметова Сұлухан әпкей көптеген игі істер атқаруда. Мұғалім өз еңбек тәжірибесінде математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін, өз бетінше жұмыс істеуге көбірек көңіл бөледі. Өз бетінше және топ-топқа бөліп оқушының өткен сабақты қалай меңгергенін анықтайды. Ауызша есептеу кезінде математикалық ойындарды жиі өткізеді. Бұл тәсіл оқушылардың жалпы оқып, ойлау қабілеттерін арттырады, сергітеді, қызықтырады, шығармашылық қабілетінің дамуына септігін тигізеді. Ахметова Сұлухан әпкей пән сабақтарында көбінесе өзінің іскерлігіне қарай деңгейлеп оқыту технологиясын қолданылады.
Мектепке алғаш келген балалардың жас шамасы қатар болса да, түсінігі, қабілеттері әр түрлі. Мысалы, біреуі тәртіпті, сезімтал, бір нәрсені тез меңгерсе, енді бірі айтқанды қиын қабылдайды, ал енді бірі жалқау болып келеді. Соның нәтижесінде әр сыныпта білім дәржесі, яғни сабаққа ынтасы төмен, үлгермейтін оқушылар кездеседі. Мұндай оқушыларды толық үлгірімге жеткізуді, ал қабілеті жоғары оқушылардың шығармашылық деңгейін арттыруды Сұлухан әпкей қиын да абыройлы міндетім деп келеді. Бұл міндетті орындауда ұстаз, біріншіден, оқу сапасын арттырып, теория мен практиканы ұштастыра отырды. Екіншіден, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, тұрмыс-жағдайын ескеріп, ата-анасымен тығыз байланыс жасап, оқушыны зерттеп, олардың білімін есепке алуды басты мақсат етті. К.Д. Ушинский: Егер сіз бір сөз айтудың өзі қиын соғатын сыныпқа кірсеңіз, жұмысыңызды сурет көрсетуден бастасаңыз, сонда сынып сөйлей жөнеледі-дегендей, Ахметова Сұлухан әпкей үнемі суреттер, сызбалар, үлестірмелі қима қағаздар, кестелер т.б. көрнекіліктер қолдану арқылы жетістіктерге жетіп отырды.
Талмай ізденетін еңбекқор ұстаздың осындай игілікті істерінің арқасында оқушылары Ақбота, Малахит, Асыл тас облыстық интеллектуалдық конкурстарына, сондай-ақ Тұлпар облыстық эрудитке қатысып жүлделі орынға ие болды. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жүргізілген еңбегінің нәтижесі 3 сынып оқушыларының аудандық олимпиадасында анық байқалды. Математика, қазақ тілі пәнінен I-орындарды, Ана тілі пәнінен II-орынды иеледі.
Әрине, еліміздің мұндай игі істерді белсене жүргізіп жүрген ұстаздарымыз көп-ақ. Біз көзбен көріп, нақышына тойған, сүйсінген мұғалімнің сабақтары жайында сөз еттім. Осындай озат мұғалімдердің іс-тәжірибесі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. . Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.
Ойлан, тап. Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.

(14 6) =10
Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр. Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.

Кім жылдам? 25 ұпай жинайтындай етіп тор көздермен жүріп өт.

1

7

1

7

1

3

0

4

5

Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Математикадан шығармашылық қабілетті дамытудың жолдары
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған. Мұғалімнің міндеті- оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.
Шығармашылық- бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалық және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймын. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.
Оқушылардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы- ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі мақсаттар шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгертетін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың көп тәсілі бар.
Педагогика үшін анықтаушы сұрақтардың бірі-кез келген әрекет барысындағы баланың позициясы, оның әрекетші ретіндегі белсенді және өзіндік рөлі. Бастысы, әрекет кезінде ол біреудің тапсырмасын пассивті орындаушы емес, белгіленген мақсатты шығармашылықпен іске асырушы, әрекет етуші обьектісін жаңадан жасаушы, қосымша міндеттер ұсынушы жасампаз белсенділігі. Жеке адам белсенділігі-оның болмысындағы негізгі мәселенің бірі. Ф.Энгельстің айтуынша: әрекетшілік-тіршілік иесінің бәріне тән өз бетімен жауап қайтару қабілеті.[48,37] Танымдық әрекетінің негізінде оқушыда танымдық белсенділік қалыптасады. Олай болса, танымдық белсенділік дегеніміз, білімді меңгертуді тек байқаумен, сезумен ғана қабылдап қоймай, керісінше талданып отырған үрдісті аңғарту арқылы заңдылықтың теория жүзінде қалай ашылғанын байқата, соны білдірте отырып, меңгерген білімін, практакада шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс амал-тәсілдерін үйрету, сол арқылы іскерлігі мен дағдысын арттыру болып табылады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Танымдық белсенділік нәтижесі-шығармашылық. … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz