Астанада демалыс күндері қар жауады

0

2018 жылғы 14 желтоқсан 10:31 150

Астанада демалыс күндері қар жауады


АСТАНА. ҚазАқпарат — Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бейсенбі, 14 желтоқсанда елордада көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде ауа температурасы -15  -17 °С, күндіз -7  -9 ° С. 

15 желтоқсанда күн бұлтты, кей жерлерде  қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде -11 … -13 °С, күндіз -3 … -5 °С көрсетеді. 

16 желтоқсанда күн бұлтты болады, қар жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы — 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -7 … -9 °С, күндіз -3 … -5 °С құрамақ», — деп хабарлады «Қазгидрометтен».

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz