математика пәнінен тест тапсырмалары 2 сынып,
Құрастырушы: Иманбаева Женискул Кошербаевна – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «№7 жалпы білім беру орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі. Педагог сарапшы.
Ұсынылып отырған жұмысты өз тәжірибемде қолданып, өте жақсы көрсеткішке жеткендіктен бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсынып отырмын.
Осы ұсынылып отырған дидактикалық құрал 2 сынып оқушыларының математиканы оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Ұсынылып отырған тапсырмалар әр бөлім сайынғы білімдерін тексеріп тереңдете түсуге, оқушының өз бетінше жұмыс жасап, білімдерін арттыруға септігін тигізетін бірден — бір құрал болып табылады және де мұғалім қай оқушы қай тапсырмадан үлгере алмайтынына жете мән беріп, оқушыға терең түсіндіруге көп көңіл бөліп, білімін арттырады.
I тоқсан тапсырмалары
1А бөлім. Екі таңбалы сандар
1 нұсқа
Тапсырмалар Жауабы:
1 Санды цифрмен жаз: тоқсан тоғыз
2 Есепте. 66 — 60=
3
4 Санды жаз. 5 онд. 5 бірл.
Ең кіші екі таңбалы санды жаз.
5 Бірліктерінің саны бірдей сандарды теріп жаз. 20, 23, 33, 40, 43, 56, 63, 72, 73, 80, 83, 91. 93
6 Екі таңбалы санның моделін бейнелеп көрсет. 13
7 72 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.
8 Салыстыр: 13 см *1дм 7см
9 Есепте. 30+10+15=
10 Жазғы демалыста Сырым 10 кітап, ал Арай одан 2 кітап артық оқыды. Арай неше кітап оқыды?
2 нұсқа
Тапсырмалар Жауабы:
1 Санды цифрмен жаз: қырық алты
2 Есепте. 44 — 40=
3 Санды жаз: 8 онд. 3 бірл.
4 Ең үлкен екі таңбалы санды жаз.
5 Ондықтарының саны бірдей сандарды теріп жаз. 20, 23, 33, 40, 43, 56, 63, 72, 73, 80, 83, 91. 93
6 Екі таңбалы санның моделін бейнелеп көрсет. 15
7 89 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.
8 Салыстыр: 1онд.* 2 онд. 3 бірл.
9 Есепте. 10+35+20=
10 Дүкенге 20кг картоп пен 15кг сәбіз әкелінді. Дүкенге барлығы неше кг көкөніс әкелінді?
1В бөлім. Сандармен амалдар орындау. Есептер.
1 нұсқа
Тапсырмалар Жауабы:
1 Өрнекте: 1дм 7см= см
2 Есепте: 2 тәул. 21сағ= сағ
3 Тиімді тәсілмен есепте. 12+8=
4 Теңдік тура болатындай жақша қой. 8 — 5 — 2=1
5 Есепте. 15см — 5см — 2см=
6 100 -(70+20)=
7 Амалды орында: 35+45=
8 Салыстыр: 1тәул. 48сағ*60сағ
9 Өрнек құрастырып, мәнін тап. 15 санына 5пен 4 сандарының айырмасын қос.
10 Автобуста 4 қыз және 6 ұл келе жатты. Аялдамадан 5 бала түсті. Автобуста неше бала қалды?
2 нұсқа
Тапсырмалар Жауабы:
1 Өрнекте: 2дм 5см= см
2 Есепте: 1 тәул. 48 сағ= сағ
3 Тиімді тәсілмен есепте. 14+6=
4 Теңдік тура болатындай жақша қой. 9 — 4+2=3
5 Есепте. 19см — 4см — 5см=
6 (90+10)- 60=
7 Амалды орында: 24+66=
8 Салыстыр: 1тәул. 22сағ*60сағ
9 Өрнек құрастырып, мәнін тап. 13пен 3 санының айырмасына 9санын қос
10 Автобуста 6 қыз және 4 ұл келе жатты. Аялдамадан 6 бала түсті. Автобуста неше бала қалды?
1 C бөлім. Шамалар және олардың өлшем бірліктері
1 нұсқа
Тапсырмалар Жауабы:
1 1сағ= мин
2 Үлкен шаманы таңда: 6км, 60м, 60см
3 25кг+25кг+25кг+25кг= кг
4 2жыл5ай =… ай
5 2ц15кг*214кг
6 1дм 2см — 8см=
7 Өрнекте: 1апта 2 тәул = тәул
8 Салыстыр: 55см*5дм5см
9 Есепте: 2дм6см+3дм9см= дм см
10 Қоймада 1ц сәбіз болды. Оның 55 кг — ы жұмсалды.
Неше кг сәбіз қалды?
2 нұсқа
Тапсырмалар Жауабы:
1 60 мин= сағ
2 Есепте: 1т — 2ц50кг= ц кг
3 1ц15кг*114кг
4 Ең кіші шаманы таңда: 10ц, 2 т, 1000кг
5 Салыстыр: 65см*5дм5см
6 10кг+10кг+10кг+10кг+10кг+10кг+10кг+10кг+10кг+10кг= кг
7 2дм — 10см=
8 Өрнекте: 2апта 5тәул = тәул
9 1жыл 10 ай=… ай
10 Қоймада 1ц сәбіз болды. Оның 75 кг — ы жұмсалды.
Неше кг сәбіз қалды?