Қазақстанда 14 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 14 – 28 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда 16 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Бірақ карантиндік шектеулер өңірлерде біртіндеп алынады. Төтенше жағдай аяқталса да, бұқаралық және отбасылық шараларға тыйым салынып отыр. Сондай-ақ, сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер, көпшілік жиналатын басқа да нысандар жабық болады. Діни нысандар да әзірше ашылмайды. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

14 мамырға жоспарланған шаралар

10.00 – парламент сенатының пленарлы отырысы.

11.00 – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Қазақстан экономикасын қалпына келтіруге қатысты шаралары туралы онлайн брифинг. Спикер – қордың басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов (аккредитация 18.00-ге дейін жасалады. Байланыс нөмірі мен поштасы: press@sk.kz, +7 700 545 02 01).

12.00 – «Қазақстанның заманауи мүсіндері» онлайн дәрісі. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Лаура Әбілдаева өткізеді(Трансляция музейдің Facebook-тегі парақшасында).

19.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі Ульяна Апрельскаямен музыка кеші (Трансляция @gorkytheatre_ns парақшасында).

16 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Айсұлу Үсентаевадан «Гобелен» шеберлік сағаты (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

18 мамырға жоспарланған шаралар

20:00 — «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Бұл жолғы қонақ – театр хореографы Рикардо Амаранте. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан көруге болады.

21.00 – Онлайн режимде «Музейдегі түн». Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі жыл сайын 18 мамырда, Халықаралық музей күні, мерекелік акция өткізеді. Биыл карантинге қарамастан қазақстандықтарды мазмұнды бағдарлама күтіп тұр: бейнеэкскурсиялар, виртуалды вернисаж, бейнеконцерттер. Трансляция музейдің Facebook-тегі парақшасында жүргізіледі және 19 мамыр 02.00-ге дейін жалғасады.

27 мамырға жоспарланған шаралар

15.00 – Орталық коммунациялар қызметінде энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде энергетика министрлігінің интернет-ресурсында, Facebook, Youtube желілеріндегі ресми аккаунттарында және «Хабар 24» телеарнасында трансляцияланады. Министрге мына нөмірлер арқылы сұрақ қоюға болады: 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе a.tazabekova@energo.gov.kz поштасы арқылы. БАҚ өкілдері өз сауалдарын zh.khamitkyzy@energo.gov.kz поштасына жолдауы тиіс.

28 мамырға жоспарланған шаралар

20:00 — «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев «Вальпургиев түні» бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан қарауға болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz