Мал шаруашылығы және ірі қара шаруашылығы
I
Кіріспе
Шаруашылықтың табиғи және ауа-райы жағдайы
Мал шаруашылығы және ірі қара шаруашылығы
Азықтық қоры
Ірі қара шаруашылығында асылдандыру жұмысының деңгейі
a)фермадағы алғашқы зоотехникалық есеп
б) шаруашылықта мал өсіру әдісі
в)малды бонитировкалауды ұйымдастыру жне жүргізу
Табынды ұдайы өндіруді ұйымдастыру
Мал шаруашылық қоралары, күту, суару және малды ұстау
Шаруашылықта қолданылатын санитарлық-гигиеналық шаралар
Мал шаруашылығындағы үдерістерді механикаландыру және электрлендіру
Салаларды жүргізудің экономикалық тиімділігі
II
Қорытындылар мен ұсыныстар
III
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен ауыл шаруашылығы өндірісін күш көлік және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары, дәрі дәрмектер мен биологиялық белсенді заттар алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдар мен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүние жүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан — жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады [1].
Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде[5].
Республикадағы ірі қара шаруашылығы табиғат және мал азығы жағдайыларының ерекшеліктеріне сәйкес ет бағытында қалыптасқан. Жиырмасыншы ғасырдың басында негізіне қазақи сиырлар өсірілді. Сауымы жылына 3500 кг болды. Бұл жақсы көрсеткіш болып саналады. Сонымен қатар, қазақ тұқымының сүтінің майлылығымен (4.5% және одан жоғары) бұл малдың дене бітімі мықты, төзімтал, маусымдық жайылымдарды ауыстырып айдап бағуға бейімді екені де белгілі. Қазақ сиырлары табиғи жайылымдарда тез семіріп, күзгі кысқы кезеңдерде мал азығы нашарлағанда ұзақ уақыт қондылығын сақтайды. Қазақ сиырларының жергілікті қолайсыз жағдайға бейімділігі мен герефорд тұқымының мол өнімділігін біріктіру арқылы елімізде — 1950 жылы жаңа ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырының тұқымы бекітіліп бекітілді [2].
Кейін ірі қара мал тұқымынан: Голландиядан голштин, Эстониядан қараала Даниядан қызыл, Шотландиядан айршир,Швейцариядан симментал, Англиядан герефорд, шортгорн, Франциядан шароле, АҚШ-тан Санта Гертруда асыл тұкымдары әкелінді. Осы аталған асыл мал тұқымдарын жергілікті (қара ала, әулиеата, қырдың қызылы, қазақтың ақбасы, т.б.) тұқымдармен будандастырудың және сұрыптаудың нәтижесінде қазір елімізде бар малдардың асыл тұқымдары шықты [3].
Сонымен қатар, ірі қара етін өндірудегі сүтті және сүтті-етті бағыттағы тұқымдардың малының алатын орныда зор екені белгілі. Бұл тұқымдардың сиырларын етті бағыттағы бұқалармен будандастырғанда алынған төлдің ет өнімділігі молайып, еттің сапасы жақсаратыны ғылыммен тәжірибеде дәлелденді. Таза тұқымды өсіру және будандастыру негізінде ірі қараның мол өнімді тұқымдары мен типтерін шығарудың маңызы зор. Бұл мақсатта ірі қара тұқымдарын асылдандыру, жетілдіру және өнімділігін молайту үшін олардың биологиялық-технологиялық ерекшеліктерін жақсы біліп, селекцияда дұрыс қолдана білу қажет. Сондықтан мал мамандары — селекционерлер, зооинженерлер ірі қара тұқымдарының шығу тегін, дамып-жетілу тарихын, қазіргі жағдайын жақсы білу арқылы, оларды әрі қарай жетілдірудің жолдарын айқындайды. Елімізде ірі қара малды таңбалап — ен салу, зоотехникалық және тұқымды есепті жүргізу, асылдандыру жұмыстарын жоспарлау қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген [6].
Ірі қара шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұр саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.
Шаруашылықтың табиғи және ауа-райы жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының баллық салаларының дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыстың климаты континеттік. Қысы қысқы, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7-9˚C, оңтүстігінде -2-4˚C. Жазы ұзақ, ыстық және қуаң. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25-29˚С. Шөлді аймағында жауын-шашынның орташа мөлшері … жалғасы