Майшам арқылы дәстүрден тыс сурет салу әдісі. Мастер класс

0

1 бет

Тақырыбы: Майшам арқылы дәстүрден тыс сурет салу әдісі.

2 бет

Кіріспе Менің бұл технологияны алу себебім, балалар дәстүрден тыс тәсілдер арқылы сурет салғанды ұнатады. Бұл шығармашылық ойлауды, қиялды, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді.

3 бет

Мақсаты: Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес әдістерімен таныстыру. Міндеттері: Балалардың дәстүрлі емес әдістермен сурет салуға қызығушылығын дамыту: Балалардың шам (балауыз) қасиеттері және балауыздың сумен өзара әрекеттесуі туралы білімдерін кеңейту;

4 бет

Қолданатын заттар1.Ватман 2.А-4 форматты тығыз қағаз;3.Акварель; 4. Қылқалам (жұқа дөңгелек және кең дөңгелек);5. Суға арналған ыдыс; 6. Су; 7. Шам8. Сүлгі

5 бет

Жұмыстың жүру барысы: Бастапқыда қағаз парағында қарындашпен жеңіл қимылдармен ұнаған сюжетті салу, қарындаш қолданбауға болады, бірден шаммен сурет салуға болады). Шамның суреті көрінбейді, бірақ ол сезіледі.Ыдысқа кез келген бояу түрі таңдалып, езіледі.Қылқаламмен қағаз бетінің ашық жерін қалдырмай боялады.Бояу кепкен соң сызған суретіңізді суреттей аласыз, ол сіздің қиялыңызға бай.

6 бет

Қорыта айтқанда майшам арқылы сурет салу балалар үшін өте қызықты процесс. Сурет салу барысында байқампаздық, эстетикалық қабылдау, көркемдік талғам, шығармашылық қабілеттер жетілдіріледі,бейнелеу өнеріне қызығушылық дамиды.Баланың сурет салу мүмкіндіктері артады. Қолға,киімге кез келген жерге жұғып қалса оңай тазаланады. Шығармашылық-осындай дәстүрлі емес техникасын пайдалана отырып, балалардың қиялын оятады және көптеген жағымды эмоциялар тудырады.

7 бет

Күтілетін нәтиже:Балалардың сурет салуға деген қызығушылықтары артады.Шығармашылық қабілеттері дамидыБейнелеу өнері туралы түсініктері кеңейеді.

8 бет

Назарларыңызға рахмет!!!