Мадагаскардағы «тас орман»

0

Мадагаскардағы

Цинги-де-Бемараха қорығы Бемараха үстіртінен Манамбулу өзеніне дейінгі 122 мың шақырым жерді алып жатыр. Қорық Мадагаскардағы қорғауға алынған ең үлкен аумақты құрайды. Қорық іші карстық үлгідегі сұр-көк түстегі шынжыр құздарға толы.

Ұзындығы 50 метрге жететін құздар су мен желдің әсерінен адам нанғысыз пішіндерді иемденген. Нәтижесінде көрген көзді таңқалдырып, бас шайқатардай керемет «тас ормандар» пайда болған.

Саябаққа апарар жол өте қиын әрі ауыр, барып-келу үшін екі күн уақыт кететін көрінеді.

Цинги де Бемараха 1927 жылы Ұлттық қорық болып жарияланса, 1990 жылы ЮНЕСКО-ның тарапынан қорғауға алынды. Ал саябақ есігі келушілер үшін 1998 жылы ашылған.


Дайындаған:

Кәусар Мұң



Фото:
animalspace.ne,vsevteme.ru,trinixy.ru



Қосылған күні:
31 желтоқсан, 09:23


Дереккөз: https://massaget.kz/