«Жасыл шырша жанында» ертеңгілік

0
172







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Жасыл шырша жанында» ертеңгілік

Автор: Съезхан Лена

Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-30


Материал туралы қысқаша түсінік

Мектепте ұйымдастырылатын жаңа жылға арналған тəрбие жұмысының сценарийі




Автор сөзі:-27-ші желтоқсан -2014 жылдың соңғы айы еді-Астана уақыты 18 сағат.-Невский орта мектебінің хан сарайында Жаңа жыл сауық-сайран кешін өткізуге дайындық жүріп жатыр.( Көңілді музыка ойнап тұрады)Жаршылар: Бұйрық оқиды (хан сарайынан)1-оқушы:-Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!-Хан патшасы сарайынан-Сөйлеп тұрған мұнда біз бар!2-оқушы:

  • Тыңдамаған тыңдаңдар,
  • Естімеген естіңдер!
  • Хан патшасы, халық үшін
  • Жаңа жылдық би кешін өткізбекші!

Екеуі:

  • Асығыңдар, тойға шақырамыз! Тойдан қалып қоймаңыздар!!!

3-оқушы:4-оқушы:Осы кезде екі жақтан 2 жүргізушінің хабары естіледі.1-жүргізуші: Армыздар ма құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мекреке биыл да келіп жетті. Сіздерге жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бірлік әкелсін дейміз! Нұрсұлтан ағамыз айтқандай 2030 –шы жылға бастар жол оң болсын.Азиядағы барыс еліне жеткізсін! Тарихи жыл болсын.2-жүргізуші: 1-жүргізуші: Қандай жақсы шыршамызӘн шырқайық баршамызЕнжарлықты тастайықШырша тойын бастайық – дей отырып жаңа жылдық би кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!2-жүргізуші: (Буратино мен карлсон ортаға атып шығып) Жаңа жылдарыңызбен балалар! Біз осы облыстың жаңа жыл мерекелеріне қатысып келеміз. Хан сарайында жаңа жылдық би кеші болатынын естіп, қатысуға келдік. Балалар, біз сендермен дос болғымыз келеді. Сендер бізбен дос болғыларың келе ме? Балалар: хормен «ия» дейді. Буратино: Бәрекелді! Ендеше, бәріміз осы жаңа жыл би кешін тамаша өткізейік . 1-жүргізуші:Сонымен, Хан сарайындағы жаңа жылдық сауық сайран кеші де басталып кетті Жаңа жылдық би кешіне шақырылған қоңақтар да келіп жатыр.(Көңілді музыка ойнап тұрады. Есіктегілер бізді жібер!) Солдат: қайда?Қоңақтар: хан сарайынаСолдат: Неге?Қоңақтар: Жаңа жылдық би кешіне1 жұп солдат: Бәрекелді!2 жұп солдат: Ендеше, қош келдіңіздер!1-жүргізуші: Жаңа жылдық би кешінің алғашқы қонақтары болып Қызыл телпек және оның әжесі келіпті. Төрлетіңіздер.1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар Әсем, ән мен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз айтқанындай өнерлі шығарсыздар! Ендеше қызыл телпектің әнін қабыл алыңыздар.( Қызыл телпек ән айтады.)2-жүргізуші: би цыганский

Қоян мен түлкі келеді. Ән айтады.2-жүргізуші: 10 «б» пародия 1-жүргізуші:: Жаңа жылды алдағы Көңіл ойы көбейсін Ортақ ойы арманы Жақсы дәстүр көбейсінӘн: «Аппақ сенің тамағың» 9 «а» Мұхит, Болатбек

2-жүрг: Новорусские бабки1-жүрг: Дөңгеленіп тұрайық Ойын-сауық құрайық Ән шашуы шашылсын. Жаңа жылға лайық – дей отырып 10 «а» сыныптың музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!2-жүрг: Пародия1жүрг: Құрметті қонақтар! Бізбен бірге бір жыл бойы бірге болған, бар қызықты бірге өткізген қуанып, бірге ренжіген жылқы жылына, яғни 2014 жылға рахметімізді айтып шығарып салайық. Ал, балалар, балалар Ескі жылдай аға бар Оны ортаға алайық Қош айтысып қалайық. Буратино: Ескі жыл қайдасың!Карлсон: Әне,өзі де келе жатыр! Бәріміз қосылып «Қош келдің» дейік.1 жүргізуші: Қош келдіңіз ескі жыл! Сіздің құрметіңізге ән айтылып, би биленуде.Жылқы жылы келедіЕскі жыл: Балаларым, балғындарым,Алғысым көп айтар менің!Дәл осындай артығырақҚарсы алыңдар қой жылын.1-жүргізуші: Жасыл шырша жанында Ойнап, күліп қайтамыз Жасыл шырша жанында Өлеңін де айтамыз.Ән: «Балауса» 9 «а» сынып Болатбек пен МұхитКарлсон: Алақай,алақай!Буратино: Жыл келеді шапқылап,Карлсон: Қанекей қарсы алайық жақсылап! Жаңа жыл-Қой келеді.1 жүргізуші: Келді міне Жаңа жыл аппақ болып, Ән болып,тақпақ болып. Ауламыздың тұсына қонып жатыр, Аяз болып, мұз болып, қатпақ болып. Қоңысыңыз құтты болсын Қой жылы! Қонасың мектебіме ырыс болып.Жаңа жыл: Рахмет, балалар! Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет!Биылғы жылы мені де қуантар деп ойлап келдім. Өзіммен бірге тарихымды арқалай келдім. Жаңа жылдың бастауын Сендерменен тойлайын Аман болсын халқымыз Арта берсін даңқымыз Дами берсін үздіксіз Жақсы дәстүр салтымыз.Ескі жыл: Өлшеусіз алда көп міндетӨссең де мұңсыз күнде сенӨмірге ие болғын деп,Өсиет айтам енді мен!Жасампаз заман бұл заманБүгіннен ертең ғаламат!Алдыңғы сапта боларсың;Келер жыл саған аманат!Сау болыңдар,балалар!Жылқы жылы кетеді.1-жүргізуші: Жаңа жыл келді міне жерімізге Әкелсін құт береке елімізге Жақсылық пен қуаныш жылы болып, Қиындық жолатпасын бәрімізге! Породия: 10 «а» 2 жүргізуші: Баба-яга сценкаКарлсон: Айтқандай менің атам мен апам келген жоқ па?Осылай кетіп еді деп, – жан-жағына қарайды1 жүргізуші: Жоқ. Ендеше келіп қалар.2-жүргізуші: ән ИльясБуратино: Алақай, алақай!Карлсон: Аяз ата мен Ақша қар келді. Қанекей, барлығымыз бірге аяз ата мен ақшақарды шақырайық!Балалар: (хормен) Аяз ата, ақшақар!!! Аяз ата, ақшақар!!! Аяз ата, ақшақар!!!1 жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар қош келдіңіздер!2- жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар қош келдіңіздер! (орысша айтады)Аяз ата: Амансың ба,ұлдарым, Амансың ба қыздарым Алаңдамай өсіңдер Еркелеп ұл қыздарым Өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп, келем деп Уәдемді беріп ем Ойларың да, бойларың да Бірдей өсіп қалдыңдар ма? Қандай жарқын жүздерің Қандай әсем жырларың Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан Керемет бір ән тыңдап Келіп тұр-ау демалғым.Ақшақар:Армысыңдар ма балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Қой жылы береке, бірлік, табыс әкелсін. Тарихи жыл болсын. Жаңа жыл, жаңа жыл. Кең қалама, далама Нұрлы күнді жалғастыр Бір мінейік шанаға Кел, жаңа жыл жеріме Ырыс бақыт арқалап Ұлан байтақ еліме Таратайық арбалап Өлеңіне, әніне Бағамызды берейік Өнерлінің бәріне Тілек, шашу себейік Жер жайнасын гүлденіп Нұрыңды шаш өмірге Ой-сана боп, күн болып Жарқыра әлем көгінде. (орысша айтады)1-жүрг: Сіздерді көрмегелі 1 жыл болды.Сіздерді сағынып қалдық.Сіздермен қауышқан қуанышына ұл-қыздарыңыз,ән-күй, биден шашу даярлап келіпті. Құрбы-құрдас достарым Ойнап, күліп, алайық. Жаңа жылды қарсы алып, Қуанышты болайық.Ән: Мұхит, Ержанның орындауында ән «Аппақ, қар» 1-жүрг: Келіңіздер шығыңыздар ортаға Айтыңыздар жақсы жырды атаға Кел балақай, көріністі тамашалайық Риза болсын жадырап ақшақарда.Көрініс: «Алдар мен шайтандар»2 жүргізуші: Ясновидуший1 жүргізуші Ақ көңілім айналды аппақ қарға. Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласадыҚуанышы көп болсын Жаңа жылға Пародия: 7 «а»Аяз ата: Ал балаларым мені өздеріңдей сағынып алыс жерлерде балаларым күтіп отыр. Қызымыз екеуіміз аттанайық.1-жүрг: Ата, көп рахмет. Біз сіздерді келесі жылы келгенше асыға, сағына күтеміз. (аяз ата шығып кетеді)2 жүргізуші: Би Айзада1-жүрг: Қандай біздің аяз атамыз Ол кеткен соң терең ойға батамыз Ақшақар боп қалықтаймыз алысқа Құс жолымен ән сап бара жатырмыз.Ән: Хибекей П.1-жүрг: Қош келдіңіз ата-ана Қарсы аламыз орын беріп, Ән салыңыз бізбен бірге, Би билеңіз бізге еріп.Би: 1-жүрг: Өтсін солай жаңа өмірдің күндеріШарпымасын жүректі мұң лебіЖарқылдасын жаңа жылдың оттарыТаусылмасын жаңа жылдың дүрмегі Біз тілейміз жаңа жылдың шаттықты! Біз тілейміз жаңа жылдың бақытты! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Осымен жаңажылдық кешіміз биге ұласады2-жүрг: Аяқтайды







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.