Life hacking: Күнделікті тірлікте кездесетін қулықтар

0

Life hacking: Күнделікті тірлікте кездесетін қулықтар

Бояудың иісі шығып тұрған бөлмеге тұз салған сауыт қойсаңыз, иіс тез арада жоғалып кетеді. 

Балық иісі шығып тұрған ыдысты тұз қосылған суық сумен жуыңыз. 

Ішіне бір шөкім тұз салсаңыз, кофенің дәмі кіре түседі. 

Егер табадағы май көпіршіктенсе, оны аздап тұздаңыз. 

Қол орамалдарды жуудан бұрын, оны бір уыс тұз ерітілген жылы суға 2-3 сағат бойына салып қойсаңыз, әбден сіңіп қалған дақтарды кетіруде таптырмас көмек болады. 

Сарғайған терезе жабынын жуудан бұрын, тұзды суға салыңыз. 

Шикі жұмыртқаны, әсіресе, оның ағын шайқағанда, міндетті түрде тұз қосыңыз:жұмыртқаны шайқау әлдеқайда жеңілдейді (бұл жұмыртқаны қантпен шайқағанда қолданылмайды) 

Жұмыртқа пісірілетін суға міндетті түрде тұз салыңыз: жұмыртқа жарылса да, тұзды суда ағып кетпейді. 

Кесілген алма қайнатылғанға дейін қарайып кетпеуі үшін, оны сәл-пәл тұздаған суда ұстаңыз. 

Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды. 

Егер бір шақпақ қантты ащы тұздалған сорпаға жарты минутқа салып алса, тұзы кемиді. Егер сорпа тым қатты тұздалса, жаңағыдай әдісті екі-үш рет қайталаған жөн.

Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан