Нұртас Адамбай режиссер болған фильм Лос-Анджелесте бірден үш жүлдеге ие болды

0

Нұртас Адамбай режиссерлік еткен «Лифт» фильмі Лос-Анджелестегі кинофестивальде жоғары бағаға ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: brod.kz

Фото: brod.kz

Фильм жүлделері туралы Нұртас Адамбай өз Facebook парақшасында айтты.

Жазбада көрсетілгендей «Лифт» Лос-Анджедлесте жыл сайын өтетін жанрлық киноның дәстүрлі халықаралық «Genrecelebration 2018» фестивалінде көрсетілген.

Ал қорытынды бойынша фильм бірден үш жүлдеге ие болды. Олар»Үздік драмалық фильм», «Үздік режиссерлік» және «Үздік операторлық жұмыс».

Мұның алдында қазақстандық режиссер фестивальге «Тараз» фильмін ұсынған болатын. Ол картина жобада жұмыс істеген командаға жеңіс әкелген.