Латвия елінің архитектурасы | Скачать Реферат

0
121

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Л. Н. ГГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Құрылыс кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Латвия елінің архитектурасы

Орындаған: Кумарова Д. Ж.
Тобы: РПЗС-21
Жұмыс: №1
Қабылдаған: Турашев А.С.

Астана 2015 жыл
Латвия елінің архитектурасы.
Христиан дінін қабылдағаннан кейін сәулет өнердің басты түрлерінің біріне айналды және Латвияда өзінің айқын көрінісін тапты. Латвияға христиандық сенімнің таралуымен бірге Еуропада кездесетін сәулет стильдерінің барлығы дерлік ұлттық нақыштармен байытыла отыра ене бастады. Біздің мемлекетте готикалық шіркеулерді, феодалдық қорғандарды және барокко дәуіріне тән керемет сарайларды кездестіруге болады. Көптеген танымал сәулет ескерткіштері қазіргі күндерге дейін сақталмады, дегенмен олардың сақталған орындары бәрімізге белгілі.

Ганзейдік орталық Любека XIX ғасырдың соңы Голштиндік қамал Любека
Романдық үлгідегі алғашқы христиандық шіркеу 1186 жылы Даугава маңындағы Икшкиледе пұтқа табынушылармен сатылып алынған жерде қаланды. Латвиядағы роман сәулетінің үлгілерінің қатарына Қасиетті Георгий шіркеуі мен Домск соборының шығыс нефін жатқыза аламыз.

Қасиетті Георгий шіркеуі Домск соборы
Рига ықпалды Ганзей одағының мүшесі болған 300 жыл ішінде сәулет құрылысы даму шегінде еді. Бұл уақыт готика дәуірі еді, және христиандық шіркеулер тек қана жергілікті жауынгер пұтқа табынушылардан қорғану үшін ғана құрылмады, сонымен қатар адамның жанын Құдайға жақындату үшін де тұрғызылды. ХІІІ-ХVІ ғасыр аралығында Латвияда ең танымал готикалық құрылыстар – Домск соборы, Ригадағы Қасиетті Иаковтың кафедралды соборы және Цесистегі Қасиетті Иоанның шіркеуі тұрғызылды.
Дүниені танудағы ренессанс, тұрмыстағы рационализм және діндегі реформациялар латвиялық сәулеттің өзіндік ерекшеліктерін айқындады. Ренессанс дәуірінде ақсүйектерге тән ғимараттарды – сарайларды, әулетті қалалықтардың үйлерін, ратуштарды, үйлесімді және салмақты сәулетімен ерекшеленетін Ригадағы Қасиетті Иоанн шіркеуі мен Кулдигадағы Қасиетті Екатерина шіркеуі секілді керемет ғимараттарды құра бастады.

Ригадағы Қасиетті Иоанн шіркеуі
Латвиядағы барокко дәуірі өте серпінді әрі керемет еді. ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда таңғажайып сәндік бұйымдар мен бай пішімдерге ие үй-жайлар, сарайлар және жекежайлар салына бастады. Латвияда сол кезде Руперт Бинденшу (Қасиетті Петр шіркеуі мен Рейтерн үйі) және Франческо Бартоломео Растрелли (Рундал және Елгав сарайлары) секілді сол уақыттың танымал батыс еуропалық сәулетшілері өз туындыларын паш еткен. 2007 жылы құрылу тарихы жалпы еуропалық тарихтың бір бөлігіне жатқызылған Рундал сарайы Еуропаның мәдени мұрасы тізіміне енді. Барокко дәуірінде салынған күрзем сарайларынан ағаштан ойып жасаудың танымал үлгілері мен бірегей органдарды көруге болады. Олардың қатарына Угалдағы … жалғасы